400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Текше, тікбұрышты параллелепипед/Фотаға түсіру өнері

Материал туралы қысқаша түсінік
3-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Сабақ:

Мектеп: Бозтал орта мектебі

Күні: 05.02

Мұғалім: Хизат Ақмарал

Сынып: 3

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Бөлім:

Сабақтың тақырыбы:  Текше, тікбұрышты параллелепипед / Фотаға түсіру өнер

Оқу мақсат:

3.3.2.3 кеңістіктегі геометриялық фигуралардың (тікбұрышты параллелепипед, куб) жазбасын дайындау және олардың моделін құрастыру.

3.3.2.4 солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіру

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады:

-кеңістіктегі геометриялық фигуралардың (тікбұрышты параллелепипед, куб) жазбасын дайындау және олардың моделін құрастыруды біледі.

Көпшілігі орындай алады:

солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктегі фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіре алады.

Ойлау дағдылары

Айтылым

Бағалау критерийлері

Кеңістіктік геометриялық фигуралардың (тікбұрышты параллелепипед, куб) жазбасын дайындау және олардың моделін құрастыру, солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіру.

Құндылықтарды игерту:

текше, тікбұрышты параллелепипед

Пәнаралық байланыс:

Әдебиеттік оқу


Тілдік мақсаттар:

Оқушылар: кеңістіктегі геометриялық фигуралардың (тікбұрышты параллелепипед, куб) жазбасын дайындау және олардың моделін құрастыруды біледі.

Пәндік лексика және терминология: Текшенің жазылған көрінісі,солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктегі фигуралардың қалпындағы өзгеріс.

Осыған дейін меңгерілген білім

Тіктөртбұрыш, квадрат, текше, тікбұрышты параллелепипед, фигураларды өлшеу - ұзындығы, ені, биіктігі.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы


10 мин


Ынталандыру.

Мұғалім оқушылардан: «Фотоға түскенді ұнатасыңдар ма?» деп сұрайды. Олардың фотолары әдемі шыға ма? Неге? Суретшіге фотосуреті әдемі шығу үшін нені білу керек?

«Фото өнерінің қыр-сыры» деген қысқаша бейнеролик қоюға болады. Фотокөрмелер туралы әңгімелеуге болады.

Белсендіру.

Солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктегі фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіру бойынша топтық жұмыс жүргізіледі. Бұл үшін фотоаппараттың және айналасы қиылған – нысанның суреті салынған қағаздар таратылады. Балалар оны белгілі бір әріпке қояды немесе бұрады және қалғандары төртбұрыштың басқа қабырғаларында не жазылғанын табады. Атап айтқанда: сол жағында,оң жағында, үстінде, астында, алдында, артында

Мысалы,

Оқушы фотоаппаратты көзіне жақындатып: «Мен мына әріпті көріп тұрмын» дейді.

Егер алдымда В әрпі болса, онда сол жағында А, оң жағында – D, астында – С, үстінде – Е, артында – F.

Қалған балалар бақылап, белгі беріп отырады, дұрыс болса қолдарын не қаламдарын көтереді, егер қате болса ақырын қол соғады.


Көп қырлылар туралы сайт:http://mnogogranniki.ru

Сабақ ортасы


10мин






















Мақсат қою (проблемалық жағдаят).

Орналасуын анықтау қиынға соқты ма?

Неге?

Барлығы бұл тапсырманы орындай алды ма?

Сабақтың мақсатын анықтайық:

Солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктегі фигуралардың қалпындағы өзгерістерді тез әрі дұрыс табуды үйрену.

Өздік жұмыс

Оқулықтағы №2, 3 тапсырманы орындайды.

Қиындықтарды түзету.

Мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын тексереді.

Үлгі бойынша өзіне тексерту.

Кімде қиындық туындады?

Қай жерден қате жібердіңіз?

Жіберілген қатенің себебін анықтаңыз?

Егер өздік жұмыста ешқандай қиындық туындамаған болса, өз мақсатыңызды нақтылаңыз.

(Қосымша тапсырма орандау).

Қиындық туындаған оқушылардың ары қарайғы мақсаты қандай?

(Қателерді түзеу).

Қателерді түзеу алгоритмін қолданамыз.

Әрқайсысы өзінің оқу міндетін айтады.

Өткенді қайталау.

Мұғалім баланың даму деңгейіне байланысты жеке тапсырмалар береді.

Өздік жұмыс.

Жұмыс дәптерінде қалыптастырушы бағалауға берілген тапсырманы орындаңыздар.

Мен:

  • тікбұрышты параллелепипедтің жазбасын анықтауды;

  • фигураның қабырғаларын өлшеуді;

  • солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктегі фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіруді білемін.

Сабақтың нәтижесі проектордың көмегімен слайд түрінде экранға шығарылады. Мысалы, былай:

ТІКБҰРЫШТЫ ПАРАЛЛЕЛЕПИПЕДТІҢ:

6 жағы

8 төбесі

12 қабырғасы

Жақтары: тіктөртбұрыштар; шаршылар.

S беттері: 2(ав + ас + вс); 6аа

Барлық қабырғалар ұзындығының қосындысы: 4(а + в + с); 12а

Жақтарының атаулары.




Оқулық, дәптер,3-4-слайд

Презентация:https://www.metod-kopilka.ru/prezentaciya_po_tehnologii_na_temu_quotkonstruiruem_i_modeliruem._stroim_obyemnye-36255.htm











Сабақ соңы

5 мин







Үй тапсырмасы

Рефлексия.

Балалардың жеке қиыншылығын ескере отырып, үйге берілетін тапсырманы анықтайды.

Сабақтың басында біз алдымызға қандай мақсаттар қойдық?

Осы мақсаттарыңызға жете алдыңыздар ма?

Қиындық туындады ма?

Сол қиындықтарды жеңе алдыңыз ба?

Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?

Өз жұмысын жетістік жолағымен бағалауды ұсынады.


9 слайд




Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (




Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2..

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
716
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі