жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Теледидар ең ықпалды БАҚ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары (ықшам сабаққа)
Пәні: қазақ тілі |
Мектеп: №76 Л.Шахатов атындағы орта мектеп |
||||||
Күні: 01.11.19 |
Мұғалімнің аты-жөні: Базарбайқызы Назымгүл |
||||||
Ұзақ мерзімдегі жоспардың тарауы: |
Бұқаралық ақпарат құралдары (7 бөлім) |
||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Теледидар ең ықпалды БАҚ |
||||||
Сынып: 9 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
9.3.2.1. мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әр түрлі жанрда мәтіндер құрастыру. 9.4.4.3. сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу,түрлендіріп қолдану. |
||||||
Сабақ мақсаты |
1. мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін құттықтау, жарнама, сұхбат жанрларында мәтіндер құрастырады. 2.сабақтас құрмалас сөйлемдердің мезгіл, шартты, қимыл сын, себеп, қарсылықты, мақсат бағыныңқылы сабақтастарды ажыратып, түрлендіріп қолданады. |
||||||
Бағалау критерийі |
- мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін құттықтау, жарнама, сұхбат жанрларында мәтіндер құрастырады. - сабақтас құрмалас сөйлемдердің мезгіл, шартты, қимыл -сын, себеп, қарсылықты, мақсат бағыныңқылы сабақтастарды ажыратып, түрлендіріп қолданады. |
||||||
Ойлау дағдыларының деңгейлері |
жоғарғы деңгей дағдысы |
||||||
Тілдік мақсаттар |
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: ғарыштық байланыс құралдары, тікелей эфир |
||||||
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: Қазақстандық телебағдарлама, шетелдік телебағдарлама, БАҚ жүйесі |
|||||||
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік ел» жалпы идеясының құндылығы негізінде «Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсуге» тәрбиелеу |
||||||
Пәнаралық байланыс |
- сабақ барысында құттықтау немесе жарнама жасау кезінде АКТ қолданатын болғандықтан информатика пәнімен байланыстырады, - отбасы тақырыбы мен топта өзара қарым- қатынас жасау кезінде алған білімдерін қолдана алатын болғандықтан өзін – өзі тану пәнімен байланыстырады. |
||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
бұған дейін БАҚ туралы өзіндік пікірі қалыптасқан, БАҚ жөнінде алған білімдері бар |
||||||
Сабақтың барысы |
|||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығулар түрлері |
Ресурстар |
|||||
Сабақтың басы 5 мин
|
Ширату жаттығуы. Берілген сөздер тізбегін оқыңдар, солардың ішінен артығын алып тастаңдар. Сөздер тізбегі: газет, кітап, ақпараттық кеңістік, радио, қала, мақала, журнал, тілші, репортаж, мектеп, теледидар, сұхбат, тікелей эфир, домбыра, дыбыс толқыны. «Артығын алып таста» әдісі Топқа бөлу: радио, теледидар, газет- журналдың жеке – жеке суреттерімен бәрі топтасқан үш түрлі сурет суыру арқылы үш топқа бөлінеді: І топ «газет- журнал» ІІ топ «теледидар» ІІІ топ «радио» Кино менен концертті, Үйде қойып беремін, Жаңалығын бар елдің. Өз көзіммен көремін. (Теледидар) жұмбақтың жауабы арқылы жаңа сабақтың тақырыбына болжау жасалады. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. |
|
|||||
Сабақтың ортасы 30 мин |
Жазылым алды тапсырмасы: Берілген сұрақтар бойынша өз ойларыңыз бен пікірлеріңізді ортаға салыңыздар. 1) Сенің отбасыңда теледидардың рөлі қандай? 2) Отбасыңда кім қандай бағдарламаны көргенді ұнатады? Өзің ше? 3)Қазақстандық немесе шетелдік телебағдарламалардың қайсысын жиі көресің? Ол бағдарлама несімен ұнайды?
Құттықтау – белгілі бір мерекелік шараға, туған күнге немесе айтулы датаға байланысты жазылатын мәтін түрі. Құттықтау сөзі белгілі бір тілек сөздерге негізделіп құрылады. Құттықтау көпшілік ақпарат тарату құралдары (теледидар, радио, газет, интернет т.б) арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның ақылы түрі болып табылады.
Жарнама - тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама. Белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнама көпшілік ақпарат құралдары (теледидар, радио, газет, интернет т.б) арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның ақылы түрі болып табылады.
ТЖ. Жазылым тапсырмасы: 1 қадам Берілген жағдаяттарды мұқият оқып, соны негізге ала отырып сұхбат, құттықтау, жарнама жазуға жоспар құрыңдар 1 топ: Бүгін - Анаңның туған күні. Қай БАҚ құралы арқылы құттықтар едің. Құттықтау мәтінін жаз. Оны жолдау үшін өзің қалаған БАҚ құралына телефон шалып, сөйлес. 2 топ: Сыныптас достарыңмен теледидарға қатысты тақырыпта сұхбаттасыңдар. Сұхбатта олардың өміріндегі теледидардың рөлі, сүйіп тамашалайтын бағдарламалары туралы әңгімелесіп, сұхбат түрінде құрастырып жазыңдар. 3 топ: «Қазақстан теледидары Кеше. Бүгін. Ертең...» тақырыбында Қазақстан телевизиясының өткені мен бүгіні туралы салыстырып, шағын жарнама әзірлеңдер.
«Ақыл картасы» әдісі 2 қадам. Құрған жоспарларыңды негізге ала отырып, сұхбат, құттықтау, жарнама мәтінін жазыңдар. Сабақтас құрмаластың мағыналық түрлерін пайдаланыңдар. 1 топ: Бүгін - Анаңның туған күні. Қай БАҚ құралы арқылы құттықтар едің. Құттықтау мәтінін жаз. Оны жолдау үшін өзің қалаған БАҚ құралына телефон шалып, сөйлес. 2 топ: Сыныптас достарыңмен теледидарға қатысты тақырыпта сұхбаттасыңдар. Сұхбатта олардың өміріндегі теледидардың рөлі, сүйіп тамашалайтын бағдарламалары туралы әңгімелесіп, сұхбат түрінде құрастырып жазыңдар. 3 топ: «Қазақстан теледидары Кеше. Бүгін. Ертең...» тақырыбында Қазақстан телевизиясының өткені мен бүгіні туралы салыстырып, шағын жарнама әзірлеңдер.
Жазылымнан кейінгі тапсырма: Жазған мәтіндеріңді сыныпқа таныстырыңдар.
Дескриптор: Білім алушы - берілген сұрақтар бойынша өз ойлары мен пікірлерін ортаға салады; - берілген жағдаяттарды мұқият оқып, сұхбат, құттықтау, жарнама жазуға жоспар құрады; - құрған жоспарлары негізінде сұхбат, құттықтау, жарнама мәтінін жазады; - жазған сұхбат, құттықтау, жарнама мәтіндеріне сабақтас құрмаластың мағыналық түрлерін қатыстырады; - жазған мәтіндерін сыныпқа таныстырады.
ҚБ ҚҚҚ кестесін толтыру арқылы сабақта қызықтырған тұсын, құнды болған мәліметтерді және қиналған жерлерін жазады. «ҚҚҚ» әдісі
Үйге тапсырма: 1. Радио мен теледидардың айырмашылығы мен ортақ белгілері туралы берілген екі мәтінді Венн диаграммасы арқылы салыстырыңдар; 2. Өзіңе ұнаған мәтінге сабақтас құрмаластың мағыналық түрлерін қатыстырып түсініктеме жазыңдар.
|
|
|||||
Сабақтың соңы 5 мин |
Кері байланыс: Бас бармақ –бүгінгі сабақта өзімді қалай сезіндім? Балан үйрек – басқаларға көмегім тиді ме? Ортан терек – бүгінгі сабақта не қиын болды? Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма? Кішкене бөбек – бүгін не үйрендім?
«Бес саусақ» әдісі
|
|
|||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
|||||
Ішкі саралау - білім алушыларды топқа бөлу кезінде жүргізіледі. Диалог негізінде саралау - сабақтың өн бойында жүріп отырады. Таңдау бойынша саралау - үй тапсырмасын беру барысында жүргізіледі. |
- формативті бағалау; - топ басшысының бағалауы; - бір - бірін үнемі мадақтап отыруы; - қалыптастырушы бағалау, кері байланыс
|
Интербелсенді тақтаны уақытылы қосылып, өшірілуін қадағалап қауіпсіздік ережелерін сақтаймын. Үстелдер мен орындықтардың сабақ өткізуге ыңғайлы болуын қадағалаймын. |
|||||
Сабақ бойынша рефлексия |
|
||||||
|
|||||||
|
|||||||
|
|||||||
|
|||||||
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
|
|||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген