|
Ұйымдастыру
кезеңі (7 мин)
|
Ұйымдастыру
кезеңі
Психологиялық
ахуал
Оқушылар топқа түрлі түсті қағаздарымен
бөлінеді. Бір- біріне сәттілік
тілейді.
“Еңбек”,
“Еңбексүйгіштік”деген ұғымдарды қалай
түсінесіңдер?
Еңбек адамға не үшін
қажет деп ойлайсыңдар?
Қандай адамды еңбекқор
дейміз?
Сендердің қазіргі
негізгі еңбектерің қандай?
|
Оқушылар мұғаліммен
амандасады,түгенделеді.
Психологиялық
ахуал
Оқушылардың пікірі
тыңдалады
|
Компьютер
|
|
Сабақ басы (13
мин)
|
Ия, балалар бүгінгі біздің
тәрбие сағатымыз еңбек тақырыбында болмақ.
Қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне
де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы
берекелі болады. «Еңбек» сөзіне
тоқталайық.
Еңбек адамды тәрбиелейді,
қуаныш сыйлайды, жігерлендіреді, шынықтырады, пайдалы өмір сүруге
үйретеді. Адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған.
Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де
жетіліп кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен
еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады. Тіршілік
жағдайының қиындауы еңбекті күрделендірді. Еңбектің арқасында
табиғат заттарын еңбек құралы етіп, отты сөндірмей пайдаланды,
топтасып аң аулады, бір-біріне көмектесті.Ф. Энгельс айтқандай
«Адамды адам еткен-
еңбек»
-Балалар «Еңбек
құралдары»
атасақ
Еңбек
құралдары:
Ұста
құралы:
Шаруа
құралы:
Тігінші
құралы:
Шығармашылық
жұмыс
Оқушылар екі топқа бөлініп жұмыс
істейді.
1 – топ. Еңбек туралы мақал – мәтелдер
жазып, мағынасын
түсіндіреді.
2 – топ. «Еңбек – түбі мереке» әңгіме
құрастыру немесе эссе жазу.
|
Еңбек
құралдары: Кетпен, орақ, күрек, балға, төс, ине, біз, қысқыш,
жіп.
Ұста
құралы: балға, төс, қысқыш.
Шаруа
құралы: кетпен, орақ, күрек.
Тігінші
құралы: ине, жіп, біз.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Еңбекпен ер өседі,
Егізден төл өседі. Еңбексіз ел кезгенің,ар үяттан
безгенің.
«Еңбек түбі – зейнет», «Жақсы
жұмыс – жанға тыныс», «Еңбексіз өмір – сөнген көмір», «Еленген
еңбек өнімді»
|
суреттер
|
|
Ортасы
(10 мин)
|
Мысалдарың
тамаша! Жануарлар да еңбектенеді екен. Бірақ қанша еңбектенгенмен
адам еңбегінің олардан зор айырмасы бар
ғой.
Қандай
айырмасы бар? Адам еңбегі оймен, санамен, ақылмен істеледі. Табиғат
заттарын өңдеп, өзіне қажет, табиғатта кездеспейтін бұйымдар
жасайды.
Адамнан басқа
қандай жануарларнайшам жасап қараңғыны жарық
етеді?
Оқушылардың мектептегі және қоғамдық пайдалы іс-
әрекеті оның кейін әлеуметтенуіне үлкен әсерін тигізеді. Мамандық
таңдауына, рухани құндылықтарға ие болуына, әр түрлі адамдармен
араласуға, мінезінің қалыптасуына әсер
етеді.
Енді оқушылардың сіздерге қояр сұрақтарымыз бар.
Сол сұрақтарға кезек берейік.
1.Өз
мамандығының шебері болу үшін адам өзін-өзі қалай дайындау керек
деп есептейсіз?
2. Өзіңізді
еңбекқормын деп санайсыз ба?
Еңбек қорлық
адамды қандай қасиеттерге баулиды?
3. «Адал
еңбек» деген ұғым нені білдіреді?
4. «Еңбектің
жемісі» дегеніміз не?
|
Еңбектену тек адамға ғана тән
деген пікірмен келіспеймін. Жануарлар да дамыл
таппай еңбектенеді ғой. Жануарлар қалай еңбектенеді екен? Алдымен
соған мысал келтірсеңші, сонда ойың дәлел болар еді ғой. Сен
«Құмырсқа елінде» деген әңгімені оқыған шығарсың. Құмырсқа илеуінің
ішінде қаншама «бөлмелер» бар. Әр бөлмені пайдалану ретіне қарай
«аналық құмырсқа бөлмесі», «балалар бөлмесі», «азық қоймасы» т.б.
деп атауға болады. Сондай-ақ бал арасының қалай ұя салатынын айтсақ
та жетпей ме?
|
|
|
(10
мин)
Соңы (5
мин)
|
Қауіпсіздік
сабағы (10 минут)
№ 4-САБАҚ
7- сыныптар
:«Кибербуллингтің түрлері. Әр адамның қауіпсіздігі неде және сіздің
әрекеттеріңіздің алгоритмі қандай болуы
керек»
Сабақ
барысы
1.Кіріспе (2 минутқа дейін)
Компьютерлік технологиялардың қарқынды дамуы және интернет
желісінің кең таралуы адамдарға өзін-өзі дамыту мен қарым-қатынас
үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Бүгінде желіні пайдаланушылар саны
ондаған миллион адамды құрайды, олардың көп бөлігі – балалар мен
жасөспірімдер. Бірақ интернет тек мүмкіндіктер көзі ғана емес,
сонымен қатар қауіп көзі бола
алады.
2.Негізгі бөлім Кибербуллинг –
бұл цифрлық технологияларды пайдалана отырып қорқыту. Ол әлеуметтік
медиада, хабарлама алмасу үшін қосымшаларда, ойын платформаларында
және ұялы телефондарда орын алуы мүмкін. Бұл қайталанатын
эпизодтар, олардың мақсаты – аңдып жүргендерді қорқыту. Физикалық
салдардан басқа (ұйқының бұзылуы, бас ауруы) балалардың
денсаулығына, мектеп үлгеріміне кері әсерін
тигізеді.
3.
Қорытынды
Сұрақ–жауап.
1. Сонымен адам өміріндегі
маңызы қандай?
2. Еңбектің пайдасы қандай?
3. Еңбек арқылы танылған қандай адамдар бар екен.
4. «Еңбек – ер атандырады» деген мақалдың мағынасы қандай?
5. Еңбек туралы қандай мақал–мәтелдер бар
екен?
|
Біздің әрқайсымыздың адал еңбек етіп, ер
атануға мүмкіндігіміз бар. Ол үшін жақсы оқып, еңбек сүйгіш болып
өсуіміз керек.Еңбектің бағасын біліп, қастерлей алуымыз
керек.
|
презентация
Пайдалы
сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=dzFeWkUBOak&list=PLA5eCSY2FeoQLLo
cS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=10
|