400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

"Телефонмен сөйлесу" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Пән мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақ жоспары


Сабақ :

Мектеп: «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ

Күні:

Мұғалім: Амирбаева Г.М.

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар

саны :


Сабақтың тақырыбы:

Телефонмен сөйлесу

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

5.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру , көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.

5.3.1.1 берілген мәтінге сәйкес кіріспе , негізгі және қорытынды бөлімдерді

қамтитын қарапайым жоспар құру


Сабақ мақсаты:

Барлығы : жалпы мазмұнын түсінеді ,сұрақтарға біршама жауап береді.

Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрады.

Оқушылардың көбі: Тыңдалым мәтініндегі ақпаратты қолданып, мәтіннің мазмұнын толық түсінеді, мәтіндегі сөздердің мағынасын ажыратады , салыстырады, мәтінге сәйкес қарапайым жоспар құрады , салыстырады.

Оқушылардың кейбірі : Жалпы мазмұнын толық түсінеді, көтерілген мәселе бойынша өз ойын ұсынады, дәлелдейді және бағалайды, мәтінге сәйкес қарапайым жоспар құрады, салыстырады , редакциялайды , жинақы мәтін жаза алады.


Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет;

«Мәңгілік ел» идеялары мен азаматтық жауапкершілік

Пәнаралық байланыс:

Сабақта АКТ пайдалану арқылы өзін- өзі тану, информатика , пәндерімен өзара байланыс

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы қолданылады, материал ғаламтордан алынған .


Тілдік мақсаттар:

Эвфемизм, дисфемизм, варваризм сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу

Осыған дейін меңгерілген білім

Қарым –қатынас мәдениетін меңгерді .

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз-дер

Сабақтың басы

2 мин







5 мин


Қызығушылықты ояту

Слайдтан суреттер көрсетіледі. Оқушылар суреттерге қарап, тақырыпты болжайды.

Қойылатын сұрақтар:

  • Суреттерде нені көріп тұрсыздар?

  • Суреттердегі адамдардың көңіл-күйлері қандай?

  • Суреттерге қарап, бүгінгі тақырып не жайында деп ойлайсыз?

Оқушылар оқу мақсаты, бағалау критерийлері мен дескрипторлармен танысады. Оқушылар суреттер бойынша топқа бөлінеді.










Сабақ ортасы

5 мин































5 мин








10 мин
















8мин




7 мин

Тыңдалым мәтіні


Оқушылар ұсынылған мәтін мазмұнын аудиотаспадан тыңдайды.

Телефонмен сөйлесу әдебін білеміз бе?

Ғылым мен білімнің жемісі болған озық технология түрлері өмірімізге батыл түрде енуде. Қоғамдық көлікке міне қалсаңыз, қалта телефонына жаппай үңілген жас­тарды көруге болады. Ал кейбір ересектердің өзі үн қатқан телефонды ала сала ауыз өзімдікі деп айқайға басады. Әркім өзінің басындағы ойын басқаға айтып, түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиісті. Әркім сөйлеу мәдениетіне мән беруі тиіс.

Таяуда автобуспен вокзал жаққа баруға тура келді. Көлікте мінген бойда әр тұстан телефон үні естіле бастады. Бір байқағаным, өз мәселесін егжей-тегжейлі баяндаған бір келіншек бес минуттың ішінде он екі рет «конечно» сөзін қолданды. Кейбіреулерге «давай-давай», «ладно», «пока» сөздерін айту дағды болып кеткендей. Бір көлікте келе жатқан соң олардың әңгімесі естіліп жатады. «Кассада күт, келеатырым…». Осылайша шұрайлы тілімізді бұрмалап сөйлеген келіншек еш қысылмады.
Ұялы байланыссыз өмір сүруді көз алдымызға елестете алмас­пыз, сірә. Дей тұрғанмен, біз оны күнделікті өмірде дұрыс пайдалана алып жүрміз бе? Осыны да бір сәт ойланып, біздің айтқандарымызға көңіл бөлсеңіз артық болмас еді.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырмалар

Тапсырма №1

1.Мәтінде қандай мәселе туралы сөз болды?

А) Киіну мәдениеті

В) Сөйлеу мәдениеті

С)Тамақтану мәдениеті

Д)Жол ережесін сақтау

Е) Қонақта өзін-өзі ұстау

2.Автобустағы келіншек қай сөзді бірнеше қайталады?

А)Надо

В)Әрине

С)Конечно

Д) Ну

Е)Значит

3.Көлікте келе жатқан келіншек бір сөзді неше рет қайталады?

А)5 в) 6 с)8 д)11 е)12

4.Мәтін мазмұнына сай ақпаратты таңдаңыз.

А) Өз мәселесін егжей-тегжейлі баяндаған бір келіншек бес минуттың ішінде он екі рет «конечно» сөзін қолданды.

В) Ұялы байланыссыз өмір сүруге болады.

С) Кейбіреулер «давай-давай», «ладно», «пока» сөздерін айтуды ұят деп санайды.

Д) Өз мәселесін егжей-тегжейлі баяндаған бір бала бір минуттың ішінде он бес рет «давай» сөзін қолданды.

Е) өз мәселесін егжей-тегжейлі баяндаған бір келіншек он минуттың ішінде он екі рет «конечно» сөзін қолданды.

5. Мәтін мазмұнына сай емес ақпаратты таңдаңыз.

А)Әркім сөйлеу мәдениетіне мән беруі тиіс.

В) Көлікте мінген бойда әр тұстан телефон үні естіле бастады.

С) Ұялы байланыссыз өмір сүруді көз алдымызға елестете алмаймыз.

Д) Таяуда таксимен вокзал жаққа баруға тура келді.

Е) Шұрайлы тілімізді бұрмалап сөйлеген келіншек еш қысылмады.

Тапсырма №2

1-топ

1.Мәтіннен телефонмен сөйлесу этикетіне жатпайтын жағдаятты және әдеби нормаға жатпайтын сөзді тауып жазыңыз.

2-топ

1.Мына сөздердің синонимін тауып жазыңыз.

ересектер-

шұрайлы-

қысылмады-

3-топ

1.Сіз қоғамдық орындарда телефонмен қалай сөйлесетініңіз жайлы жұпта , топта талқылаңыз.

4-топ

1.Телефонмен сөйлесу әдебі жайлы нақты ақпаратты анықтаңыз.

Тапсырма № 3

1. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрыңыз.

2.Жоспарларыңызды топта талқылаңыздар, салыстырыңыздар, ортақ жоспар құрыңыздар.

3. Үндестік заңын , емлелік ерекшеліктерді ескере отырып орфографиялық нормаға сай етіп «Телефонмен сөйлесудегі әдептілік ережесін » құрап жазыңыз

Телефонмен сөйлесу ережесі

1.Біреуге қоңырау шалғанда әуелі өзіңіз амандасқаныңыз жөн ,егер танымайтын адам болса , өзіңізді таныстырыңыз.

2. Өзіңіз біреуге қоңырау шалып тұрып, «Бұл кім?» деп сұрамаңыз.

3.Сағат түнгі оннан кейін ешкімді мазаламағаныңыз дұрыс.

4.Сөйлесу кезінде байланыс үзіліп кетсе, бірінші хабарласқан адам қайта қоңырау шалатынын есіңізге сақтаңыз.

5.Айналаңыздағы адамдардың сіздің телефонмен сөйлесуіңізге қарсы еместігін анықтап алғаныңыз жөн.

6.Телефонмен сөйлесу кезінде тамақ жемеңіз, сағыз шайнау мен қағаз шықырлату да әдепсіздік белгісі екенін ұмытпаңыз.

7.Аса қажеттілік тумаса, әңгімелесушіңіздің сөзін бөлмеуді үйреніңіз жөн.

8.Егер сізге сізге қоңырау шалған кісі нөмірден қателесіп кеткен болса, ашу шақырып, дауыс көтермеңіз , сабырмен жауап беріңіз.

9 Бірнеше қоңырау барғаннан кейін , қарсы жақ телефонға жауап бермесе , тұтқаны орнына қойғаныңыз дұрыс.

10. Айналаңыздағы адамдарға кедергі келтіретіндей қатты сөйлемей ,әдепілік сақтаңыз.



№

Критерийлері

1

2

3

1

жалпы мазмұнын түсіну үшін және нақты ақпаратты табу үшін оқиды

жалпы маз –

мұнын бірша-

ма түсіне-

ді

оқылым мәтінін-дегі ақпа- ратты қолда-нып, мәтіннің мазмұнын толық түсінеді, Мәтіндегі сөздердің мағына-сын ажырата-ды, салысты-рады;


жалпы мазмұнын толық түсінеді, нақты ақпаратты табады.

Өз ойын ұсынады, дәлелдейді және бағалайды.

2

Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрады

мәтінге сәйкес қарапа-йым жоспар құрады

мәтінге сәйкес қарапа-йым жоспар құрады , салысты-рады

мәтінге сәйкес қарапайым жоспар құрады, са-лыстырады,

редакциялай

ды , жинақы мәтін жаза алады









http://www.qazaquni.kz/2016/03/10/48304.html

































Сабақтың соңы

3 мин


Рефлексия.


Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат

Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспект

Бүгінгі сабақта маған ұнаған 1 іс-әрекет








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
1146
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі