Технологиялық
картасы
Білім беру
саласы: «Таным»
Тақырыбы: сандар қатары туралы білімін бекіту. Заттың саны мен
цифр арасындағы сәйкестікті табу. Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш,
сопақша, тіктөртбұрыш туралы өткенді
пысықтау
Мақсаты: реттік санауды жалғастыру (5 санын көлемінде) сандық
және реттік санауды ажырата алу, «қанша», «нешінші» сұрақтарына
дұрыс жауап беру; цифрды сандық карточкамен және заттың санымен
сәйкестендіруді үйрету; дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша,
тіктөртбұрыш сияқты геометриялы фигуралар туралы өткенді
пысықтау
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, демонстрациялық
ойын
Қажетті көрнекі
құралдар: интерактивті тақта, цифрлар карточкасы,
сұрақ-жауап,демонстрациялық ойын. Шаттық шеңбер: Сәлемдесу
Дөңгеленіп тұрайық Достық үйін
құрайық Математикамен дос болып Біз көңілді
болайық. Білімді
өзектендіру: Кәне балалар, есімізге түсірейікші, бір жылда неше мезгіл
бар. (4 мезгіл) Осы төрт мезгілді атайықшы (қыс,көктем, жаз,күз)
Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (көктем) Өте жақсы айттыңдар,
дұрыс. Көктем мезгілдерінде неше ай бар? (наурыз, сәуір, мамыр)
Көктем мезгілі келгенде сендер қандай өзгеріс – ерекшеліктер
байқадыңдар? Күн жылынды, қар еріді, құстар ұшып келе бастады.
Қорада тұрған төлдеріміз
төлдеді.
Мотивациялық-қозғаушылық
Сандар қатарымен жұмыс
істейміз. 1) Балалардың 1-ден 5-ке дейінгі сиқырлы сандарды
рет-ретімен қойып шығуларын
қадағалау.
2) Сандарды кері санау. 3)
Сандарды орысша санау.
Балалар тапсырманы
орындайды.
Ұйымдастырушылық
1-тапсырма
"Сыйлық"
өлеңі
Тәрбиеші балаларға өлеңді оқып
береді.
Шар –
Асылбекке,
Ал торсық –
Ернарға,
Домбыра –
Нурзатқа,
Камзол –
Аяжанға
Содан соң тәрбиеші былай деп
сұрақ қояды:
-Балаларға неше сыйлық
жасалды?
Балаларға тапсырма
береді:
Төртінші сыйлықты жасыл
түспен, біріншісін қызылмен, екіншісін көкпен, төртіншісін сарымен
бояу керек.
Нақтылайды:
-Суретте домбыра нешінші
тұр?
-Торсық
нешінші?
-Шар
нешінші?
-Камзол
нешінші?
«Жұмбақтар»
ойыны
Бұл ойынды ойнау үшін 1-ден
5-ке дейінгі цифрлар қажет.
Балаларға математикалық
жұмбақтар жасыру.
Жұмбақты шешкен кезде, оның
жауабын тиісті цифрмен көрсетуі
тиіс.
Карындаштың бірі - Мақсатта,
екіншісі –Ғабитте, балардың қолында барлығы неше қарындаш
бар?
Жұмбақ жасыру:
1.Таңмен көзін ашады.
0-ге ұқсайды (күн)
2.Төрт бұрышты,бір
ауызды
-қаұқсайды
(сандық)
3.Айналада ақ отау, Аузы, мұрны жоқ
отау.
- ға ұқсайды
(жұмыртқа)
4.Тікен-тікен тік пісте, Қысы
–жазы бір түсте. (шырша)
5.Төрде жатыр шалқиған, Дәу
қарны бар қампиған
-ға ұқсайды.
(жастық) Сергіту
сәті Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды соғамыз. Бір отырып, бір тұрып, Үлкен болып
шығамыз. 2-тапсырма
"Етік"
өлеңі
Балаларға «Етікші» деген
өлеңді оқып беру
Оның тіккен
бұйымы,
Аяғынды
қаптайды,
Шыға қалса
жұлымы,
Әдемілеп
баптайды.
-Етіктер жыртылып қалды, енді
олардың әрқайсысына сәйкес келетін жамауды табуымыз керек. Етіктің
жыртығына сай келетін жамаумен етіктің арасын сызықпен қосу
керек:
-Етіктің жамаулары қандай
пішінде?
Біріншісінің жауабы –
дөңгелек, екіншісі-шаршы, үшіншісі-үшбұрыш, төртінші- тіктөртбұрыш,
бесіншісі-сопақша.
Балалар тапсырманы
орындайды.
«Кім
тапқыр» Тақтаға мына сандарды іліп
қандай сан жоқ екенін тапқызу. 1,2,5 (жоқ сандар
2,4)
3-тапсырма
«Дұрыстап қос»
ойыны
Балаларға цифр жазылған шаршы
мен карточкаларды ондағы заттар мен дөңгелектер саны, сол цифрға
келетіндей етіп сызықпен қосу туралы тапсырма
береу.
Балалар тапсырманы
орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік
Өзін-өзі бақылау және өзі
атқарған жұмысқа баға беру.
Балаларды мақтау. Балалардан
сұрау:
-Сендер етіктерге қандай
пішінде қиылған жамауды
таңдадыңдар?
-1, 2, 3, 4, 5 цифрлары неше
затты білдіреді?
Күтілетін
нәтиже:
сандық және реттік санауды,
реттік сандарды біледі
«қанша?», «нешінші?»
сұрақтарына жауап беруді; заттың саны мен цифр арасындағы
сәйкестікті табуды игереді
дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш,
үшбұрыш, сопақшаны тануды меңгереді