400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Телекоммуникация желілері және коммутация жүйелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге,лекция жинағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Цифлы телекоммуникациялық желі

 

Дәрістің  мақсаты: PDH плезиохроды және SDH синхронды цифрлы иерархиялы цифрлық телекоммуникациялық жүйе түрлерімен танысу.

Аналогты тарату жүйелерін ойлап табу және оларды жетілдіру өз кезеңінде байланыс техникасында үлкен рөл атқарды. Бірақ аналогты техниканың соның ішінде арна түзуші аппаратураның әрі қарай дамуы қазіргі кезде бәсеңдеді. Себебі шекті және экономикалық тұрғыдан толығымен ақталған параметрлер толығымен алынған және оларды әрі қарай жетілдіру қиынға соғады. Цифрлық арна түзуші аппаратураға өту теориялық алғы шарттар мен техникалық мақсатқа сәйкестіліктің нәтижесі болып отыр.         Цифрлық арналар амплитудалық-жиіліктік бөгеуілдер мен бұрмаланулардың жоқ болуымен сипатталады, себебі байланыс жолы бойымен өткен кезде бұрмаланатын импульстердің параметрлерін қалпына келтіру үшін регенерациялау қағидасы қолданылады. Бұл ұзындығы үлкен болатын жоғары сапалы байланыс арналарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жаңа, үнемі жетілдірілетін элементтік базаның арқасында арна түзуші аппаратура неғұрлым қарапайым, ал оның блоктары кішігірім және әмбебап болды. Тарату жүйелерінің өздері көп баптауды талап етпейді.

        Цифрлы жүйелер таратушысы белгілі бір иерархия арқылы құрылады: біріншілік есебінде 2048 кбит/с тарату жылдамдығы қабылданды. Бұл 30-арналы топ 32 арналы интервалымен ОЦК 64 кбит/с тарату жылдамдығын қабылдайды. Кодты топтың разрядталуы  8-ге  тең деп таңдалды. Онда біріншілік цифрлық ағынның тарату жылдамдығы:

                                      64·10 ·32 = 2048 кбит/сек

 

 Келешекте ағын жылдамдығын жоғарылату үшін 4-ке тең қысқарту коэффициенті таңдалған. Бұл цифрлы тарату жүйесін құру негізінде екілік алып тастау жүйесімен ЦТЖ  түсіндіріледі.

ЦТЖ құруы цифрлық ағынның төменгі қатардың жоғарғы цифрлық ағындарға қосылу негізінде пайда болады.

                          11 сурет – Ағындар жиынтығы

 

 Қазіргі таңдағы біріншілік тізбек үш технология бойынша құрылуы мүмкін:

  PPH- плезаохронды цифрлық иерархия;

  SDH- синхронды цифрлық иерархия;

  (SONET- бұл солтүстік Америкалық эквивалент SDH );

  ATM- синхронды таратушы режим.

 Әлемдік тәжірибеде біріншілік желіні құрудың 3 қағидасы бар (3 жылдамдық стандарты бар):

  - солтүстік Америкалық (АҚШ, Канада);

  - жапондық;

  - еуропалық және оңтүстік америкалық.

 

                12 сурет – Жылдамдықтың стандарттары

 

 Әрбір иерархиялық қадамда тәуелсіз жұмыс істейді, сондықтан да синхронды құрылғыға міндетті түрде синхросигналдарды енгізу қажет, олар қабылдағанда төменгі деңгейдегі ағындарды дұрыс орнықтырады.

PDH технологиясының  кемшіліктері:

- кезеңдік пунктерде енгізу/шығу цифрлық ағындардың күрделі болуы;

- желіде автоматты басқару және тексерудің болмауы;

- көп қадамды қалпына келтіру синхромы көп уақыт алады;

- үш түрлі иерархияның болуы.

Төменгі қатардағы ағындарды енгізу/шығуының қиын болуы, Е1 ағынына Е3 ағынынан алынуында  міндетті түрде қадамдық мультиплекстеу. Бұл теңестірілетін КСС импульстері қосылғанда, 2 Мбит/с ағынның шығуын немесе ОЦК 64 кбит/с Е4 ағыннан 140 Мбит/с шығуын болдыртпайды.

Құрылғы пунктінің көлемі екі аяқталған станса көлеміне тең.

SDH технологиясы цифрлық құрылымының  жиынтығы болып анықталады, анықталған көлемдегі ақпаратты тасымалдау мақсатында стандартталған және ақпаратты тасымалдағанда комплексті, бақылаушы және басқарушы функцияны қосқанда  үрдіс ретінде қаралады.

SDH тасымалдау жүйесі  PDH цифрлы ағындарының түрлі стандарттары мен деңгейлерін тасымалдауда, тағы да кеңжолақты сигналдармен, электрбайланыстың жаңа қызметін енгізуімен байланысты есептелінген.

 

              13 сурет  –   Е1 ағынының  Е4 ағынынан шығуы

 

  SDH – артықшылықтары:

- пайдалы және созылмалы желі байланысын ойластыру;

- түрлі деңгей сигналын негізгі демультиплекстеу сигналынсыз анықтауға болады;

- стандартты интерфейстер әртүрлі фирма құрылғыларын біріктіре алады;

- бір орталықта болса да желіні жақсы басқарады.

SDH-тың әр деңгейінде тасымалдаушы  жылдамдығының топтық сигналы және циклдер структурасы стандартталған.

STM-1 өзімен ақпараттық салмақ алып жүреді, мысалы Е4 ағыны жылдамдығы 140 Мбит/с  және қосымша сигналдар  бақылау функциясын қамтамасыз ететін басқару, қызмет көрсету, сондықтан да жылдамдық 155 М бит\с өседі.

 

 4.1 кесте – SDH берілісінің жылдамдығы

SDH деңгейі

Беріліс жылдамдығы

STM-1

155,520 Мбит/с

STM-4

622,080 Мбит/с

STM-8

1244,160 Мбит/с

STM-12

1866,240 Мбит/с

STM-16

2488,320 Мбит/с (2,5 Гбит/с)

STM-64

9953,280 Мбит/с (10 Гбит/с)

STM-256

39813,120 Мбит/с (40 Гбит/с)



 

  Өте жоғарғы деңгейдегі STM-N сигналының сызықты жылдамдығы Nх155,52 Мбит/с  болатын құрылғылар санына  тең.

          SDH желісінде мультиплекстеудің күрделі технологиясы, синхрондаудың қажеттілігі өсті,  қолдану әдістері мен  өлшеу технологиясы PDH-қарағанда күрделілеу.

STM форматы.  STM-1 кестесі 9 қатар және 270 тізбектен тұрады. Әрбір 64 Мбит/с таратушы жылдамдығына сәйкес келеді, ал бүкіл кесте  9·270·64= 155520 кбит/с . Алғашқы 9 тізбек қызмет сигналдарына алынған.

                    9                                               261

3

RSOH


1

PTR

    жүктеме






5

MSOH





 

14 сурет – STM форматы

 

          SDH  желісінің даму процесінде құрастырушылар қатар шешімін қолдануы мүмкін, сипаттамалық, жаһанды желі үшін, өзінің қаласының (backbone) құрылуын немесе магистральды желінің ұялы түрдегі альтернативті маршрутты құрастыруға мүмкіндік беретін, негізгі жолдағы  виртуалды контейнерлер маршрутталмаған кедергілер пайда болғанда қолданылады. Альтернативті маршруттарды резервтеу кезінде сигналдардың таралуы альтернативті ортада қолдануы мүмкін. Мысалы: негізгі маршрутта ВОК қолданса, резервте РРЛ қолданылады.

 

5 дәріс. Телекоммуникация желілері және коммутация жүйелері

 

Дәрістің мақсаты:  негізгі терминдермен танысу, стандарттау телекоммуникациясындағы институттармен танысу

 

«Телекоммуникация» терминінің мағынасы әлі толық ашылған жоқ. Көптеген жылдар оның мағынасы «электрбайланыс» немесе «алыс байланыс» болып келеді. Желі технологиясының дамуына қарай  ол сөздің мағынасы кеңейді, қазіргі таңда тасымалдаушы және таратушы әдістерін әртүрлі ақпараттар (сөздер, факсті және мультимедиялық) кабельдер арқылы, оптикалық-талшықты, радио, жерсеріктік және басқа да байланыс түрлері жатады. Байланыс құрылғыларының параметрлері, жасалынатын, құрастырылатын және барлық  елдерде қолданылатын және де электрбайланыстың дамуын анықтау жөнінде дүниежүзілік деңгейде – халықаралық электрбайланыс ұйымы (ХЭҰ) шешеді. ХЭҰ стандарттаушы ұйымы стандарттаушы электрбайланыс секторы ХЭҰ -Т, Т-әрпі телекоммуникация сөзін білдіреді.  1865 жылы 17 мамыр күні 20 мемлекет алғашқы халықаралық телеграфтық байланысқа сәйкес қол қойды. Сөйтіп, халықаралық телеграфтық ұйым орнады. Осы күн ХЭҰ-ның құрылған күні болып есептелінді. 1885 жылы  Халықаралық телеграфты ұйым  телефондық байланыс облысындағы басқаруға байланысты өз жұмысына кірісті. Еуропалық телекоммуникациялық стандарттар институты 1988 жылы құрылды. ETSI- негізгі мақсаты – жалпыеуропалық телекоммуникациялық стандарттар құрастыру. Бұл стандарттар халықтық электрбайланыс жүйесін біріктіріп, өз кезегінде жұмыс атқарып жатыр.

Халықаралық электрбайланыс ұйымы негізгі стратегиялық мақсаты болып жаһанды ақпаратты құрылым жасау, соның арқасында жаһандану байланысы пайда болады. Жаһандану байланысы -  бұл бүкіләлемдік желі байланысы, осы байланысқа халықтық желілер қосылады. Осыған орай әр абонент кез келген уақытта өзіне керекті байланыс желісінде қосыла  алады.

 Қазіргі таңдағы ақпараттық технологиялар біздің өмірімізде үлкен рөл атқарады. Инфокоммуникация термині  пайда болды.

 Инфокоммуникация – жаңа термин, ақпараттық және телекоммуникациялық элементтердің өзара ажырамас бөліктері екенін көрсетеді де әрі қарай бір-бірімен әсерлесе отырып дами береді. Инфокоммуникациялық желілер бір жағынан электрбайланыс желісі арқылы болса, екінші жағынан болашақта есептеу желісі немесе бір жүйеге келтіруде дами береді. Мысалға келтірсек, ақпараттық желінің классикалық құрылымы, яғни есептеу желісі, басқа да телекоммуникациялық желілер секілді негізгі компоненттерді құрайды: абоненттік жүйелер (терминалдар) өздерінің желі басқармасын транспорттық желімен байланыстырушы, деректер қоры мен басқару жүйесін   көрсетеді. Оған қоса, ақпараттық желі, ашық жүйелерді байланыстыратын, оларды ашық ақпаратты желі деп атауға болады. Соған орай, барлық қазіргі таңдағы электрбайланыс желілері. Х.200 «Этолонды модельді ашық жүйелер әсерлесуі» стандарты бойынша ашық жүйе теория қоры жасалынады, ол  ISO-да 1984 жылы кабылданды.

  ХХІ  ғасырда цифрлық мультисервистік желі NGN-нің қарқынды дамуы, «әрқайсысының әркіммен көпбайланысы»  пародигмасын іске асырушы және қазіргі беріліс желісі мен қорлар жүйесін реттеу қағидаларына  негізделген. Сөзсіз, көзге көрінетін болашаққа байланыс жабдықтарының анықтайтын фактормен соңғы одан әрі технологиялық дамуларды жасайды. Желі - ол өте күрделі жүйе, көптеген түрлі компоненттерден тұрады: компьютерлер, концентраторлар, жүйелік қолданбалы  бағдарламалық  қамтамасыз  ету және т.б. Жүйелік интеграторлар және желілердің әкімшілерінің негізгі жұмысы болып, бұл жүйеде ақпараттар ағынында жұмысты жақсы атқарып, қолданушыларына олардың қолданбалы есептерін шешуге рұқсат береді. Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету қызметке желі қарайды, желі басқа қолданбаны бағдарламамен қамтамасыз ететін байланысқа арналған. Бұл қызмет желіаралық айырбас механизмі болып табылады.

Желілік технология - бұл келісілген стандартты ережелер жиынтығы және бағдарламалық - аппараттар құрылғысы (мысалы, желілік адаптер, драйверлер, кабельдер және тіркеуіштер), есептеу желісінің құрылғысы үшін жеткілікті.

 Ерекше түрлері және соған тиісті электрбайланыстағы қызметтері хабарлама жіберудің белгілі түріне жатады: телефонды, телеграфты, факсимильді, теледидарлы, бейнетелефонды мәліметтер т.б. Құрылғылар жиынтығы сигналдарды жіберу/қабылдау электрбайланыс және таралу ортасының сигналдарын электрбайланыс және телекоммуникациялық жүйелер деп аталады.  Телекоммуникациялық жүйелердің жиынтығы,  аймақтық қағидасына біріккен, бағыныштылық электрбайланыс желісі немесе телекоммуникациялық желі деп аталады.

 

5.1 кесте

Телекоммуникациялық желінің түрлері

Қызмет көрсету түрлері

Ақпараттарды көру түрлері

Телефондық желі

Интерактивті қызмет

Тек дауыстық ақпарат

Радиожелі

Кеңарналы қызметтер

Тек дауыстық ақпарат

Теледидарлы желі

Кеңарналы қызметтер

Дауыс және сурет

Мәліметтерді жіберу желісі (компьютерлі желі)


Алфавитті-цифрлы байланыс

 

 Кез келген байланыс желісі байланыс тораптардың жиынтығын, шеткі пункт және байланыс жолын көрсетеді. Желінің негізгі функциясы болып хабарламаның берілген мекен жайға жеткізілуі, сонымен қатар жіберілу жылдамдығы бойымен қажетті сапалық көрсеткіштері қамтамасыз етілу қажет немесе жеткізілу уақыты, сенімділігі және бағасы.

Телекоммуникациялық желіге төмендегідей негізгі элементтер кіреді:

- СРЕ (Customer Premises Equipment) қолданушылық құрылғыларымен (терминдік құрылғыларымен - ТҚ, соңғы пункт - СП, абоненттік пун - АП) сонымен қатар, телефондар, факстар, компьютерлер, модемдер т.с.с., қолданушыларға қолданушы құрылғы ретінде анықталған.

- Желі торабы (network node) қолдайды және уақытша қосылуларды қарсы жақтағы қолдап отырады.

- Желілік тораптар кірістік порт (input port) арқылы трафиктерді қабылдайды, олардың қайда бағытталғанын анықтайды (негізгі заңға немесе теру заңына сүйене отырып), сонымен қатар шығыстық порт (output port) арқылы трафиктеді шығарып отырады. Барлық трафиктердің бағытын тағайындалған нүкте  арқылы анықтау оңайға түседі, сол  желілік торапта олар жаңартылып отырады. Трафиктерді бағытталуының көптеген нұсқалары бар.

Қолданушы құрылғылар желілік тораптармен интерфейстер жолымен қолданушы-желі (UNI, user-network interface). Көмегімен қосылады.

Желілік тораптар интерфейстер жолымен желілік тораптар (NNI, network node interface) қосылады. Олар бір-бірінен жылдамдықтары арқылы тұтынушы қолануымен анықталады.

Желіаралық интерфейіс түрлі желілік элементтер арасындағы қатынастарды (коммутаторлар, маршрутизаторлар) түрлі желіастына кіретін интерфейстерді анықтайды.

 

 

                         15 сурет – Желі топологиясы

 

Желі топологиясы – бұл оның элементтерін қосу топологиясы. Қазіргі байланыс желілерінің негізі сымды жолдар құрайды, электрлік және оптикалық кабельдерден жасалған және радиожолдан тұрады. Желілік технология физикалық және логикалық байланыс территория арасындағы қашықтатылған желілік тораптардан және көптеген әртүрлі конфигурациялар тудырады.

1.Толық байланыстырылған (Ұяшықтар). Көптеген торапаралық қосылыстардан. Толық байланыстырылған желі әрбір торап барлық басқа тораптық желілермен байланысқан, бұл желіде жоғарғы сенімділікті қажеттілік болады, бірақ аздаған желілік ресурстарды қажет етеді, ол оның қолданылуын қиындатады.

2. Тораптық конфигурация. Қалалық телефондық желі (ҚТЖ).

3. Жұлдызша. Барлық құрылғылар орталық хабтарға қосылған. Тораптар  бір-бірімен ақпараттарды хаб арқылы жібере отырып қосылған.

4. Екілік жұлдызша. Зоналық телефондық желі, ЛВС Ethernet.

5. Сақина. Әрбір құрылғы басқа екеуімен қосылып, тұйықталған сақинаны түзеді. ҚТС, SDH, абоненттік кіру желісі, ЛВС FDDI.

6. Екі еселенген сақина. Әрбір құрылғы басқа екі еселенген құрылғылармен, тұйықталған сақина түзе отырып қосылады. ҚТС, SDH, абоненттік кіру желісі, ЛВС Token Ring.

7. Жалпы шина. Барлық құрылғылар орталық кабельге, шина (bus)  немесе магистраль (backbone) деп аталған жолға қосылады, ЛВС Ethernet.

8. Ағаш тәрізді. Телефондық желі, ЛВС Ethernet.

Магистральды жол осы іске қосылған желідегі желі тәріздес құрылымды құрайды: әрбір желілер тораптары арасында, ары кеткенде екі-үш қосылыстар жолы бар.  Бұл желінің жоғары тиімділігін және шығындылығын қанағаттандырады. Зоналық желілер радиальды тораптық топологиялы болады, оларға АТС-тер үшін бір-бірімен қосылу қағидасы қосылады, абоненттердің жұлдызша  арқылы қосылуы, тораптарды айнала қосылу радиустарды қия отырып қосылуы болады. ТОҚТА атты қағида жаңа сақина құрылымы бағытында жетілдіріліп келеді, әсіресе жаңадан тұрғызылған телекоммуникациялық құрылымдарда – локальді желілерде.

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
2281
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі