Технологиялық карталар жинағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Технологиялық карталар жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша 2ши кіші топқа тхнологиялық карталар жинағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

04.09.2017ж

Білім облысы: Коммуникация

Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Апта тақырыбы: Менің балабақшам

Тақырыбы: Топпен танысу

Мақсаты: Балаларды балабақша өмірімен, топ бөлмесімен таныстыру, ондағы жиҺаз атауларын атауға, олардың қызметін сипаттап беруге үйрету. Тәрбиешінің сұрақтарына жауап беріп, диалогтік сөйлеуге дағдыландыру. Топтағы жиҺаздарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал жабдықтар: Отбасы мүшерерінің суреттері, текшелер, үлестірмелі суреттер

Сөздік жұмыс: топ, бөлме, кереует, қолжуғыш.

Билингвальды компонент: топ группа, бөлме комната, кереует кровать.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Білер қазақ баласы

Сәлем сөздің анасы

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

Балалар тәрбиешімен бірге сәлемдесіп, жылы тілектерін айтады.


Ұйымдастырушы

ізденуші

Балалар, сендер бүгін таңертең тұрып қайда келдіңдер?

Сендерге балабақшада ұнай ма?

Балабақша өмірімен таныстырады.

Тәрбиеші өзін таныстырады.

Балалар, мынау біздің тобымыздың бөлмесі. Бөлмеміз жарық, әрі кең. Топта сендерге арналған көп ойыншықтар бар.

Балаларға демонстрациялық көрнекілікті көрсете отырып, балабақшамен таныстыру.

Мынау не?

Оған не саламыз?

Қандай ойыншық көріп тұрсыңдар?

Мынау не? (кереует жататын төсек)

Онда не істейміз? (ұйықтаймыз)

Билингвальды компонент: топ группа, бөлме комната, кереует кровать.

Мынау не? (қолжуғыш. Қолымызды жуамыз)

Тәрбиеші балаларды топ бөлмелерімен, ондағы құрал жабдықтармен, заттармен таныстырады. Балаларға әр бөлменің өзіндік ерекшеліктері бар екенін, топтағы заттарды ұқыптылықпен ұстау керек екенін түсіндіреді.

1 үлестірмелі материалмен жұмыс.

«Нені қайда қоямыз?» дидактикалық ойыны. Дәптердегі заттарды атай отырып, оларды қай жерге қоятынын айту. Жеке жұмысты қажет ететін балалардан топ жиҺаздарын сұрау, балалардың топтық және жеке әрекеттерін, олардың жауаптарын талдайды.Сергіту сәті.

Кәне, қанат жазайық

Қарлығаш боп ұшайық

Ұшып, ұшып алайық

Орнымызға қонайық.

(Б. Серікбаев)

Балабақшаға.

Ұнайды.



Тәрбиешіні тындайды.













Шкаф.

Киімімізді, баскиімімізді саламыз, аяқкиімді, пальтоны саламыз.

Ойыншық шкафы.

Аю, қоян, машинаны көріп тұрмыз.

Топ группа,

Бөлме комната, кереует кровать сөздерін қайталайды.

Қолжуғыш. Онда біз беті қолымызды жуамыз.


Рефлексивті

коррекциялаушы

Суретті көрсете отырып, сұрақ жауап арқылы оқу қызметін қорытындылайды. Балаларды мадақтайды

Бөлмеден бөлмеге жүреді, әр бөлме заттарын атайды, сұрақтарға жауалдану керегін айтады және көрсетеді. Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды. Топ жиҺаздарын атап, олардың не үшін қажет екенін атайды

Күтілетін нәтиже:

Біледі: топтағы заттардың аттарын атап, киімдерін киім ілетін шкафқа жинайды;

Игереді: заттарды ұқыпты күтіп ұстау керектігін;

Меңгереді: сұрақ жауап арқылы диалогпен сөйлеуді.







05.09.2017ж

Білім облысы: Таным

Білім бөлімі: Жаратылыстану

Апта тақырыбы: Менің балабақшам

Тақырыбы: Балабақша біздің екінші үйіміз

Мақсаты:   Балабақшаға  деген  қызығушылығын, сүйіспеншілік  сезімдерін  арттыру.  Ой-өрістерін,  сөздік  қорларын  молайту.  Балабақша  қызметкерлерінің  атқаратын  қызметін  таныту. Шығармашылық  қабілеттерін  дамыту

Әдіс -тәсілі:   Ойын,  әңгімелесу,  құрастыру, елестету,  тосын  сәт, 

сұрақ – жауап,  қимылды  сергіту,  ән.
Көрнекі  құралдар:   Слайд,  үнтаспа,  қызметкерлер  суреті,  гүл, құрастырмалы  балабақша  көрінісі.

Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мативациялық қозғаушылық

  1. Амандасу.

Шаттық  шеңбері:
            Бала  бала  баламыз
            Бақшамызға  барамыз
            Күні  бойы  қызыққа
            Батамызда  қаламыз
            Бір  шаңырақ  астында
            Бірге  сайран  құрамыз.

Сәлеметсіздер  ме, құрметті  апайлар!


Хормен  жатқа  айтады.

Ұйымдастырушылық ізденістік

3. «Иә  ма,  жоқ  па?»
( ойланайық,  пікірлесейік )
Кел  бәріміз  ойланып,
       Иә  ма,  жоқ  па?  Ойналық
       Мен  бастайын  ойынды
       Түрлі  сұрақ  қоюды.

а)  Бұл  кімнің  суреті?
Ол  кісінің  қызметі  қандай?


ә) Мынау  кімнің  суреті?
Аспазшы апайдың  қызметі қандай?

б)  Ал  бұл  кім?  
Бұл  апай  не  істейді?

в) Мынау кім? Қандай  қызмет атқарады?


г) Мынау  кім апай?


ғ) Мынау  суреттегі кім? Ол кісінің қызметі не?

Сендер  балабақшаға  сәби  болып  келгеннен, ересек  болып  мектепке кеткенше, осы  апайлар  қызмет етеді.Олай  болса  мынадай  дәйексөз  үйренейік.




Тыныштық сәті:

Барлығымыз ыңғайланып отырайық, көздерімізді жұмайық.Әрқайсысымыз өзіміз тұратын үйімізді, отбасымызды, көз алдымызға елестетейікші. Енді балабақшадағы достарыңды, ондағы апайларды, балабақшада күні бойы немен айналысатындарыңды естеріңе түсіріп, көздеріңе елестетіп көріңдерші. Көздеріңді ашсаңдарда болады. Енді мынау гүлді кімге ұсынып, сұрақ қоямын, сол бала жауап беру керек.

1.Балабақшада немен ойнағанды ұнатасың?

2.Балабақшаның қандай тамағы ұнайды?

3.Балабақшада нені тыңдап үйрендің?

4. Балабақшаның аты қалай аталады?

5. Балабақшадан не үйрендің?

 -Бұл дәрігер апай.Бізге дәрі береді,  емдейді, жарақатты таңады, тазалықты тексереді.

- Ол аспазшы апай.Бізге тамақ пісіріп  береді.

-Кір  жуушы апай.Қол орамалды,  төсеніштерді жуып,  үтіктейді.
-Тәрбиеші әлия  апай.
-Сабақ үйретеді,мультфильм көрсетеді,ойнатады, серуенге шығарады,
  ұйықтатады.
-Ол тәрбиеші көмекшісі.Бізге тамақ береді,  ыдыстар жуады, шаң сүртеді, төсек  жинайды.

-Аула сыпырушы апай.Ойын   алаңын қоқыстан  тазартады, сыпырады,  жинайды.

Рефлекциялық түзетушілік

  1.  Қорытындылау.

-Бүгін біз не  туралы әңгімеледік?
-Балабақша  аты  қалай  аталады?
-Кімнің  үйіндегі тосын  сәтті көрдік?
-Балабақшада кімдер қызмет етеді?
-Қандай дәйексөз  үйрендік?


Сұрақтарға жауап береді.





Күтілетін  нәтиже:
Білуі тиіс:    Балабақша өз үйлері екенін, сәби болып келіп, ересек болып шығатынын  біледі.
Игеру  керек:  Сұрақтарға  толық жауап  беру арқылы, сөйлеу мәдениетін игереді.
Меңгерді: Балабақша  қызметкерлерін танып,  әрқайсысының  жұмысын  меңгерді.







































06.09.2017ж

Білім облысы: Таным

Білім бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Апта тақырыбы: Менің балабақшам

Тақырыбы: Таңертең. Үлкен-кіші. Бір-көп

Тақырыбы: «Таңертең. Үлкен – кіші. Бір – көп».

Мақсаты: таңертең(таң) – тәулік бөлігімен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен – кіші) және санына қарай (бір – көп) салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: домалақ.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,көрсету

Қажетті көрнекті құралдар:ойыншық кірпі – 1 дана, шымылдық, әр балаға жай қарындаштан, жұмыс дәптері, бір зат бейнеленген суреттер; үстел, күн, ай, орындық және көп заттар: орындықтар, қасықтар, дәптерлер, таңертеңгілік мезгіл бейнеленген сурет.

Қостілділік компонент: таңертең – утро, үлкен – большой, кішкентай – маленький.



Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мативациялық қозғаушылық

Ғажайып сәт.

-Балалар, бүгін бізге қонақ келгенін білесіңдер ме? Ол бізге тәулік мезгілдері(бөліктері) туралы әңгімелеп бермекші. Мен бір жұмбақ жасырайын, жауабын тапсаңдар келген қонақтың не екенін білесіңдер.

Жұмбақ

Тиіскенді түйреген,

Киім бар инеден.

(Кірпі)


Тыңдайды және жұмбақтың шешуін айтады

Ұйымдастырушылық ізденістік

Бір және көп» ойыны.

(3-оқу іс-әрекеті, 3-тапсырма.)

Кірпілер тек сүтті ғана емес,

алманы да қатты жақсы көретінін айтады.

-Балалар, кірпі қысқа азық жинап алмақшы екен.

Кірпіге көп алма қайда, бір алма қай жерде тұрғанын айтып жіберіңдершію

Кірпі мынадай сұрақтар қояды:

-Ағашта неше алма бар?

-Жерде неше алма жатыр?

-Қай жердегі алма көп?

Кірпі ағаштағы өсіп тұрған бір алманы қоршап сызуларын тапсырады.

Жеке көмек көрсетеді.

Кірпі тапсырманы дұрыс орындағандары үшін балаларға рақмет айтып, қоштасады.

Педагог балалардан: «Топтағы заттардың қайсысы көп, қайсысы бір-бірден», - деп сұрайды.

-Кірпі туралы









Кірпінің айтқанын балалар мұқият тыңдайды.











-Ия, білгіміз келеді.





Балалар педагогтың айтқанын мұқият тыңдайды.





Тақпағын тыңдайды.

Рефлекциялық түзетушілік

«Картинаны тап» ойыны.


Балалар бір заттан тұрған картинаны тауыпайтады


Күтілетін нәтеже:



Нені біледі: заттардың көлемі мен санын, тәулік мезгілін – таңды атайды;

Қандай түсініктерді игерді: заттардың көлемі бойынша (үлкен – кішкентай) және саны бойынша (біреу – көп) болатынын;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: қарындашпен жұмыс істеуді, көлеміне қарай заттарды сызық арқылы қосуды.





































07.09.2017ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі:Сурет салу

Апта тақырыбы: Менің балабақшам

Тақырыбы: Біздің топтың ойыншықтары

Мақсаты: Ұжымда жеке жұмыстарды қосып сурет салуға үйрету.Тазалыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.Шығармашалық қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер: Ойыншықтар және қуыршақ пен доптын суреті.Пернетақта.

Билингвальдық компонент: Ойыншықтар-игрушки

Қуыршақ-кукла

Доп-мячь

Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Психологиялық рефлексия:

Баяу ырғақты музыка ойнайды

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-Сендер қайда келдіндер?

-Балабақшада не істейсіндер?

-Өте жақсы,дұрыс айтасыңдар.

Ал,айтындаршы сендер немен балабақшада ойнайсындар?

-Сендерге қандай ойыншықтар ұнайды?

-Өте жақсы,ойыншықтарды шашып,сындыруға болады ма?

-Өздерінің үйде сүйіп ойнайтын ойыншықтарды айтып беріндерші?

-Жарайсындар балалар,әрдайым жинап қою керек.

-Шаршаған боларсындар,бір серігіп алайық.

Сергіту сәті:

Қуыршағым тұршы,

Бетінді жушы.

Шашынды тарашы,

Айнаға қарашы.

Балалар музыка әуенің тындап,көздерін жауып,бойларына күн көзінің шырайлы шуағын елестетіп,бір көнің көтеріп алады.





-Күз мезгілі.

-Біз балабақшаға келдік.

Балабақшада істейтін істерін айтады.

-Ойыншықтармен ойнаймыз.

-Өздеріне ұнаған ойыншықтарды атайды.

-Жоқ, сындыруға болмайды.



Балалар белсенді қатысып,бір серігіп алады.




Ұйымдастырушылық ізденістік

-Балалар мына пернетақтаға назарларынды аударындаршы,мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер шешімін тапқан жағдайда суреттер шығада.

Жұмбақ:



-Шіркіннің өзіне обал-ақ,

Жүреді аяқта домалап.



-Аяғы бар,жүрмейді,

Аузы бар,күлмейді.

Айнымайды бөпемнен,

Тек сөйлеуді білмейді.



-Балалар,доп,қуыршақты бір сөзбен не дейміз?

Балалар өздеріне ұнаған ойыншықтарды салып көрейікші.

Алдымен қарандашты оң қолдарына ұстап,не салатындарынды ойланып көріндер.Менің сүйікті ойыншығым доп,Мен допты дөңгелек етіп саламын.Оны қызыл және жасыл түстермен бояймын

Пернетақтаға назарларын аударады.

Жұмбақтардың шешімін табады.









-Доп.







-Қуыршақ.





-Ойыншықтар



Үстел үстіндегі қарандашты қолдарына ұстап,ауада ойықшықтарын салады.Ашық түстермен бояйды.

Рефлекциялық түзетушілік

Ойыншықтар салу барысында басшылық жасап,балаларға көмек көрсетеді.жеке нұсқаулар береді.Тәрбиеші балалардың жұмыстарына қорытынды жасап,мадақтайды.

-Ал,еңді кім қанда ойыншық салғандарын айтып беріндерші?




Балалар жасаған ойыншықтарын қызық көріп,танымдық білдіреді.Олар жеке өздері жұмыс жасайды.



Өздері салған ойыншықтары жайлы айтып береді.




Күтілетін нәтиже:

Ұғынады:Ойыншықтарды тани білу.

Түсінеді:Сұрақтарға жауап беру,ұжыммен жұмыс жасай білу.

Қолданады: қарандашпен еркін жұмыс істейді,ұқыпты бояйды.



















09.09.2017ж

Білім облысы: Таным

Білім бөлімі:Құрастыру

Апта тақырыбы: Менің балабақшам

Тақырыбы: Пішіндер

Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды топтай білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Методикалық әдіс: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, топтау.
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер, үлестірмелі текшелер, күн, үй, доп, гүл, пирамидалар.

Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері
Біздер тату боламыз,
Гүлдей жайнап аламыз.
Шаттық құрып шеңберден,
Бір қуанып қаламыз.


Ұйымдастырушылық ізденістік

Тәрбиеші: Мынау келесі «Үшбұрыштар әлемі» мұнда нені көріп тұрсыңдар?
Балалар: Таулар,пирамидалар,үйдің төбесі. Тәрбиеші: Осы көріп тұрған таулар, пирамидалар, үйлердің төбесі қандай пішінге ұқсайды?
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар. Біз енді осы сиқырлы пішіндер әлеміне келіп тұрып қалайша бір ойын ойнамай кетеміз?Қане, балалар! «Жоғалған пішінді тап» ойынын ойнайық!

Ойын: «Жоғалған пішінді тап!».
Мазмұны: тақтада үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, сопақша пішіндер ілулі тұрады. Балаларға көзін жұмғызып, бір пішінді алып тастаймын. Балалар көзін ашып қай пішін жоқ екенін айтады.
Ойын аяқталған соң «Достық» әнін айтып, бақшамызға қайтамыз. Келген соң тағы бір ойын ойнаймыз.

Ойын: «Пішіндерді топтау».
Мазмұны: Әр түрлі пішіндердің, заттардың ішінен бір бала дөңгелек пішіндерді, екінші бала үшбұрышты, үшінші бала төртбұрышты жинайды.
Осылайшы іс-әрекеттің мақсатына жетеміз

  • Сиқырлы пішіндер әлеміне

  • Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.

Ұқсас заттарды жинаймыз.

Рефлекциялық түзетушілік

Тәрбиеші: Балалар біз қайда саяхатқа бардық?
Тәрбиеші: Онда қандай пәшәндер бар екен?.
Тәрбиеші: Топтау деген не? Сендер пішіндерді топтай аласыңдарма?.

Пішіндерді дұрыс айтып, дұрыс топтай білген балаларды мадақтау.


Сиқырлы пішіндер әлеміне. Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек. Ұқсас заттарды жинаймыз.



Күтілетін нәтиже:
Білуі: Пішіндерді ажыратып атауы.
Түсінуі: заттардың бір-біріне ұқсас болуы.
Қолдануы: Әр түрлі заттармен, ойыншықтардан топ құрай алуы.



























































11.09.2017ж

Білім облысы: Коммуникация

Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Апта тақырыбы: Менің достарым

Тақырыбы: Ойыншықтар достығы

Мақсаты: Ойыншықтар және олардың достығы туралы сюжеттік әңгіме құрастыра отырып, өзара татулық сезімін дамыту, достықты қадірлей білуге тәрбиелеу. Ойыншықтардың түрлерімен аныстыру. 
Қолданылатын көрнекі құралдар: Суреттер, ойыншықтар, қуыршақ, маймыл, аю, қоян. 

Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті 

Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Таңғы шеңбер:

«Қош келдің,жидегім!

Мынау саған тілегім:

Болайық бүгін бірге

Табыс болсын бәрімізде!»



-Сендердің қандай ойыншығың бар?
-Ойыншықтарыңды жақсы көресіңдер ме?
-Қандай? (үлкен, кішкентай).
-Сендер онымен ойнап болған соң, орнына жинайсың ба?
-Ойыншықтардың тұратын жерін білесің бе?
Ойыншықтарды лақтырмай, сындырмай, ұқыпты ойнау керектігін айтады.

Балалар барлығы тәрбиешімен бірге қайталап айтады.







Балалар жауап береді.



Ойыншықтарды ұқыпты ойнауды түсінеді

Ұйымдастырушылық ізденістік

Балалар, сендерде топта ең сүйікті ойыншықтарын бар ма?

-Енді оны алып келіндер.

-Диас сен қандай ойыншықты алдын?

Диастың ең сүйікті ойыншығы машина.

-Сен машинамен қалай ойнайсын?

-Ал Айару сен қандай ойыншықты алдын?

-Ол сенің сүйікті ойыншығын ба?









Балалар біздің топта тағыда қандай ойыншықтар бар?







Тақпақ жаттату:

Құлыншағым құндызым
Құлдырайды, шабады.
Жылтылдаған жұлдызым,
Құстай қанат қағады.

Тәй, тәй тұрған ботақан,
Аяқты қалт-құлт басасың.

Сергі сәті:

Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады

«Не артық?» дидактикалық ойыны.
Суреттен не артық екенін табады.

Иә бар.





Машина.





-Сыңдырмай ойнаймын.



-Куыршақ.



-Иә.Куыршақты мен жақсы коремің.Мен оның шашын тараймын.



Ыдыстар,пирамидалар,

аю,түйе,жануарлар.







Бәрі бірге қайталап аймады.

Балалар сергіту сәтін қимылмен орындады.









Балалар қызыға ойынды ойнайды.

Рефлекциялық түзетушілік

- Біз бүгін не туралы сөйлестік?

- Ойыншықтармен сендер не істейсіңдер?

-Балалар ойыншықтарды сындыруға,лақтыруға бола ма?

Өте жақсы балалар.

Балаларды мадақтау, мақтаймын.

Ойыншықтар



Ойнаймыз.



Жоқ ойыншықтарды ұқыпты ұстау керек.

Күтілетін нәтиже:

Түсінуі: Ойыншықтар туралы түсінуі.

Ұғынуы: Ойыншықтармен ойнау,сындаырмау.

Қолдануы: Тақпақтар, сергіту сәті,суреттер.









12.09.2017ж

Білім облысы: Таным

Білім бөлімі: Жаратылыстану

Апта тақырыбы: Менің достарым

Тақырыбы: Мен және менің достарым

Мақсаты: Өзінің есімін, тегін атай білуге жаттықтыру. Топтағы балаларды атымен атауды үйрету, «ұл» , «қыз» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту. Адамдармен өзара түсінісіп, қарым-қатынас жасай білуге үйроету.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Балаларға топтағы ойыншықтарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу әңгімелесу.

Әдіс тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын

Қостілділдік құрам: дос-друг, ұл- мальчик, қыз- девочка.

Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Қандай ғажайып таң! Бәріміз шаттық шеңберіне тұрып, бір- бірімізге игі тілектерімізді айтайық.

-Бізге қонаққа келіп тұр. Кім болы екен? Педагог ойыншық тышқанды ұстап жылаған даусын салып береді. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің көңіл күйім түсіп кетті, өйткені менің достарым жоқ. Қарап тұрсам, сендер өте көңілдісіңдер, сендер көпсіңдер, Мен достардың қандай болатынын да білмеймін.

-Балалар, алдымен танысып алайық.

Шеңбер бойымен өз есімдеріңді атап шықсаңдар жақсы болар еді.



Шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне игі тілектерін білдіреді, тышқанға әрқайсысы аттарын айтады.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Тышқанға көмектесіп, достың қандай болатынын және достық туралы айтып берейік.

-Сендердің достарың барма?

-Достық дегенді қалай түсінесіңдер?

Қос тілдік құрам- дос- друг, ұл-мальчик, қыз-девочка.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді, қалай орындалғандарын қадағалайды.

Саусаққа арналған жаттығу:

Достық

Қыздар мен ұлдар

Досқой біздің топта.

Ұсынса біреу қолын,

Ешқашан бас тартпа.











Сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерімен бөліседі.

Қайталайды.



Тапсырманы орындайды.

Саусаққа арналған жаттығуды орындайды.

Мәтін мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды.

Рефлекциялық түзетушілік

Тышқан: Балалар, сендерге көп рахмет. Менің кетуім керек. Енді мен дос табатыныма сенімдімін, өйткені мен дос және достықтың не екенін түсіндім. Балалармен қоштасады.

Тышқанмен қоштасады

Күтілетін нәтиже:

Білу: Өздерінің есімін, тегін толық атай білді

Үйрену: «Ұл», «Қыз» туралы түсініктерді

Меңгеру: Саусақ жаттығуларын







































12.09.2017ж

Білім облысы: Коммуникация

Білім бөлімі: Көркем әдебиет

Апта тақырыбы: Менің достарым

Тақырыбы: Бәріміз үшін бәрі де

Міндеттері:

Білімділік: балаларды құрдастарымен қарым – қатынас жасау және өзара әрекет;

Дамытушылық: есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: мамандықтарға деген құрмет сезімдеріне, еңбегін қадірлеуге баулу.

Сөздік жұмыс: наубайшы

Үштілдік компоненет: наубайшы – пекарь – baker

Керекті құрал – жабдықтар: сюжетті суреттер.

Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Достарды біз қолдаймыз,

Қиын шақта қорғаймыз,

Біздің топта ұл – қыздар,

Тату – тәтті ойнаймыз.



Ұйымдастырушылық ізденістік

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

Қандай мамандықтарды білесіңдер?

  • Ал енді, мен сендерге Юлиан Тувим деген еврей халқының, балалар жазушысының өлеңін Қадыр Мырзалиев ағаларыңның қазақшаға аударып берген «Бәріміз үшін бәрі де» өлеңін оқып берейін.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Бәріміз үшін бәрі де.

Алғыс алды бірінші,

Не істер еді тігінші?

Етікші етік тігеді,

Наубайшының нанын жеп.

Наубай пешке күйеді,

Етікшінің қамын жеп.

Олай болса бәріміз,

Ел қажетін өтейік.

Жасымызбен кәріміз,

Жұмыла еңбек етейік.

Сұрақ – жауап арқылы әңгімелеу.

  • Осы оқыған өлең шумақтарында кімдер жайлы айтылған?

  • Өлеңді кім жазған?

  • Сендерге өлең ұнады ма?

  • Сергіту сәті:

Кел, балақан, балақан,

Шапалақта алақан:

жай – жай – жай.

Қозғап барлық денені,

Қаттырақ соқ қолды енді:

сарт – сарт – сарт.

Айтқан кезде өлеңді,

Ақырын бас еденді:

жай – жай – жай.

Өлеңді қайталап, мәнерлеп оқып, жаттатады.

  • Өлеңдегі «наубайшы» сөзін орыс, ағылшын тілдерінде де айтып көрейікші. Наубайшы – пекарь – baker

«Құрылысшы» сюжеттік ойыны

Мақсаты: түрлі ғимараттар жасай білуге үйрету.

Шарты: Әр бала өзіне ұнаған құрылыстар жасайды.


  • Дәрігер, тәрбиеші, аспаз, мұғалім.

Орындарына жайғасады, мұқият тәрбиешінің айтқандарын тыңдайды.

Барлық сұрақтарға жауап беруге тырысады. Өздерінің есте сақтағандарын жаңғыртып, әр бала жекелеме жауап береді.





Қимылдарын келтіріп, барлықтары бірге сергіту сәтін орындайды. Қызығушылықтары артады.











Үш тілдегі баламаларын қайталап, есте сақтауға тырысады.





Әрбір бала өз құрылысын жасап, ол туралы айтады.

Рефлекциялық түзетушілік

Қазақтың нақыл сөздері арқылы әрекетті қорытындылайды.

  1. Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

  1. Еңбек түбі береке.

  2. Еңбектің наны тәтті.

Балаларды мақтап, мадақтайды. Белсенділік танытқан балаларды атап өтеді.


Тәрбиешінің артынан бірнеше рет қайталап, жаттап алуға тырысады.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: өлең мазмұнын;

Болу керек: әр түрлі мамандықты қадірлеу керектігі туралы түсінік ;

Істей білу керек: нақыл сөздерді қолдана біледі.













































12.09.2017ж

Білім облысы: Таным

Білім бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Апта тақырыбы: Менің достарым

Тақырыбы: Күндіз шеңбер, бір – көп

Мақсаты:Таңертең тәулік бөлігімен таныстыру

Міндеті:1. Уақытты бағдарлай білуге үйрету

2.Ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Шапшаңдыққа тәрбиелеу:

Үш тілділік::бір –один- one, Түн-ночь-niqh

Үлестірмелі материалдар: заттық суреттер, түн бейнеленген сурет

Тәрбиешінің әрекеті Талаптандыру, дәлелдеу



Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң балалар,

Қайырлы таң апай.


Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын айтып қимылмен көрсетеді

Ұйымдастырушылық ізденістік

Есікті тоқылдатқан дыбыс естіледі.Бізге біреу қонаққа келген сиақты.Есікті ашып ұлттық киімдегі қуыршақты алып келеді.

Қуыршақ амандасып,балалармен танысады.

Қуыршақ Ақмарал өткен оқу қызметінде тәуліктің қай мезгілімен танысқандарын сұрайды.

Сендер тағы қандай тәулік мезгілдерін білесіңдер? Таңертең,күндіз

Бұл қай кезде болады?ойыны

-Қай кезде адамдар ұйқыдан тұрады? Тү

-Суретте не бинеленген?

-Бала не істеп жатыр?

-Бұл тәуліктің қай мезгілінде болады?

Сергіту сәті:

Добым,добым домалақ,

Қайда кеттің домалап

Сүт құйып ем күшікке,

Төгіп кеттің,обал ақ

Қандай домалақ заттарды білесіңдер?

-Олар қандай геометриалық фигураға ұқсайды?

















Таңертең


Күн. Аспан

Ойнап жүр

күндіз

Рефлекциялық түзетушілік

Қорытынды -Бүгінгі оқу қызметінде немен таныстыңдар?


Балалар сұрақтарға жауап береді.


Күтетін нәтиже :

Біледі:

-түн-тәулік мезгілінің атауын

Игереді:

- таңертең,күндіз,кеш-тәулік мезгілі екенін

Меңгереді:

- берілген тапсырманы түсініп, өз бетінше орындайды.





























13.09.2017ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: мүсіндеу

Апта тақырыбы: Менің достарым

Тақырыбы: Қуыршақтар

Мақсаты: Балаларды ойыншықтар әлемімен таныстыруды жалғастыру, жұмбақ

жасыра отырып, қуыршақтың ерешелігіне көңіл бөліп, құрастыру жолдарын үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар:балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар,ермексаздан жасаған үлгі, қуыршақтың суреті,тақтайша,ермексазды ,суық .

Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Жұмбақ:

Аяғы бар жүрмейді,

Аузы бар күлмейді.

Айнымайды бөпемнен

Тек сөйлеуді білмейді

(Қуыршақ)

Балалар үлкен сезімдермен орындайды.



Ұйымдастырушылық ізденістік

Үлестірмелі материалдағы мазмұны суретпен жұмыс.

Балалар, бізге Айсулу інісі Айдос екеуі қонаққа келіпті.

Кімнің бойы ұзын?

Айсұлудың киімнің түсі қандай?

Айдостың киімінің түсі қандай?

Айсұлу мен Айдостың достары жоқ екен, оларға достар жасап берсек қайтеді.

Тәрбиеші балаларға өзі дайындаған қуыршақтардың үлгісін көрсетеді.

Айдоспен Айсұлудың денесі қандай пішіндерден жасалған?

Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:

ермексазды жұмсарту;

тақтайшаның үстінде домалақтау;

үлкен бөлігі ‒денесі, кішкентай бөлігі‒басы;

ермексазды шұжықша пішінге келтіру, ол‒ қолы;

бөліктерді біріктіру, біріктірген жерін тегістеу.


Балалардың өз бетінше жұмысы.

Көзін, аузын, қасын жасауға тәрбиеші өзі көмектеседі.


Рефлекциялық түзетушілік

Айсұлумен Айдос балалардың жасап берген қуыршақ достарына қуанып, рақмет айтады.




Жауап бере отырып, күнді күлімдетеді.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: домалақ , сопақша пішіндерді біріктіріп, қуыршақ бейнесіне келтіреді;

Игереді:әртүрлі қуыршақ ойыншықтардың болатындығын;

Меңгерді: ермексаздан алақан арасына салып, домалақтату, есту тәсілдерін.

































14.09.2017ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Апта тақырыбы: Менің достарым

Тақырыбы: Қуыршақтың мойынорағышы

Мақсаты: Балалардың мойынорағыш туралы түсініктерін қалыптастыру. Мойынорағыштың

суретін салуда сызықтарды дұрыс сызу және ұқыпты бояй білуге үйрету. Ұқыптылыққа,

әдемілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар, қуыршақ Айсана,

қуыршақ киімдер.

Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қарындаштар, қағаздар.

Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Педагог балаларды шаттық шеңберін жасау үшін ортаға шақырады. Кішкене әдемі сандықшаны алып, балаларды оның ішіндегі қуыршақ Айсананың киімдерімен таныстырады. Киімдер жыл мезгіліне байланысты әртүрлі болатынын түсіндіреді. Қыста киетін баскиім, мойынорағышты көрсетеді.

Сөздік жұмысын жүргізеді.

Шеңбер құрып тұрып, бір-біріне күлімсірей қарап, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.


Сандықшадағы қуыршақ киімдерінің қай мезгілде киілетінін айтады.



«Мойынорағыш», «баскиім» сөздерін жаңғырық әдісімен айтады.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел есті,

Кіп-кішкентай балалар

Үлкен болып өседі.


Педагог балаларға қуыршақ Айсанаға далаға шығу үшін мойынорағышын дайындап беруді ұсынады. Суреттің дайын үлгісіне назарларын аударып, мойынорағыштың әр түсті жолақтардан тұратынын айтады. Жолақтардың түсін атайды. Содан соң үлестірмелі материалдың сурет салатын беті таратылып беріледі. Алдымен қағазда берілген тік төртбұрышты үзік сызықтарды бастырып сызады. Педагог тік төртбұрыштың ішіне түрлі түсті қарындаштармен түзу сызықтар (жолақтар) жүргізу тәсілін көрсетеді. Жолақтарды сызығынан кейін ішін түрлі түсті қарындашпен бояйды.


Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.










Сурет дәптердегі солдан оңға қарай түзу үзік сызықтарды қосып сызады. Тік төртбұрыш ішіне әр түсті қарындаштармен параллель сызықтар жүргізеді.

Рефлекциялық түзетушілік

-Балалар, сендер салған мойынорағыштар қуыршақ Айсанаға ұнады. Кім қандай түсті пайдаланды?

Педагог балалар салған әр суретке көңіл бөліп, мадақтайды.

«Қуыршақты киіндір» дидактикалық ойын ойнатылады.

Балалар не салғандарын, қандай түспен бояғандарын айтады.

Қуыршақты киіндіреді және қандай киім кигізгендерін айтады.



Күтілетін нәтиже:

біледі: қуыршақ киімдерінің атауларын.

игереді: мойынорағышты салуды.

меңгереді:бояу қарындашпен біркелкі бояуды





















































15.09.2017ж

Білім облысы: Әлеумет

Білім бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Апта тақырыбы: Менің достарым

Тақырыбы: Мен және менің достарым

Мақсаты:

Білімділік: өзінің есімін, тегін атай білуге жаттықтыру

Дамытушылық: Топтағы балаларды атымен атауды үйрету, «ұл», «қыз» ұғымдары туралы түсініктерін үйрету.

Тәрбиелік: Адамдармен өзара түсінісіп, қарым қатынас жасай білуге үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар:ойыншық тышқан, доп, балалардың суреттері, үлестірмелі материалдар.

Сөздік жұмыс: достық, ынтымақ.

Билингвальды компонент: дос-друг, ұл-мальчик, қыз девочка.



Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Қандай ғажайып таң! Бәріміз шаттық шеңберіне тұрып, бір бірімізге игі тілектерімізді айтайық.

Бізге қонаққа кім келіп тұр. Кім болды екен? (Тышқан жылап кіреді)

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің көңіл күйім түсіп кетті, өйткені менің достарым жоқ. Қарап тұрсам, сендер өте көңілдісіңдер, сендер көпсіңдер. Мен достардың қандай болатынын да білмеймін.

Балалар, алдымен танысып алайық. Шеңбер бойымен өз есімдеріңді атап шықсаңдар жақсы болар еді.









Шаттық шеңберіне тұрады, бір біріне игі тілектерін білдіреді, тышқанға әрқайсысы аттарын айтады

Ұйымдастырушылық ізденістік

Ұзақ дос боламыз.

- Достықты біз бағалаймыз.

- Бірге ойнаймыз.

- Бір бірімізге көмек көрсетеміз.

- Достарды ренжітеміз.

- Досымнан қолындағы ойыншығын тартып аламын.

Саусаққа арналған жаттығу:

Достық

Қыздар менен ұлдар

Дос қой біздің топта.

Ұсынса біреу қолын,

Ешқашан бас тартпа.

«Досың туралы айт» жаттығуы

Сенің досың ұл ма, әлде қыз бала ма?

Досың ызақор ма, әлде мейірімді ме?

-Иә

-Иә

-Иә

-Иә

-Жоқ



-Жоқ



Жаттығуды қимыл қозғалыс арқылы орындайды.





Өз достарын сипаттайды.

Менің досымның аты Айша.

Ол қыз бала.

Ол мейірімді.

Рефлекциялық түзетушілік

Тышқан балалар, сендерге көп рақмет. Менің кетуім керек. Енді мен дос табатыныма сенімдімін, өйткені мен дос және достықтың не екенін түсіндім. Балалармен қоштасады.





Тышқанмен қоштасады

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:Заттарды сипаттап айтуға және басқа да ойыншықтардың неден жасалғанын ажыратуға арналған тапсырмаларды.

Түсінеді: маталл және ағаштан жасалатын ойыншық түрлері туралы мәліметтерді тыңдап.

Қолданады: Заттардың қандай материалдардан жасалғанын анықтап, оларды топтастыра білу дағдыларын.



























18.09.2017ж

Білім облысы: Коммуникация

Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Апта тақырыбы: Менің сүйікті ойыншықтарым

Тақырыбы: Сүйікті ойыншықтар

Мақсаты:Ойыншықтар және олардың достығы туралы қысқа сюжеттік әңгіме құрастыруға ұйретуді жалғастыру. «Қ» дыбысының дұрыс айтылуын бекіту.Өзара татулық сезімдерін дамыту.Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:шаттық шеңбер,

Әдіс-тәсілдер: көрсету,түсіндіру,әңгіме жүргізу.

Көрнекі құралдар: суреттер, ойыншықтар.

Қостілділік: ойыншықтар -игрушки

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Біз ұқыпты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықтарды жинаймыз,

Үлкендерді сыйлаймыз.

-Жарайсыңдар балалар!

-Балалар қараңдаршы, балабақшаға келгенде айналамызда нелерді көреміз?




Өлеңді тәрбиешімен бірге қосылып қайталайды.







-ойыншықтар


Ұйымдастырушы

ізденуші

Жұмбақ жасыру.

Аяғы бар жүрмейді,

Ауызы бар күлмейді.

Айнымайды бөпемнен,

Тек сөйлеуді білмейді.

-Балалар, кім жауабын біледі? Бұл не?



-Балалар, бүгін біздер ойыншықтармен танысамыз.

-Қане бәріміз менің үстелімдегі ойыншықтарға қарайық.

-Қане, қоянды ұстап көріңдерші, қандай екен?

- Қоян туралы кім тақпақ біледі?

- Доп неден жасалған?

-Доп туралы кім тақпақ біледі?

- Машина неден жасалған?

-Машина туралы кім тақпақ біледі?

-Домбыра неден жасалған?

-Бір сөзбен не деп айтамыз? Бір ойыншықты ойыншық дейміз, көп ойыншықты ойыншықтар дейміз.

-Дұрыс айтасыңдар балалар,ойыншықтар жасалуына қарай бірнеше түрге бөлінеді: жұмсақ,резинадан, немесе пластмассадан, темірден т.б жасалуы мүмкін. Сонымен қатар біз ойыншықтарды мұқият, сындырмай, ластамай ұстауымыз керек.

-Балалар, сендердің сүйікті ойыншықтарың барма? Қандай?

- Көбіне қыз балалар қандай ойыншықты жақсы көреді?

«Қуыршақ» қандай әріптен басталып тұр?

-Ал ұл балалар ше?

Енді сендермен «Ойыншықтар» шығармасын тыңдап көрейік.

Ертеде сұлу әдемі қуыршақ болыпты.Ол өз әдемілігіне масаттанып басқа ойыншықтармен ойнамапты.

Достары аюдың баласы қонжық,қоянның баласы көжек,маймыл оны ойнауға шақырса бармапты.Бір күні қатты жел соғып, қуыршақ еденге құлап түседі.Оның әдемі көйлегі жыртылып, қатты жылапты.Оны байқаған ойыншықтар не істепті?

-Маймыл не істепті?

-Көжек қалай көмектесті?

-Ал көнжық шы?



-Қуыршақ не себепті өзін танымай қалады?

Доссыз өмірде қызық емес екенін үғады.

Осыдан соң қуыршақ менмендігін ұмытып,сұлулығына мақтанбай достарының бәрімен тату болыпты.




Қуыршақ.













-Қоян матадан жасалған.

- доп резеңкеден жасалған.

-машина пластмассадан жасалған.

-Ағаштан жасалған.

-қуыршақ.

-машина.

Шығарманы тыңдайды.









Маймыл қуыршақты аяп кетіпті.



Көйлегінің жыртығын жамап беріпті.шашын сәндеді,басынан сипап жұбатты.











Сергіту сәтін қимылмен орындайды.


Рефлексивті

коррекциялаушы

Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметін қортындылау.

Балаларды мадақтау

Балалардың тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.






















































19.09.2017ж

Білім облысы: Таным

Білім бөлімі: Жаратылыстану

Апта тақырыбы: Менің сүйікті ойыншықтарым

Тақырыбы: Қонаққа қуыршақ Сәуле келді

Мақсаты: а) Педагогтің үлгісі бойынша балалардың ойыншықтарды сипаттай білу білігін жетілдіру.

ә) Өз ойын еркін жеткізуге, жаңа сөздерді меңгеруге баулу.

б) Эстетикалық талғамын арттыру.

Қолданылған көрнекі құралдар: тіл дамыту дәптері, ұлттық көйлек киген қуыршақ

Оқу қызметінің кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ұлттық көйлек киген қуыршақтың қонаққа келуі.

Қуыршақпен сәлемдесу.

Балалар қызыға қарайды.

Сәлемдеседі.

Ұйымдастырушылық ізденістік

- Балалар, бұл қуыршақтың есімін сендер білесіндер ме?

- Олай болса, қуыршақтың өзінен сұрап көрейікші.

- Балалар, қуыршақ есімін айтқысы келмесе, онда бәріміз бірге оның есімін қояйық.

- Кәне, кімнің қандай есім қойғысы келеді?

- Қуыршақтың есімін қойғанда оның есімі де атына заты сай әдемі есім болуы керек. Мысалы: «Сұлушаш», «Кәмшат», «Қарашаш». (Халық әні «Үкілі Кәмшат» әнін қолдануға болады).

- Қуыршақтың есімін қойдық. Енді қонаққа келген қуыршағымызды жоғары шақырайық.

- Кәне, бәріміз бірге:


- Енді Сұлушаш қуыршағымызға тоқталайық.

- Сұлушаш сендерге ұнады ма? Несі ұнады?

(Шашы, көйлегі, сырғасы, бөркі, қамзолы, үкісі).

- Сұлушаштың шашы қандай?

(Қою қара шашты).

- «Қою қара шашты» деген «шашы қалың» дегенді білдіреді.

- Ол шашын қалай жинап алыпты?

(Қос бұрымды).

- Көздері қандай?

(Қарақат көзді) (қарақат көзді деген қарақат жидегіндей мөлдіреп тұр дегенді білдіреді).

- Ал Сұлушашымыздың көйлегі қандай? (Бүрмелі, қазақтың ұлттық көйлегі).


Сұлушаштың бөркіне тоқталу.

- Бөрік киімнің қай түріне жатады


- Бөріктің төбесінде үлпілдеп тұрған несі?

- Бөріктің төбесіндегі үкісі неден жасалады?

Дидактикалық ойын: «Өз орнына орналастыр».

Мақсаты: Балаларды суретке қарап әңгімелей білуге үйрету.

Ойын шарты: Тіл дамыту дәптерімен орындалады. Дәптердегі №2 тапсырмасы бойынша үкі туралы әңгімелейді және үкінің қауырсынын керекті затқа орналастырады.

Үкі – орман құсы.

Үкінің жүні үлпілдек.

- Енді бәріміз үкінің дыбысын салайықшы.


Сергіту жаттығуы:

«Қуыршақ» өлеңін оқып беру.


Сөйлемейсің сен неге,

Тілің жоқ па, қуыршақ?

Жуынбайсың сен неге,

Кірің жоқ па, қуыршақ?

Аяғың бар ма, сен неге,

Жүре алмайсың, қуыршақ?

Жұмсағанда сен неге,

Тіл алмайсың, қуыршақ?

Біз күлгенде күлмейсің,

Аңқаусың ба, қуыршақ?

Бізбен бірге жұрмейсің,

Жалқаусың ба, қуыршақ?

(Р.Тышқанбаев)

 «Айнытпай сал» ойыны.

Шарты: қуыршақтың жылаған дауысын салу.


Құлыншақтан қуыршақ,

Шауып жүріп құлады.

Салшы даусын, қуыршақ,

Сонда қалай жылады?

Ж.Қалжанова

- Білмейміз.




2-3 бала шығып есімін сұрайды.


Өз ойларындағы есімді айтады.







- Жоғары шығыңыз, төрлетіңіз!


Өз ойларын жеткізеді.

Оның шашы ұзын, әдемі.











- Шашын ол өріп қойыпты.


- Көздері дөңгелек, күлімдеген.


- Оның көйлегі ұзын, әдемі, ақ түсті.



- Бөрік бас киімге жатады.


- Бөріктің төбесінде үкісі бар.


Үкі суретне қарап әңгімелейді және тапсырманы орындауға атсалысады.


Балалар үкінің дыбысын салады.


Қайталайды, әрі қимыл-қозғалысын келтіреді.



























Қуыршақтың жылаған дауысын салады.


Рефлекциялық түзетушілік

- Балалар, Сұлушаш қуыршағымыз бізден біразнәрсе үйренген сияқты. Өйткені ол күлімсіреді. Енді ол үйренген жаңа, ізгі сөздерді достарына айтсын! Қонағымызды шығарып салайық. Қонаққа қоштасарда қандай ізгі сөз айтамыз?

Қонақты шығарып салу. Жол көрсету. Қорытындылап, мадақтау.



- Сұлушаш сау бол!

Күтілетін нәтиже:

біледі: ұлттық киім атауларын;

игереді: жаңа сөздер мен ізгі сөздерді;

меңгереді: қонақжайлылықты.





20.09.2017ж

Білім облысы: Таным

Білім бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Апта тақырыбы: Менің сүйікті ойыншықтарым

Тақырыбы: Топтағы ойыншықтарды санау

Сабақтың мақсаты: балаларға заттардың әртүрлі бағытта орналасқанымен, олардың сандарының тең екенін көре білуге үйретуді жалғастыру. Бір қатарда орналасқан заттарды санаумен қатар, басқа пішін бойынша орналасқан заттарды да санай білуге жаттықтыру.

«Жақын-алыс» ұғымдарын түсіне білуін бекіту.

Көрнекіліктері: 5 данадан 3 түрлі ойыншықтар жинағы; үйшік, қоян, түлкі ойыншықтары.

Үлестірмелі құралдар: Әр балаға ыдысқа салынған 4 қызыл, жасыл, көк түсті таяқшалар.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Үстел үстіне 2-3 топ ойыншықтар қойылады. Әр топтағы ойыншықтар әртүрлі бағытта орналасқан. Балалрдығ назарын ойыншықтардың орналасу бағытына аудару.

Неше аю? Қанша құыршақ бар? Балалар ойыншықтарды санайды. Санап болған соң, аюлар мен қуыршақтар саны төрт-төрттен екені анықталады.

Ойыншықтар әртүрлі бағытта тұрғанымен олардың саны тең екенін балаларға түсіндіру.

Ойыншықтардың санының тең екенін білу үшін оларды жұптастырып көрсету. Ойыншықтарды құптастырып қойған соң: аюлар мен қуыршақтар саны тең бе? Олардың санының тең екенің қалай білуге болады? деп сұрақтар қоюға болады.

Тағы да 1-2рет ойыншықтардың тұру бағытын ауыстырып балаларға санатып отыру. Осылайша санау барысында ойыншықтар саны 5-ке дейін көбейту.


Қуыршақтар жаттығуға бара жатқан сияқты, бір қатарда бірінің соңынан бірі орналасқан. Ал аюлар ойын ойнағалы тұрған секілді щеңбер құрап тұр







(Ойыншықтар жұптасып тұруға жетті, артық ойыншық қалған жоқ).


Ұйымдастырушы

ізденуші

Үлестірмелі құралдармен жұмыс.

Балаларға түрлі-түсті таяқшалар үлестіріледі. Таяқшалаар түсінің қандай екенін сұрау. Әрқайсысынан әр түрлі геометриялық пішіндер жасауды тапсыру. Тапсырманы орындап ьолған соң, балалар таяқшаларды санап шығады. Әр пішінге неше таяқша кеткені анықталады.

Таяқшалар әр түрлі бағытта орналасқан, бірақ олардың саны төрт-төрттен. Таяқшалар санының тең екенін қалай білуге болады?









Балалар таяқшаларды бір қатарға бірінің соңынан бірін орналастыру арқылы анықтайды

Рефлексивті

коррекциялаушы

Ойын түріндегі жаттығу. «Жақын-алыс» ұғымын қалыптастыру.

Тәрбиеші үстелдің сол жағына ойыншық үйшік, ал оң жағына қоян және түлкі ойыншықтарын қояды. Олар үйшіктен әр түрлі арақашықтықта орналасқан. Балаларға қоян және түлкі ойыншықтарының қайсысының жақын тұрғаның анықтау тапсырыладыү.

Балалар көзін жұмған кезде ойыншықтардың орнын алмастырып қоюға болады. Көздерін ашқан балалар ненің үйшіккежақын, ненің алыс тұрғанын айтады, Жаттығу 2-3 рет қайталанады.

Қорытынды: Балалар, бізде қандай сабақ болды?

Нешеге дейін санауды үйрендік?

Сабақта қандай ойыншықтар пайдаландық?

Қандай ойын ойнадық?



  • Балалар оқу қызметіне белсене қатысып отырады













  • Математика

  • 5ке дейін

  • Көп

  • Көптеген ойын ойнадық

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1-5 ке дейін санап

Түсінеді: Ойын ойнап

Меңгереді: Оң –солдарын таниды



















21.09.2017ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Апта тақырыбы: Менің сүйікті ойыншықтарым

Тақырыбы: Сүйікті ойыншықтар

Мақсаты: Балалардың ойыншықтар жайлы түсініктерін кеңейту. Сылдырмақ жайында әңгімелету, тақпақтар айтқызу, мақал айтқызу арқылы сөздік қорын байыту, сурет сала білуге үйрету, көркемдік талғамын дамыту.

Қолданатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материялдар, сылдырмақ түрлері, ойыншықтар.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, түрлі түсті қарындаштар,айна.

Сөздік жұмыс: сылдырмақ

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері: Қане, достар бірігіп.

Жаттығуды айтайық,

Дауысымыз шынығып.

Бұлбұл құстай сайрайық. (Еркемай әні)


Балалар шаттық шеңберінде

өлең жолдарын айтады

Ұйымдастырушы

ізденуші

Теледидардан ойыншықтар түрлерін көрсету

Тосын сәт: сылдырмақ салынған қорап сылдырлайды.

-Бұл не?

-Қорап (сиқырлы қорап).

-Ішін ашып көреміз, іші толған сылдырмақ. Яғни, бүгін сылдырмақтың суретімен жұмыс жасаймыз. Сылдырмақтың кішкентай сәбилерге арналған ойншықтарының бірі екендігін, сылдырмақ арқылы дыбыстарды, түстерді ажыратуға болатындығын түсіндіремін.

Теледидардан кішкентай сәбиді көрсетіп өлең шумағын оқимын:

Сылдырмақ сылдырлап, Бас салып, қолға алып, Бесікте тұрады. Ауызға салады. Бөпешім былдырлап, Сол кезде сылдырмақ Сылдырмақ ұрады. Сөйлемей қалады



Сөздік жұмыс: Эвелина, Алан, Сажида-ерекше айтқызу. Сылдырмақ-погремушка- beanbag балалар түгел айнаға қарап қайталап айту.

Тақтаға ілінген суретті көрсетіп, қарындаш ұстау ережесін сақтай отырып суретті ретпен дөңгелектерді өз қалаулары бойынша түрлі түсті қарындаштармен бояйтындықтарын айтып түсіндіру.

Сурет салу жұмысы: бақылау, көмектесу

Жеке жұмыс: Іңкәр, Әділет, Айбек, Сажида (өлең жолдары) Алихан (жаңылтпаш)

Сергіту сәті: «Сылдырмақ»

Сылдырмақты алайық,

Ақырындап қағайық.

Жайлап билеп көрейік,

Ырғағына ерейік

Шақ-шақ-шақ,

Шақ-шақ-шақ.

Сылдырмақты алайық,

Қатты-қатты қағайық.

Күш түсіре табанға,

Би билейік табанда.

Тақ-тақ-тақ

Тақ-тақ-тақ.

Балалардың салған суреттерін жалғастырып, жұмысты аяқтап, салған суреттерін бағалап, сыйлық беретіндігін хабарлау.

Ойын: «Көбелек қонды, сұрақ қойды»

Ойын шарты: Сендер гүлдерсіңдер, сол гүлге көбелек ұшып келіп қонады көбелек қонған бала менің сұрағыма жауап береді. (Ақ көбелек, көк көбелек, қызыл көбелек)

-қазір жылдың қай мезгілі?

-ауа-райы қандай?

-сурет сабағында қандай ойыншықтың суретін салдыңдар?

-балабақшада немен ойнайсыңдар?

-саған қандай ойыншық ұнайды?

-сылдырмақпен кім ойнайды?


  • Сылдырмақ

Балалар таң қалады, оларға ғажайып сәт ұнайды

































тәрбиешіні мұқият тыңдайды





































өлең жолдарын жаттап алады





























































балалар сұрақтарға жауап береді

Рефлексивті

коррекциялаушы

Шеңберге тұру, балаларға мадақ айту.

Қол ұстассақ бәріміз,

Жарасады сәніміз.

Көріскенше күн жақсы

Сау болыңыз бәріңіз!


Бәрі бірге айтады



Күтілетін нәтиже:

Біледі:сылдырмақтың не үшін қажет екендігін.

Игереді:ойыншықтар жайында түсініктерін тереңдетеді.

Меңгереді:қарындашпен дөңгелек пішінді салуды.





































21.09.2017ж

Білім облысы: Таным

Білім бөлімі: Құрастыру

Апта тақырыбы: Менің сүйікті ойыншықтарым

Тақырыбы: Трамвай

Мақсаты:Құрылыс материалдарынан трамвай құрастыра білуге үйрету, көлік түрлерінің айырмашылығын түсіну, құрылыс материалдарын трамвайдың құрылымына сәйкес орналастыруға дағдыландыру, қоғамдық көлікте тәртіп сақтай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: құрылыс материалдары және үлгі көрнекіліктер

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Көлік түрлерінің суреттерін көрсете отырып «Бұл қандай көлік» ойынын ойнайды. Үлгіні талдау жасайды. Автобустан айырмашылығын атап айтады. Темір жолмен жүретін және төбесінде сымдары болатынын ескертеді. Трамвай құрастыруға арналған құрылыс материалдарын таңдауды ұсынады.

Тәрбиеші көрсеткен суреттерге сәйкес балалар көлік түрлерін атайды. Балалар қажетті құрылыс материалдарын таңдап алады.

Ұйымдастырушы

ізденуші

Трамвай құрастыру үшін ең алдымен екі дөңгелектің орнына екі брусокты қойып алады, оның үстіне ұзын кірпішті қояды, кірпіштің үстіне арақашықтығын сақтай отырып текшелерді орналастырады, оның үстіне кірпішті қояды. Кірпіштің үстіне үшбұрышты қойып, трамвайдың сым темір орналасқан бөлігін жасайды. Арасындағы бос орындарға ұсақ ойыншықтарды қойып, оқу қызметін ойынмен жалғасады. Трамвайды құрылыс материалдарынан құрастырудың жолдарын көрсетеді. Ойын барысында тәрбиеші үлкен адамдар көлікке кіргенде орын беру керек екенін, тәртіп сақтай білу қажет екенін түсіндіреді

Балалар тәрбиешінің ұсынған шарты бойынша іс-әрекетке кіріседі, трамвай құрастырады

Рефлексивті

коррекциялаушы

Тәрбиеші балалардың жасаған трамвайын қарап шығып, дұрыс құрастырылғанын бағалайды, жақсы жұмыстарды мадақтайды

Дайын болған трамвайлармен ойын ойнайды, кімнің трамвайы ұнайтынын айтады.

Күтілетін нәтиже

  1. Білу керек: құрылыс материалдарын пайдаланып трамвай құрастыра алуды біледі

2. Игеру: трамвайдың басқа көлік түрлерінен ерекшелігін ажыратады және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды игерді

3. Істей білу : құрылыс материалдарымен жұмыс жасауда оны көлеміне, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыра білуді меңгерді







23.09.2017ж

Білім облысы: Коммуникация

Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Апта тақырыбы: Жиһаздар

Тақырыбы: Қуыршақ Әйгерімнің бөлмесі

Мақсаты:

а) Балаларды жиһаздардың атауын дұрыс атай білуге жаттықтыру.

ә) Балалардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту.

б) Ұқыптылыққа,жинақтылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: дорба, қуыршақ, машина, доп секілді ойыншықтары бар, тіл дамыту дәптері.

Сөздік жұмыс: бөлме.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

- Балалар, бізде бүгін ерекше күн. Өйткені бүгінгі оқу қызметімізге қонақтар келді, қане апайлармен амандасайық!

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн келді,

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң! Алтын күн!

Қайырлы күн! Апайлар!

Қайырлы күн, балалар!

- Өте жақсы, балалар, орнымызға отырайық.

Ғажайып сәт:

Есік қағылады.

-Балалар, естідіңдер ме? Біреу есік соғатын

сияқты кім екен барып көрейін. Есіктен

қуыршақты алып кіру.

-Балалар бізге қонаққа қуыршақ келіпті. Қане

бәріміз қуыршақпен амандасайық.

Балалар, қуыршаққа ат қояйық. Қане кім деп атайық? Айгүл өзінің бөлмесі, жиһаздары болғанын қалайды екен. Балалар біздер оған көмектесеміз бе? Сендердің өздеріңнің де бөлмелерің бар ма? Айгүл шаршап тұрған сияқты, оның бөлмесі дайын болғанша оны мына жерге отырғызып қояйық.

Іші ойыншыққа толы дорбаны балаларға көрсету:

-Балалар, мына ғажайып дорбаға назар аударайық. Ішінде не бар екен?

Балалар

Сәлеметсің бе қуыршақ.

Балалар ат қояды «Айгүл»

Ия көмектесеміз.

Ия бар, шкаф, орындық, үстел, керует.

Балалар дорбаға қызыға қарайды.

Ұйымдастырушы

ізденуші

Ойын «Ғажайып дорба»

Мақсаты: балалардың сипап сезу қабілетін дамыту. Заттың атын атату.

Шарты: балалар кезекпен дорбаға қолдарын салып, ұстап, сипап сезу арқылы заттың атын атайды.

Мысалы: Мұнда кішкентай ойыншық көлік бар. Көлікті көбіне ер балалар ойнайды. Көліктің дөңгелектері болады. Көліктердің түрлері көп. Олар жүк көлігі немесе жеңіл көлігі сияқты түрлері бар.

Балалар, кім ойыншықтар туралы тақпақтар біледі? Қане кімнен сұрайын?

4 - 5 баладан тақпақ сұрау.

Ал, балалар енді жұмбақ оқимын. Сендер жұмбақтың шешуін табыңдар.

Жұмбақ шешкізу.

Ағайынды төрт батыр,

Көтергені бір шатыр. Ол не?

-Балалар, ағайынды төрт батыр дегені төртеуі де бірдей ағайындылар секілді, үстелдің үстіңгі бөлігін тіреп тұрады екен. Оның үстіңгі бетін шатырға теңеп тұр.

Дәптермен жұмыс:

- Балалар алдарыңдағы дәптерді қараңдаршы. Жұмыс дәптерлеріңде «Суреттегі заттарды ата. Ол не үшін керек?» деген тапсырма берілген екен. Қане кім маған айтып береді екен?

- Өте жақсы балалар, міне қуыршақ Айгүлдің бөлмесі дайын болды. Ол бөлмені жиһаздармен толтырдық. Айгүл қатты қуанып тұр. Енді оны керуетіне жатқызайық, әуелі шешіндіріңдер. Ұйықтасын.

-Ал, балалар, барлықтарын шаршаған шығарсыңдар, ия. Бойымызды бір сергітіп алайық.

Сергіту жаттығуы. Балалар , тағы бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Біз де» деп аталады.

Дидактикалық ойын: «Біз де»

Мақсаты: Баланың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту.

Ойын шарты: ойын жүргізуші ортаға шығып, өзінің ойын айтады. Ойынға қатысушылар «біз де» деп қосылып айтады. Егер келіспесе «жоқ» деген жауап айтады. Мысалы:

- Мен шағын топқа барамын.

-Көшеде ата-анамды тыңдамаймын.

-Тәрбиеші апайымды тыңдаймын.

-Топтағы ойыншықтарды сындырамын.

- Тобымызға апайлардың келгеніне қуанып тұрмын.

-Дорбада доп бар.

Доп дөңгелек болып келеді. Допты жерге ұрсаң секіреді. Онымен бірнеше ойындар ойнауға болады.

-Ал мұнда қуыршақ бар. Қуыршақпен көбіне қыздар ойнайды. Қуыршаққа үй жасайды. Оларды жуындырады, әдемілеп киіндіреді.

Балалар тәрбиеші сөзін мұқият тыңдап,дұрыс жауап беруге тырысады.

Жұмбақтың жауабы: үстел.

Балалар дәптерлерін ашады, ондағы суреттерді атап, түсіндіреді. Мысалы:

-Мен суреттен орындықты көріп тұрмын. Орындық адамға отыру үшін керек.

Балалар сергіту жатығуын жасайды.

Балалар ойын шартын мұқият тыңдап,тәрбиешінің айтқан сөзіне көңіл аударады.

-Біз де

-Жоқ

-Біз де

-Жоқ

- Біз де.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Оқу қызметімізді сұрақ жауап арқылы қорытындылап жіберейік.

Үй жиһаздарының не үшін керек екенін толығымен айтып жеткізуге ұсыныс білдіру. Енді балалар өзіміз білетін «Ойыншықтар» әнін шырқап жіберейік.

Балалар ұсынысты қабылдайды.



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: ойыншықтар туралы тақпақтар білу;

Қандай түсініктерді игереді: үй жиһаздарының не үшін керек екендігін;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктерін қолдана алады: жиһаздарды ұқыпты пайдалану керек екендігін.



















































24.09.2017ж

Білім облысы: Таным

Білім бөлімі: Жаратылыстану

Апта тақырыбы: Жиһаздар

Тақырыбы: Үй жиһаздары

Мақсаты: Балаларды балабақша өмірімен, топ бөлмесімен таныстыру, ондағы жиһаз атауларын атау Дамытушылық : Педагогтің сұрақтарына жауап беріп, диалогтік сөйлеуге дағдыландыру

Тәрбиелік:Топтағы жиһаздарды үқыпты үстауга тәрбиелеу

Сөздік жұмысы:топ, бөлме, кереует, қолжуғыш.

Қажетті құрал-жабдықтар : үлестірмелі материалдар жинағы

ға, олардың қызметін сипаттап беруге үйрету



Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Жылулық шеңбері

Бәрі де бар бақшада,

Ойын бөлме, Асхана,

Орындық та,Тақта да,

Заттар да көп басқа да.


Педагог балаларды шеңберге жинап, бәрі бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды және топ бөлмелеріндегі жиһаздарды атайды (мүмкіндік болса топ бөлмелерін аралатып, ондағы жиһаздармен таныстырады

Ұйымдастырушы

ізденуші

Әңгімелесу. «Топ бөлмелеріне саяхат»

Педагог балаларға топ бөлмелеріне саяхат жасайтындарын хабарлайды. Саяхатты ұйықтайтын бөлмеден бастайды. Педагог балалардың берген жауаптарының толық болуын қадағалайды.

Біздің ұйықтайтын бөлмеде не бар?

Ол не үшін қажет?

Сендерге өз төсектеріңде ұйықтау ыңғайлы ма? ...

Балалар енді келесі ойын бөлмесіне келеді.

Мұнда не бар? .

Үстел не үшін қажет?

Орындықтар не үшін қажет?

Ыдыстарды үстелдің үстінен алмай, тұра бергені ыңғайлы ма?

Ал кітаптар қайда сақталады? (Кітап сөрелерінде).

Балалар кіре беріс бөлмеге келеді. Мұнда көп шкафтар бар.

Олар не үшін қажет?

Біз үшін үлкендер қаншама жиһаздарды дайындады. Төсек, үстел, орындық, шкаф, бұлардың бәрі – жиһаздар.

Педагог балаларға «Үш аю» ертегісінің суреттерін іліп, аюлардың үйінде қандай жиһаздар барын сұрап, балалармен әңгімелеседі (төсек, орындық, үстел).


Біз ұйықтайтын бөлмеде төсек бар



Төсек ұйықтау үшін қажет

Мұнда үстел бар

Ыдыстарды арнайы сөрелерге жинап қою керек

Кітап сөрелерінде

Киімдерімізді шаң тозаңнан сақтау үшін







төсек, орындық, үстел


Рефлексивті

коррекциялаушы

«Не артық?» дидактикалық ойыны

Педагог тақтада ілулі тұрған жиһаздардың арасына ыдыстың суретін іліп қояды. Балалар не артық екенін тауып айтады




Күтілетін нәтиже

Біледі: үй жиһаздарының аттарын

Түсінеді: Жиһаздардың пайдасын











































25.09.2017ж

Білім облысы: Коммуникация

Білім бөлімі: Көркем әдебиет

Апта тақырыбы: Жиһаздар

Тақырыбы: Диван және төсек

Мақсаты: Балаларға жиһаз сөзінің мағынасын айтып түсіндіру. Өр жиһаздың қызыметі мен маңызын айтыу жөне олардың түрлерін ажырата білуге үйрету ой – өрісін сана- сезімін , сөздік қорын жиһаз сөзін дұрыс айтуын дамыту. Әдемілікк , Бір-біріне қамқор болуға , сыпайылыққа төрбиелеу. 
Міндеті: Балаларға жиһаздың адам үшін маңызы мен қызметін түсіндіру. 
Көрнекіліктер: Шкаф , диван , төсек , үстел , орындық: 
Билингвалдық компаненттер: Шкаф –шкаф, Диван- диван, Төсек- кровать.Орындық- стуля, Үстел- стол: 
Инклюзивтік әлеумет: Аруназға шырпыдан орындықты құрастыруға үйрету: 

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Балалар, бүгін ерекше күн. 
- Балалар, мен сендерді 
балабақшада көргенде қуанамын 
мен бәріңді жақсы көремін.Ал 
сендер бір – бірлеріңді көргенде 
қуанасыңдар ма? 

-Олай болса шаттық шеңберіне 
тұрып, жылы сөздер айтып, 
қуанышымызды бір – 
бірлерімізге жеткізейік. 

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? 

Қуанамыз 

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір – бірлеріне көтіріңкі көңіл – күй сыйлайды. 
Қуанамын мен де, 
Қуанасың сен де. 
Қуанайық достарым 
Арайлап атқан күнге 

Күз 

Ұйымдастырушы

ізденуші

Күз мезгілінің қай айы? 
-Балалар күз мезгілінде ауа райы қандай болады? 
Дұрыс айтасыңдар! 

-Балалар , назарымызды мына тақтадағы суреттерге қарайықшы. 
-Ненің суретін көріп тұрсыңдар. 

-балалар бұл заттар әрқайсымыздың үйімізде бар ма? 
-Дұрыс айтасыңдар , бұл заттар барлық үйде болады. 
-Мысалы: Шкаф-киім жинау үшін керек 
Диван, төсек- жату үшін керек. 
Үстел,орындық – тамақ ,шәй ішу үшін керек. 
-Балалар көрдіңдер ме әр заттың өзіне тән қызметі болады екен. 
-Балалар бұл зхаттарды жалпы айтқанда жиһаз дейміз. 
-Ал орысша баламасын мебель деп атаймыз. 
-Қанекей бәріміз бірге қайталайықшы. 
(Осы кезде есікті ашып мұңайған қуыршақ келеді) 
-Балалар бізге қонаққа қуыршақ келді ,қанекей бәріміз бірге амандасайықшы! 

-Қуыршақ сен неге мұңайып тұрсың? 


-Қуыршақ сен мұңайма біз саған көмектесеміз. 
-Балалар қуыршаққа көмектесеміз бе? 
-Қуыршақ сен қоян мен қонжықтың үйіне қонаққа барып кел жарай ма? 

-Балалар қуыршаққа өдемі бөлме жасап беру үшін жиһазды қайдан аламыз. 

-Балалар сендердің ата-аналарың жиһазды қайдан сатып өкеледі? 
-Олай болса бәріміз дүкенге барамыз ба? 
-Олай болса балалар жүріңдер. 
-Балалар мынау дүкен, біз осы жерден жиһаздар сатып аламыз. 
-Сәламетсіз бе,сатушы апай. 

-Балалар қуыршаққа арнап бөлме жасамақшы, соған әдемі жиһаз сатып алуға келді. 

-Сатушы апай сізге көп рахымет.Сау болыңыз, саудаңыз жүрсін. 

-Балалар қуыршақтың бөлмесіне жиһаздарды орналастырайықшы. 

-Балалар бөлмелерің өте әдемі болды. 
-Енді қуыршақты бәріміз бірге шақырайықшы. 

-Иә, балалар саған арнап жиһаз өкеліп әдемі бөлме жасап қойды. 

-Балалар қуыршаққа бөлмесін көрсетеміз бе? 
-Қуыршақ саған бөлме ұнады ма? 

-Қуыршақ енді балалардың дамыту орталығындағы еңбегін көресіз бе? 
-Ал, енді балаларекі топқа бөлініп дүкеннен сатып алған жиһаздың ішінен орындық пен үстелді құрастырайықшы. 
I-шырпымен орындықты құрастырамыз. Бірақ шырпыны аузымызға салуға болмайды балалар. 
II-Текшелердің көмегімен үстелді құрастырамыз. 

-Балалар ,сендер орындық пен үстелді өте әджемі жасап шықтыңдар. 

-Балалар сендер шаршаған шығарсыңдар, олай болса денемізді шынықтырайықшы. 
Сергіту сәті 
Оңға қарай бір қадам , 
Солға қарай бір қадам. 
Отырамыз , тұрамыз, 
Жәй жүгіріп аламыз. 

Дидактикалық ойын: 
«Кубизм» 
Шарты:Шаршыны лақтырып түскен суретті айтып береді.: 

- Қуыршақ рахмет саған балалар риза болдып қалды 

-Балалар қуыршақпен қоштасайықшы. 

-Балалар жиһазды орысша баламасы қалай айтылады? 
Шкафты қалай айтамыз? 

-Жиһаздарға нелер жатады?

Қараша 

Суық 

Балалардың жауабы: үстел,орындық, төсек. 

Бар 

Жиһаз-мебель 

Сәлдеметсің бе қуыршақ? 



Иә, көмектесеміз. 

Базардан, дүкеннен 

Барамыз 

Балалар жиһаздарды өздері таңдап сатып алады 

Балалар сатып әкелген жиһаздарынан әдемі бөлме жасайды. 

Балалар қуыршақты хормен шақырады. 

Көрсетеміз. 

Балалар дамыту орталығында шырпымен және текшелермен жұмыс жасайды. 

Балалар жаттығыу жасайды. 

Сау болыңыз. 

Мебель 
Шкафь 

Үстел, орындық, төсек, диван, шкафь 

Рефлексивті

коррекциялаушы

Сәлеметсіңдер ме , балалар. 

Менің мұңайып тұрған себебім менің достарым қоян мен қонжықтың үйлерінде жиһаздары бар. 
Ал мен оларды қонаққа шақырайын десем үйімде жиһазым жоқ. 
Мен сол үшін мұайып тұрмын. 

Көп рахмет балалар! 

Мақұл барсам барып келейін. 

Сәлеметсіңдер ме, балалар . Менің дүкеніме қош келдіңдер! 
Сендер қандай заттар сатып алуға келдіңдер? 

Балалар сау болыңдар . 

Балалар сендер мені шақырдыңдзар ма? 

Мен бөлмемді көрсем боладыма? 

Иә , балалар сендерге көп рахмет.Мен енді қоян мен қонжықты қонаққа шақыратын болдым 

Әрине , көремін. 

Қуыршақ балаларға көмектеседі. 

Иә, балалар қолдарыңнан көптеген нәрсе келедіекен. 

Қуыршақта жаттығыу жасайды 

Балалар мен сендерге сыйлығымды тапсырайыншы. 

Балалар мен сендермен қоштасамын сау болыңдар




Күтілетін нәтижелер: 
Жаңғыртады:Балалар үстел ,орындықты айтып берді. 
Түсінеді:Үстел ,орындық , шкаф ,диван ,төсектерді жиһаз деп атайды: 
Қолданады: Балалар шырпыдан орындықты құрастыра алды: 



25.09.2017ж

Білім облысы: Таным

Білім бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Апта тақырыбы: Жиһаздар

Тақырыбы: Топтағы жиһаздарды санау

Мақсаты: Балаларды балабақша өмірімен, топ бөлмесімен таныстыру, ондағы жиһаз атауларын атауға, олардың қызметін сипаттап беруге үйрету

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып, Е.Өтетілеуұлының өлеңін оқиды.

Білер қазақ баласы, Сәлем - сөздің анасы. Алдымыздан кезіккен Көп танысты көреміз. Бәріне де ізетпен Біздер сәлем береміз.

Калалар педагогпен бірге сәлемдесіп, жылы тілектерін айтады.

Ұйымдастырушы

ізденуші

- Балалар, сендер бүгін таңертең түрып қайда келдіңдер?

- Сендерге балабақшада үнай ма? Балабақша өмірімен таныстырады.

Педагог өзін таныстырады.

- Балалар, мынау біздің тобымыздың бөлмесі. Бөлмеміз жарық, әрі кең. Топта сендерге арналган көп ойыншықтар бар.

Балаларға демонстрациялык корнекілііггі көрсете отырып, балабакшамен таныстыру.

- Мынау не?

- Оган не саламыз? т.б. сипаттарын атау, түсін, көлемін айту.

- Мынау не?

- Оган не саламыз?

- Қандай ойыншық көріп түрсыңдар?

- Мынау не? (Кереует - жататын төсек).

- Онда не істейміз? (¥йықтаймыз, т.б.)

Билингвальды компонент: топ - группа, бөлме - комната, кереует - кровать.



- Мынау не? (Қолжугыш. Қолымызды жуамыз).



Педагог балаларды топ бөлмелерімен, ондағы құрал- жабдықтармен, заттармен таныстырады. Балаларға әр бөлменің өзіндік ерекшеліктері бар екенін, топтағы заттарды үқыптылыкпен үстау керек екенін түсіндіреді..

«Нені кайда қоямыз?» дидактикальщ ойыны.

Дәптердегі заттарды атай отырып, оларды кай жерге коятынын айту.

Жеке жұмысты кажет ететін балалардан топ жиһаздарын сүрау, балалардың топтық және жеке әрекеттерін, олардың жауаптарын талдайды.

- Балабақшаға.

- ¥найды.

Педагогті тыңдайды.

- Шкаф.

- Киімімізді, баскиімді саламыз, аяқкиімді, пальтоны саламыз.

- Ойыншык шкафы.

- Ойыншықтарды.

- Аю, қоян, піл, машинаны көріп тұрмыз.

Топ - грулпа,

бөлме - комната,

кереует - кровать

сөздерін қайталайды.

- Қолжуғыш. Онда біз беті-колымызды жуамыз.

Заттарды атап, олар қайда түратынын айту. (Мысалы, сырт киім және аяқкиім

заттарын киім ілетін

шкафтарға жинайды). Топ ішінде серуен жасайды.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Сергіту сәті:

Кәне, қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

¥шып, ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

(Б. Серікбаев).



Суретті көрсете отырып, сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетті қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.


Бөлмеден бөлмеге жүреді, әр бөлме заттарын атайды,

сұрақтарға жауап береді. Әр бөлменің заттарын қалай қолдану керегін айта-

ды және көрсетеді.

Қимылын келтіріп

жаттығуды орындайды.

Топ жиһаздарын атап, олардың не үшін кажет екенін айталы.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: топтағы заттардың аттарын атап, киімдерін киімілетін шкафқа жинауды, санауды

Түсінеді: заттарды ұқыпты күтіп үстау керектігін;

Қолданады: сұрақ-жауап арқылы диалогпен сөйлеуді















25.09.2017ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Аппликация

Апта тақырыбы: Жиһаздар

Тақырыбы: Қоянға арналған баспалдақ

Мақсаты: Балаларға баспалдақ жайында түсінік беру. Баспалдақтарды жапсырту. Үлкен –кіші ұғымдарын таныстыра отырып танымдық қабілеттерін дамыту. Баланың ой–қиялын, зейінін, шығармашылық қабілетін, сөздік қорын жетілдіру. Желіммен дұрыс әрі таза жұмыс істеуге баулу. Табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекілік: жапсыру үлгісі, қонаққа қоян, суретке қажетті таратпалы заттар

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, жұмбақтар шешу, сергіту сәті, мақал–мәтелдер айту, тақпақтар оқу.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Балалар қане барлығымыз достық шеңберге тұрып, бір–бірімізбен амандасып алайық.

Денсаулық – ол күлуің

Көңіл–күйің жадырай

Денсаулық – ол жүруің

Ешбір жерің ауырмай

- Балалар осы жақсы көңіл –күймен бүгінгі жапсыру сабағымызды бастаймыз.

Балалар достық шеңберде тұрып бір–біріне күлімдей қарап, амандасу рәсімін айтады.


Ұйымдастырушы

ізденуші

Балалар Баспалдақ ол өздеріңе белгілі биік көп қабатты үйлерде болады. Біз соның көмегімен көтеріліп пәтерімізге барамыз. Бүгін осы баспалдақты жапсырамыз.

Сәлеметсізбе, қоян!

Жапсыру үлгісін көрсету:

Балалармен жеке және топтық жұмыс жүргізіледі.

Сергіту сәті:

Сәлем, сәлем, сәлем

(Саусақтар сәлемдеседі)

Жапсыруды аяқтау

Балалар жаңа тақырып жайлы мұқият зейін қойып тыңдайды.

Балалар тоқсары түсті төртбұрышты қағаздың екі ұшын дөңгелете қиып, сопақша пішінін, ал тағы екі бұрыштарын сүйірлеу қылып, түзу қиып Баспалдақ қиып жасайды. Содан желімді жағып, оны жапсырады.


Рефлексивті

коррекциялаушы

Қоян балалардың жұмыстарын жеке–жеке мадақтап айтады. Әдемі, таза жапсырған баланың жұмысына қолдарын шапалақтайды.

Мақтау сөздер естиді, қуанады. Қоянмен қоштасады.


Балалар сергіту сәтін сәтті орындайды.

Балалар үлгі бойынша баспалдақ жапсырады. Қайшыны дұрыс ұстап, желіммен жапсыруда тазалықты сақтайды.



Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Баспалдақ қай жерлерде орналасқанын білу керек.

Болу керек: Қызығушылығы, зейіні, сөздік қорларының көбеюі, шығармашыл болу керек.

Істей білу керек: Желіммен жапсыруда тазалықты сақтай отырып, үлгі бойынша жапсыра алу керек.

























































26.09.2017ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Апта тақырыбы: Жиһаздар

Тақырыбы: Төсек

Мақсаты: Үй ішіне қажетті жиһаздардың жеке бөліктерін сөзбен дұрыс айтуға үйрету.

Бөлменің ішіндегі жиһаздар туралы айта білуді үйрету.Баланың зейінін, логикалық ойлауын, тілін дамыту. Жиһаздарды күтуге тәрбиелеу.Қаламды дұрыс ұстау дағдыларын үйрету

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Мен бүгін балабақшаға келе жатып сандық тауып алдым. Бұл сандықта бірдеме бар секілді. Сандық ашылмайды.

-Балалар, сандықтың аузында құлып тұр ғой. Ал, құлыпта мынандай сөз жазылыпты. «Жұмбақты шешкен адам сандықты аша алады», - деп жазыпты.

Онда жұмбақты шешіп көрелік.

Үйге қажет бәріде,

Киім іліп қойғанға

Шкаф қажет әрине,

Тамақтарды қоятын,

Үстел керек әрине,

Үстелге кеп отыратын,

Орындық қажет әрине.

Бұларды біз бір сөзбен не деп айтар едік.















Жиһаздар

Ұйымдастырушы

ізденуші

Музыка әуенімен сандық ашылады. Сандықтың ішінен ойыншық жиһаздар шығады.

-Балалар, бұл жиһаздар ғой.

Тосын сәт.

(Есік қағылып, қонжық топқа кіреді

Қонжық: -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен кішкентай қонжықпын. Орманда тұрамын. Ал сендер қайда тұрасыңдар?

-Ал үйлеріңде, бөлмелеріңде не бар?

(Бөлме бейнесінің суреті көрсетіледі)

-Иә, қонжық осындай жиһаздар әр үйде тұр.

Қонжық: -Ал менің інімде ешқандай жиһаздар жоқ.Менде осындай ыңғайлы жиһаздарды қалаймын.Бірақ білмеймін қандайын таңдап алайын. Сендер маған көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші: -Балалар, қонжыққа жиһазды таңдап алуына көмектесеміз бе?

Онда сандықтан шыққан жиһаздарды қонжыққа сиға тартсақ па? Қалай ойлайсыңдар? Қонжық біздің балалар қарсы болмайды. (Тәрбиеші балаларға ойланып, жиһаздарды таңдауға ұсыныс жасайды). Қонжықтың бөлмесіне қандай жиһаз қоюға болады? (Ас бөлмесіне үстел мен орындық таңдайды. Жатын бөлмесіне төсек пен шкаф таңдап алады)

-Қонжық саған бөлмең ұнады ма?

-Балалар, қонжық бұл заттарын есіне сақтау үшін ойын ойнайық. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер жауабын табыңдар.

Төрт аяғы болса да,

Етік киіп көрмеген.

Жалқаулығы соншама,

Аттап шықпас бөлмеден.


Мен жәйлімін, жұмсақпын,

Мені табу қиын емес.

Ұнатады әжелер мен сәбилер,

Отыруға, жатуға.


Кеш батты, шаршадың сен

Ұйқың келді.

Ұйқы бөлмеде күтіп тұр сені.

-Қонжық, сен есіңе бәрін сақтап алдың ба?Жарайсың. Балаларда өте ақылды. Жарайсыңдар. Қонжыққа көмектестіңдер.

Қонжықтар орманда тұр,

Бастарын былай бұрды.

Қорбаң, қорбаң жүрді,

Көлден су ішті.

Қонжықтар бал іздеп,

Ағаштарды шайқады.

Былай-былай шайқады.

Кейін қолдарын көтеріп,

Би биледі шаттана.

-Балалар, орманда қонжықтардың достары тұрады екен. («Үш аю» ертегісіндегі аюлардың суреттері көрсетіледі). Сендер оларды таныдыңдар ма? Қай ертегінің аюлары? Олардың үйлерінде бір жағымсыз жағдай болды.Олардың үйлеріне кіріп, жиһазды сындырып тастапты. Бұл кім екен?

Ойын: «Не жетпейді?»

Шарты: Жиһаздардың бір бөліктері жетпейтін суреттер көрсетіледі.

-Балалар, неліктен жиһаздар сынып қалды?

-Жиһазды қалай күту керек?

Ойын: «суретті жинап ал».

-Ал, біздің тобымызда қандай жиһаздар бар?


Сәлеметсіз бе?

  • Жиһаздар









  • Ия

















-үстел





-диван





  • Кереует







іс қимылмен орындайды















-үш аю













балалардың жауабы

Рефлексивті

коррекциялаушы

Біз бүгін сабақта ненің суретін салдық?

-Қонжық пен үш аю сендерге «рахмет» айтып жатыр. Сендер оларға көмектестіңдер. Олар енді үйде қандай жиһаздар болу керектігін білетін болады және жиһаздарды қалай күту керек екенін. Қонжық балалармен қоштасады. Сыйлықтарын таратады.


төсек



балалар қуанып қалады



Күтілетін нәтиже

Біледі: жиһаздардың атауын

Түсінеді: Достарға көмек көрсету керектігін

Меңгереді: сурет салу тәсілдерін

27.09.2017ж

Білім облысы: Әлеумет

Білім бөлімі:Экология негіздері

Апта тақырыбы: Жиһаздар

Тақырыбы: Тиінге арналған жиһаз

Мақсаты:

БМ:Жиһаздар туралы алған білімдерін толықтыру.

ДМ: Дидактикалық ойын ойнату арқылы зейіндерін,логикалық ойларын дамыту.

ТМ:Тұрмыстық заттарды ұқыпты ұстауға баулу.

Әдіс-тәсілдері:Жұмбақ жасыру,ойын ойнату,сұрақ-жауап

Алдын-ала жұмыс:Жиһаздардың суреттерін көрсетіп ,әңгімеге тарту.

Қолданылатын көрнекі құралдар:Бөлме суреті,жиһаз сұлбасы,бөлме нобайы.

Сөздік жұмыс:Жиһаз,дупло дерева.

Билингвальді компонент:Жиһаз-мебель-furniture,тиін-белка-sguirrel,керует-кровать-bed.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Жылулық шеңбері.

Қайырлы таң –көк аспан,

Қайырлы таң-жер ана

Қайырлы таң- достарым

Жылуыма жылу қос,

Міне менің қолым бос.

Cандықты көрсетіп,оның ішінде бір жануардың тығылып отырғанын айтамын. Егер жұбақтың шешуін тапса,онда сол жануар сабақта қонақ болатынын айтамын.

Бұтақтарға секіріп,

Әр жерден қылт етеді.

Кейде жаңғақ кеміріп,

Жоғары өрлеп кетеді

Балалар қимыл қозғалыспен шаттық шеңберін жасайды.









Қызығушылығын көрсетеді.

Жұмбақты тыңдайды.



Шешеді.





-Шешуі:тиін.

Ұйымдастырушы

ізденуші

1.Білімді өзектендіру.

-Мынау-тиін,ол орманда тіршілік етеді.Ол ағаштың қуысын ұя жасайды.

Ал біз қайда өмір сүреміз?

-Үйлерімізде бөлмелерімізде қандай заттарымыз бар?(Жиһаздар)

-Жиһаз-үйге арналған заттар.Олар:төсек,диван,кітап сөресі т.б.

Бөлме суретін көрсетемін.

-Иә,тиін,біздің үйлеріміздің бәрінде осындай жиһаздар бар.

Тиін:

-Ал менің ұямда ешқандай жиһаз жоқ.Ал мен ыңғайлы жиһаз болғанын қалар едім.Бірақ таңдай алмай жүрмін.Көмектесесіңдер ме?

-Балалар, тиінге жиһаз таңдауға көмектесейікші.Бәріміз дүкенге барайық.

2.Билингвальды компонент: жиһаз-мебель,тиін-белка,керует-кровать.

3. Д/О:«Жиһаздар дүкені»

-Міне,дүкенге де келдік.Енді тиінге жиһаз қарастырайық.Бір бөлмеге жиһаздарды орналастырып көрейік(жапсырмаларды жапсырады).

4.Сергіту сәті.

Қолымызды жаяйық,

Құстай қанат қағайық.

Аяқты бір басыңдар,

Кәне,тағы,тағы да.

Қол соғайық жабыла,

Кәне,тағы,тағы да!

5.Жиһаздар туралы жұмбақ шешу.

Болғанда бір ауызға екі қақпақ,

Еркінде адамзаттың ашып,жаппақ.

Қаншалық өрнек-өрнек азық-ауқат,

Ішінде сол нәрсенің қойған сақтан.

6.Жиһаздар туралы әңгіме жүргізу.

-Тиін,барлық жиһаздарды есіңде сақтап қалдың ба?

Балалар,орманда тиіннің достары көп.Солардың бірі-мына жануар(Аюдың суретін көрсетеді).Таныдыңдар ма?Аюдың көңіл күйі жоқ екен.Оның үйіне біреулер кіріп,жиһаздарын сындырып тастапты.Бұл кім болды екен? Бөліктері жетіспейтін жиһаздарды көрсетемін.Балалар қай бөлігі жетіспейтінін айтады.

-Балалар,жиһаздар неге сынып қалды деп ойлайсыңдар?

-Жиһаз сынбау үшін оны қалай ұстау керек?

Енді аюға көмек беруіміз керек,жиһаздарды орын-орына орналастыру керек.

7.Жеке жұмыс. «Орына қойып шық» ойыны.Магнитті тақтаға жиһаздар бейнеленген суреттер жапсырылады.Өз орнына орналастыу ұсынамын.

Сұрақтарға жауап беріп,әңгімеге қатысады.



Ынталарын көрсетеді.



Қайталайды.



Жиһаздарды таңдап алып,орналастырады.









Сергіту сәтін орындайды.











-Жұбақтың шешуі:шкаф.











Жиһаздарды қалай күтіп ұстау керектігін әңгімелейді.











«Үш аю мен Маша» ертегісін естеріне түсіреді

Рефлексивті

коррекциялаушы

-Біздің топта қандай жиһаздар бар?

-Жиһаздар не үшін қажет?

Тиін балалармен қоштасады.

Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

біледі: жиһаздарды бөлмеге орналастыруға берілген тапсырманы.

игереді: жиһаздар және олардың тұрмыстағы қажеттілігі туралы берілген мәліметтерді.

қолданады: жиһаздар туралы алған ақпараттарды.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2017
13360
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі