Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Темір және оның қосылыстары(10 - сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар: темірдің периодтық жүйедегі орнын және физикалық қасиетін түсінеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Сынып: 10 «б»

Қатысқандар саны:14

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы

Темір және оның қосылыстары (темірдің оксидтері мен гидроксидтері (II, III).

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар: темірдің периодтық жүйедегі орнын және физикалық қасиетін түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: мәтінмен жұмыстанып темірдің(І, ІІ валентті) оксидетері мен гидроксидтерін салыстыра отырып постерге түсіреді.

Кейбір оқушылар: темірдің қосылыстарына есептер щығарып, химиялық қасиетін талдайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар: темір элементінің ПЖ орынын, физикалық қасиеттерін, қосылыстарына жеке – жеке тоқталып, есептер шығару дағдылары қалыптасады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: периодтық кесте, постер, үлестірме материалдар

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: сұрақ, жауаптар, жұптастыру, топтық жұмыстар

Талқылауға арналған тармақтар: темір – темірдің (І,ІІ) оксидтері – темірдің (І,ІІ) гидроксидтері және олардың физикалық, химиялық қасиеттері




Жазылым бойынша ұсыныстар: мәтінмен жұмыс, жұптық жұмыстар,тапсырмалар

Алдыңғы оқу


Қайталау: Хром және оның маңызды қосылыстары

Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған

жаттығулар, ескертпелер

Ресурстар


Басталуы

1.Ұйымдастыру – 1мин


2. Топқа бөліну- 2мин











3.Үй тапсырмасы-5мин











Оқушылармен амандасу, түгелдеу


Ширату жаттығуы “Сиқырлы сандар”

Оқушыларға сандар беріледі (56, 26, 8)

Оқушылар сандарды таңдау арқылы, бірдей сандар бір топқа орналасады:

І-топ 56-сандары

ІІ-топ 26 сандары

ІІІ-топ 8 сандары

Оқушылар қалай ойласыздар бұл сандар нені білдіреді?

Периодтық жүйеден бұл сандарды тауып ол қандай элементті сипаттайды?


Жаңа сабағымызды бастамас бұрын үй тапсырмасына

Сұрақтары бар қорап” әдісі арқылы жауап берейік.


Хром және оның маңызды қосылыстары

  1. Хромның ПЖ – орныны сипаттама

  2. Хромның (ІІ,ІІІ,VI) оксидтеріне сипаттама

  3. Хромның химиялық реакциялары

  4. Хромның маңызды қосылыстары

  5. Хромның қолданылуы


Орындарынан тұрады


56 26 8

сандары







Оқушылар үй тапсырмасына жауап береді.

Ортасы


Жаңа сабақ - 15 мин

(топтық тапсырмалар)-































Бекіту сұрақтары: 10 мин


Жаңа сабағымыздың тақырыбын топқа бөлінген кезде байқыдыңыздар. Жаңа сабақты «Темір және оның маңызды қосылыстары».

Мәтінмен жұмыс жасау арқылы Айналмалы бекет әдісі” бойынша талқылайтын боламыз

Мақсаты: басқа біреулердің идеяларын құру, тақырыпты немесе сұрақты белсенді және енжар толықтай талқылау.

Әр топты бекетке орналастырып, тақырыпты талқылауға және ойларын қағазға жазуға 7 мин беріледі. Уақыт аяқталғанда топ басқа бекетке ауысып, алдағы топтың жұмысын жалғастырады. Ауысу әр 7 мин сайын болып тұрады. Әр топ барлық позицияларда болып шыққанға және барлық топтардың ойларын ойлап шыққанға дейін жалғаса береді. Тапсырманы орындап болғаннан кейін жаңа тақырыпты талқылап, топтар бір-бірін бағалайды.


1 – топқа: Темірге жалпы сипаттама

2 - топқа: Темірдің (І,ІІ) оксидетіне сипаттама

3 – топқа:Темірдің (І,ІІ) гидроксидетіне сипаттама


Топтар бір-бірін “Қаржыландыру әдісі” арқылы бағалайды.


200 тг- анықтамаларды айта алды

500 тг- мәліметті айта алды, түсініктеме бере алды

1000 тг- мәліметтерді айта алды, сұрақтарға жауап бере алды

2000 тг- мәліметті айта алды, қалған топты толықтырды

5000 тг- мәліметті айта алды, оған мысал келтіре алды

10000 тг- мәліметті тұжырымдай алды


3 – топқа темірге байланысты есептер беріледі.

  1. темірдің қышқыл ерітінділерімен әрекеттесу реакцияларының электрондық теңдеулерін жазыңдар.

  2. Екі валентті металдың 2,8 грамы қышқылмен әрекеттескенде 1,12 л сутегін түзсе, ол қай металл болғаны?

  3. Массасы 18 г мыс пен темірден тұратын қоспа 8,415 л хломен әрекеттесе алса, бастапқы

қоспаның құрамы қандай?



Мына айналуларды жүзеге асыру реакция теңдеулерін жазу:

Fe →FeS → H2S → SO2 → K2SO3 → SO2 → SO3 → CaSO4 → BaSO4

Fe →FeCl2 →Fe(OH)2 →FeO →Fe


Топтар бір – бірін смайликтер арқылы бағалайды.


  • Есепті толық шығара алды.


  • Есептің бір бөлігене қате кетті



  • е септе екі немесе одан да көп қате кетті






Айналмалы бекет” әдісі



Оқулық,


Периодтық кесте


Постерге берілген тапсырмалары бойынша түсіреді


Қағаз, фломастер










Оқулық

Жұмыс даптері










Айналуларды жүзеге асырады















Аяқталуы

Кері байланыс: 5мин









Үй жұмысын беру

Бағалау – 2 мин

Рефлексия «Бес саусақ» тәсілі

Оқушылар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:

Бас бармақ- неден қиналдым?

Балалы үйрек- кімге көмек бердім?

Ортан терек- көңіл күйім?

Шылдыр шүмек- қандай жетістіктерге қол жеткіздім?

Кішкентай бөбек- не үйрендім?


Темір және оның маңызды қосылыстары






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
1095
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12