Материалдар / Темекі тартқаның - өміріңді құртқаның
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Темекі тартқаның - өміріңді құртқаның

Материал туралы қысқаша түсінік
5-9-сынып жетекшілеріне арналған тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2018
478
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстанудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, шынайы болмысын іздеуіне үйрету.

Көрнекі құралдар: тақырып жазылған қағаз, оқушылар салған суреттер


1-оқушы: Темекінің шығу тарихы – темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең тек жайған мезгіл – Петр І патшалық еткен кез.

2-оқушы: Үндістер меңдуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танау арқылы ішке тартып соған мас болған. Олар оны «табако» деп атаған екен. 1560 жылы Француздың әйел патшасы Екатерина Медичиге басының сақинасы ұстағанда дәрі - дәрмек ретінде берілгенде баршаның қызығушылық құмарлығын тудырған. Әуелгіде емдік шөп ретінде қолданылған. Ресейге саудагерлер арқылы келген.

1-оқушы: Дүниежүзілік «Денсаулық сақтау» ұйымының мәліметі бойынша 2007 жылы темекінің зардабынан қайтыс болатындар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Темекінің шоғы 300 градусқа жеткенде оны сорған адамның аузының температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазан қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді.

2-оқушы: Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады.

1 - оқушы: Темекінің зияны туралы не білеміз?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша темекі тарту зардабынан жыл сайын 5 миллион адам қайтыс болады екен. 2027 жылы темекі зардабынан қайтыс болғандар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Соңғы уақытта темекі тартатындар арасында көмейдің қатерлі ісігі 6 - 10 есе, өңештің ісігі 2 - 6 есе жоғары. Бір түйір темекі тартқан адам 0, 4 - 3, 5 мг улы никотин қабылдайды да өз өмірін 15 минутқа қысқартады.

2 - оқушы: Темекіден ауаға жылына 720 000 тонна күкірт қышқылы, 384000 тонна аммиак, 180000 тонна никотин, 660 000 тонна темекі майы, 550000 тоннадай иісті газ шығады. Темекі кез - келген ауруды ушықтырады, жүйке қызметін бұзады.

1- оқушы: Салмағы 1 мг темекіде 10 - 15 мг никотин болады. Темекі шоғының қызуы 300 градусқа жетеді. Оны сорғанда ауызда 60 градусқа дейін температура пайда болады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазанның шырышты қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді. Темекі шеккен адам темекі шекпеген адамнан 10 - 15 жыл аз өмір сүреді.

2 - оқушы: Бір данышпан темекі туралы сұрағанда «мен темекінің үш жақсы жағын білемін» депті:


Біріншісі, темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді.
Екіншіден, темекі шеккен адамды ит қаппайды.
Үшіншіден, шылымқор жан мәңгі жас болып көрінеді.
Мұны дәлелдеп беріңіз дегенде:

... Темекі тартқан адам түнімен күркілдеп жөтеліп шығады. Түнде келген ұрылар болса үйде ояу адам бар екен ойлап, кері қайтады. Көп жөтелген адамның белі бүгіліп, ерте таяқ ұстауға тура келеді. Таяқ ұстаған адамнан қабаған ит те жасқанады. Темекіні көп тартқан адам ерте қайтыс болады. Мәңгі жас болып өтеді дегенім осы,- деген екен.


1-оқушы:

Қазір сіздерге өздеріңдей бір оқушының өзінің құрастырған ертегісін ұсынғым келіп отыр.

Темекінің дос іздеуі

Баяғы бір заманда темекі өмір сүріпті. Ол өте өзімшіл екен. Онымен ешкім дос болғысы келмейді. Содан ол өзіне дос табуға сапарға шығады. Ол миға кездесіп, өлеңдетіп:

Ашуыңды басатын,

Көңіл -күйіңді ашатын

Темекі деген мен болам.

Менімен дос болуға қалай қарайсың?

- Дос болғым-ақ келеді бірақ сенімен дос болсам қанайналымым төмендейді, мінез-құлқым да өзгереді. Сондықтан да мен сенімен дос бола алмаймын депті.

Сонда темекі:

-Дос болмасан болмай-ақ қой! –деді де ауыз қуысына барады.

Өлеңдетіп:

Ашуыңды басатын,

Көңіл- күйіңді ашатын

Темекі деген мен болам.

Менімен дос боласың ба? –деді темекі.

- Жоқ мен сенімен дос болғым келмейді. Сен менің тістерімді құртасың – дейді.

Темекі мысқылдап, сенен де басқа дос табылады- деп жолға шығып кетеді.

Жолда келе жатып, Өкпені көріп, тоқтай қалып өлеңдете жөнеледі:

Ашуыңды басатын,

Көңіл -күйіңді ашатын

Темекі деген мен болам- деп, мақтанды темекі.

-Менімен дос болуға қалай қарайсың?

- Жоқ, мен сенен зиянды көп көремін. Сенің түтініңнің бір тамшысы жылқыны өлтіруге күші жететін никотин бар. Тіпті мені де қатерлі ісікке апарасың. Дүниежүзінде әр бір минут сайын бір темекі шегетін адам қайтыс болады. Кешір, депті өкпе.

Туф-деп, өңі бұзылып, темекі жүрекке барады.

Жүректі көре сала темекі өлеңдете жөнелді.

Ашуыңды басатын,

Көңіл- күйіңді ашатын

Темекі деген мен болам.

-Менімен дос болуға қалай қарайсың?

-Жоқ, кешір мені сенімен дос бола алмаймын. Сен өзімшілсің және сенен маған зиян келеді, тез қажимын, жылдам істен шығамын, ақыр соңында өмір сүруім тоқтайды- депті жүрек. Сондықтан да сенімен дос бола алмаймын.

Темекі жолда діңкесі құрып келе жатып, теріні көре сала қуанып, өлеңдете жөнеледі:

Ашуыңды басатын,

Көңіл -күйіңді ашатын

Темекі деген мен болам-деп өзін мақтай бастайды.

-Өкінішті- ақ, бірақ сенімен дос бола алмаймын-депті. Сенің кесіріңнен өз жасымнан үлкен көрінемін, әжімдер көбейіп тез қартайамын. Сондықтан да жөніңе жүре бер- депті тері.

Темекі бәріне ренжіп келе жатып, адамға жолығады.

«Ей, адамзат сен мені қасыңнан қалдырмай, досың ретінде еріте аласың ба?»- деп жалына бастайды темекі.

-Жоқ. Сен бәріне де зиян келтіресің. Көрдің бе, сенімен ешкім де дос болғысы келмейді. Мен өз таңдауымды жасадым, сенің орның қоқыста!- деп адам оны лақтырып жібереді.

Енді, осы ертегіні түсінгенімізді байқау үшін мына тапсырманы орындаймыз. Берілген суреттерді ертегі мазмұнын сай рет-ретімен орналастырамыз.


Сұрақтар:

  • Бұл ертегіден қандай ой қорытар едің?

  • Зиянды әдеттерге қарсы сіздің де өз ойлаған жоспарыңыз, ізденіс жұмыстарың бар ма?

  • Зиянды әдеттерге жол бермеу туралы достарыңа айтар ұсыныстарың қандай?


  • Адамдарды алкогольге, темекіге итермелейтін не нәрсе деп ойлайсыңдар?

  • Ішімдік пен темекі адам өміріне тигізетін зияны туралы не айтар едіңдер? Мысалы?

  • Ерік-күші әлсіз, рухани дүниесі таяз адамдар әркез осындай әрекеттерге барады, кейін өкініп жатады, бұл дұрыс па?

  • Осындай әрекеттер адамдық қалыптан айырады деген сөзге келісесіңдер ме? Неліктен?


Қорытынды.

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, Үшеуімен бақытты болады өмір» дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау – міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын ұстан. Сондықтан жас кезден денсаулықты сақтап, темекіге әуестенбей, темекі шегушілерден бойды аулақ ұстап жүрген дұрыс.

Ей замандас, алдыменен досыңды ұқ.

Досың спорт, таза ауа, өсімдік.

Ала жүріп, осылардың сыйлығын –

Жаңа ғасырға біз берейік көріктік. 

«Денсаулық – зор байлық» демекші, денсаулығымыздың өзіміздің қолымызда екенін әрдайым есте сақтайық. Сен өз өміріңнің қандай болғанын қалар едің?..


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!