Материалдар / «Технология пәнінен жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Технология пәнінен жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Технология пәнін оқытуда – еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жек тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім - тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым – қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жіктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Мамыр 2021
450
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы

14 «Жас алаш» жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Технология пәні мұғалімі

Нарзиев Анарбай Орынович


«Технология пәнінен жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері»


Технология пәнін оқытуда – еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жек тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім - тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым – қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жіктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді.

Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Негізгі мақсатымыз – Қазақстанның әлемнің елу дамыған елдерінің қатарына енуі» делінген. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет.

Адамға ең бірінші өмірлік қажеті - еңбек екенін уақыт дәлелдеуде.
Адам өмірі үшін аса қажетті, әрі өмір бойы тоқтаусыз білім беретін пән «Еңбекке баулу» бүгінгі технология оқу пәні үнемі жетілдіруде.
Біздің елімізде еңбекке үйрену – Ы. Алтынсарин 1887 - 1888 жылдары орыс – қазақ мектебін алғаш ашқанда басталған. Оқушыларды кәсіпкерлікке, қазіргі заман талабына сай басқару, білу, ұйымдастыру, іске асыру жұмыстарына бейімдеу басшылыққа негіз болады.

Болашақ кәсіпкер:

- өз өндірісінен түскен қаржыны жұмсай алатын жеке меншік иесі;
- азаматтық нарыққа қатыса алады;
- өз өндірісінде жұмыс беруші, ұйымдастырушы;
- жұмыстың сапасына жауап беруші.

- Ұжымның жұмыс нәтижесінде өзіне пайда келтіретін әдіс - тәсілдерді қамтамасыз етуді шешу мектептің материалдық – технологиялық базасына, аймақ ерекшелігіне байланысты. Сонымен бірге оқушыларды кәсіби еңбекке баулу мүмкіншіліктерін зерттеу арқылы іске асыру технологиясын жасау.

- Ата - ана, ауыл әкімшілігі мектеп ұжымымен бірігіп, жастарды кәсіпкерлікке баулуға бағытталған оқу - тәрбиелік шығармашылық орта құруы қажет.

Еңбек тәрбиесі – барлық тәрбиенің қайнар көзі.
Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішу, тігу қолөнер шеберлігін меңгерту арқылы ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей аламыз. Өйткені, оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс - әрекетімен байланыстыра білгенде ғана, өзіне де пайдасын тигізе алады. Технология сабағы арқылы оқушыны іскерлікке, ұқыптылыққа, әдемілікті сезініп, қабылдауға үйретеміз. Біздің негізгі ұстанымыз: «Сөзден - іске көшу».

Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішіп тігу, көркемдеу қол өнер шеберлігін меңгеру арқылы жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеуді басшылыққа ала отырып жұмысты жүргіземіз. Оқушылар әр түрлі тігілген бұйымдарды зерттей отырып, баға берумен келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық және т. б. бағалы қасиеттерін өз бойларына қалыптастырады.

Еңбек сабағында оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігіне, өнерге, шеберлікке деген бейімділігін дамыта отырып қалыптастырамыз. Оқушылар отбасында да тұрмыстың әр түрлі өнімді еңбегіне қатысады. Баланың бойындағы сапалық қасиеттері, еңбекке қызығушылығы, табиғатты қорғауы, ұқыптылығы арқылы еңбек адамын көру. Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі - мектепке бағдарлау болып табылады. Оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасалып, білім беріледі.

Оқыту мәселелерін бастамас бұрын, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге ерекше мән беру керек. Сабақ - оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы. Ендеше сабақтың мәнді өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Инновация – оны жеке түсініп, оқу үрдісіне енгізу - оқушылардың саналы да сапалы білім алудың бірден бір шарты. Инновациялық әдіс - тәсілдерді енгізу жаңа білім берудің бірден бір шарты деп айттық.

Саралап оқыту - оқушылардың туа біткен ақыл - ой қабілетінің жеке дамуының жан - жақтылығына негізделген білім беру жүйесі.
- оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс - тәсілдерін қолдану
- сабақтарда пайдаланатын негізгі әдістер оқушылардың көңіл күйіне, ынтасына, қабілетіне қарай, топпен, жеке оқушылармен жұмыс істеу, ойын элементтерін пайдалану т. б.

Технология - пәні география, бейнелеу өнері, тарих, музыка пәндерімен тығыз байланысты. Электронды кәсіптік бағдарлау жүйесі - қазіргі заманға сай ақпараттық - коммуникациялық технология негізінде жасалып, оқушының өзіне қажетті мамандықты таңдап, оның ерекшеліктері жөнінде тұтас ақпаратты ұсына отырып, өз мүмкіндігі бойынша қалаған мамандығын анықтауға көмектеседі.

Оқушыларды кәсіптік бағдарлау ақпараттық үрдісі, ұдайы кәсіптік білім жөніндегі ақпараттарды талдауды және қорытындылауды қажет етеді. Бүгінгі еңбектің сипаты, мазмұны өзгеріп, жаңа талап пен міндеттерді қажет еткенімен, еңбекті құрмет тұту – халықтар дәстүрінде ежелден қалыптасқан.

Балаларды еңбекке тәрбиелеу - қол еңбегі сабағынан басталады. Адам баласы туа сала емес, көре - көре, жүре - жүре жетіледі. Бір адам еңбекке өте қабілетті болып өссе, енді бірі керісінше болады. Баланың жас шағында еңбек тәрбиесін дұрыс алуы немесе одан шет қалуы оның келешек өміріне үлкен әсер етеді.

Баланың еңбек тәрбиесін меңгеруі, қоғам үшін ғана емес, оның жеке басы, өз тіршілігі үшін де қажет. Еңбекке сүйетін адамның өмірінде реніш болмайды. Олар үнемі көтеріңкі көңіл - күйде жүреді.
Отбасына еңбек тәрбиесін жүргізгенде, баланы белгілі бір мамандыққа бейімдей даярлауды ескерген жөн.

Егер бала отбасында еңбек тәрбиесін дұрыс алып шықса, мектепке іскерлікке үйрену оңайға түседі. Өйткені, отбасында алған еңбек дағдылары балаға түрлі мамандықты үйренген кезде жәрдемдесіп, оны игеруді оңайлатып отырады.

Технология сабағында жобалау әдісін қолдану
Жоба - әр түрлі бөлімдерден арнайы сызбалардан, суреттерден, жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымдарды жасаған кезде есеп, экономикалық немесе экологиялық дәлелді түсінік хаттар да пайдаланылады



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстанмектебі, №4, 2008

  2. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007

  3. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!