Материалдар / Текті білу тегін емес
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Текті білу тегін емес

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін өзі тану пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
799
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мерзiмі: № 17- сабақ

Тақырыбы: Текті білу тегін емес.

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттері:сыпайылық,сабырлық,шыдамдылық

Мұғалiм: Басмагамбетова Г.К

Класс: 2 «Ә.» Оқушылар саны: 23


Сабақ мақсаты: Оқушыларға тегін білу маңыздылығын түсіндіре отырып, ішкі тыныштық құндылығын ұғындыру.

Міндеттері:

Оқушыларға ой тыныштығы арқылы сабырлықтың, маңыздылығын түсіндіру;

Оқушылардың шыдамдылық қасиеттерін дамыту;

Оқушыларды бүкіл адамзатқа сыпайы болуға тәрбиелеу.


Ресурстар:

оқулық, дәптер

(аудио)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу.

Оқу құралдарына назар аудару.

2.Тыныштық сәтi.

«Күннің нұры» (5 мин)

Балаларыңғайланып отырайық, денемізді түзу,әдемі ұстайық. Аяқ-қолымызды айқастырмаймыз,қолымызды тіземізге қояйық. Көімізді жұмайық

Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық. Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды.Күнннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап- жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да кірді – ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға, отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлап, іштей жақсы тілектер тілейік. Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады. 

Үй тапсырмасын тексеру:


1.67,68бет. Ж.Дәуренбеков. «Арулан» әңгімесін оқып келу

1 баладан мазм сұралады

-Арұлан қандай бала?Аружан ше?

-Арұланның қамқоршысы кім?

-Арұланның отбасын суреттейік?

-Арұланның сабырлы қалпын қай жерден көріп тұрмыз?

-Отбасындағы сыйластықты қайдан білуге болады?


Сергіту сәті

Күліп қағып қолымды

1,2,3 деп соғайын

Қарап тұрып көршіме

Қолымды мен бұлғайын

Жылы жылы жүзбенен

Маңдайыңнан сыйпайын

Ыстық алақаныммен

Қолыңды бір қысайын


Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

«Өзіңді танығың келсе - тегіңді біл»

Халық даналығы

«Тегіңді біл»-дегенді қалай түсінеміз?


2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу. Бәріміз қосылып айту.



  • Әңгiмелеу (Мұғалімнің сыйы) Ақылды хан

  Ертеде бір ел билеген хан өзінің ұлын асқан шешен,тапқыр, сөзге жүйрік және ақылды еткісі келіп, өз уәзірлерімен ақылдасады. Сонда уәзірлері ханға «шешендік,тапқырлық, сөзге жүйріктік халық даналығы арқылы дариды » -депті.Хан дүйім жұртты жинап алып, жар салады:

-Кімде-кім балама халық даналығын тауып берсе,мен сол адамға байлығымның жартысын беремін,-дейді Сонда бір қария тұрып былай дейді:

-Даналықтың көзі де, кені де халық ішінде.Балаңыз ел ішін аралап шықса,халық әңгімесіне,айтқан сөзіне құлақ түрсе, даналықты өзі-ақ табады-дейді. Сол күннен бастап хан баласы ел аралап жүріп тапқыр,шешен, сөзге жүйрік болудың жолын тапқан екен. Әкесіне келіп: «Даналық халық ішінде деген рас,өйткені олар айтар көп ойын бір мақал жолмен ғана жеткізеді,жұмбақтап сөйлейді,арман-қиялдарын ертегілері арқылы береді.Сол айтылған ойларды,арман қиялды ұғыну,жұмбақтарды шешу арқылы, дана адамдардың ғана қолынан келеді. Сондықтан да,оларды халық даналығы деп атайды»-деген екен.Разы болған хан сөзінде тұрып халқына жарты байлығын бөліп беріпті.


Сұрақтар:

  1. Хан халыққа қандай жарлық берді?

  2.Хан баласы даналықты қайдан тапты?

3.Халық даналығына нелер жатады?

4.Қариялар қандай кеңес берді?

5. Хан баласының сабырлығын қай жерден көреміз?

6.Ел билеген ханның шыдамдылығын қай жерден көреміз?



  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

а) Суретке қарап, мақалдар айту

1-топ. (ата-баба туралы мақалдар)

2-топ (ана туралы мақалдар)

3-топ (бала туралы мақалдар)


  1. Топпен ән айту.


Келші ,келші, балашым. Сөзін жазған: Қ.Ыдырысов
Әнін жазған: Е.Қасанғалиев


Айым болып тудың ба?

Күнім болып тудың ба?

Ата жолын қудың ба?

Әке жолын қудың ба?

Бұл дүниеге келген соң,

Сұрауы бар судың да.


Айдарыңнан айналдым,

Маңдайыңнан айналдым.

Торсық шеке,тоқ шеке

Бақ болар деп ойладым.

Ашық жанар көңілің

Ақ болар деп ойладым.

Мен барымды аяман,

Ботақаным ,сен үшін.


  1. Үй тапсырмасы.

18-сабақ. «Менің отбасым» тақырыбында фотоальбом құрастыру.

Дәптердегі 18-сабақ,23 беттен 1-тапсырманы орындап келу.

(Жеті атасын жазу , жаттау)



  1. Соңғы тыныштық сәтi.

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!