400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Теле сериал және веб сериал: өзара ықпалдастығы мен бәсекелестігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Теле сериалдар және веб сериалдарды қарастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Телесериал және веб сериал: өзара ықпалдастығы мен бәсекелестігі

Заманауи кинематографияда жыл сайын шығып жатқан фильмдерден бөлек, телесериалдар мен веб сериалдардың саны артуда. Ғаламтор желісін ашқан мезетте әртүрлі форматтағы веб сериалдар көзге түседі. Веб сериал дегенде олай атауға да келмес, 20-30 минуттық жайдарман ойыншыларының әзілдеріне құралған сценарийден тұратын көрініс іспеттес жобалар да кездеседі.

Ең алдымен телесериал мен веб сериалдың анықтамасын ашып алайық. Телесериал – телеарналардан көрсетілуге тұрарлықтай жоба болса, веб сериал – уақыты жағынан шағын ғана көбіне aitube, youtube сияқты желілерден көрсетілетін жоба. Алайда, олардың айтарлықтай айырмашылығы бар. Қазақстандық телесериалдар мен веб сериалдарды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады. Телесериалдардан көріп жүрген телнесериалдардың тақырыбы отбасылық құндылықтар, ене мен келін, махаббатқа негізделеді. Ал, веб сериалдарды аталған тақырыптардан бөлекқоғамда болып жатқан мәселелерді қозғайтын сан аулан тақырыптарды негізге алып түсіреді. Мысалы, нашақорлық, жезөкшелік және т.б.

Соңғы жылдары жарыққа шығып,көрерменнің көзайымына айналған «Келінжан» телесериалын мысал ретінде қарастырып көрейік. Бір ғана отбасыны негізге ала ене мен келін арақатынасын, ақша мен биліктің адамдарға әсерін көрсету арқылы танымалдылыққа ие болды десек болады. Себебі, көрерменге экраннан өзін көрген ұнайды. Отбасында болып жатқан мәселелер кез- келген отбасыда кездесу ықтималдылығы жоғары болғандықтан, «Келінжан» телесериалы көптің көңілінен шықты. Көрермен экранда көріп жатқан затынан шешім іздесе, және сол шешімді тапса, оған қандай жанр болмасын ұнай береді. Дегенмен, шешім өмірге үйрету экраннан емес адамның өз ойынан екенін ұмытпағанымыз жөн.

Веб сериалдарға келер болсақ, «Шекер», «Шеше», «Няня», «Черный двор»,  «Өмір» сынды жобаларды үздік деп тани аламыз. Аталған веб сериалдар Salem Social Media - ның туындылары. Олар ешқандай цензурасыз ашық сахналар мен балағат сөздерді қолдану арқылы түсірілген. Бұл мезетте олардың көрерменге қандай ықпал ететіндігін айтып өту қажет. Заман талабына сай ғаламтор әр үйде, әр жерде қолжетімді болғандықтан кім не көргісі келеді, еш қиындықсыз ашып қалағанын көре алады. Ал, ғаламторда бір ғана дисклеймер ұсынып веб сериал бастан - аяқ жүріп жатады. Жоғарыда айтып кеткен телесериалдар да ондай еркіндік жоқ. Экран - тәрбие құралы демекші теледидар болсын, youtube болсын онда көрермен жасына байланысты шектеу қойылуы керек. Себебі әлі есейе қоймаған балалар, жасөспірімдер көзімен не көрсе, сол нәрсені қайталауға бейім болады. Технология қарқынды дамып келе жатқан заманымызда ондай шектеуді қою қиынға соғады. Дегенмен әртүрлі мобильді қосымшалар немесе сайттар ойлап табу арқылы, бұл мәселені шешуге болады деген ойдамыз.

Жоғарыда атап өткен телесериалдар мен веб сериалдардың бәсекелестігі де жоқ емес. Телесериалдар хроника жағынан ұзақ болып, көрермен үшін оны көріп, өз уақытын кетіру ыңғайсыз болуы мүмкін. Себебі, instagram, tiktok сияқты желілер дамып жатқан сайын, көрермен үшін ұзаққа созылған фильмдер мен телесериалдарды көру ұнамай барады. Осындай сәтте 15-20 минуттық веб сериалдар көбірек назарға ие болады да, телесериалдар мен вебсериалдар арасында бәсеке туындайды. Не көргісі келетінін көрермен өзі шешетіндіктен, мұндай жағдайда сериалдардың санына емес сапасына көбірек назар аударылғанын сұрай аламыз.

Қорыта айтқанда, телесериал және веб сериалдың дамып, саны артып келе жатқаны қуантатынын айтқымыз келеді. Бірақ, олардың мән - мағынасы мен көрермен үшін пайдалы дүние алып келетір түрлері көбейе бергенін қалайтынымызды жеткізгіміз келеді. 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 сәуір
127
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі