|
Математика
|
Уақыты:22.11.2018жыл
|
Кабинет
3
|
Мұғалім:
С.Т.Иманбердиева
|
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Теңдеулерді шешудің әртүрлі
тәсілдері
|
|
Сілтеме
|
Математика оқулығының
әдістемесі,ғаламтор
|
|
Сабақтың
жабдығы
|
суретті кестелер, қосымша
тапсырмалар жазылған
үлестірмелер.
|
|
Жалпы
мақсаттар
Оқыту
нәтижесі
|
Теңдеу ұғымын танытуды
жалғастыру. Теңдеу - белгісіз саны бар теңдік екенін, белгісіз
санның мәні теңдеудің түбірі екенін яғни теңдеудің шешуі болатынын
меңгереді.
1. Теңдеу шешу тәсілін
меңгереді.
2. Теңдеу шешу -теңдеуді дұрыс сандық теңдеуге айналдыратындай
белгісіз санның мәнін табу екенін ұғынады.
3. Күрделі теңдеуді шешу үшін әуелі орындауға болатын бөлігін
есептеп алатынын үйренеді.
Негізгі идеялар Теңдеулерді шешу және тексеру. Берілген әріптер мен
цифрлардан өрнек құрастырып, жазып, оқу.
Үшбұрыштың периметрін өрнек түрінде жазу.
Мазмұнды есептер шығару.
|
|
Мұғалімнің
әрекеті
|
Оқушының
әрекеті
|
|
Бағалау парақшасымен
таныстыру
|
|
Топқа
бөлу
|
Оқушыларға кесілген суреттер
үлестіріледі.
|
Қолдарына алған қиындыларды
құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға
іледі.
|
|
Ынтымақтастық
атмосферасы
|
Балалар, бір – біріңе қарап
жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды
іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты
баламын,
Жан дүниемде күн
нұрлы
Жылуым мол
бойымда.
Сабаққа белсенді
қатысамын
|
Оқушылар бір-біріне жақсы
тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал
қалыптастырады.
|
|
Үй тапсырмасын
пысықтау
|
Өткен тақырыптардан сұрақ
жауаптар
Үшбұрыштың периметрін
табу
|
Оқушылар
орындайды
|
|
Жаңа
сабақ
|
Оқулықтағы тапсырмаларды
топтарда бөліп орындау.
Дәптермен
жұмыс.
Тапсырмалар
1-топ: “Теңдеу” деген не?
2-топ: Белгісіз сан немен белгіленеді?
3-топ: “Теңдеу шешу” деген
не?
Теңдеулерді шеш: оқушыларға кітап бойынша
тапсырмалар беріледі.
|
|
Сергіту
сәті
|
Қолдарыңды көтеріңдер – бір
дейік.
Көп отырып, қатты шаршап
жүрмейік.
Қолды создық, басты бұрдық –
екі деп,
Қозғалыспен әрбір адам
жетіледі.
Алға, артқа қарадық та – үш
дедік.
Тағы жаңа жаттығулар
істедік.
Түсірейік қолды төрт пен бесті
айтып,
Отырайық көңілді енді
марқайтып.
|
|
Ой
толғаныс
|
Ой ұшқырлығына құрылған
есептер
1.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді.
Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта отырмайды және
ұшпайды.)
2.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп
тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма
өспейді)
3.Тақта алдында 3 бала тұр.Олар:Самат,Марат,Қанат. Марат ортасында
тұр. Маратты қозғамай қалай шетке тұрғызуға болады?
4.Үй тышқанның неше құлағы бар?
5.Жанұяда 7 ер баланың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда қанша бала
бар? (8 бала:7 ұл,1
қыз.)
6)Аулада жүрген бұзаулар мен
тауықтардың аяқтарының саны –он. Аулада неше тауық, неше бұзау
болуы мүмкін? (2
тауық, 2 бұзау)
|
|
Сабақты
бекіту
|
|
Үй
тапсырмасы
|
Оқулықта берілген
тапсырмаларды орындау
|
Оқушылар күнделіктеріне
жазады
|
|
Бағалау
|
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге
жазу.
|
Бағалау парақшасын
толтырады
|
|
Кері
байланыс
|