400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Теңдік және теңсіздік. Теңдеу»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары 2-сыныптың математика пәніне арналған. Бастауыш сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Математика Ортақ тақырып: «Саяхат» Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 «Теңдік және теңсіздік. Теңдеу» Күні: Сынып: 1

Мектеп: «Маралды орта мектебі»КММ Мұғалімнің аты -жөні: Қожақова Бақыт Ақановна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Әріпті өрнек


Оқу мақсаты:

1.2.1.1.Санды және әріпті өрнектерді ( қосынды, айырма) /теңдік пен теңсіздіктерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу.

Сабақ мақсаттары :

Барлық оқушылар: Санды және әріпті өрнектерді (қосынды ,айырма) теңдік және теңсіздіктермен танысады. Оларды оқиды және жазады.

Көптеген оқушылар: Санды өрнекті әріпті өрнектен ажыратады.Теңдік пен теңсіздікті салыстырады.

Кейбір оқушылар: Санды және әріпті өрнектерді ( қосынды, айырма), теңдік пен теңсіздікті құрастырады.

Бағалау критерийлері:

Санды және әріпті өрнектерді ( қосынды, айырма) /теңдік пен теңсіздіктерді ажыратады, құрастырады, жазады және оқиды.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады:

Қосынды, айырма туралы ұғымдары қалыптасқан. Сандарды біледі, таниды, оқи алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Әріпті өрнек – сандардан, әріптерден және амалдар белгісінен құрастырылған математикалық өрнек.

Санды өрнек – сандар және арифметикалық амал белгілерімен құрастырылған математикалық өрнек.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Санды өрнек дегеніміз не? Әріпті өрнек дегеніміз не? Санды өрнек пен әріптік өрнектің айырмашылығы неде? Өмірде сан болмаса ,қалай болар еді?

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылықтарын оқушы бойына дарыта отырып, денсаулық сақтау және тұлғаға тән қасиет сапаларды жетілдіруге бағыттау.

Пән аралық байланыс

Дүниетану, жаратылыстану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

bilimland.kz Imektep, SMK

Бастапқы білім

Қосынды, айырма туралы біледі. Сандарды таниды, оқиды, жазады.

Сабақ барысы

Сабақтың

Жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы 4мин




1мин













1мин




2мин

Сыныпта психологиялық ахуал тудыру. «Полиглот» әдісі

Сәлемдесу. Сәлеметсіз бе? Здраствуйте! Good morning !

Оқушылар оң қолдарын алдыға созып бірінің үстіне бірі қояды.

Сәттілік ! Сәттілік! Сәттілік!Удачи! Success !

– деп бір- біріне сәттілік тілейді. Сыныпты топқа бөлу:

Оқушыларға барлығына бірдей кішкентай суреттер таратылып беріледі. Керсінше жағын аударып қарағанда өзен мен көлдің суреті бар.

І топ «Көлдер»,

ІІ топ «Өзендер» болып бөлінеді.

«Қызықты мағлұмат»

«Маралдым – асыл мекенім» видео көрсетіледі.

Ауылымыздың қандай әсем жерлерін білесіңдер?

Балалар біз бүгін ауылымыздың табиғатына саяхат жасап , ауылымыздың табиғатының модельін жасаймыз. Ендеше сендерге сәттілік тілеймін!

Рисунок 23



Видео «Маралдым – асыл мекенім»






Сабақтың ортасы

32 мин












8 мин















































8 мин


























2 мин





2мин








12 мин















Біз бүгін әріпті өрнекпен танысамыз.

Бүгінгі сендердің алдарыңа қойған мақсатым: «Санды өрнек пен әріпті өрнекті құрастырып үйренеміз.

Орманда қандай ағаштар өседі?

Оқушылар:

-Қайың, терек, қарағаш, мойыл, долана, т.б.

Тапсырма №1 «Түртіп алу» (Ө) Оқушылардың назарын суретке аудару.

Shape4 Shape3 Shape2 Shape1 Емен Қайың Тал Қарағай



Shape7 Shape6 Shape5 Жөке Алма Шырша



Ағаштар түріне байланысты ажырату. Неше ағаш орналасқан ? Жасырынған сандарды тап. Кез келген екі ағаштың түрінен санды өрнек құр.

Дескриптор:

1.Ағаштардың түріне қарай ажыратады.(1)

2.Ағаштарды атайды.(1)

3.Санды табады.(1)

4.Санды өрнек құрады.(1)

Қ.Б. «Зерттеуші» әдісі арқылы жазбаша бағалау.

-Керемет! Барлығын дұрыс орындадың!

-Жақсы! Алайда, ағаштардың түрлерін шатастырып алдың, әлі де ойлан!

-Сен әлі де тырысып көр.Мен саған сенемін!

«Маралдым – асыл мекенім» атты тақтаға флипчартты орналастырамын.Ағаштарды апарып жабыстырады.

Балалар енді бізге не жетіспей тұр?Біздің ауылымыздың өзендерін ата. Қалай ойлайсың, ол өзенде не бар? Өзеннің суретін алу үшін балықтың тапсырмасын орындайық.

Тапсырма №2 «Кім зейінді?» (Ж)

Өзен жағалауында көптеген балықтар жатыр.Ол балықтарда әріпті өрнек, санды өрнек жазылған. Қызыл шелекке әріпті өрнек жазылған балықты сал.Көк шелекке санды өрнек жазылған балықты сал.

Дескриптор:

1.Әріпті өрнекті табады.(1)

2. Санды өрнекті табады.(1)

3.Санды өрнекті ,әріпті өрнектен ажырата алады.(1)

Бірін –бірі бағалайды.

Қ.Б. «Балықшы» әдісі

Қызыл балық- Өте жақсы!

Шортан- Жарайсың!

Шабақ- Сен білесің , бірақ әлі де тырысып көр!

Балалар, жарайсыңдар тапсырманы керемет орындадыңдар! Мен сендерге өзеннің суретін берейін. Өзеннің суретін «Маралдым – асыл мекенім» макетіне жабыстырады. (Күршім өзені, Маралды өзені, Қараткөл бұлағы )

Сергіту сәті

«Кел, қыдырып қайтайық»2 мин

Қалай ойлайсыңдар өзен жағасында не болады?

-Құм, тас

Тапсырма №3 «Ойлан ,жұптас, пікірлес» (Т)

І –топ «Санды өрнек» құрайды.

ІІ- топ «Әріпті өрнек құрайды.

І топ .Оқушыларға 10 ақ тас пен 10 қара тас беремін. Санап кез –келген санды өрнек құрыңдар.Теңдік және теңсіздік құрастыр және салыстыр.

Мысалы:

5ақ тас ,10 қара тас 5+10

5+15_ санды өрнек.

6 қара тас , 4 ақ тас 6+4, 4+6 т.б.

2. Бір қоржын ақ тас, 10 қара тас беремін. Қоржынды ашпай ,өрнек құрап көр. Қоржын ішінде қанша тас бар? Қалай ойлайсыңдар?

Белгісіз санды әріппен белгілейміз. Бірнеше әріпті өрнек құрастыр. Теңдік және теңсіздік құрастыр және салыстыр.

Мысалы: Х+5, а+10, х-6 т.б. -әріпті өрнектер. Оқылуы «икс қосу бес», «а қосу он», «икс азайту алты» т.б.

а+5=5+а

х-10 < х+1 т.б.

«Өзендер» мен «Көлдер» тобы құраған өрнектерін оқиды. Санды өрнек пен әріпті өрнекті салыстырады.Айырмашылығын айтады. Теңдік және теңсіздік құрастырады, салыстырады.

-Әріпті өрнектің орнына кез келген санды қойсақ ол санды өрнекке айналады.

Оқушылар өз бетімен топта ережені қортып шығарады. Әріпті өрнек – сандардан, әріптерден және амалдар белгісінен құрастырылған математикалық өрнек.

Санды өрнек – сандар және арифметикалық амал белгілерімен құрастырылған математикалық өрнек.

- Тасты, құмды не үшін пайдаланамыз? Адамға не үшін қажет?

-Құрылыс жасағанда пайдаланады. Үй салғанда

таспен қалайды, ағашпен, кірпішпен қалайды.

Дескриптор:

Әріпті өрнек құрады.(1)

Санды өрнек құрады.(1)

Ереже құрайды (1)

Теңдік пен теңсіздікті құрастырады(1)

Қ.Б. «Дизайнер» әдісі ауызша бағалау

– Кішкентай архитекторсың!

-Сен кішкентай құрылысшысың!

-Сен кішкентай сылақшысың! Жарайсыңдар балалар! Тапсырманы өте керемет орындадыңдар! Білімдеріңнің арқасында кішкентай үйдің макетін жеңіп алдыңдар. Екі топқа үй макетін үйлестіремін. Топбасшылары үйді апарып орналастырады.

Флипчарт, түрлі- түсті қаламдар т.б











Ағаштар суреті,

















































































































































Сабақтың соңы 4мин





3 мин







































1 мин









Ауылымыздың макетін жасау үшін не жетіспейді?

– Таулар

Таулардың суретін алу үшін №4 тапсырманы орындайық.

Тапсырма №4 «Кейдзен» әдісі (Ұ)

Тақтада таулар суреті ілініп тұрады.

Жылқылар тауда жайылып жүреді.

Жылқылардың астында сұрақтар жазылады.

1.Өмірде сан болмаса ,қалай болар еді?

2.Санды өрнек дегеніміз не?

3.Әріпті өрнек дегеніміз не?

4.Теңдік дегенді қалай түсінесің?

5. Теңсіздік дегеніміз не?

6.Әріпті өрнек пен санды өрнектің айырмашылығы неде?

Дескриптор:

1.Сұрақтарды дұрыс оқиды.(1)

2.Жауабын дұрыс айтады.(1)

Қ.Б. «Бапкер» әдісі

-Сәйгүлігім!

-Тұлпарым!

–Жүйрігім!

Оқушылар сұраққа жауап береді.

Таулар суретін беремін. Топбасшылар жапсырады.

Қанеки балалар, біз өз ауылымыздың макетін құрастырдық. Ендеше сендерді ортаға шақырамын.

Кері байланыс:

«Маралдым – асыл мекенім» - макетіне бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді түрлі –түсті қолдар арқылы өз бағаларыңды беріңдер.

Жасыл қол- мен бәрін түсіндім!

Сары қол –Мен түсіндім , бірақ шатастырамын!

Қызыл қол – Түсінбедім!








































Shape8







Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырасыз?

Тапсырма №1 тапсырма,

қарқын, бағалау тәсілдерін қолдануда оқушылардың өз ерекшеліктеріне сай жұмыс жасауын шыңдады.

№2

Дереккөз бағалау, қорытынды тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың сыни ойлауына бағыттадым.

№3 тапсырма

Жіктеу, қорытынды, бағалау тәсілдері арқылы оқушылардың өз бетімен қорытынды жасай отырып, өз іс-әрекетін бағалауға мүмкіндік береді.

№4 тапсырма

Диалог және қолдау көрсету, бағалау, қорытынды тәсілдерін қолдануда жүйелі түрде сөйлеуін және сөздік қорын молайта отырып, сыныптастарының ілгерілегенін бағалап, қорытынды жасауына бағытталды.




Саралау-

әдісінде саралаудың қорытынды тәсілі арқылы оқушылар өздерінің қалай әрекет етулері жақсы нәтижесін көрсетті.

Жіктеу әдісі талаптары а

Әр түрлі оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына жақсы ықпалын тигізді.

Саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілі оқушыларды ойланта отырып, өз ойын айтуға біршама басқа жауаптар алуына жасалған жағдай болды.

Саралудың дереккөздер тәсілі арқылы оқушылардың өз бетімен өрнек, санды өрнектің, әріпті өрнек туралы мағлұмат іздейді. Тапсырма тәсілі арқылы білім деңгейі әр түрлі оқушылардың тапсырма күрделігіне қарай жіктеп, өз деңгейіне сай орындады. Саралаудың бағалау тәсілі оқушылардың қызығушы-лығын оятып, алға ілгерлеуге ықпал етеді.

Бағалау - оқушылардың материалдың меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз.

Қ.Б. «Зерттеуші» әдісінде жазбаша бағалаймын.

-Керемет! Барлығын дұрыс орындадың!

-Жақсы! Алайда, ағаштардың түрлерін шатастырып алдың, әлі де ойлан!

-Сен әлі де тырысып көр.Мен саған сенемін!

«Кім зейінді?» әдісінде графикалық бағалауды қолданамын.

Қ.Б. «Балақшы» әдісі

Қызыл балық- Керемет!

Шортан- Жарайсың!

Шабақ- Сен білесің , бірақ әлі де тырысып көр!

Қ.Б. «Дизайнер» әдісінде

Ауызша бағалаймын.

– Кішкентай архитекторсың!

-Сен кішкентай құрылысшысың!

-Сен кішкентай сылақшысың!

Қ.Б. «Бапкер» әдісінде

ауызша бағалаймын.

-Сәйгүлігім!

-Тұлпарым!

–Жүйрігім!

Кері байланыс:

«Маралдым – асыл мекенім»- макетіне бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді түрлі –түсті қолдар арқылы өз бағаларыңды беріңдер.

Жасыл қол- мен бәрін түсіндім!

Сары қол –Мен түсіндім , бірақ шатастырамын!

Қызыл қол – Түсінбедім!

.


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Судағы қауіпсіздік ережесін сақтау.

Ауа –рай бұзылған- да,күн күркірегенде, найзағай ойнағанда қауіпсіздік ережесін сақтау.







Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезендері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі(оқыту турулу да оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
650
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі