Технологиялық карта "Үйрек"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Технологиялық карта "Үйрек"

Материал туралы қысқаша түсінік
Технологиялық карта "Үйрек" мүсіндеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰОҚ технологиялық картасы

Күні:

Тобы:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлім:  Мүсіндеу

Тақырыбы:   «Үйрек»

Мақсаты:   

Білімділік: кесек ермексаздан үйрек бейнесін мүсіндеуді үйрету; мүсіндеудің шымшу, басу, тегістеу тәсілдеріне жаттықтыру.

Дамытушылық: көркемдік талғамдарын, қиялдарын, ойлау қабілеттерін, саусақ қимылдарын дамыту.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Қостілділік компоненті: үйрек-утка, үй құстары-домашние птицы.

Сөздік жұмысы: үйректің балапаны, күркетауық.

Қолданылатын көрнекі құралдар: үйректің балапандарымен тұрған суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: ермексаз, сүлгі, тақтайша, кескіш, ермексаз салынған ыдыс.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің басқару әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық





Шаттық шеңбері:

-балалар, мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Сендер сондай әдемісіңдер, сондай көңілдісіңдер. Ендеше күніміз көңілді, достықта өтсін деп, бір-бірімізбен қол ұстасып шаттық шеңберін құрып, көңіліді күйімізді сыйлайық.

Арайланып таң атты.

Күн шуағын таратты

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Қайырлы күн, достарым!

Жылуыма жылу қос,

Бәріміз болайық дос!


Балалар қимыл

көрсете отырып шаттық шеңберін орындайды.


Ұйымдастырушылық-ізденушілік

 Жұмбақ жасыру арқылы тақтада жасырылып тұрған суретті табады.

Жұмбақ:

Табаны бейне алақан,

Мынау қандай балапан.

-Үйрек үй құсы ма, әлде дала құсы ма?

- тағы қандай үй құстарын білесіңдер?

-Олардың пайдасы қандай?

-Бұлар немен қоректенеді?

- Үй құстары адамдардың көмегімен азықтанады.Оларға адамдар қамқорлық жасайды. Арнайы қора салады, уақытымен жем суларын береді.

Балалардың назарын суреттегі үйректерге аударады.

-Балалар қарадаршы, мына үйректер қандай әдемі! Кәне, санайықшы қанша үйрек бар екен? Үйректің балапаны көп пе

әлде аз ба? Енді осы үйректің балапанын тағы да көбейтейік. Ол үшін біз ермексаздан үйректер мүсіндейміз.

-Үйректің түсі қандай?

- Ендеше сары түсті ермексазды аламыз. Балаларға көмектесіп жеке жұмыс жүргізеді

- Ол үшін ермексазды үлкен және кіші екі бөлікке бөлеміз. Кіші бөлігінен – басын домалатып домалақ жасаймыз. (көрсету)

- Үлкен бөлігінен – денесін сопақша етіп жасау үшін домалатып, алақанға салып басамыз, ал құйрығын бармақпен шымшып созамыз.

Сергіту сәті:

Тереңдет ойыңды,

Тiк ұста бойыңды.

Құстарға ұсайық,

Қалықтап ұшайық.

Шық алға оң қанат,

Шық алға сол қанат,

Шаршаған кездерде

Қонайық жорғалап.

-Енді, қызыл түсті ермексазбен аяғымен тұмсыған жасайық. Осылады үйректің денесіне қосамыз.






-Үйрек.

-Үй құсына жатады.


- Үй құстары: әтеш, тауық, қаз үйрек, күркетауық.

Жұмыртқасын, етін адамдар жейді. Жүнінен жастық көрпе жасайды.




Балалар үйректерд3 санайды.



Сұрақтарға жауап береді.







Балалар педагогтың көрсетуімен үлгу суретке қарай отырып, үйректі мүсіндейді.








Өлең мазмұнына сәйкес қимыл жасайды.




Рефлексивтік-түзетушілік

Бал-ң жұмыстарын жинап, өз қолдарымен жасаған еңбектерін салыстырып, балаларды мақтау арқылы, оқу іс-әрекетін аяқтау.




 Балалар өздерінің жасаған үйректері туралы айтып береді.

 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

Біледі: үй құстары туралы қарапайым мәліметтерді;

Игереді:   Құстардың ерекшеліктерін келтіре отырыпмүсіндеуді;

Меңгереді: құстарға қамқор болу керектігін.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2017
3776
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі