|
Себепті қызығушылығын
ояту кезеңі
|
Ғажайып сәт.
-Балалар, бүгін бізге қонақ келгенін білесіңдер
ме?
-Ол бізге тәулік мезгілдері (бөліктері) туралы
әңгімелеп бермекші.
Мен бір жұмбақ жасырайын , жауабын тапсаңдар
келген қонақтың не екенін білесіңдер.
Жұмбақ
Тиіскенде түйреген,
Киімі бар инеден.
-Балалар, жұмбаұ не туралы?
Осы кезде шымылдықтың артынан ақ кірпі шығып,
балалармен амандасады .
Кірпі балаларға төрт мезгіл болатынын,
оларт:таңертең , күндіз,кеш, түн деп аталатынын айтады .
-Сендер үлкендермен балалар таңертең , күндіз,
кешке , түнде немен айналысатынын білгілерің келеме?
-Таңертең үлкендер жұмысқа , ал балалар
балабақшаға, мектепке барады күндіз, үлкендер жұмыс істейді , ал
балалар асбақ оқиды. Кешке бәрі дем алады, ал түнде
ұйықтайды.
Совет Әлімқұловтың тақпағын тыңдаңдар.
Кірпі шымылдықтың артына тұрып, тақпақ
оқиды.
Таң
Таң шапағы алаулап,
Дала нұрға боянды.
Мүлгіген бақ манаурап
Ұйқысынан оянды
Жүзін желдің өтіне
Тосты гүлдер желбіреп
Жапырақтар бетіне
Мөп-мөлдір шық қонды кеп.
«Бұл қай кезде болады» ойыны
Жұмыс дәптеріндегі оқу іс-әрекеттерін
орындау.
(1-оқу іс-әрекеті , бірінші тапсырма)
|
Қызығушылық танытады.
Тыңдайды және шешуін айтады
Кірпі туралы
Кірпінің айтқанын балалар мұқият
тыңдайды
Тақпақты тыңдайды
|
|
Ұйымдастырушылық ізденіс
кезеңі
|
Балаларға сұрақтар қою:
-Балалар тақпақта тәуліктің қай мезгілі (бөлігі
)туралы айтылған?
-Біз таңертең не істейміз?-
Кірпі таңертең тамақтанғаннан кейін балалар
балабақшаға баратынын, оқушылар мектепке , ала үлкендер жұмысқа
баратынын айтады.
-Бала не істеп жатыр?
«Үлкен және кішкентай ойыны.
Кірпі балалардан суреттен онын достарын табуды
ұсынады.
-Суретте нені көрип тұрсындар?
-Кірпілер бірдей ме?
-Олар қандай екен?
Кірпі суретте сүті бар тағы екі кесе салынғаның
айтады: үлкен кесе кірпіге,ал кішкентай кесе кішкентай кірпіге
арналған.
Содан соң кірпі балаларға тапсырма береді:үлкен
кірпіден үлкен кесеге қарай, кішкентай кірпіден кішкентай кесеге
қарай жол салындар.
-Үлкен кірпі қай кеседен сүт ішеді?
-Кішкентай кірпі қай кеседен сүт
ішеді?
Сөздік жұмыс: таңертен (таң),
үлкен,кішкентай.
Қостілділік компанент: таңертен(таң)-утро,
үлкен-большой, кішкентай-маленький.
Сергіту минуты.
Жаттығу жасаймыз!
Бір деп-тік тұрамыз.
Екі деп-екі рет айналамыз.
Үш деп-үш рет секіріп.
Төрт дегенде-отырамыз!
«Бір және көп» ойыны.
(3-оқу іс әрекеті,3-тапсырма.)
Кірпілер тек сүтті ғана емес,алманы да қаттыжақсы
көретінің айтады.
-Балалар, кірпі қысқа азық жинап алмақшы
екен.
Кірпіге көп алма қайда, бір алма қай жерде
тұратынын айтып жіберіндерші,
Кірпі мынадай сұрақтар қоды:
-Ағашта неше алма бар?
-Жерде неше алма бар?
-Қай жерде алма көп?
Кірпі ағаштағы өсіп тұрған алманы қоршап
сызуларын тапсырады
Жеке көмек көрсетеді
Кірпі тапсырманы дұрыс орындағандары үшін рахмет
айтып балармен қоштасады .
|
Таңертең ( таң) туралы
Ұйқыдан тұрамыз, төсегімізді жинаймыз,
Жаттығу жасаймыз, жуынамыз, таңғы асымызды
ішеміз.
Кірпінің айтқанын тыңдайды .
Бала оянып , жаттығу жасап, таңғы асын ішіп
отыр.
Балалар сұрақтарға жауап береді
Кірпілерді көріп тұрмыз
Әртүрлі
Үлкен және кішкентай
Балалар берілген тапсырманы орындайды
-Үлкен кеседен ішеді
-Кішкентай кеседен ішеді
Қайталайды
Балалар жаттығу жасайды
Мұқият тыңдайды
Балалар жауап береді
-Бір алма
-Көп алма жатыр
-Жердегі алма көп
Кірпімен қоштасады
|