Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Технология пәнінде ақпараттық – коммуникативтік технологияны қолдану
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігі
Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Жаңашаруа қазақ орта мектебі
Технология пәнінде ақпараттық – коммуникативтік технологияны
қолдану
Балмуханов Нурболат
2017 жыл
Жоспар:
І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім а) Технология пәнінде ақпараттық – коммуникативтік технологияны қолдану
ә) Технология пәнін оқытуда оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін жаңаша оқыту технологияларын қолдану
б) Технология пәнін оқытуда оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін жаңаша оқыту технологияларын қолдану
ІІІ. Қорытынды
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында: «Білім беру формасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау оқылық көрсетеді. Мұғалім -қоғам айнасы.
Бүгінгі күнгі білім беру бағдарламасының басты
бағыты - әрбір оқушыға нәтижеге бағытталған білім беру, дәстүрлі
мәдениеттің негіздерін үйрету, оқушығы қолайлы жағдай жасау.
Мектепте жүргізілетін технология сабағының басты міндеті - жас
ұрпақты келешекте кеңінен тараған кәсіптерді меңгеруіне көмектесу.
Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сай мектептегі оқытудың
негізгі міндеттері – білім беріп қана қою емес, білім мазмұны
арқылы зерделі, білімді, ұлтымыздың болашағы үшін өз бетімен
іс-әрекет ете алатын шәкірттерді дайындау.
Оқыту мен тәрбие бір-бірімен байланысты үрдіс болғандықтан,
технология пәнінің тәрбиелік мазмұнын анықтай отырып, сабақ
барысында оқу мен тәрбие міндеттерін қатар ұштастыру қажет. Қазіргі
кезде мектепте оқушыларды еңбекке баулу технология пәні бойынша
жүргізіледі. Ұлдар ұсталық, ағаш өнерімен мектеп қабырғасында
танысса, қыз балалар тоқыма, кесте тігу, тамақ пісіру, киім тігу
сияқты жұмыстарды үйрене отырып, олардың тарихымен танысады және
өңдеу, жасалу технологиясын оқып-біліп, әр түрлі бұйымдарды
жасауды, түрлі ас даярлауды үйреніп, жұмыс түрін дер кезінде
аяқтауды толық меңгереді. Тігін өнерімен қатар бисер тоқу, су
моншақпен жұмыс жасау, қағазбен жұмыс істеу, жіппен өрнектеу, мата
қалдықтарымен ойыншық жасау, өмірге қажетті бұйымдар тігу, табиғи
заттармен жұмыс жасау оқушылар қиялын кеңейтіп, жұмыс істеуге деген
қабілеттерін арттырады. Сабақ барысында бұл өнерлерді үйрену сызу,
бейнелеу өнері, математика, геометрия, биология пәндерімен тығыз
байланыста жүргізіледі. Оқушы өзінің қабілетіне қарай өнердің
белгілі бір түрін меңгеруге табандылығы, таланты, қиялымен алдына
мақсат қоя білуі арқылы жетеді.
Заман талабына сай оқушыларды оның ішінде қыз балаларды тігін
өнеріне баулу арқылы сән үлгісіне деген қызығушылығын, эстетикалық
сезімін арттырып, е ңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, үнемді білуге,
іскерлікке тәрбиелеу болса, тамақ дайындау бөлімінде аспаздық
өнердің қыр - сырын уйрету басты мақсат. Оқушылардың компьютер,
интернет арқылы өзіне қажет ақпараттарды алуына және сән журналдары
мен әртүрлі оқулықтарды пайдаланып қабілеттерін өз беттерінше
дамытуға, шығармашылықтарын көрсете білуге бағыттау міндетіміз.
Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру.
Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология.
Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай
білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты
міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің
қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны м еңгерген жеке тұлға
қалыптастыруды талап етеді.
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді,
бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған
байланысты барлық ақпараттық - коммуникативтік технологиялар
педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи
ортасына айналып отыр.
Ақпараттық –коммуникативтік технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Ақпараттық – коммуникативтік технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Ақпараттық - коммуникативтік технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:
-
үйренушінің шығармашылық әлеуметін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; сараптамалық – зерттеу қызметі дағдыларын дамыту; оқу қызметі мәдениетін дамыту;
-
оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін қарқындандыру, оның тиімділігі мен сапасын арттыру;
-
қазіргі қоғамның ақпараттануымен байланысты пайда болатын әлеуметтік тапсырысты өткізу.
Ақпараттық - коммуникативтік технологияны пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін баланың жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан дидактикалық - әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге бағындыру болып табылатындай. Сондай-ақ педагогтың компьютерлік сауаттылығы ақпараттық - коммуникативтік технологияны пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады.
Білім беруді ақпараттандыру – жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны яғни компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа
компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты –
білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс - тәсілдері мен әр
түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы
мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор
рөл атқарады. Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа
жолдауындағы «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру
саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін
басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалануға жаппай көшуіміз керек.
Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты:
Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру,
жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы
ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру
болып табылады.
Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері технология
сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда.
Осыған байланысты күнделікті сабаққа:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды,
электрондық оқулықтарды);
-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта
-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай
нәтиже береді.
Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып
тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді.
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ
өткізу тәсіліне де байланысты. Қазіргі таңда оқудың интерактивті
әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің
бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің
бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін
таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді,
үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану- сабақтың сәтті өтуінің
кепілі. Осы ретте мына мәселелерге баса назар аударғым келеді.
1.Мұғалім сәтсіз өткен сабақтарға өзіндік талдау жасап өз
кемшілігін іздеуге әрекет жасау керек.
2.Білім мен тәрбие беруде жариялылық, педагогикалық, ынтымақтастық,
ғылыми -әдістемелік, тың ізденістерге сүйене отырып жаңашылдыққа
талпыну қажет.
3.Мұғалім күнделікті әр сабағына шығармашылықпен дайындалуы
керек.
Өйткені, сабақ-мұғалімнің өнері, шығармасы. Сондықтан әр сабақты
тиімді ұйымдастыруда оқушыны жалықтырмайтын, қабілетін арттыратын
жағдай туғызуға ықпал етуміз керек деп ойлаймыз.
Ақпараттық технология негіздері тұлғаның технология пәнінен алған
білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы:
интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға
болады. Заман ағымына қарай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен
теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді.
Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар
қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық
белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін
қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Тестік тапсырмалар
орындайды. Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді.
Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек компьютермен дұрыс жұмыс істей
білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды, теледидар
бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға
өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен
шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын
көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік
береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай
білуі қажет. Сабақты сәтті ұйымдастырудағы басты мақсат -оқушының
сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай
білім беру. Сабақтың сәтті өтуі біріншіден,мұғалімнің
біліміне,іскерлігіне, тәжірибесіне байланысты болса, екіншіден,
сабақ материалына, ал үшіншіден,сынып типіне, төртіншіден мұғалім
мен оқушының көңіл – күйіне де байланысты. Сабақты тартымды әрі
сәтті өткізе білу мұғалімдер қауымынан көп ізденуді, білімділікті,
қабілеттілікті және тапқырлықты қажет етеді.
Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта,
мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Оқыту үрдісін
компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау
тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін
мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз
етілген. Интерактивті тақтаны қолдану арқылы оқушылардың
қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға
болады. Мысалы: технология пәнін оқытуда интерактивті тақтамен
жұмыс жасауда оқушылардың қызығушылығын танытып қана қоймай,
шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қатар жаңа ақпараттық
технологияны меңгеруге, оны пайдалана алуына мүмкіндік береміз.
Сабақта интерактивті тақтаның элементтерін пайдалану, дайындалған
арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны
жетік түсінуге, дағдыланады. Интерактивті тақтаны пайдалану аркылы
оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде немесе
жаңа сабақты бекіткен уақытта тестілеу әдісін қолдануға болады.
Оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді. Тестілеудің
нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта бағалауға
болады. Жауап нәтижелерін бақылап және оқушылардың материалды
түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Ақпараттық
технологияларды жүзеге асырудағы тағы бір мүмкіндігі – ол
электронды оқулық. Электрондық оқулық - бұл дидактикалық әдіс –
тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген
түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту оқытушының оқушымен жеке
жұмыс істегендей болады. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін
емес, мұғалімнің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып
табылады.
Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша,
ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Компьютер және
ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі
оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырады. Бүгінгі таңдағы
ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін
қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы
заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі
жоғары болмақ. Жаңа ақпараттық техникаларын пайдалану соңғы уақытта
мектептегі білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып
табылады. Мультимедиялық технологиялар көбіне компьютерлік
сыныптарда қолданылады. Қазіргі уакытта сабақ материалына
байланысты көптеген компакт-дискілер бар. Технология пәнінен сабақ
беріп келемін әр баланың ерекшелігін ескеріп тақырыпты өмірмен
байланыстырып, әр оқушыға жеке тақырыптар бағыт -бағдар беріп
отырамын. Сонда ғана оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады.
Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру технология пәні
мұғалімдеріне өз қызметіне өте үлкен жауапкершілікпен қарауды талап
етеді. Сонымен бірге технология пәні мұғалімі әр оқушының іскерлігі
мен белсенділігіне ерекше көңіл бөлінуі қажет. Осындай
жетістіктерге қол жеткізу бағытында технология сабында оқушылардың
кәсіби іскерліктерін жетілдіру кәсіпке бағдарлау үшін әр түрлі
әдіс-тәсілдерді қолданамын оқушыларға үйретемін.
Атап айтқанда түсіндіру, безендіру әдістері сабаққа жалпы түсінік
беру оқушылар әр түрлі бұйымдар жасауды жан-жақты зерттеп, қолөнер
түрлерін үйренеді. Жұмыс барысында оқушылардың арасында жаңа
идеялар туындап ойлау, салыстыру арқылы жұмыстар жүргізіледі. Жалпы
технология сабақтарында әр түрлі тақырыптар кездеседі. Технология
сабақтарында кез-келген шығармашылық жобаны іске асыру барысында
жұмыстың технологиялық картасын құраймыз. Үлгілер жасаймыз.
Технологиялық карта оқушыға уақытты тиімді пайдалануға, жұмыс
орныны дұрыс ұйымдастыруға өз жұмыстарына дұрыс жүргізілуіне
қажетті материалдарды үнемді пайдалануына көмектеседі, осындай
әдістерді технология сабақтарында оқушыларды кәсіпке бағдарлау
шеберліктерін шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы оқушыларды
ептілікке іскерлікке үйретеміз. Міне іскерлік өнердің арқасында
өскелең ұрпаққа қуыршақты дайындау технологиясын меңгерту арқылы
заман талабына сай технологиялық білім беруді мақсат еттім.
Атамыз қазақ “Көз қорқақ, қол батыр“ деген. Оқушылардың
шығармашылық жұмыстарынан мектепте көрмелер жиі ұйымдастырылса.
Мектеп қабырғасынан бастап үйрету әрбір технология пәні мұғалімінің
бірінші міндеті болуы тиіс. Өйткені бәсекелестік қоғамда өмір
сүруге бейімделу - заман талабы. Ойымды түйіндей келе еліміздің,
жеріміздің, табиғатымыздың, халқымыздың болашағын ойлап оны
қадірлей білетін жас ұрпақты балғын кезінен тәрбиелейік деген оймен
Ахмет Байтұрсыновтың “Басқадан кем болмас үшін біз білімді, һәм
күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп
керек” деген сөзімен тәмәмдауды жөн көрдім.
Осындай ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мен сабақ барысында
оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына қарай топқа
бөліп, өз бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа баулып,
қорытынды жасауға машықтандырамын, оқушының ақыл – ойын дамытып,
өзіндік дүниетанымын қалыптастырамын, сабаққа ынтасын арттырып,
тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді
уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беремін. Сабақ барысында
оқушыларды біліммен қаруландырып қоймай оларды қисынды ойлау, есте
сақтау қабілеттерін дамыту үшін оқушылардың шығармашылық ізденісін,
тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін, өмірге ғылыми
көзқарасын дамытып отырамын. Алынған өзекті тақырыпты басшылыққа
ала отыра және істелінген жұмыстарды қорытындылай келе өзін-өзі
бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға
қалыптастыра отыра, оқушының білім сапасын көтеремін, алған
білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт беріп оқушы кұзырлығын
дамытамын. Осындай тәжірибем арқылы оқушылардың білімін,
дағдыларын, ойлау қабілеттерін, шығармашылық ізденісін бақылау
арқылы біршама нәтижеге жетуге болады. Қорытындылау кезінде
тақырыпқа байланысты сөздік қорларын молайтып, өткен тақырыптың
мазмұнын толық ашу үшін сәйкестендіру кестесін толтырғызып, сабақты
бекітемін.
Жалпы оқушылардың ақпараттық технология
негіздерінен алған білімі арқылы:
1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.
2. Шығармашылық қабілеттері артады.
3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.
4.Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.
5. Компьютерлік сауатты болуға үйренеді.
Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың
білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын
жүргізуге пайдасы бар. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер
шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді.
Сондықтан, ХХІ ғасыр – информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру
технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа
заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету
мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту
процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды
жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде –
өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі
таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін
қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы
заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі
жоғары деп есептейміз.
«Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, менің ұстаз ретінде
де, еліміздің ұлтжанды азаматшасы ретінде де арманым еліміздің
әрбір азаматы терең білімді, интеллектуалды, заманауи техникаларды
еркін меңгере алатын, әрқайсысы еліміздің дамуына өз үлесін қоса
алатын болса деймін. Ол үшін оларға білім беретін ұстаздар өз пәнін
жетік меңгерген, теория мен практиканы оқушылар бойына сіңіре
алатын шығармашыл, ізденімпаз, ең бастысы еңбекқор болуы қажет.
Қорыта келе, «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін: білімді де зерделі,
жан-жақты дамыған дарынды, қабілетті ұрпақ керек» Ел президенті Н.Ә
Назарбаевтың «Нұрлы жол» атты халыққа жолдауынан.
Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл,
зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер
меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ.
Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты
мақсат-еліміздегі білім беруде халықаралық деңгейге көтеру және
білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін
өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ. Біріккен
Ұлттар Ұйымының шешімімен «XXI ғасыр- ақпараттандыру ғасыры» деп
аталады.
Заман талабына сай көштен қалмай қазіргі таңда педагогтан өз
пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік –
құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік
тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология
құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық
құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етуде.
Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын
арттырудың тиімді жолы- білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық
технологияларды қолдану. Келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың
бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған
ең басты міндет.
ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз
етілді.
Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып
табылады. Олай болса сабақтарды компьютердің, ақпараттық
технологиялық құралдардың көмегімен өткізе білу-кезек күттірмейтін
өзекті мәселелердің бірі.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз- білім беру ісінде
ақпараттарды даярлап, оны оқушыға беру процесі. Оқушының білімін
дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер керек деп
ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті
50 елдің қатарына кіру стратегиясы».
2. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы.
3. А. Салихова «Оқушылардың шығармашылығын дамыту»
4. 1 Сыздықов О., Өстеміров К, Адамқұлов Н. т.б.
5. Технология. Жалпы білім беретін мектептің 8 – сыныбына арналған
оқулық. Алматы «Мектеп» баспасы,
6. Пошаев Д.Қ. Мамандық таңдау негіздері. Кестелі оқу құралы.
–Шымкент, ОҚМУ, 2007ж
7. Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептер
білім
мазмұнының тұжырымдамасы. // Қазақстан мұғалімі. -1996. -№7. – 9
сәуір
8. Сыздықов О., Пошаев Д.Қ., Ортаев Б.Т. «Технология» пәнін
оқыту
әдістемесі: 5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығына арналған оқу
құралы. –Алматы: Нұрлы әлем, 2010. -394 б.
9. Жолдасова Б.Б. Оқушыларды еңбекке және кәсіпке бейімдеудің
сипаты //
10. Ғылыми- әдістемелік журнал, №5-2009 ж