400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Темперамент турлерінің ерекшеліктерін білудің маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Темперамент адамның бойындағы жетекші қасиеттердің бiрi болып
 табылады. Темперамент туралы зерттеулер осыдан екі жарым мың жыл бұрын туындап, зерттеу сұрақтары әлі күнге дейін таусылмауда. Темперамент - тәннің биологиялық және физиологиялық құрылысы мен дамуына, сонымен қатар қоғамдық қатынастардың дамуының ерекшелiктерiне негізделген ешкімге ұқсамайтын айырмашылықтардың болуына байланысты туындаған. Адамдар арасындағы шешім қабылдау қасиетіне, әрекет нақтылығына, басқа адамдармен қарым - қатынасына қарай индивидуалды типке жатқызу психология ғылымының осы бір саласында ерекше мәнге ие.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Темперамент түрлерінің ерекшеліктерін білудің маңыздылығы.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті еліміздегі білім ордаларының, ғылым жолында еңбек еткендердің қара шаңырағы деп білемін. Ғылыми мақалалар бойынша көшбасшы және рейтингтік басылымдардағы әрбір бесінші қазақстандық жарияланым ҚазҰУ ғалымдарына тиесілі. 2020 жылы университет беделді “Web of science ” деректер қорының “Ғылым көшбасшысы” номинациясына ие болды. Университеттің білім беру бойынша стратегиялық жоспарының әлемдік стандарттарға сай екені баршамызға мәлім. Оған дәлел психология, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану сынды баршасы білуі керек базалық пәндерді оқытуы.

Осы дәлелді тілге тиек етіп, мысал келтірер болсақ, психология пәнінен сапалы білім беретінін ауыз толтырып айта кетсек болады. Менің ойымша барша білім ордаларында бұл пән міндеттеліп оқытылуы қажет. Себебі психологиялық тұрғыдан сауатты адам өзін қалай ұстау керек екенін, стресстік жағдайларда қалай әрекет ету керек екенін және тек жеке өмірде емес, мансапта да үлкен септігін тигізеді деп білемін. Біз осы университеттің студенті ретінде 15 апта бойы психологиялық тұрғыдан танымымызды кеңейтіп, сауат аштық. Ұстазымыз Тленчиева Н.С. арқасында психологияның маңызын түсініп, осындай көзқарасқа тоқталдым. 15 апта бойы сапалы және түрлі форматта өз білгенін үйретіп, көзімізді ашты. Осы сабақтардан кейін менің психологияны зерттеп ары қарай білім алуға ынтам

Темперамент адамның бойындағы жетекші қасиеттердің бiрi болып
табылады. Темперамент туралы зерттеулер осыдан екі жарым мың жыл бұрын туындап, зерттеу сұрақтары әлі күнге дейін таусылмауда. Темперамент - тәннің биологиялық және физиологиялық құрылысы мен дамуына, сонымен қатар қоғамдық қатынастардың дамуының ерекшелiктерiне негізделген ешкімге ұқсамайтын айырмашылықтардың болуына байланысты туындаған. Адамдар арасындағы шешім қабылдау қасиетіне, әрекет нақтылығына, басқа адамдармен қарым - қатынасына қарай индивидуалды типке жатқызу психология ғылымының осы бір саласында ерекше мәнге ие.
Айта кету керек дүние, темперамент адам баласының ақылын, дарынын анықтап көрсетпейді. Барлық тип мүшелерінен де аса жоғары интеллектуалды қасиетті байқай аламыз.
Әр темпераментке жеке тоқталатын болсақ, олардың жалпы саны төртеу.
Меланхолик — адамдарға тән төрт темпераменттің бірі. Меланхолик сәл нәрсеге сезімтал, тұйық, сөзге сараң, жайбасар адамға қатысты айтылады.
Сангвиник — оптимист адамды белгілеу үшін қолданылатын термин. Сангвиник типті адамның эмоциялық қозуы шапшаң, күшті болады, бірақ көп тұрақтамайды. Көңіл - күйі әп - сәтте өзгереді.
Холерик - эмоцияға берілуі шапшаң. Сезім күйлері оқыс ауытқып, құмарта көтеріліп кететін шыдамсыз, күйгелек кісі.
Флегматик темпераменті сезімнің болымсыз білінуімен сипатталады; флегматикті өзі үшін байсалды кәдуілгі күйде шығарып әкету оңайға түспейді; ол жүріс - тұрысы мен сөзінде сылбыр, оның мимикасы онша айқын емес, қимылдары сараң.
Сонымен қатар, бір типті екінші типтен артық немесе кем деп бөле жару да үлкен қателік. Әр тұлғаның құнды қасиеттеріне мысал келтiретiн болсақ, холерик белсендi және күштi, сангвиник ширақ, етi тiрi, меланхоликтiң сезiмдерi тұрақты, флегматик байсалды.
Бұл бөлініс адам баласына жақсы қарым қатынас құрып, қоғамның үйлесімділігіне және ең бастысы адамдардың бір біріне түсіністік көрсетуіне әкелетін үлкен ілім. Неміс философы Иммануэль Кант бөлінісіне сәйкес, сезім темпераменттері - сангвинник пен меланхолик болса, іс - әрекет темпераменттеріне барлық типтер жатады. Біз, психологиялық сауатты адамдардан тұратын қоғам құрып, сезім темпераменттерінен астыртын іс әрекет күту секілді қателіктерге бармауымыз тиіс.

Қорытындылай келе, темперамент типтерінің алуан түрлілігін зерттеу өте қызық әрі ерекше тәжірибие екенін атап өткен жөн. Сангвинниктің холерикке ұқсамайтындығы, ал меланхоликің сангвинникке аздаған ұқсастығын бақылау ерекше тәжірибелік әдістерге жатады. Осы ерекше адами қасиеттер мен мінез әркелкілігін зерттеп білу мүмкіндігін тудырып отырған - психология ғылымы қазіргі таңда ең маңызды адами мәселелермен айналысуда.


Тленчиева Н.С.

Педогогика ғылымдарының кандидаты.

Жусупекова Ә.Ж.

Клиникалық психология мамандығының 1курс магистранты.

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.

Рахматулла Бағлан

Көлік қызметтері 1 курс студенті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.05.2024
153
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі