400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Темір және онық қосылыстары, 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспарымен бөліскім келеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Темір

Зерттеу сұрағы: Темірдің пайдасы мен зияны, қолданысы.

Мұғалімнің аты-жөні:

Абдулла Жанар

Күні:

СЫНЫП: 10


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Темірдің физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттау; табиғатта таралуы мен алынуын, қолданысын хабарлау


Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Темір, пирий, магнетит, және оынң ағылшын тіліндегі атаулары


Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Математика, биология.

Алдыңғы оқу

Хром элементіне жалпы сипаттама

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы:

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Сәлемдесу.

Топқа бөлемін : темірдің маңызды қосылыстары арқылы топқа бөлінеді.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Әнді жалғастыр!»

Мақсаты: қатысушылардың көңіл-күйін көтеру, жағымды эмоция туғызу.

Нұсқаулық: «Сіздерге бір өлеңнің 1 – жолын айтамын, ал сіздер келесі жолын айтасыз, ал келесі көрші топ 3-4 – жолын әнмен жалғастырады. Кейін жүргізуші басқа өлең бастағанда 3 – топ өлеңнің 2 – жолын айтады, ал 4 топ 3-4 жолын айтады. Ойын шеңбер бойынша жалғасады. Соңғы әннің соңы 2 жолын барлық топ орындайды».

1. «Әрқашан күн сөнбесін» (4 жол)

2. «Анашым» (4 жол)

3. «День рождения» (4 жол)

4. «Жан досым» (4 жол)



Магнетит пен гематиттің суреттері арқылы топтарға бөлу.










«Әнді жалғастыр!»

Тренинг.

Жаңа білім

10 минут







Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Темір туралы не білесің?

«Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)

  1. Темірдің жалпы сипаттамасы

  2. Темірдің физикалық және химиялық қасиеттері

  3. Темірдің алынуы мен қолданылуы

  4. Темірдің қосылыстары







Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут







Қолдану

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.

Темірдің таралуы мен маңызы 
Темір табиғатта кең таралған элемент. Ол металдар арасында табиғатта таралуы бойынша алюминийден кейінгі орында тұрады. Ол ертеде «Аспан тасы» деп аталған Темір негізінде метеориттердің негізгі құрамында болады. Темірдің жер қыртысындағы үлесі 4,7 пайыз. Темір таза күйінде өте сирек кездеседі. Көбінесе ол кеннің құрамында болады. 
1) Магнитті теміртас Fe3O4 
2) Қызыл темір Fe2O3 
3) Қоңыр теміртас 2Fe2O3*3Н2О 
4) Шпат теміртас (сидерит) FeСO3 
5) Темір колчеданы (пирит) FeS2 
Құрамында Темір кенінің ең үлкен қоры Рудный темір кені бассенінде және орталық Қазақстанда, және Қостанай өңірінде көптеп кездеседі. 
Алынуы. 
Көбінесе, таза темір емес оның қорытпасынан шойын алады. 
Өнеркәсіпте темірді оның оксидтерін 1.сутекпен, 2.алюминиймен, 3. көміртек(ІІ) оксидімен тотықсыздандырып алады.
1. Fe2O3+3Н2---2 Fe+3Н2О 
2. Fe2O2+Аl--- АlО3+ Fe 
3. Fe3О4+С--- 3 FeО+СО 
* FeО+СО--- Fe+СО2 
4. 4 FeS2+11О2---2 Fe2О3+8SО2 
Fe2О3+Н2---2FeО+Н2О 
FeО+СО---Fe+СО2 
Физикалық қасиеттері 
Темір-жылтыр, күмістей ақ түсті металл, оның тығыздығы-7,87г/см куб. Балқу температурасы+1539 градустан жоғары. Қаттылығы-4,6, ол І-ІІІ топ металдарынан қатты. Темір иілгіш, созылғыш, оңай магниттелетін және оны оңай жоғалтатын қасиеттері бар. Техникада кеңінен қолданылатын металл. 
Темірдің химиялық қасиеттері 
Темірдің химиялық реакцияларда 2н/е 3 электрон беріп, өзінің тұрақты қосылыстарында +2,+3тотығу дәрежелерін көрсетеді. 
1. Темір жай заттармен әрекеттеседі. 
2 Fe+3Сl2--- 2 FeСl3 
Fe+S--- FeS (қыздырғанда) 
3Fe +С---Fe3С (цементит) 
2 Fe+N2---2 FeN 
2. Темір күрделі заттармен әрекеттеседі 
1.Fe+Н2О--- Fe О+Н2 
2. Fe+НClc--- FeCl2+H2 
3.Fe+H2SO4 k---Fe2 (SO4)3+ 3SO2+6H2O 
4.Fe+HNO3---Fe (NO3)3+NO2+3H2O 
5.Fe+CuCl2---FeCl2+Cu 
Ж) Темірдің қосылыстары 
1.Темірдің оксидтері FeO,Fe2O3 
2.Fe(OH)2, Fe(OH)3 
Е) Темірдің қолданылуы 
Ж) Темірдің адам өміріндегі маңызы 17

Әр топқа деңгейлік тапсырмаларды тест түрінде беріледі.

Топ жетекшілеріне топ мүшелерін бағалау үшін критерийлер беріледі.Оқушылар тест шешіп, критерий арқылы топ жетекшісі топ мүшелерін бағалайды, топ жетекшісін топ мүшелерінің бірі бағалайды.

Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

Топтық жұмысқа арналған ресурстар

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу

Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Сабақты қорытындылау 

1. Қанға қызыл түс беретін химиялық элемент. 
а) темір ә) мыс б) алюминий 
2. Меккедегі темірдің қалқып тұруы неге байланысты? 
а) иілімділігіне ә) қаттылығына б) магниттілігіне 
3. Темір периодтық жүйеде қай топта орналасқан? 
а) VIII топтың негізгі топшасында 
ә) VII топтың қосымша топшасында 
б) VIII топтың қосымша топшасында 
4. Темір күкіртпен әрекеттесіп, қандай зат түзеді? 
а) Fe2 (SO4) 3 
ә) FeCl2 
б) FeS 
5. Ересек адамның денесінде неше грамм темір 
болады? 
а) 6 – 7 
ә) 0,4 – 0,5 
б) 4 – 5

Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады.

Бағалау


5 минут











Кері байланыс

3 минут

«Білім ағашы» кері байланыс

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып,ағашқа

жабыстырады.

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1238
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі