Бекітемін:
Күні:
5.11.2018ж
Физика:
10 сынып.
Термодинамикалық параматерлер. Температура
және оны өлшеу тәсілдері.
Сабақ тақырыбы: § Температураның зат
бөлшектерінің жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының
өлшемі ретінде термодинамикалық
тепе-теңдік.
Сабақ мақсаты:
-
Оқушыларға макроскоптық денелер,
температура, термометрлер,температуралық шкалалар туралы түсінік
беру.
-
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын
жасай білуге дағдыландыру.
-
Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру,
жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор,
видеомагнитафон.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай
меңгергендерін тексеру.
-
Зат молекулаларының өзара әрекеттесуінің сипаты
қандай?
-
Молекулалар арасындағы тартылыс күштері мен
тебілу күштері қашықтыққа тәуелді қалай өзгереді?
-
«Потенциалдық шұңқыр» деп нені
түсінесіңдер?
-
Зат
молекулаларының арасындағы өзара әрекеттесу күштерінің қорытқы күші
олардың ара қашықтығына тәуелді екенін қалай түсіндіруге
болады?
-
Заттың күйлерінің МКТ негізіндегі сипаттамасын
беріңдер.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Термодинамикалық параметрлер деп макродененің
күйін сиптаттайтын физикалық шаманы айтады.
Термодинамиклаық процесс дегеніміз –қандай да бір
термопараметрдің өзгеру құбылысы немесе жүйенің бір күйден екінші
күйге өтуі.
Жылулық тепе-теңдік кезінде барлық денелердің
температуралары бірдей, сондықтан оны жылулық тепе-теңдік күйінің
сипаттамасы деп есептеуге болады.
Денелердің температурасын өлшеуге пайдаланылатын
заттарды термометрлік денелер деп атайды.
Температуралық шкалалар:
-
Фаренгейт шкаласы.
-
Реомюр шкаласы.
-
Цельсий шкаласы.
Абсолют температуралар шкаласы.
Абсолют тік температура Цельсий шкаласы
бойынша температурамен мынадай байланыста болады:
Термометрлердің негізгі
түрлері:
-
Спирттік немесе сынаптық.
-
Газдық.
-
Электрлік.
-
Пирометрлер.
Температураны макроденелердегі молекулалардың
хаосты қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі
деп санауға болады.
-
Пысықтау.
-
Макроскоптық дене дегеніміз не?
-
Макроскоптық параметрлер дегеніміз
не?
-
Температураның физикалық мағынасы
қандай?
-
Қандай күй жылулық тепе-теңдік деп
аталады?
-
Қандай дене термометрлік дене деп
аталады?
-
Өздеріңе белгілі термометрлік шкалаларды
атаңдар.
-
Қандай термометрлерді
білесіңдер?
-
Температураның абсолют нолі дегеніміз
не?
-
Үйге тапсырма. §4.4. Термодинамикалық параматерлер. Температура
және оны өлшеу тәсілдері.
VІ. Бағалау.
VІІ. Қорытындылау.