400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Технологиялық карта Жаратылыстану "Жабайы аңдар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектепке дейінгі қызметкерлерге әдістемелік көмек құралы ретінде қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰОҚ конспектісі

Мерзімі:10.01.2020.

Білім беру:Таным

Бөлімі:Жаратылыстану

Тақырыбы: «Жабайы аңдар мекені».

Мақсаты Орманда мекендейтін жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту.

Білімділік: Балалардың жабайы аңдар туралы алған білімдерін дамыта отырып, жабайы аңдар мекені туралы білім беру.

Дамытушылық: Сөздік қорларын дамыту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, саусақ моторикасын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, еңбекке, достыққа, мейірімділікке, жақсылық жасауға үйрету.

Сөздік жұмысы /: Қыс мезгілі, аңдар, жабайы аңдар, аңдарды қорғайық.

Құралдар: Көрнекілік суреттер.

Қос тілдік компонент: Қыс мезгілі – зимняя время года, аңдар – звери, бұл жабайы аңдар – это дикие звери.

Қызметтің кезеңдері


Тәрбиеші әрекеттері


Мотивациялық -

түрткі болатын


Шаттық шеңбері:


Ғажайып сәт:

Тақтаға жабаайы аңдар суреттерін іледі.

Жұмбақ шешу.

Тәтті көрсе бас салар, Айнымайды баладан.

Ұйымдық –

іздену


Тәрбиеші:

-Балалар бүгін біздің ұйымдастырылған оқу-қызметімізге дайынсыңдар ма?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс ерекшеліктері?

-Қыс айларын атаңдар.

-Бүгін аптаның қай күні?

Әңгіме:

-Мына суретке назар аударыңдар. Не көріп тұрсыңдар? -Дұрыс айтасыңдар, яғни жабайы аңдардың суреттері. Сурет бойынша өз ойларыңмен бөлісіңдер (өз ойларын ортаға салады). Орманды мекендеп, өз бетімен тіршілік ететін аңдарды жабайы аңдар не дейміз. Олар ; қасқыр, түлкң,аю,тиін.Жабайы аңдар азықтарын орманнан тауып жейді.Қыста қардың көп түсуіне байланысты аңдардың азық тауып жеуі қиынға соғады.Осы кезде аңдар адамдардың көмегін қажет етеді. -Сендер жабайы аңдарды қайдан көрдіңдер? -Иә, аңдарды теледидардан,хайуанаттар бағынан бағынан көруге болады. Шаршаған боларсыңдар, орнымыздан тұрып қызықты сергіту сәтін орындайық.

Сергіту сәті:

Бойды бүкпей тік ұста,

Еркін тұрып тыныста.

Жай оң қолды оң жаққа,

Жай сол қолды сол жаққа.

Қолды айналдыр бұлданбай,

Екі шеңбер сызғандай.

Сәл тынығып байқа да

Он шақты рет қайтала!

Дидактикалық   ойын:

«Кім  тапқыр?»

 Ең айлакер аң…….(түлкі)

Ең қорқақ ……..  (қоян)

Балды жақсы көретін…….. (аю)

Аң патшасы……… (арыстан)

Мысыққа ұқсайтын   аң… (жолбарыс)

Ең ұзын мойын……(керік)

Қораға шабатын аң…….(қасқыр)

Ең ірі жануар…….(піл)

Үстінде тікенегі бар…….(кірпі)

Рефлекстік –

Түзету


Сұрақ-жауап:

- Балалар, жабайы аңдар қайда мекендейді екен?


Тәрбиеші балалар белсенділігін атап өтіп, оқу-қызметін қорытындылайды.








 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14.05.2021
890
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі