400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

технологиялық карта "Қатынас"

Материал туралы қысқаша түсінік
берілген материал мектепалды даярлық топтарының тәрбиешілеріне балаларды Ә.Дүйсенбиевтің "Қыс" өлеңімен таныстыруға көмекші материал ретінде қолданылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Технологиялық карта


Күні:

Тобы: «Қарлығаш»

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Қыс» (өлең)Ә.Дүйсенбиевтің

Мақсаты: Өлеңді көрнекі құралдар көмегінсіз жатқа айтуға, оны дауыс ырғағымен мәнерлеп оқуға үйрету. Балаларды шығарма мазмұнын өз іс-тәжірбиесімен салыстыра отырып, өзінің күнделікті өмірімен және қоршаған ортамен байланыстыра білуіне үйрету.

Көрнекі құралдар: Хрестоматия, қыстың суреті

Сөздік жұмыс: Суретші, ақ мамық.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Жасап қардан үйілген,

Дөңге шығып бүгін мен.

Маңайыма бір қарап,

Кеттім төмен сырғанап.

Жерге тимей табаны,

Шанам зулап барады.

Қорыққам жоқ сонда да,

Су жүрек деп ойлама?

Балалар шеңбер бойына тұрып, өлең жолдарын қимылдар арқылы орындайды.





Ұйымдастыру- іздестіру




Ұйымдастыру кезеңі.

Шанамен зырғып желетін,

Шаңғы, коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

-Балалар, бұл өлең шумағында не туралы айтылған?

-Қыс несімен қызықты?

-Қандай ойындар ойнаймыз?

-Олай болса, бүгінгі іс-әрекетінде К.Нүсіповтың «Суретші қыс» өлеңін жаттаймыз.

Сергіту сәті:

Тікірейіп құлағы,

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті-қолын жуады.

Ойын: «қар жинау»

Шарты: мақтадан жасалған қарларды балалар тез жинау керек.

Балалар өлең мазмұнына қарай қимылдар жасайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

-Қыс туралы айтылған.

-Қыс аққаласымен.


Балалар қимыл қозғалыс арқылы бойларын сергітеді.

Ойынды балалар қызыға ойнайды.


Рефлексивті- түзетушілік




Қорытындылау.

-Балалар, біздің жаттаған өлең шумағында не туралы айтылған?

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Қыс туралы айтылған.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Өлең жатқа айтуды.

Игереді: Өлең арқылы қыс мезгілінің ерекшілігін.

Меңгереді: Өлең мазмұнын түсіне отырып, қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарын.








Технологиялық карта

Күні:

Оқу іс-әрекеті: Қатынас.

Білім саласы: Ертегілер елінде.

Тақырыбы: «Бір уыс мақта».

Мақсаты: балалардың ертегіні тыңдауға деген қызығушылықтарын ояту және оның мазмұнын түсінуге, образға енуін қамтамасыз ету. Ертегіні әңгімелеуде балаларды байланыстырып сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге баулу. Ертегіні рөлге бөліп, балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Көру мүмкіндіктерін дамыту.

Сөздік жұмыс:қыз-девочка, апа-бабушка, торғай-воробей, тұмсық-клюв.

Қажетті материалдар:қыз, апасы, торғай.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеттері

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық, оятушылық

Балаларды шеңбер жасап тұрғызып, бір-біріне ертеңгілік жылы лебіздерін білдіру.


Армысың, асыл күн!

Армысың, асыл жер!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым!



Балалар бір-бірінің қолын ұстасып, жылы лебіздерін сезінеді.

Ұйымдастырушылық, ізденушілік

Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде біз ертегімен танысамыз. «Бір уыс мақта».

Тәрбиеші ертегіні оқып береді.

Сұрақтар бойынша жұмыс:

Ертегі не жайлы?

Қыз нені жамап отырды?

Анасы қызына не деді?

Қыз терезеден нені лақтырып жіберді?

Мақтаны не алып кетті?

Анасы қызына не деді?

Ең соңы қалай аяқталды?

Сергіту сәті «Орнымыздан тұрайық». Көз жаттығуы: «оңға-солға»...(1-2 мин).

Балалар ертегіні сахналайды. Тәрбиеші кейіпкерлерді бөліп береді.

Саусақ театры (ертегінің көрініс көрсету).

Тәрбиеші қиналып отырған балаларға көмектеседі.

Ертегінің көрініс сахналау.





Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.






Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.


Көздеріне жаттығу жасайды.








Балалардың өз бетінше сахналауы.

Баланың іс-әрекетін бағалау және қорытындылау

Бүгінгі оқу іс-әрекетінде қандай ертегімен таныстық?

Оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма?

Бәрің де жақсы қатыстыңдар. Рахмет.

Балалар өз ойларымен бөліседі.


Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: ертегіні тыңдай білу.

Болу керек: баланың мазмұндауы және образға енуі болу керек.

Үйрету керек: тыңдаған ертегіні естерінде сақтап, қайта мазмұнын жеткізіп айтуға үйрету.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
486
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі