жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Телефон
Білім саласы: «Коммуникация»
Білім бөлімі: Драма
Мақсаты: Балаларды орыс ақыны Чуковскийдің «Телефон» мысал өлеңімен таныстыру.Балаларға мысал туралы түсінік беру.Балаларды өлең мазмұнын тыңдап түсінуге ,өлең кейіпкерлердің сөзін мәнерлеп айта білуге көмектесу.сурет бойынша әңгіме құрату арқылы ауызекі сөйлеуін есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сөздік жұмыс: Пұт, мысал.
Билингвальді компонент: терезе-окна, лақ-козлёнок, есік-дверь.
Сабақ әдісі: түсіндіру, ойын
Көрнекілігі: телефон суреті, Дара.
Шаттық шеңбері.
Тәрбиеші: Балалар бізде ерекше күн. Себебі бүгін бізге қонақтар және бізге көптен бері келмей жүрген Дара қонаққа келіпті. Ал балалар үйге келген қонаққа не дейміз?
Балалар: Саламатсыздар ма? Қош келдіңіздер!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Бізге бүгін Дара қызықты тапсырмалар алып кепті. Ол сиқырлы тапсырмалар. Сиқырлы жұмбақтар деп аталады. Оны сиқырлы деуіміздің себебі, егер де біз сөздің шешуін дұрыс тапсақ, біздің бүгінгі тапсырып отырған өлеңіміздің тақырыбы шығады екен. Балалар жұмбақтың шешуін табуға дайынсыңдар ма?
Балалар: Әрине дайынбыз.
Тәрбиеші: Жұмбақтың шешуін шешуге дайын болсаңдар, кім зерек ойынын ұйымдастырып жіберейік. Шарты: бірнеше жұмбақты жасырам, ойлана отырып шешімін табайық. Мұқият отырып тыңдаңдар.
-
Күн нұрына қарық қып,
Үйді тұрар жарық қып. (терезе)
Қанекей балалар ойланып көріңдерші. Қалай ойлайсыңдар? Үйдің ішіне күннің сәулесін жарық қып тұратын не болу мүмкін?
Балалар: Ол терезе.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар терезе сөзінде бірінші қандай дыбыс естіп отырсыңдар?
Балалар: Т дыбысын естіп отырмыз.
Тәрбиеші: Бәрекелді. Енді орыс тілінде Диана қалай айтатын едік, есімізге түсірейікші?
Диана: Терезе-окна
Тәрбиеші: Жарайсыңдар. Келесі жұмбақты тыңдаңдар.
-
Бір қара дөңгелек,
Ары бері дөңгелеп.
Әр нәрсені тексеріп,
Санағанда тым зерек. (есепшот)
Қанекей бұл туралы жақында ғана әңгімелеген болатынбыз. Бұл бізге математика сабағында керек болады дегенбіз. Ойланамыз.
Балалар: бұл есепшот.
Тәрбиеші: Есепшот сөзінде бірінші қандай дыбыс естіп отырсыңдар?
Балалар: Е дыбысын естіп отырмыз.
Тәрбиеші: Тамаша. Келесі жұмбақ.
-
Тастан тасқа секіріп,
Қалқиып қос құлағы.
Ойын болып көкірегі,
Аула оның тұрағы. (лақ)
Балалар: Бұл лақ.
Тәрбиеші: Лақ сөзінде бірінші қандай дыбыс естіп отырсыңдар?
Балалар: Л дыбысын естіп отырмыз.
Тәрбиеші: Лақты орыс тілінде қалай айтамыз?
Балалар: Лақ-козлёнок.
Тәрбиеші: Келесі жұмбақ.
-
Ашылып жабылады,
Әр үйде табылады. (есік)
Тәрбиеші: Есік сөзінде бірінші қандай дыбыс естіп отырсыңдар?
Балалар: Е дыбысын естіп отырмыз.
Тәрбиеші: Есікті орыс тілінде қалай айтамыз?
Балалар: Есік-дверь.
Тәрбиеші: Келесі жұмбақ.
-
Судан шашақ шашылады,
Су тоқтаса басылады. (фонтан)
Тәрбиеші: Фонтан сөзінде бірінші қандай дыбыс естіп отырсыңдар?
Балалар: Ф дыбысын естіп отырмыз.
Тәрбиеші: Келесі жұмбақ.
-
Жалт-жұлт етеді,
Жалмай-жалмай жұтады. (от).
Тәрбиеші: От сөзінде бірінші қандай дыбыс естіп отырсыңдар?
Балалар: О дыбысын естіп отырмыз.
Тәрбиеші: Келесі жұмбақ.
-
Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдатып дабылын ол
қағып тұр. (найзағай)
Тәрбиеші: Найзағай
сөзінде
бірінші қандай дыбыс естіп отырсыңдар?
Балалар: Н дыбысын естіп отырмыз.
Тәрбиеші: Яғни, Дара жасырған сиқырлы сөзіміз шықты. (Телефон)
Бүгін біз орыс ақыны Чуковскийдің «Телефон» деген мысал өлеңімен танысамыз.
Сылдыр етті телефон.
-
Бұл кім?
-
Піл.
-
Өзің кімсін, бұл қайдан?
-
Түйеден.
-
Сізге кім керек?
-
Керек еді шоколад.
-
Кімге?
-
Менің балама.
-
Көп керек пе?
-
Азырақ.
-
Бес-алты пұт жетеді.
-
Керек емес ондай көп.
Одан артық жей алмайды.
Балам әлі өскен жоқ.
Сөздік жұмыс: Пұт,мысал.
Мысал дегеніміз жанды және жансыз дүниелердің бір-бірімен сөйлесуі арқылы жазылатын шағын әңгіме, өлеңдерді айтамыз. Яғни адамдардың, хайуандардың, жәндіктердің бір-бірімен сөйлесу арқылы жазылады.
Балалар қалай ойлайсыңдар, осы хайуанаттар, жәндіктер, өсімдіктер бір-бірімен сөйлесе ала ма?
Балалар: Жоқ олар сөйлесе алмайды.
Тәрбиеші: Себебі? Неліктен сөйлей алмайды? Айнұр айта қойшы? Неліктен сөйлей алмайды?
Айнұр: Хайуанаттар, жәндіктер, өсімдіктер бір-бірімен сөйлесе алмайды. Олардың ақылы жоқ.
Тәрбиеші: Иә, шынымен де сөйлеу адамдарға тән қасиет. Мен мысалыға Чуковскийдің «Телефонға» тіл бітіріп жазған өлеңін тағы да тыңдаңдар.
Сылдыр етті телефон.
-
Бұл кім?
-
Піл.
-
Өзің кімсін, бұл қайдан?
-
Түйеден.
-
Сізге кім керек?
-
Керек еді шоколад.
-
Кімге?
-
Менің балама.
-
Көп керек пе?
-
Азырақ.
-
Бес-алты пұт жетеді.
-
Керек емес ондай көп.
Одан артық жей алмайды.
Балам әлі өскен жоқ.
Сұрақ-жауап:
Балалар өлеңде түйеге кім телефон шалды?
Балалар: Түйеге Піл телефон шалды.
Тәрбиеші: Піл Түйеге не үшін телефон соқты?
Балалар: Баласына шоколад сұрады.
Тәрбиеші: Қалай ойлайсыңдар? Түйенің үйінде шоколад болуы мүмкін бе?
Балалар: Жоқ.
Тәрбиеші: Неліктен олай ойлайсыңдар?
Балалар: Себебі Түйе үй жануары. Ол жеп-шөппен қоректенеді.
Тәрбиеші: Қалай ойлайсыңдар? Түйенің үйінде телефон болуы мүмкін бе?
Балалар: Жоқ.
Тәрбиеші: Неліктен? Дәлелдеп берші?
Балалар: Себебі Түйе қорада өмір сүреді. Ал телефон үйдің ішінде адамдарға қызмет көрсететін зат. Сосын Пілде Түйеде сөйлей алмайды.
Тәрбиеші: Иә, дұрыс айтасыңдар. Пілде Түйеде сөйлей алмайды. Оларды сөйлетіп тұрған өлең. Яғни мысал өлең. Ендеше өлеңді барлығымыз хормен айтайық.
Балалар: «Телефон» мысал өлеңі.
Тәрбиеші: Ал балалар, қалай ойлайсыңдар? Телефон бізге не үшін қажет? Телефонды адамдар не үшін қолданады?
Балалар: Сөйлесу үшін, бір хабарды жеткізу үшін, адамдарға қауіп-қатер төнгенде соны жеткізу үщін қолданады. Досымызды туған күнімен құттықтау үшін қолданамыз. Тойға шақыру үшін, апамыз ауырып қалғанда жедел-жәрдем шақыру үшін қолданамыз.
Тәрбиеші: Иә балалар, телефон байланыс құралы. Телефонды ең алғаш ойлап тапқан Американдық ғалым А.Т.Бел.
Бұл құрылғыны 1876 жылы ойлап тапқан. Сол күннен бастап адамдар оны байланыс құрал ретінде пайдаланады. Телефонды адамдар өзіне керек кезде ғана қолдану керек. Онымен ойнап немесе біреуді қорқытып телефон шалуға болмайды.
Балалар телефонның пайдасы мен қатар зияны да бар екен. Олай дегеніміз телефонмен ұзақ сөйлесуге болмайды. Онымен ұзақ ойын ойнауға болмайды. Себебі адамдардың миына қауіпті ауруды қоздырады және адамдардың көздеріне де зияны тигізеді. Бұны да есте сақтай жүріңдер.Қанекей ендеше бәріміз осы телефон туралы сергіту жаттығуын жасап денемізді бір сергітіп алайық.
Балалар:
Сергіту жаттығуы.
Әй телефон, телефон,
Мамам келіп бұраса,
Кім керегін сұраса,
Тез шақырып бересін.
Айтқанына көнесін.
Әй телефон, телефон,
Ал мен келіп бұрасам,
Кім керегін сұрасам,
Тыңдамайсың бәрін де.
Піл дейсің бұның не?
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Ендеше біз бір ойын ойнайық. Ойынның аты «мен бастаймын, сен жалғастыр» деп аталады. Бірінші балалар өлеңімізді тағы бір қайталап алайық.
Балалар: «Телефон» мысал өлеңі.
Балалар: «Телефон» мысал өлеңін сахналау.
Көлеңке театры
Қорытынды:
Тәрбиеші: Балалар біз бүгін қандай мысал өлеңмен таныстық?
Балалар: «Телефон» мысал өлеңімен таныстық.
Тәрбиеші: Мысал дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалар: Мысал деп өлі және тірі табиғатқа тіл бітіріп жазылған өлең түрін «мысал» деп айтамыз.
Тәрбиеші: Піл Түйеге не үшін телефон шалды?
Балалар: Баласына шоколад сұрау үшін.
Тәрбиеші: Піл баласына қанша шоколад сұрады?
Балалар: 5,6 пұт.
Тәрбиеші: Пұт деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Балалар: Пұт деген салмақтың ауырлығын айтады.
Тәрбиеші: Иә балалар. 1 пұт 16 кг болады. Яғни 5,6 пұт кемінде 90 кг болады екен. Қалай ойлайсыңдар, 90 кг шоколад көп пе, жоқ әлді аз ба? Сонша шоколадты жеген зиян емес пе? Себебі?
Балалар: Өте көп. Әрине зиян. Себебі, көп тәтті жесек тісіміз ауырады.
Тәрбиеші: Телефонның қандай пайдасы бар? Зияны ше?
Балалар: Сөйлесу үшін, бір хабарды жеткізу үшін, адамдарға қауіп-қатер төнгенде соны жеткізу үщін қолданады. Досымызды туған күнімен құттықтау үшін қолданамыз. Тойға шақыру үшін, апамыз ауырып қалғанда жедел-жәрдем шақыру үшін қолданамыз.
Тәрбиеші: Міне балалар, көрдіңдер ме Чуковский атамыз бізге «Телефон» өлеңі арқылы шоколадты көп жеуге болмайтынын айтты және тату, дос, туыс болып сыйласу керектігін түсіндірді.
Балалар: «Телефон» мысал өлеңін мәнерлеп оқу.
Қош келдің, Жаңа жыл!!!
(Түлкі кіреді, құлағына наушник артында мыстан кемпір)
Мыстан кемпір: -Мені әлі де тыңдамай тұрсын ғой, мені тыңдашы! Мына Теренти
Түлкі: -Не? Қар дейсің ба?
Мыстан кемпір:- Тыныш, Біреу келе жатқан сияқты. (түлкі тығылады)
(Ақшақар келеді)
Ақшақар: -Саламатсыз ба, апа! Жаңа жыл қайда болып жатқанын айтып
жіберіңіші?
Мыстан кемпір: -Қандай Жаңа жыл? Қандай мереке? Мен оқымаған адаммын,
Қарағым! Осы жерде мың жыл болды тұрып жатқаныма, ондай нәрсені естіген де
Емеспін көргенде емеспін. Өзіңе не керек?
Ақшақар: -Апа, маған балалар Жаңа жыл мерекесін қай жерде тойлап жатқанын
Айтсаңыз болды!
Мыстан кемпір: -А-а жолды ма? Е, бағанадан бері солай демейсің бе?Анау тұрған үлкен елканың жанынан солға бұрылсаң өзің көресің.
Ақшақар:-Жарайды,көрейін,рахмет сізге,Апа!(кетеді)
Мыстан кемпір:-Әй түлкі деймін,естідің бе?Тасташы анау наушнигіңді.
Түлкі:-Не болып қалды?
Мыстан кемпір:-Не?Не!Ақшақар келді.Жаңа жылды іздеп жүр.
Түлкі:-Ай,мыстан досым!Еш қорықпа!Мен жаңа жылды сенімді жерге тығып тастадым.Енді анау Аяз ата мен Ақшақарды алдап соғатын айла қарастырайық!(екеуі кетеді.
Ақшақар:(жылап кетеді)-Ой,енді не істесем екен?Жаңа жылды жоғалтып қойдым.Енді ескі жылда қалып қоятын болдық-ау!Не істедім!Аяз Атадан адасып қалдым,бірге келе жатқан едік,балалар!Саламатсыздар ма!(балалар сәлемдеседі)
Аяз Атаны тауып алғанға көмектесіңдерші.Осы маңайда жүрген шығар.
(Балалар Аяз атаны дауыстап шақырады)
Аяз ата келеді:-Амансың ба,ұлдарым!
Амансың ба,қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің.
Ашық болсын күндерің
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Ақшақар,неге сонша көңілсіз болып тұрсың?Мына балалар ренжітті ме?
Ақшақар:-Жоқ,Жаңа жылды біреу ұрлап кетіпті, енді мереке болмайтын болды.
Аяз ата:- Көңілді түсірме,Қане балалар !Ақшақардың көңілін көтеріңдершы.(би,ән,тақпақ)
Ақшақар:-Жұмбақ жасырады.
«Қолы жоқ сурет салады
Тісі жоқ тістеп алады» (Аяз)
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың қатады. (Қар)
Аяз ата:-Ал,енді не болғаннын түсіндірші. Балаларға қалай келдің?Жолды қалай таптың?
Ақшақар:-Бір ападан сұрап білдім!
Аяз ата:-Түрі қандай?
Ақшақар:-Өзі бүкір,мұрны ұзын апа.
Аяз ата:-Әп-бәлем!Ол Мыстан кемпір ғой.Қу түлкі екеуі тек жаман нәрсе жасап жүреді.Қане,тағы бір жамандық жасап жүрмесін,айналаны бақылап келейікші,жүр!(кетеді)
(Мыстан кемпір мен Түлкішығады.Қолдарыңа клей)
Түлкі:-Мыстан досым,айла тап та, пайдатап.Қазір Аяз ата мен Ақшақар келіп клеймен жабысып қалады
Мыстан кемпір:-Ал,біз сол кезде балаларға деген сыйлықтарын алып,қашып кетеміз.Түлкі досым,біреу келе жатқан сияқты.(тығылады)
Аяз ата мен Ақшақар келеді)
Ақшақар: -Жаңа осы жерден Мыстан апаны көрген сияқтымын. Қасында Тулкі
бар сияқты еді... Ой, мынау не тағы? Аяғым жабысып қалды ғой. Ай-ай!
Аяз ата: -Менің аяғым да жабысып қалды.
(Мыстан кемпір мен Түлкі шыға келді)
Мыстан кемпір: -А-х-а! Солай, солай! Аяқтарың жабысты ма?
Эх-х-х-х! Жамандық істесем жаным жай табады!
Ақшақар: (сыбырлап) – Аяз ата! Мыыналарды не істейсіз?
Аяз ата: Ә, солай ма? Онда мен сендерді аязбен үрлеп, мұз етіпқатырып коямын. Қане, тез мына желімді (клейді) жуып, бізді босатыңдар!!!
(Боран, аяздың ызыңы естіледі)
Мыстан кемпір: (жүгіріп келеді) -Оу, құрдас-ау! Әзілді түсінбей қалдың ау деймін. Түлкішек

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген