400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.3.1.3 температураны өлшеуді жылулық ұлғаю негізінде сипаттау;

8.3.1.2 температураны әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектеу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: температураны өлшеу шкалаларын біледі;

Көптеген оқушылар істей алады: температураны өлшеп, бір өлшеу шкаласынан басқасына ауыстыра алады;

Кейбір оқушылар істей алады: термометрдің түрлеріне мысалдар келтіре алады;

Бағалау критерийлері




-Термометр көмегімен температураны өлшей алады;

-Температураны 0С -нен К-ге, К-нен 0С-ге ауыстыра алады ;

-Термометрдің жұмыс істеу принципін біледі.

Құндылықтарға баулу





Тақырып бойынша меңгерген білімдерін өмірдегі қолдану аймағын, қайда қолданылатындығы және дамытатындығы туралы түсіндіру арқылы өмір бойы білім алу құндылығы қалыптасады.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин.



«Жақсартуға арналған уақыт»-әдісі

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.

Ұйымдастыру бөлімі.


1.Қандай қозғалыс жылулық қозғалыс деп аталады?

2. Броундық қозғалыс деп қандай қозғалысты атайды?

3. Диффузия дегеніміз не?

4. Заттың агрегаттық күйіне байланысты диффузия құбылысын сипаттаңыз.


Оқушылар алдыңғы тақырыпты еске түсіреді .

Дескриптор:

-диффузия құбылысын біледі.

-жылулық қозғалысты сипаттай алады;


Жалпы балл -2


Оқулық 8– сынып


Сабақтың ортасы

«Миға шабуыл» әдісі


5 мин



Білім дағдысы: Білу (D)

Мұғалім «Миға шабуыл» әдісі арқылы талқылауға арналған сұрақтар

1-тапсырма (W)

Температура деген не? Осы физикалық шамаға қандай анықтама берер едіңдер? Температура жайлы не білесіңдер? Қандай температуралық шкалаларды білесіңдер?


Мұғалім кері байланыс жасай отырып температура макроскопиялық жүйенің термодинамикалық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама екенін және температуралық шкалаларды түсіндіреді.


Оқушылар берілген сұрақтарға өз ойларын айтады.

Дескриптор:


-Дененің жылулық күйін сипаттай алады.


Жалпы балл - 1


ДЭ

Презентация

Оқулық 8-сынып.


Жұптық жұмыс


15 мин


Білім дағдысы: Қолдану (Р)

2-тапсырма

Эксперименттік тапсырма «Салқындап бара жатқан судың температурасының уақытқа тәуелділігін зерттеу»

1.Мензуркаға 200 мл ыстық су құйыңдар және оның бастапқы температурасын өлшеңдер.

2.Температураны әрбір 2 минут сайын өлшеңдер.

3.Мәндерді кестеге толтырыңдар:

t/ 0С






t/ мин






4.Салқындап бара жатқан судың температурасының уақытқа тәуелділік графигін тұрғызыңдар.

Оқушылар берілген құрал –жабдықтар арқылы тапсырманы орындайды.

Дескриптор:

- Өлшеу нәтижелері кестеге дұрыс жазылған.

-Осьтегі физикалық шамалар өлшем бірліктерімен жазылған.

-Масштаб сақталған.

-Тәуелділік графигі дұрыс сызылған.


Жалпы балл -4


ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Термометр, ыстық су, мензурка, уақыт өлшегіш құрал

Жеке жұмыс

«Кім алғыр» әдісі

12 мин

Білім дағдысы: Қолдану (І)

3-тапсырма

«Кім алғыр» әдісі арқылы берілген суреттегі термометр күйін жазады.

Суретте екі түрлі термометрлер бейнеленген.

- Цельсий шкаласы мен Кельвин шкаласы арасындағы байланыс формуласын жазыңыз._______________________

-Берілген суретті пайдалана отырып, белгісіз термометр көрсеткішін анықтаңыз.

-Сұйықтық термометрде температураны өлшеу үшін температураның қандай шамаға тәуелділігі және қандай қасиеті пайдаланылады?



-Дескриптор:

-Цельсий шкаласы мен Кельвин шкаласы арасындағы байланыс формуласын біледі

Жалпы балл- 3

ДЭ,

8-сынып оқулық

Сабақтың соңы.



Рефлексия

3 мин


«Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс. Бүгінгі сабақта қандай жаңа, қызықты нәрселер білдіңдер? Сабақ кезіндегі белсенділігіне қарай бағдаршам түстерін таңдаймыз.

Үйге тапсырма: "Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары" тақырыбын оқу.


Оқушылар бағдаршам түстерін таңдайды.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
27.03.2025
122
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12