400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Теңдеуді шешу.

Материал туралы қысқаша түсінік
білім беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика
Сабақтың тақырыбы: Теңдеуді шешу.
Сабақтың мақсаты: Б. Құрылымы күрделі өрнекті жазып, мәнін таба білуге үйрету.
Д. Ой - өрісін есте сақтау қабілетін дамыту.
Т. Ұқыптылыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: оқулық, үлестірмелер бойынша, слайд
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, өзіндік, іздену.
Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа әзірлік.
- Қазір қай мезгіл?
- Қыс.
- Қыста қандай мереке бар?
- Жаңа жыл мерекесі.
- Жаңа жыл мерекесінде бізге кім келеді?
- Аяз ата.
- Олай болса бүгін біздің сабағымызға аяз ата келіп отыр. Ол өзінің тапсырмаларымен келіп отыр. Аяз атаның берген тапсырмасын орындайық. Мына қағаздардан бір - бірден алың, осы бойынша ата сендерді топқа бөлмек.
Фигураларды таратып сол бойынша топқа бөлу.
1. Үшбұрыш тобы
2. Шаршы тобы
3. Тік төртбұрыш

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
№ 7, 103 бет

ІІІ. Өткенді пысықтау.
Ойын: «Кім жылдам?»
1. Үш бұрыш тобы – үшбұрыштың периметрін тап - 2см, 2см, 3см.
2. Шаршы тобы – шаршының периметрін тап – 3см, 3см, 3см, 3см
3. Тік төртбұрыш тобы – тік төртбұрыштың периметрін тап – 4см, 4см, 2см, 2см

Ойын: «Сиқырлы үшбұрыш»
- Осы желтоқсанның 16 - сында қандай мереке бар еді?
- Тәуелсіздік күні.
- Тәуелсіздік жолында құрбан болған ағаларымыздың бірі кім еді?
- Талғат Рысқұлбеков.

ІҮ. Жаңа сабақ. Теңдеу шешу.
Оқулық бойынша жұмыс.
№ 1. Теңдікті жаз.
а) 6 - 2 = 4
Азайтуды қосумен тексер
4 + 2 = 6
ә) сынап көру тәсілімен х – 30 = 7 теңдеуін шешу.
Х=7+30
Х=37
37 - 30=7
7=7. Тура санды теңдік шықты.

№ 2. теңдеуді жазу.
Х – 40 = 9
Х = 40 + 9
Х = 49
49 – 40 =9
9 =9 тура санды теңдік.
Дәптерге күннің жадын жазу.

Ү. Білімдерін тексеру.
Ойын: «Ойлы болсаң озып көр»
№3. Үш топқа бөліп орындату.
а) Сатылды - 30кг
Қалды -?, 7кг артық
Болды -?
/30 + 7 /+ 30 = 67 кг
Жауабы: 67кг
ә) Сатылды - 30кг
Қалды - 7кг Болды -?
30кг+7кг=37 кг
жауабы: 37 кг
б) Қағаздан - 25 о.
Барлығы -?
Матадан -? 10 о. кем
(25 - 10)+25=40 о.
Жауабы: 40 ойыншық

Ойын: «Кім тапқыр?»
№ 4. Үш топқа бөліп орындату.
38 + / 40 + 20 / = 98
56 + /30 + 10 / = 96
45 + /20+30/ =95

ҮІ. Сергіту сәті.
Ойын: «Ойлан тап»
№ 5. Мәні 12, 18, 14 - ке тең болатындай бір таңбалы екі санның қосындысын жаз. Үш топқа бөліп орындату.
6 + 6 ------------ 12 – 6 --------- 9 + 9 = 18 ---------- 18 – 9 =9 ------------ 5+9=14 ---------- 14 - 9=5
7+ 5 ------------- 12 – 5 --------- 6+8=14 ------------- 14 - 8=6
8 + 4 ------------ 12 - 4 ---------- 7+7=14 ------------- 14 - 7=7
9 + 3 ------------ 12 – 3


Ойын: «Тапқыр болсаң тауып көр»
№ 6. Мысалдарды шығар. Үш топқа бөліп орындату.
(57 - 7)+40=90 ---------------------- 20+(45 - 5)=60 -------------------- 35 -(28 - 8)=55
(20+60)- 10=70 --------------------- 60 -(39 - 9)=30 -------------------- 44+(30 - 10)=64
(60+9)- 40=29 ----------------------- 70+(16 - 6)=80 -------------------- 80 -(67 - 7)=20

ҮІІ. Шығармашылық тапсырма.
Жұмбақ шешу.
1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш)

2. Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр - шиыр жолы көп. (Қалам)

3. Қабат - қабат қаптама,
Ақылың болса аттама. (Кітап)

ҮІІІ. Қорыту.
Ойын: «Қар жинау»
Теңдеуді тап және оны шеш:
15+7
20 - 5=15
8+а
х+30=40

2+8=10
2+х=7
80+х
х - 6=2

- Бүгін не өттік?
- Қосуға кері амал қандай амал?
ІХ. Үйге тапсырма:
Х. Бағалау. Сабаққа белсенді араласқан топтарды мадақтау және бағалау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
450
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі