Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Теңдік және теңсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне керек қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Шамалар

Мектеп: №261




Мұғалім: Токжанова Светлана


Сынып: 1

Қатысқаны:

Қатыспағандары:


Сабақтың тақырыбы:

Теңдік және теңсіздік



Осы сабақта қол жеткі-зілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.2.1. Теңдік және теңсіздікті, теңдеуді тану; тура және тура емес теңдікті айыра білу.



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білуге тиісті:

Теңдік пен теңсіздікті біледі, жазады, салыстырады.


Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:

Заттың санын салыстыра отырып, теңдік пен теңсіздікті құрастырады.


Кейбір оқушылар білуге тиіс:

Теңдікті теңсіздікке, теңсіздікті теңдікке айналдырады.



Бағалау критерийі

Теңдік пен теңсіздікті анықтайды, ажыратады.



Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз.

Теңдік пен теңсіздіктің айырмашылығын түсіндіреді.

Пәнге тән лексика мен терминалогия

Тең, тең емес, теңсіздік.

Диалогқа арналған сұрақтар:

-Теңдік деген не?

-Теңсіздік деген не?

-Бұл тең емес, себебі ...

-Бұл тең, себебі ...


Құндылықтарды дамыту

Топтық жұмыс барысында ынтымақтастыққа, бірін-бірі құрметтеуге, ашықтыққа баулу, өзгелердің мәдениетіне және көзқарасына құрметпен қарау.


Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану.

Саяхат «Уақытты анықтау не үшін қажет?»



Бастапқы білім

Заттарды салыстыруды біледі (үлкен-кіші, аз-көп т.с.с.)


Сабақ барысы


Жоспарланған

уақыттар

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарлан-ған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз) Ж-жеке, ЖЖ-жұптық, ТЖ-топтық жұмыс, ҰЖ-ұжымдық жұмыс, ҚБ-қалыпт. бағалау.

Ресурстар


Сабақтың

басы

6 минут

1мин












3мин











2мин

Ынтымақтастық атмосферасын құрастыру

Күлімдеп күн бүгін, (қолын көтеріп, суретті нұсқайды)
Қарады маған да. (
қолын кеудесіне қояды)
Күлімдеп күн бүгін, (
қолын көтеріп, суретті нұсқайды)
Қарайды саған да. (
қасындағы оқушыны нұсқайды)
Сәлем деймін достарға,
Сәлем барша ұстазға!
Тату болып халықтар,
Аман болсын балалар!

Ширату жаттығуы «Миға шабуыл» әдісі

Суретке мұқият қараңыз

-Бұл не? Ол нешеу? (алма, екеу)

-Бұл не? Ол нешеу? (алмұрт, үшеу)

-Қайсысы көп, қайсысы аз?

-Қандай жағдайда бірдей болады?

Оқушылар заттың тең, тең емес екенін айтып, бүгінгі сабаққа байланысы туралы айтады.


-Бүгінгі сабағымызда тең, тең емес, теңсіздіктерді анықтап, ажырата білеміз.

Топқа біріктіру. Суреттер арқылы топқа бірігу

І топ: «Күн» тобы

ІІ топ: «Ай» тобы

ІІІ топ: «Жұлдыз» тобы




Picture 2











Сабақтың ортасы

29минут

5минут











8минут

ҰЖ. «Кинометафра» әдісі

Электронды оқулықты тыңдату.

Ойлануға түрткі сұрақтар.

-Сендер нені тыңдадыңдар?

-Нені көрдіңдер?

-Ол туралы не айтар едің?

-Заттардың бір-бірімен тең, тең емес, теңсіздік екенін айтады. Әртүрлі заттарды салыстырады.

ҚБ. Оқушылардың жауаптарын мадақтап, қолдау көрсетемін.


ТЖ. «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі

Ітоп.

Заттың санын салыстыра отырып, теңдік немесе теңсіздік құрастыруға болады? Қораптағы кәмпит санын салыстыр.

ІІ топ. Қораптағы кәмпит санын салыстыр. Қораптардың арасына қандай белгі қоюға болатынын анықта.

ІІІ топ. Теңдік пе, әлде теңсіздік пе? Суреттерге қара. Қайсысында теңдік, ал қайсысында теңсіздік бейнеленген?

Кері байланыс.

-Сендердің топтарыңда қандай талқылаулар болғанын айтып бере аласың ба? Жұмыс барысында қандай қорытынды жасадыңдар?

(Әр топтан бір оқушы, келесі топтарға жұмыс-тарын түсіндіріп, қорытынды жасайды.)

ҚБ. 2 stars and a wish
«2
жұлдыз, бір тілек»

Екі жұлдыз = екі ұнаған нәрсе (жұмыс туралы);

Бір тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе.

АКТ














Picture 2


Сергіту сәті

1минут

Орманның бiз емшiсiмiз

Тоқ, тоқ, тоқ (Партаны үш рет ұрады)

Құрт бiткендi жоқ етемiз

Жоқ, жоқ, жоқ, (Қимыл көрсетедi)

Тоқ, тоқ, тоқ,  Жоқ, жоқ, жоқ.




7минут


























8минут

ЖЖ. «Дұрыс, бұрыс» ойыны (+)


Тұжырымдар

дұрыс

бұрыс

Заттардың саны бірдей болса, теңдік болады



Заттардың саны бірдей болмаса теңдік болады



Заттардың саны әртүрлі болса, теңсіздік болады



Заттардың саны әртүрлі болса теңсіздік болмайды



Кері байланыс

Электронды тақтада жауабын бере отырып, әр жұп жұмыстарының дұрыс,бұрысын тауып, тақтаның 3 бөлігіне іледі. Осылайша

өз-өздерін бағалайды.

Тамаша-(күн)

Жақсы -(бұлтты күн)

Нашар-(жаңбыр)


Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма беремін.

3С бөлім:«Теңдік және теңсіздік. Қосу кестесін қолдану. Есептер»
Бөлімше 2.2 «Теңдік және теңсіздік.»
Оқу мақсаты 1.2.2.1 Теңдік және теңсіздікті айыра білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Теңдік,теңсіздікті ажыратады
• Тең және тең емес теңдіктерді анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
1-тапсырма
Өрнектерді берілген ұғымдармен сәйкестендір.

0+19< 20 тең

10+20=30 тең емес

20-10=20 теңсіздік

15>15-1
Дескриптор Білім алушы - теңдікті анықтайды және тиісті ұғыммен сәйкестендіреді; - теңсіздікті ажыратады және тиісті ұғыммен сәйкестендіреді; - теңдеуді анықтайды және тиісті ұғыммен сәйкестендіреді.
2-тапсырма
Балбалаға теңдіктерді ажыратуға көмектес. Өрнектерді кестеге жаз.
5 = 5 3 + 4 = 7 2 = 3 16 – 6 = 10 8 + 2 = 9

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2021
453
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12