Материалдар / Технологиялық карта
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Технологиялық карта

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы :Гүлдер,гүлдер ,әсем гүлдер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2020
573
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы:Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Экология негіздері

Тақырыбы :Гүлдер,гүлдер ,әсем гүлдер.

Мақсаты: гүлдердің түрлері мен таныстыру. Сөздік қорларын,ой -өрісін ,қиялын дамыту. Гүлдерді аялай білуге әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.Гүлдер туралы тақпақ айтқызып сөздік қорларын дамыту.Гүлдер туралы жұмбақтар жасырып ойлау қабілеттерін дамыту.Гүлдердің түрлерімен таныстырып ,оларды ажырата білуге үйрету.

Алдын-ала жұргізілетін жұмыстар:Түстер бойынша ойын ойнау

Әдіс -тәсілдері: сурет көрсету,түсіндіру,ойын,сұрақ-жауап.

Көрнекілік: бөлме гүлдері, дала гүлдері, бақша гүлдерінің суреттері.

Билингвальды компонент: гүлдер-цветы-flowers

Оқу іс-әрекет

кезеңдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті



Баланың іс-әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз ,

Көңілдіміз бүгін біз.

Қайырлы таң достарым,

Қайырлы таң қонақтар.

Добрый утро всем нам

Добрый утро всем гостям

Good morning ,good morning

Good morning to you

Good morning ,good morning

We are glad to see you.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

- Аттарын еске түсірейік?

- Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?






Балалар шеңберге тұрып , бір-бірімен амандасады. Жақсы көңіл -күй тілейді.



Қазір жылдың көктем мезгілі.

Көктем мезгілінде 3ай бар



Наурыз,сәуір,мамыр

-Көктем мезгілінде күн жылынады,ағаштар бұршік жарады,құстар ұшып келеді,ұя салып қарсы аламыз.


Іздену -ұйымдастырушы

Балалар енді жаймен барып орнымызға отырайық.Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Жұмбақ жасыру.

Адамдардың бәрі қызығады,

Ұстай берсең сәні бұзылады. (Гүл)



Бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы:

«Гүлдер гүлдер әсем гүлдер»деп аталады.

Балалар суреттке қарандаршы ненің суретті қандай гүлдер?

Гүлдердің тамыры, сабағы, жапырағы күлтесі болады.

Гүлдер дала гүлдері,бақша гүлдері,бөлме гүлдері болып.

Дала гүлдері өздеріміз білетін бәйшешек, қызғалдақ,сарығалдақ,түймедақ,бақбақ гүлдері.

Бөлме гүлдеріне: фикус,қытай розасы,алоэ және оданда бас гүлдер жатады. Дала гүлдері күтімді қажет етпейді.

Ал, бөлме гүлдері күтімді қажет етеді.оны күнделікті су құйып,топырағын қопсытып,шаңын сүртіп тұрмаса гүл өліп қалуы мүмкін. Гүлдерді жайдан жай өсірмейді.Адам оған қарап шаршағанын басады.Гүлге қарап отырып демаласың.Гүлдердің емдік қасиеттері де бар .олардан түрлі-түсті жақпа майлар,күнделікті сусабын,әтір жасауға болады.гүлдердің хош иісі бар.гүлдердің адамға пайдасы мол.Ол ауаны тазартып тұрады.

Билингвальды компонент:гүлдер-цветы-flowers

Ғажайып сәт:

Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен Гүл ханшайымы боламын.Сіздер мен туралы айтып жатыр екенсіңдер.Мен сіздерге қонаққа келдім.Менде құр келген жоқпын өзімен бірге сіздерге әртүрлі ойындар алып келдім.

-Балалар сендер гүлдер туралы тақпақ білесіздерме?

Гүлдер, гүлдер не түрлі,

Құлпырды да жетілді.

Барлық дала өртеніп

Бара жатқан секілді.



Гүл ханшайымы риза болады.Олай болса мен де құр келген жоқпын сендерге ойын алып келдім.

Ойын: "Гүлдерді түстеріне қарай ажырат" Шарты:жерге гүлдерді шашып тастамын сол гүлдерді түсіне қарай екі жердегі себетке салумыз керек.

Балалар орнымызға отырып алайық. Енді Гүл ханшайымына біз әдемі гүлдерімізді құрастырып берейік

Тапсырма: "Гүл құрастыру"

Алдымызға берілген түрлі-түсті макорондардан гүл құрастырамыз.Балалар содан әдемі гүл құрастырады. Гүлханшанайымна ұсынады.



Сергіту сәті:

Гүл өсірем үйде(жоғары қол көтереді)

Су құямын гүлге(қолмен су құяды)

Гүл күткенді біледі(тербеледі)

Бойын сылап күледі( бойын қолымен сыйпайды)

Күнде гүлін ашады

Жұпарын маған шашады(қолын желпейді)

Балалар жаймен келіп орнымызға отырайық.Енді Гүл ханшайымына біз әдемі гүлдерімізді құрастырып берейік Алдымен сабағын сосын жапырағын және күлтесін құрастырамыз.дайын болған гүлдерімізді Гүл ханшайына сыйлайық.

-Гүл ханшайымы балалар менің кететін уақытым болды сендер маған әдемі гүлдер жасап бердіңіздер сіздерге көп-көп рахмат.

-Сау болыңдар балалар .





-Балалар мұқият тыңдайды.











Гүлдердің суреттері



























Мұқият тыңдайды.













гүлдер-цветы-flowers















Балалардың жауабы





















Балалар ойынды ұйымшылдықпен, қызығушылықпен ойнайды.















Иә жасап берейік.











Балаллар қимылмен жасайды










Рефлексивті коррекциялаушы

-Балалар бүгін біз қандай гүлдер түрі мен таныстық?

-Бізге қонаққа кім келді?

-Қандай ойын ойнадық?

Жарайсыңдар !

Гүлді жұлуға болмайды.Олар күтімді қажет етеді. Оларға қарасаңдар көңіл күйдеріңді көтереді.



Балалардың жауабы



Күтілетін нәтеже:

Нені біледі:шалғын гүлдері мен гүлзарда өсетін гүлдерді ажырата білді,гүлдер туралы тақпақ

Қандай түсініктерді игерді:Гүлдің құрлысын ,ойын шартын

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:күнделікті өмірде гүлдерді күтіп баптауды.

Технологиялық картасы

Күні: 23.11.2020ж.

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Ертегілер әлемі»

Мақсаты: Ертегі мазмұнын түсіндіру. Ертегі мазмұнын айтқызу арқылы сөздік қорын молайтып, тілін дамыту. Ертегідегі кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы балаларды тап­қыр­лыққа, мейірімділікке, достыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта арқылы ертегі көрсету.

Қостілділік компонент: қасқыр-волк, ешкі-коза.



Оқу қызметінің

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балаларға шеңбер болып тұруды ұсынады.

Амансың ба, алтын Күн!

Амансың ба, Жер-ана!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам.

Қонаққа ертегілер елінен қоржынын арқалап Алдаркөсе келеді.

Тәрбиешімен бірге сәлемдесу рәсімін жасап, жылы тілектерін айтады.



Ертегілер елінен келген Алдаркөсемен амандасады.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Ертегілер елінен келген Алдаркөсе балалардан қандай ертегілерді білетінін сұрайды.

Алдаркөсе балаларға «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін ұсынады.

12 демонстрациялық материал.

Тәрбиеші балаларға «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісінің мазмұнын сюжетті сурет арқылы әңгімелеп береді, мазмұнын түсіндіреді. (Интерактивті тақта арқылы ертегіні көрсетеді).

Ертегідегі қасқырды сипаттайды, оның іс-әрекетін, жауыздығын, ал лақтардың тапқырлығы туралы әңгімелейді.

Балалармен сөздік жұмысын жүргізу.

Қасқыр-волк, Ешкі-коза.

Жағдаят шешу

«Лақтардың орнында болсаңдар, сендер не істер едіңдер?» деген сұрақ қою арқылы балалардың жауаптарын тыңдайды, қорытындылайды.

Сергіту сәті:

Шөре-шөре, лағым,

Тентек болма, шырағым.

Секеңдеме, деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

(І. Жансүгіров).

№ 12 үлестірмелі материалмен жұмыс.

Лақтарды қасқырдан құтқаратын жолды тапқызу.

Балалар «Бауырсақ», «Шалқан», «Лақтар мен қасқыр» т.б. ертегілерді білетіндерін айтады.



Мұқият тыңдайды,

ертегі желісі бойынша

сұрақтарға жауап береді.

Қасқырды сипаттайды.









-Қасқыр-волк.

-Ешкі-коза.



Лақтардың орнында өздері болса, не істейтіндерін айтады.

Өлең мазмұнына сай қимылын салады.

Балалар дұрыс жолды тауып белгілейді.

Қимылмен көрсетеді.



Лақтарды қасқырдан құтқаратын жолды табады.

Рефлексиялық-

түзетушілік

Балаларға ертегі кейіпкерлерін сипаттату, сұрақ-жауап арқылы ертегінің мазмұнын бекіту.

Өз іс-әрекеттерін әңгімелейді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: үй және жабайы жануарларды ажыратуды;

Игереді: ертегі кейіпкерлерін сипаттауды;

Меңгереді:ертегіні қысқаша әңгімелеуді.

«Қатынас» білім беру саласы бойынша орыс тілінен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні 27.11.20ж

Тақырыбы: «Мой город»

Мақсаты: обогатить словарь

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!