400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

технологиялық карта "Коммуникация"

Материал туралы қысқаша түсінік
берілген материал мектепалды даярлық топтарының тәрбиешілеріне балаларға әріптердің айтылуы мен жазылуын үйретуге көмекші материал ретінде қолданылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Технологиялық карта



Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: О дыбысы мен әріпі

Мақсаты:  О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап

табу, сөйлем құрап айтуға үйрету. Балалардың сөздік қорларын молайту, ойлау қабілетін, дүниетанымын   кеңейту, тілін  дамыту.Ұқыптылыққа, отансүйгіштікке  тәрбиелеу.

Билингвальді компонент:  Қоян-зайц, қасқыр-волк, аю-медвед, түлкі-леса

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың қызметі

Мотивациялық- қозғаушылық

Амандасу.


 

 

Қоңыраудың сиқырлы

Естіледі сыңғыры.

Қолыңды бер дейді,

Шеңберге кел дейді.

Қайталау

а) Сұрақ-жауап:  — Дыбыс деген не?

Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Әріп деп нені айтамыз?

Әріптерді не істейміз?

 

ә) Ойын «Қай дыбыстан басталады?»

Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып, тиісті әріпке  сызық арқылы қос.

Тәрбиешімен амандасып, өлеңді тәрбиешімен бірге қосылып айтады.

Қоңыраудың сиқырлы

Естіледі сыңғыры.

Қолыңды бер дейді,

Шеңберге кел дейді.

 

-Дыбысты естейміз, жазамыз.

-Екіге бөлінеді. Дауысты және дауыссыз дыбыстар.

-Дыбысты таңбалайтын таңба

-Оқимыз, жазамыз.

Алмұрт – А, шар – Ш, піл – П, радио – Р, нан – Н, уық – У, лақ – Л, тарақ – Т, йогурт – Й, ғарышкер – Ғ

Іздену ұйымдастырушы

Жаңа тақырыпқа кіріспе

а)  Тақтаға  «Бауырсақ» ертегісінің суреті ілінеді. Кейіпкерлерін атайды.

-Бұлар нелер?

-Олар қайда өмір сүреді?

-«Орман» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?

-Ендеше бүгін біз о дыбысымен танысамыз.

Дыбысты айтып көріп дауысты дыбыс екенін анықтайды. Ешқандай кедергісіз еркін айтылады, созып айта аламыз.

ә)  — Енді ертегіге қайта оралайық. Бауырсақты түлкіге жегізбеу үшін жабайы аңдардың тапсырмасын орындайық. Сол арқылы о дыбысымен танысатын боламыз.

1. Қоянның тапсырмасы.

« Не артық?» ойыны. Суретте заттардың ішінде не артық, қалғанын бір сөзбен қалай атауға болады?

Әріп таңбасымен таныстыру. Неге ұқсас?

2. Қасқырдың тапсырмасы.

«Орнын тап» ойыны. О дыбысының орнын табу. Сөздің басында, ортасында, кейбір басқа тілден енген сөздерде сөздің соңында кездеседі.

11-слайд.

3. Аюдың тапсырмасы.

Дәптермен жұмыс: о әрпін жазу.

а) ауада жазып қол жаттықтыру;

ә) екі жолға баспа әрпін толтырып жазу.

Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

4. Түлкінің тапсырмасы.

ОТАН, ТОРҒАЙ, ТОН сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

Отанымыз қалай аталады?

Отан туралы қандай тақпақ білесіңдер?

5. Бауырсақ пен  бірге мына буындарды оқиық:

Бауырсақ атасы мен әжесіне қайтып келіп, олар өте қатты қуанып жатыр. Сендерге риза болып алғыстарын білдіруде.

«Кім зерек?» ойыны.

Дауысты дыбыстарды қызыл түсті үйге, дауыссыз дыбыстарды көк түсті үйге сызық арқылы қос.

Орыс тілінен аударылған сөздер: Қоян-зайц, қасқыр-волк, аю-медвед, түлкі-леса

 

 

 

-Жабайы аңдар.

-Орманда.

-О дыбысынан.

 

 

 

 

 

 

 

 

-Алма артық, қалғаны ойыншықтар.

-Ойыншық сөзі о дыбысынан басталады.

-Дөңгелекке, допқа, тоқашқа.

 

 

Орамал, ою, отырғыш – сөз басында;

Доп, моншақ, домбыра – сөз ортасында;

Пальто, кресло —  сөз соңында.

Сөздерді буынға бөлу.

 

 

 

 

 

 

Отан-2буын, 4әріп, 4дыбыс.

Торғай-2буын, 6әріп,6дыбыс.

Тон-1буын, 3әріп,3дыбыс

Қазақстан Республикасы.

Тақтаптар айтады.

О-й  ой    ой   т-ой  той   той

О-р   ор   ор   т-ор   тор   тор

О-л   ол   ол   т-ол  тол    тол

Ой-на   ойна  ойна   Ай-на  Ай-на

 

 

 

 

Қоян-зайц, қасқыр-волк, аю-медвед, түлкі-леса

Рефлексивті коррекциялаушы

Қорыту

Сұрақ-жауап:

-Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?

-О дыбысы қандай дыбыс екен?

-Әріп таңбасы неге ұқсас?

-О дыбысына байланысты сөздер айту.

Мадақтау.

 

Сұрақтарға жауап береді.




Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: /о/ дыбысының дауысты дыбыс екенін.

Нені игереді: жақсы өмірге еңбек арқылы жетуге болатынын.

Нені біледі: о әрпін танып, көрсете білуді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
929
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі