Темперамент

Тақырып бойынша 12 материал табылды

Темперамент

Материал туралы қысқаша түсінік
Темперамент - бұл адамның психикалық процестерінің динамикасында көрінетін жеке ерекшеліктері: реакцияларының жылдамдығы мен күшінде, оның өмірінің эмоционалды тонусында.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Темперамент

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстандағы ең беделді оқу орындарының бірі. Соңғы бір жылда университет өз дамуын жалғастырып, жоғары сапалы білім мен ғылыми зерттеулерге ұмтылып, сонымен қатар студенттер мен оқытушылардың жұмыс жасауына қолайлы жағдай тудыруда.

Қазіргі уақытта  университет инфрақұрылымын жетілдірді, бұл жан- жақты білім алу үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік берді. Аудиторияларды, кітапханаларды, ғылыми зертханаларды жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, білім сапасын арттыруға және студенттер мен мұғалімдердің ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға бағытталған бірнеше жаңа жобалар іске қосылды.

Біз қазіргі таңда Қазақ ұлттық университеті студенті ретінде әлеметтік модуль бойынша психология пәнін қарастырып жатырмыз.Психология қазіргі қоғамда әр бір адам үшін өте қажет. Осы жерден темперамент тақырыбы туралы айтып өтсем.

Темперамент - бұл адамның психикалық процестерінің динамикасында көрінетін жеке ерекшеліктері: реакцияларының жылдамдығы мен күшінде, оның өмірінің эмоционалды тонусында. Динамика деп психикалық процестердің қарқыны, ырғағы, ұзақтығы, қарқындылығы, атап айтқанда эмоционалды процестер, сондай-ақ адам мінез-құлқының кейбір сыртқы ерекшеліктері - қозғалғыштық, белсенділік, реакциялардың жылдамдығы немесе баяулығы және т.б.

Темперамент туралы айтқанда, олар адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтарды білдіреді - эмоциялар тұрақтылығы, әсерленгіштік, іс-әрекеттің жігерлігі және психикалық өмірдің, мінез-құлық пен белсенділіктің басқа динамикалық, жеке-дара ерекшеліктері. Темперамент бүгінгі күні көп жағдайда даулы және шешілмеген проблема болып қала береді. Дегенмен, барлық тәсілдердің әртүрлілігін ескере отырып, зерттеушілердің көпшілігі темперамент - бұл тұлғаның әлеуметтік болмысы ретінде қалыптасатын биологиялық негізі екенін мойындайды. Темперамент - бұл адамның тек табиғи қасиеті, ал оны жеке қасиет ретінде қарастырудың себебі - адамның өзі істейтін іс-әрекеті мен қылығы темпераментке байланысты.

Темперамент адамның табиғи сипатының, психологиялық іс-әрекетінің динамикалық ерекшеліктері, яғни психикалық процестер мен жағдайлардың әрекеттерінің ырғағы, қарқыны, жылдамдығы жатады.

Ежелгі грек дәрігері Гиппократ (б.з.д. V ғ. 460-377 жж.) темперамент туралы ілімді жасаушы болып саналады. Гиппократ теориясы бойынша, адам ағзасында төрт негізгі сұйықтық бар: қан, қара өт, сары өт, сөл. Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше «красис» деп атаған. Ал латын тілінде бұл терминді темперантум деп атап кеткен. Оның ілімдеріне сүйене отырып, Гиппократтан кейінгі ежелгі дәуірдің ең танымал дәрігері Клавдий Гален (б.з.д. II ғ.) темпераменттің алғашқы типологиясын жасады. Темперамент келесі құбылыстарда көрінеді:

  1. Адамның жалпы белсенділігінде;

  2. Қозғалу ерекшелігі және сөздік қозғалу ерекшелігінде;

  3. Эмоционалды процестер ерекшелігінде: эмоцияның туындау және өшу жылдамдығы, күші мен тереңдігі, эмоционалды аймақтың сапалық қасиеті, яғни кез келген эмоцияны бастан кешіру жылдамдығы және т.б. Сонымен, темперамент адамның белсендік ерекшеліктерін және реактивтілігін біріктіреді. Темперамент бойынша адамдарды ажырату сыртқы өңдерінде, барлық мінез-құлықта және іс-әрекетте байқалады.

Қазіргі уақытта біз психологияның ғылым ретінде, қазіргі қоғамның әр адамының өмір саласына айналып жатқанын көруімізге болады. Қазіргі таңда психология пәні адамдарға өте қажет.Жалпы психологиялық түрде сауатты болу қажет.  Психология адам өмірінде маңызды рөл атқарады, оның өмірін жеңілдетеді және оны жарқын, сәтті және бақытты етеді.


Тленчиева Н.С.

Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Жусупекова Әсел Жанболатқызы.

Клиникалық психология мамандығының 1 курс магистранты.

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.


Дадаханов Дилнур Давронұлы

Көлік қызметтері 1 курс студенті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.04.2024
177
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі