400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Темперамент түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
темперамент түрлері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Өз темпераментімізді білеміз бе?

Мақсаты: Оқушыларға мінез – құлықтарына қарай өз темпераменттерін ажырату. Мінез – құлықтарына жете тоқталу.

Барысы: "Ағашта қанша жапырақ болса, адамда сонша мінез" бар дейміз. Темперамент - жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешелігі.

Адамның қандай темпераментке жататыны балалық шақтан-ақ белгілі болады. Темперамент табиғаттан беріледі. Дегенмен, адам есейген сайын, қоршаған ортаға деген қарым-қатынас та күрделене береді. Бәрі әркімнің ортаны қалай қабылдауына, дүниені қалай тануына байланысты. Ашық мінезді адамның өсе келе тұйықталып кетуі, керісінше, тұйық адамның ашылуы өмірде кездесетін құбылыс. 

Темпераменттің төрт түрі белгілі. Біз бүгін темперамент түрлері мен оларға қандай мамандық жарасатыны туралы әңгімелейміз. 

Сангвиник - ашық, көпшіл, сөзшең, қайырымды, жаны жомарт, оптимист, өмірге құштар, қуатты адам. Басшылық етуге, жетекшілікке құмар. Сангвиник адам эмоциясын ішінде ұстап қала алмайды, қандай жағдайда да, әсерін сыртқы ортамен бөлісе береді. Олар жұрттың назарын өздеріне аударта алатын белсенді жандар.

Сангвиниктер менеджер, мұғалім, дәрігер, психолог, тәрбиеші, ұйымдастырушы, сатушы, даяшы, инженер-технолог т.б. мамандықтарды иелене алады.

Флегматик - өте сақ, ұяң, байсалды, сенімді, тұрақты, салқынқанды, жұртқа жақсылық тілеумен жүретін адам. Бастаған ісін аяғына жеткізбей тастап кетпейтін флегматиктер іске келгенде өте мұқият. Адамдармен қарым-қатынас жасағанда, мінездері тұрақты, біркелкі.

Флегматиктер механик, электрик, инженер, агроном, жүргізуші, ғылыми – ботаник, астроном, физик, математик т.б. мамандық иелері бола алады.

Холерик - ұшып-қонып тұратын, күйгелек, шамданғыш, тынымсыз, көңіл-күйі құбылмалы, қарым-қатынас жасағанда мінезі аумалы-төкпелі, тұрақсыз, пысық, ашуланшақ адам. Қолына алған жұмысы өнбей жатса, күйіп-пісіп, жылдам ашуланады. 

Холериктерге әртіс, дипломат, журналист, кәсіпкер, хирург, ұшқыш, диспетчер, жүргізуші, тренер, менеджер, құрылысшы, режиссер, аспазшы, геолог, электрик т.б. мамандықтар жарасады.

Меланхолик - өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын, ұялшақ, қыңыр, жайбасар, қисық адам. Кез келген қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарға бей-жай қарап, сезімін үнемі ішінде сақтап жүреді. Жаңа таныстық пен адамдар көп жиналған жерден қашқақтайды. Жалғыздықты сүйеді.

Меланхоликтерге педагог, суретші, тігінші-модельер, бояушы, сазгер, жазушы, мал дәрігері, геолог, агроном, зоотехник, есепші, радиомеханик т.б. мамандықтар сай келеді.

Сіз қандай темпераментке жатасыз? Темпераментіңізге мамандығыңыз сай келе ме?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
1266
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі