жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Темір және түсті металл кендері"
|
Мектеп: « Н.Оңдасынов атындағы №14 жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі |
||
|
Сабақтың тақырыбы: Темір және түсті металл кендері |
||
|
Күні:16.10.2018ж |
Пәні: дүниетану |
Мұғалімнің аты-жөні:Абдрасулова Ажар |
|
Сынып:4 «Б» |
Оқушылардың саны:21 |
Қатыспағаны: |
|
Оқу мақсаттары |
Темір және түсті металл кендерінің қасиетін меңгерту. Пайдалы қазбалардың тұрмыста қолдануы жайлы түсіндіру. Өз ойларын ашық білдіріп,
пікірлерін қорғай білуге, |
|
|
Сабақтың мақсаты |
Білім алушылардың барлығы: Пайдалы қазбалар жайлы айта алады. Білім алушылардың көбі: Темір және түсті металл жайлы біледі. Білім алушылардың кейбірі: Өз ойларын ашық айтып,пікірлерін дәлелдей алады, жан-жақты ізденеді. |
|
|
Тілдік мақсаттар |
Арнайы пәндік лексика және терминология Темір рудасы, полиметалл, магнит,боксит |
|
|
Ойлау дағдылары |
Білу, Түсіну, бағалау |
|
|
Жетістік критерийлері |
Темір және түсті металл кендерінің қасиетін меңгереді. Пайдалы қазбалардың тұрмыста қолдануы жайлы түсінік қалыптасады. Өз ойларын ашық
білдіріп, пікірлерін қорғайды, |
|
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу, топтық, жұптық жұмыстарда белсенді болуға тәрбиелеу. |
|
|
АКТ-ны қолдану |
АКТ, ноутбук |
|
|
Бастапқы білім |
Пайдалы қазбалар жайлы біледі. Кен туралы, кен орындары жайлы біледі. |
|
|
Пәнаралық байланыс |
Әдебиеттік оқу, қазақ тілі |
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Уақыт |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 5минут |
Білу |
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Оқушылар хормен өлең жолдарын айтады. Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық! «Топтастыру» әдісі арқылы өткен тақырыптарды пысықтау Әр топқа тапсырма беру. Жанғыш пайдалы қазбалар Кенді пайдалы қазбалар Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар |
АКТ проектор |
|
Сабақтың ортасы 5-30минут |
Түсіну
|
Мұғалімнің түсіндірмесі: Кен қара және түсті металл болып бөлінеді. Олар әртүрлі қасиеттерге ие. Қара металл рудасы табиғи темірден тұрады, сондықтан оны темір рудасы деп атайды. Түсті металл рудасында табиғи темір жоқ, ол түсімен ерекшеленеді және тот баспайды. Bilimland.kz сайтынан темір және түсті металл жайлы бейнеролик көрсету. Темір рудасы магниттік қасиетке ие, ауыр, қатты тас. Картада ол қара үшбұрышпен белгіленген. Еліміздегі ең ірі кен орны Соколов-Сарыбай туралы айту. Темір рудасын ашық әдіспен немесе шахта қазу арқылы өндіреді. Картамен жұмыс Жұптық жұмыс Оқушылар жұппен кескін картаға темір кенін қара үшбұрышпен белгілейді. Пайдалы қазбалардың шартты белгілерімен таныстыру. «ДЖИГСО»әдісі Әр топқа оқулықтағы мәтінді бөліктерге бөліп беру. Топтық жұмыс Бағалау критерилері: 1.Мәтін бойынша өз бетінше жұмыс жасау 2.Мәтін бойынша түсінігін айту Дескриптор: 1.Мәтін бойынша өз бетінше жұмыс жасайды. 2.Мәтін бойынша түсінігін айтады. Сергіту сәті Дәптермен жұмыс Пайдалы қазбалардың аттарын дәптерлеріне жаздыру. Постер қорғау І топ Алюминий ІІ топ Қорғасын ІІІ топ Мырыш Бағалау критерилері: 1.Пайдалы қазбалардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар екенін ажырату. 2.Темір және түсті металл кендерінің пайдасы жөнінде айту. Дескриптор: 1.Пайдалы қазбалардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар екенін ажыратады. 2.Темір және түсті металл кендерінің пайдасы жөнінде айтады. Бұл не? Сұрақтарға жауап беру |
Оқулық
Bilimland.kz сайтынан бейнероликтер |
|
Сабақтың соңы 30-40минут
|
Бағалау |
Өзін-өзі бағалау Бағалау парақшасын тақтаға шығып «Ашық журналға» жабыстырады. Мұғалімнің жиынтық бағалауы Кері байланыс орнату Үйге тапсырма беру: Темір және түсті металл кендері
|
Парақшалар Стикерлер |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген