400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Темір өңдіру адам өмірін қалай өзгертті

Материал туралы қысқаша түсінік
Ежелгі көшпелілер өмірі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан тарихы 5-сынып



5.2А Ежелгі көшпелілер өмірі
Сабақтың тақырыбы:
Темір өндіру адам өмірін қалай өзгертті?


Мектеп: №37 негізгі мектеп


Мұғалімнің аты-жөні: Сембаева Ж.М

Сыныбы:5


Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

5.4.2.2 – металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру

Мақсаттары

  • Барлығы: Металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын атап түсіндіре алады;

  • Көпшілігі: Қола мен темір дәуірі кезеңдерін салыстырады және сипаттайды;

  • Кейбірі:Темір өндірісінің шаруашылыққа тигізген ықпалын талдап, дәлелдейді.

Бағалау критерийлері

  • Металл өндірісі жетілу барысында шаруашылықтағы негізгі өзгерістерді тусіндіреді;

  • Қола, темір дәуірлерінің дамуындағы ерекшеліктерді анықтайды;

  • Жаңалықтарын атап, оларға сипаттама береді;

  • Темір өндірісінің шаруашылықтың дамуына тигізген ықпалын сипаттайды.


Пәнаралық байланыс

География, дүние тарихы, экономика.

Құндылықтарды дарыту

- патриотизм

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік

- ар-ождан бостандығы

АКТ дағдылары

Интернет арқылы бейнебаян көру, презентация.

Тілдік міндеттер

  • оқылым

  • тыңдалым

  • жазылым

  • айтылым

Алдыңғы білім

Алғашқы адамдардың тұрмыс – тіршілігін, діни наным - сенімдерін біледі.

Сабақтың барысы:

Уақытты жоспарлау

Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар

Ресурстар:

Сабақтың басы:

(8 минут)










Психологиялық ахуал туғызу. Шаттық шеңберін үйымдастыру.













Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды 4 топқа суреттер арқылы бөлу. Яғни, 1 топ – сәулетшілер, 2 топ – кеңшілер, 3 топ – археологтар, 4 топ – тарихшылар.

"Өрмекші" әдісі арқылы "Бәйге" ойынын ұйымдастыру, сұрақтарға жауап алу.

1. Қазақстан жерінде металды өндіру ежелгі адамдардың өмірін қалай өзгертті?

2. Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіштерінің қандай ерекшеліктері бар?

3. Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың дүниетанымын қалай бейнелейді?

ҚБ гүл шоқтарын тарату арқылы




Сабақтың ортасы












Ал енді бүгінгі сабағымызға көшу үшін тақтаға назар аударайық.

Picture 3 Рисунок 4 Рисунок 5



Оқушылар бұл суреттерден нені көруге болады?

Оқушылар бұл суреттердің арасында қандай байланыс болуы мүмкін?

Сұрақ қойып, оқушылардың жауаптары арқылы сабақ тақырыбына шығу.



Бүгінгі сабағымыздың зерттеу сұрағы: Темір өңдіру адам өмірін қалай өзгертті?

Презентацияны пайдалана отырып, темір дәуірі туралы қысқаша мағлұмат беріледі.

Мәтінмен жұмыс.



"Экскурсия әдісі" топпен жұмыс.

Тапсырма: Әр топқа сұрақтар беріледі, топта талқыланады, келесі топқа түсіндіреді. (орындауға 10 мин, қорғауға 5 мин).

1 топ Сәулетшілер – темірді балқытқан пеш – көрікпеннің суретін не макетін салады, темір өңдіру әдісін түсіндіреді.

2 топ Кеңшілер - темір металына сипаттама береді, басқа металдармен салыстырады (қасиеті, сапасы және т.б.), қазіргі кездегі Қазақстан кен орындарын атап, картадан көрсетеді.

3 топ Археологтар – темірден жасалған қару – жарақ, әшекей бұйымдарды сипаттайды, жасалу жолдарын түсіндіреді.

4 топ Тарихшылар – темір дәуірі кезеңдерін және осы кезеңде Қазақстан территориясында өмір сүрген көшпелі тайпаларды атайды, орналасу аймақтарын картадан көрсетеді

Дескриптор:

- темір өндіру әдісін түсіндіре алады;

- темір металына сипаттама бере алады басқа металдармен салыстыра біледі:

- темірден жасалған бұйымдардың жасалу жолдарын түсіндіре алады;

- көшпелі тайпалардың орналасуын картадан көрсете алады;



ҚБ бармақ көрсету әдісі арқылы







"Пропорция" әдісі.

Тапсырма: Темірдің адам өміріне маңыздылығын анықтау үшін, маңыздылығына сәйкес төменнен жоғарыға дейін даму ретімен орналастырады.



Shape1





Дескриптор:

- темір өндіру адам өмірі үшін маңызды екенін түсіндіре алады және салыстыра отырып, даму ретімен сипаттайды;

ҚБ «Қол шапалақ» әдісі



"Бес жолды өлең" әдісі.

Тапсырма. "Темір" сөзіне бес жолды өлең құрайды.

1. Зат есім (темір)

2. Сын есім (қатты, қара)

3. Етістік (балқиды, ерімейді, өзгереді)

4. Сөйлем (темір адам өміріне қажетті)

5. Синоним (металл)

Дескриптор:

- темірдің ерекшелігін сипаттай алады;

Қ Б «Бағдаршам» әдісі

«Қызыл түс» ­ қанағаттандырлық

«Сары түс» ­ жартылай қамтылған

«Жасыл түс» ­ толық қамтылған



Соңы


"Құпия ұяшық " әдісі.

Тапсырма: Құпия ұяшықты таңдап, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырады.

1. Малды туысқандар арасында бөлісу ...... шығуына әкеледі.

2. Мал басының артуына байланысты малшылар ..... тез ауыстырып отырады.

3. Металл - ..... шығуы жылқы малын міну үшін көбірек үйретуге жағдай жасады.

4. Темір дәуірі б.з.б. ...... ғасыр мен б.з. -дың ..... ғасыры аралығын қамтиды.

Дескриптор:

- тапсырманы нақты, толық орындайды;

- тиісті сөздерді табады және мағынасын ашады;



Бекіту сұрақтары:

  1. Балалар, қалай ойлайсындар темірдің қолданысқа ие болуына қандай себептер әсер етті?

  2. Темірді қандай жолмен және қалай өндірген?


Қорытынды
Темір десек біздің көз алдымызға шойын мен болат келеді. «Жер бетінде темір жойылып кетсе, не болады деп елестетсек, көшелерде темір жол да, поездар да, машиналар да жоқ, көпірлер үйіндіге айналған, өсімдіктер семіп, өле бастаған. Адам денесіндегі 3г темір жойылса, тіршілігін тоқтатып, өліп қалар еді.», бұл көріністі суреттеген, темірдің маңыздылығын айтқан атақты минералог,
академик А. Е. Ферсман.



Кері байланыс. "Желкенді кеме" әдісі арқылы жүргізіледі.



  • Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, желкенді жасыл түспен боя.

  • Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, желкенді сары түске боя.

Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түске түске боя.









Үйге тапсырма: " Темір өндіру адам өмірі үшін маңызды " атты тақырыпқа шағын эссе жазу.



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар берілді және де оқушының сыни ойлау дағдысын қалыптастыруға сұрақтар құрастырылды,топтық жұмыс қамтылды.

Кері байланыс, топта бағалау, өзін-өзі бағалау

ғаламторды пайдалану ережелерін сақтау, кабинетте жүріп-тұру ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
692
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі