400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Теңдік және теңсіздіктер. Санды және әріпті өрнектер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Шалғай ауылдардағы бала саны аз, шағын жинақталған мектептерде қолдану ығайлы. Топтық жұптық жұмыстарды ұйымдастыруға мүмкіндік бола бермейтін сыныпта сабақ беретін ұстаздарға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп:

«Әлихан негізгі орта мектебі»КММ

Мұғалімнің аты-жөні:

Уазибекова Асем Идрисовна

Пән:

Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Санды және әріпті өрнектер

Күні: 17.01.2020

Сынып: 2

Қатысқандар саны: 3

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Теңдік және тесіздіктер. Санды және әріпті өрнектер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.1.1 - сандық және әріптік өрнектерді (көбейтінді, бөлінді)/теңдіктер мен теңсіздіктерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу
2.2.1.2 - әріптің берілген мәніндегі екі амалды әріптік өрнектің мәнін табу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Санды және әріпті өрнектерді, теңдік және тенсіздіктерді оқып, оларды ажырата алады.

Көптеген оқушылар: Санды және әріпті өрнектерді, теңдіктер мен теңсіздіктерді оқып, екі амалды әріптік өрнектердің мәнін таба алады.

Кейбір оқушылар: Санды және әріпті өрнектерді, теңдіктер мен теңсіздіктерді құрастырып, жаза алады.

Бағалау критерийлері

  • Санды және әріпті өрнектерді оларды ажыратады.

  • Санды, әріпті өрнектердің, екі амалды өрнектердің мәнін табады.

  • Санды және әріпті өрнектерді, теңдіктер мен теңсіздіктерді құрастырады.

Тілдік мақсаттар


Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз:

  • Өрнектердің терминін қолданады, санды өрнектерді жəне əріпті өрнектерді оқи алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Өрнек, санды өрнек, əріпті өрнек.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:


Құндылықтарды дарыту


АКТ қолдану

Сабақ барысында топпен және жеке жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыу.



Пән аралық байланыстар

Қазақ тілі, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары



Бастапқы білім


Санды, әріпті өрнектерді, теңдік және теңсіздік өрнектерін таниды.

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Ширату жаттығуы

Қанекей балалар бүгін барлығымыз бірігіп Наурыз мейрамына саяхат жасап қайтайықшы. Наурыз мейрамын толығымен аралап қайту үшін біз ондағы қонақтардың тапсырмаларын орындауымыз керек екен. Сендер маған көмектесесіңдер ма?

- Балалар қазақтың ұлттық ойындары туралы не білеміз? - Қазақтың «Бәйге» «Көкпар» «Теңге алу» Қыз қуу» т.б ұлттық ойындары бар. Бұл ойындардың маңыздылығы зор.

-Ал енді Атайдың бізге берген тапсырмасына назар аударайық. Қандай ойын түрін көріп тұрмыз?

-Бәйге ойыны

- Дұрыс .Осы «Бәйге ойынында қай баланың жеңіске жеткенін білу үшін мына өрнектерді шешу керек және әр баланың атында табамыз.

Бағалау: Атаның бата тілегі мадақтау сөздері арқылы.

Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы

5минут























10 минут
























7 минут














5 минут

Білу және түсіну (Теңге алу)

  • Ал енді балалар біз теңге алу ойынын ойнайық. Ол үшін біз интербелсенді тақтадағы теңгелерді алуымыз керек. Бірақ ойын ұйымдастырушылардың сендерге сұрақтары бар екен соған жауап берсендер ғана сендер теңгелеріңді ала аласыңдар.






  • 1ші теңгедегі сұрақ Балалар тақтада көріп тұраған өрнектердің қайсысын мәнін таба аламыз?

  • 2ші теңгедегі сұрақ. Ал қайсысының мәнін таба алмаймыз?

  • 3ші теңгедегі сұрақ. Бұл өрнектердің айырмашылығы неде?

  • Қалай ойлайсыңдар, біз бүгінгі сабақта нені үйренеміз? 

Саралау: Саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілін қолданамын. Сұрақтар қою арқылы балаларға сабақ мақсатын айқындауға бағдар беремін.

Дескриптор:

  • Санды әріпті өрнектерді ажыратады.

  • Санды өрнектердің мәнін табады.

ҚБ: мадақтау әдісі арқылы

Сабақ мақсатын хабарлау:

Санды және әріпті өрнектерді тануды, оқуды, жазуды және құрастыруды үйренеміз


(ТЖ) Қолдану

- Ал енді ауыл маңында өтіп жатқан күрес ойынына барайық. Ол үшін кестедегі бос орындарды толтыруымыз керек. Мүмкін болатын теңдіктерді құрып, мәнін табамыз.

-Сендерге берілген плакатка назар аударамыз бұл кезде біз не істеуіміз қажет деп ойласыңдар?

- Ия, бағандарда берілген сандарды әріпті өрнектегі әріптің орнына қойып, онын мәнін табамыз. Және шыққан мәніне сәйкес келетін стикерді бос тор көзге жабыстырамыз.

Саралау: Саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілін қолданамын. Қолдау көрсету арқылы балаларға тапсырманы толық орындауға бағдар беремін. Топ ішіндегі оқушының деңгейіне қарай тапсырманы ұйымдастырамын.


Дескриптор:

  • Санды және әріпті өрнектерді құрастырады.

  • Санды өрнектердің мәнін табады.

  • Екі амалды өрнектердің мәнін табады.

ҚБ: бірін – бірі бағалау


Қыз қуу ойыны

-Ат шабама, бап шабама демекші қазір біз қыз қуу ойынын ойнаймыз. Бірақ біздің қыз қуу ойынымыз сәл ерекше болады. Сыныптағы ұлдар мен қыздарды жарыстырамыз. Кім ойынды дұрыс әрі бірінші болып аяқтаса сол женіске жетеді.

-Оқушыларға кесте сызылған А4 қағазбен бірнеше әріпті, санды өрнектер, теңдіктер беріледі. Оқушылар қима қағаздағы өрнекті танып, тиісті бағанға желімдеуі қажет.

Дескриптор:

  • Санды және әріпті өрнектерді, теңдіктерді ажыратады.

  • Өрнектерді тиісті топтарға жіктейді.





«Өрнек құрастыр» ойыны

Тақтада бірнеше сандар, әріптер, қосу, азайту, теңдік амалдары берілген. Әр оқушылар тақтаға шығып берілген материалдардан бір санды өрнекті, бір әріпті өрнекті, бір теңдік және бір теңсіздікті құрастыруы қажет.

Саралау: Саралаудың «Қарқын» тәсілін тапсырмаларға көп күш жұмсауды қажет ететін оқушыларға қосымша уақыт беріп қолданамын.

Дескриптор: санды және әріпті өрнектерді, теңдік пен теңсіздікті құрастырады.


Оқушылар өздері қалаған ұяшықты таңдап ондағы сұрақтарға жауап береді.


















Плакат

Стикерлер























Қима қағаздар

Сабақтың соңы

6 минут

Рефлексия: «Мен бағындырған шың»

Әр оқушы бүгінгі сабақтың мақсатына қаншалықты жеткендігіне көз жеткізе отырып сынып бұрышында ілініп тұрған рефлексияға өз деңгейін белгілейді


Биік шың: Мен санды және әріпті өрнектерді ажыратып, өрнектердің мәнін таптым, өрнектерді құрастыруда еш қиналмадым.


Ортаңғы белес: Мен санды және әріпті өрнектерді ажыраттым, өрнектердің мәнін таптым, алайды өзім құрастыру барысында қателестім.


Тау етегі: Мен таудың шыңына жету үшін әліде, өрнектердің мәнін табуда шыңдалып, өрнектерді өз бетімше құруға бейімделуім қажет.








Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі

  • «Қарқын» тәсілі


Дескриптор:

  • Санды әріпті өрнектерді ажыратады.

  • Санды өрнектердің мәнін табады.

  • Екі амалды өрнектердің мәнін табады.

  • Санды және әріпті өрнектерді құрастырады.

  • санды және әріпті өрнектерді, теңдік пен теңсіздікті құрастырады.



Сабақ бойынша рефлексия



«Мен бағындырған шың»

Әр оқушы бүгінгі сабақтың мақсатына қаншалықты жеткендігіне көз жеткізе отырып сынып бұрышында ілініп тұрған рефлексияға өз деңгейін белгілейді


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:


2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
2172
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі