400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Теледидар калейдоскобы» атты 8 Наурызға арналған мереке сценариі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге сценарий.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1

«Балапан» ортаңғы тобының

«Теледидар калейдоскобы» атты

8 Наурызға арналған мереке сценариі.






8 Наурыз мерекесі

«Теледидар калейдоскобы»

Ортаңғы тобы

Балалар жұптасып көңілді музыка әүенімен залға кіреді

Жүргізуші:

- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Аяулы аналар, апайлар!
Көктемнің алғашқы 8 - наурыз аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ана - жүрек. Ана - тірек, тіректі құрметте!
Ана - шыңың, шыңына сағынып жет!
Ана - күнің, күніңе табынып өт!
Иә, шынында да, Ана - құдірет. Бар игі жақсылықтың бастауы – аяулы аналар!
Құрметті қонақтар! «Балапан» тобы бүлдіршіндерімен өткізілгелі отырған

«Теледидар калейдоскобы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер
Карлсон: Сәлеметсіздер ме, құрметті теледидар көрермендері! Сәлем қыздар,

қалайсыңдар ұлдар? Барлықтарыңызға қайырлы күн!

8- наурыз мерекесіне байланысты әлемдегі ең әдемі, ең сүйкімді еркек, бүгін

теледидер жүргізушісі боламын. Сонымен , құрметті теледидер көрермендері

11-арна 8- наурыз мерекесіне арналған хабарды бастайды

Эфирде «Хабар» бағдарламасы. Бүгінгі бағдарламамызда «Талбесік»

балабақшасында 8- наурыз мерекесіне байланысты көптеген қызықты

іс-шаралар болмақ. Шақырылған қонақтарымыз «жұмыс қасқыр емес орманға

қашып кетпейді» деген оймен жұмыстарын тастап, көрермен залынан

орындарын алып отыр. Осы және және басқада жаңалықтарды кешкі

бағдарламамыздан естіп білерсіздер. Ал қазір тікелей байланыс.


Ән «Ңұрың төккен маған»


  1. бала:

Сеннен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті әже-аналар!

  1. бала:

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз





  1. бала

Жердегі бар тағамнан

Ана сүті нәрлі екен

Бұл жалғанда анамнан

Сүйікті адам бар ма екен!

  1. бала:

Шалқып толып әніміз

Жадырасын жанымыз

Анамызды құттықтап

Әндетеміз бәріміз!






  1. бала

Достықты біз ойлаймыз

Бірге күліп ойнаймыз

Қыздарды да құттықтап

Мерекені тойлаймыз



  1. бала

Көптен күткен көктем келді

Көктем келді, құшақ ашып

Айналамыз құлпырып

Сәлем берді жер – Ана


Жүргізуші:

Ал, қазір біз билейік

Анамыздың көңілін

Бір көтеріп жіберейік.


Би «Біз көңілді баламыз»

( Ұлдар қыздардың қолдарынан ұстап, оларды отырғызып жанына өздері

отырады.)


Жүргізуші:

Әлпештеген баласын

Ана-бақыт, Ана күн

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.- деп балалардың тақпақтарын тыңдаңыздар


  1. бала:

Анам менің-асыл жан,

Құшағы нұр шашылған.

Күн секілді күледі,

Сипап ылғи басымнан.

  1. бала:

Аялап алақан,

Әлпештеп өсірген.

Аяулы жан анам,

Қатемді кешірген.

  1. бала

Әлпештеген баласын

Ана - бақыт, Ана күн

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.







  1. бала

Бізді өсіріп баптаған

Жақсы болсаң шаттанған

Алтыным деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам!

  1. бала

Ең жақсы сөз - Ана

Ең жақсы сөз - Бала

Өсіп жатса бала,

Ана оған пана.

  1. бала

Мен анамның қызымын,

Артындағы ізімін

Екі етпеймін айтқанын,

Көбейтемін қызығын.

  1. бала

Көктем ,көктем, көктемде

Құстар келіп жеткенде

Біз қуанып қаламыз

Әнмен қарсы аламыз


Ән «Ортамызға көктем келді»





Жүргізуші:

Қайырымды, қасиетті,

Ең ардақты - әжелер.

Әр бір сөзі өсиетті,

Баға жетпес әжелер - деп, әжелерді құттықтайық.


  1. бала

Айран қымыз беретін

Әжеме ешкім жетпейді

«Ботам» деген бал сөзі

Ойымнан еш кетпейді







  1. бала

Менің әжем ер әжем

Мінезі де кең әжем

Ұзақ өмір сүр әжем

Тірек болып жүр әжем.


  1. бала

Әжелерді ардақтап

Қуанатын күн келді,

Мейрамымен құттықтап

Ән салайық біз енді





Ән «Әже»


Ойын «Гүлдерді құрастырайық»

Би «Үнді»


  1. бала

Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын

  1. бала

Аналарды сүйеміз ,

сөзін ойға түйеміз.

Әжелерді ардақтап

Әдеппен бас иеміз


  1. бала

Достықты біз ойлаймыз

Бірге күліп ойнаймыз

Қыздарды да құттықтап

Мерекені тойлаймыз






  1. бала

Сенен өскенбалалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті әже-аналар

  1. бала:

Жұмақтағы гүлімсің

Жүрегіме сақтаған

Жарқыраған күнімсің

Мен өзіңнен бақ табам

Аспандағы айымсың

Бақытыма балаған

Құтты болсын мереке

Айналайын жан анам

  1. бала:

Әлпештеген баласын

Ана-бақыт, ана-күн!

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын!




  1. бала

Көптен күткен көктем келді

Көктем келді, құшақ ашып

Айналамыз құлпырып

Сәлем берді жер – Ана


  1. бала

Көктем ,көктем, көктемде

Құстар келіп жеткенде

Біз қуанып қаламыз

Әнмен қарсы аламыз


Карлсон: Мерекелік хабарымызды жалғастырамыз. Қайырлы күн, достар! Келесі

бағдарлама әжелерге арналады.

«Кім миллион гүлді алады?». Студияға өтуіңізді сұраймыз (Әже мен бала ортаға

шығады). Сонымен, сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймыз.

Әжелерге арналған ойын:

«Кім миллион гүлді алады?».

Жүргізуші:

- Неше адам шалқанды тартты? (Әжесі сұрақтарға жауап береді)

- Бауырсақтың мойнында не болды? Галстук па, бантик пе? (Жауабы)

- Қызыл телпек басына не киді? Шляпа ма, орамал ма? (Жауабы)

Жүргізуші әжеге гүл шоқ ұсынады.


Жүргізуші:

Немере деген қандайды

Сүймей құмар қанбайды

Бұл сөзіме аналар

Әже болмай нанбайды.

Карлсон: құрметті қонақтар, шынымды айтайын, келесі бағдарлама маған сондай

жақын, себебі әр түрлі тәттілер туралы айтылады.

Сонымен эфирде «Тәтті тағам»

Жүргізуші:

Бүгінгі менің бағдарламамда аспазшылар жарысы. Жанұя мүшелері бір-бірін

тамақтандыру керек. Ортаға екі жанұяны шақырамыз: анасын, әкесін, баласын.

Жүргізуші: Балалар бізге қонаққа біреу кележатқан сияқты? Кәне тындайықшы.

Көктем Ханшайымы: Бұзық, тентек, шық мына жәшіктен! Қазір мен саған тәтті

өмірді көрсетемін.Тағы да сен менің балаларға арналған тәтті сыйлықтарымды

алып кеттің бе? Қазір мен саған көрсетемін! (Артынан қуады)

Карлсон: Сіздің сүтіңіз тасып кетті.

Көктем Ханшайымы: Құдайым-ай, сүт! Сүт?!... Тұра тұр, менде ешқандай сүт

жоқ. Сен мені тағы да алдағың келді ме?



Карлсон: Бикеш, өтінемін, ашуыңызды басыңыз! Сондай сыйлы әйелсіз, дәл

осындай күні!... Ант етемін, мен емеспін. Мен бүгін күні бойы телеарнада болдым.

Бикеш: Қайда? Қайда?

Карлсон: Телеарнада жүргізуші болдым. Солай ғой, балалар?

(Балалар мақұлдайды)

Көктем Ханшайымы: Ой бу, балалармен, қонақтармен амандасуды ұмытып

кеттіппін.

Карлсон: Мен би билеп, ән де айта аламын. Тіпті сиқыр да көрсете аламын. Мен әлемдегі ең жақсы жүргізушімін!

Көктем Ханшайымы: Сонымен қатар сен мақтаншақсың! Тәртіпсіздік! Әйтеуір, біздің теледидарда неше түрлілер жүреді.

Карлсон: Қазір мен сізге оны көрсетемін. Алдарыңызда үйдің төбесінде тұратын әлемдегі ең жақсы сиқыршы – КАРЛСОН. Мен қазір ең жақсы бишілерді шақырамын.


Би: «Джентельмен»

Бала:

Құтты болсын ақ Анам 8-наурызың,

Қасымда бол әрқашан

Жансың жарық жұлдызың

Тілейтін бақыт бір саған

Әлпештеген ұл-қызын»


Карлсон: Міне, құрметті қонақтар, біздің мерекелік бағдарламамыз да аяғына жетті. Мерекелеріңізбен, құрметті қонақтар!

Көктем Ханшайымы: Қалайша? Осы ғана ма? Мен жана ғана қызығына жете бастасам, бүкіл бағдарлама бітіп қалдыма?

Карлсон:(теледидардан шығып) Бикеш, ренжімеңіз! (гүл сыйлайды).

Көктем Ханшайымы: Құтықтап Карлсон екеуі залдан шығып кетеді.


Балалар аналарын ортаға биге шақырады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 наурыз
565
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі