Тақырыбы: Теңдеу және оны шешу
тәсілдері
Мақсаты: Білімділік: теңдеу және оны шешу
тәсілдерін есептер шығару барысында
пысықтау.
Дамытушылық: логикалық есептеумен танымдық
қабілеттерін, зейінін, есте сақтауын дамыту, өздіктерінен жұмыс
істей білуіне дағдыландыру.
Тәрбиелік: өзара ынтымақтастыққа, еңбекті
құрметтеуге, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, қырағылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: аралас
сабақ.
Сабақтың
әдісі: ой шақыру, сұрақ- жауап,
топтық, жарыс
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа әзірлігі.
Психологиялық ахуал
орнату.
Есептеуге жүйрік болсаң
жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.
ІІ. Сабақтың мақсатымен,
жоспарымен таныстыру.
Сабақтың жоспары:
* Бәйге.
* Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
* Мен саған- сен маған.
* Еңбек түбі – береке.
* Бойы сергектің – ойы да сергек.
* Ой толғаныс.
* Қорытынды.
* Аяқтау.
Үй тапсырмасын тексеру, аралап
қарап шығу.
ІІІ. Бәйге. Өткенді пысықтауға ойын.
- Қай мезгіл? Қандай ойындар
ойнайсыңдар? Аққала, сырғанақ жасадыңдар ма? Бізге қар керек,
ендеше «Қар
жауды» ойыны арқылы ауызша мысалдар
шығарайық. /Қарда мысал, шығарып суретке жапсыру\. Суреттен қар
жауып тұрған бейне жасалды.
ІҮ. «Жұмыла көтерген жүк
жеңіл» бөлігінде тақтамен жұмыс
жасаймыз. Жұмбақ шешейік:
Адасқан екі таяқ,
Тұрады жоқты сұрап. /х/- теңдеу шешуде пайдаланады.
- Теңдеу шешу деген не?- белгісіз санның мәнін табу.
- Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз.
№ 1 теңдеуді тақтада орындау.
Ү. «Мен саған- сен
маған» бөлігінде топпен жұмыс
жасаймыз. «Адасқан теңдеу
» деп аталады: шығарылған
жолдары ауысып, адасып кеткен, реттеуіміз керек.4 топ орындайды, №2
теңдеу.
ҮІ. «Еңбек түбі –
береке» бөлігінде
есептер
алаңына келеміз, яғни есеп шығарамыз
.№5 есепті оқып, талдап шығару.
Суреттер арқылы басқұр, қыл арқан туралы мағлұмат
беру.
Деңгейлік тапсырма:
«Семантикалық карта» бойынша 5 оқушыға үлестірмелер
беру.
ҮІІ. «Бойы сергектің – ойы
да сергек» бөлімінде бізге тапсырмасымен
«Қыз Жібек» қонаққа келді, сендердің ауызша жұмыстарды қалай
орындайтындарыңды байқамақшы. № 6 талдап ауызша
шығару.
ҮІІІ. Сергіту сәті: «Қарлы
кесек» ойыны арқылы көбейту, бөлу
кестесін қайталау.
ІХ. «Ой
толғаныс» арқылы №7 қалдықпен бөлуді
орындау, әр топтан 1 оқушыдан шығып, тақтада орындайды,
дәптерлеріне жазады.
Х.
Қорытынды:
- Сабақта не істедік?
Үйге тапсырма: №9, 109
бет.
ХІ. Бағалау: \ Кері байланыс орнату
\
- Сабақта қандай көңіл- күйде
болғандарыңды смайлинг арқылы көрсетейік. Стикер жапсырып өз көңіл-
күйін білдіретін бейнені көрсету, ойларын ортаға салу.
Мұғалімнің бағалауы.
Аяқтау: орнымыздан тұрамыз, сабақ
аяқталды.