Материалдар / Теңге күні
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Теңге күні

Материал туралы қысқаша түсінік
қауіпсіздік сабағы мен апта дәйек сөзі қосылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2024
73
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

Тәрбие сағатына қысқа мерзімді жоспар


Тәрбие сағатының тақырыбы:

Теңге - Тәуелсіздігіміздің келбеті/ Сізге қатысты жағымсыз сөздерге жауап берудің тиімді стратегиялары

Күні:

11.11.24 ж

Сынып жетекшісі:

Нұрғожина Шаттық Мергенқызы

Сынып:

10 «а»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыру,өзге мемлекеттің валюталары туралы түсінік беру


Апта дәйек сөзі:

Тура биде туған жоқ!

Тәрбие сағатының барысы:

Тәрбие сағатының жоспарлы кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурс

Ұйымдастыру бөлімі

  1. мин

-Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!


Әнұран орындалады


-Мұғаліммен амандасу.


-Әнұранды қатесіз орындау

Интербелсенді тақта

Негізгі бөлім

Дұрыс -бұрыс
1 Қазақстан валютасы басқа елден әкелінеді.
2 Ақша – халық байлығы.
3 Теңгеде 6-ға жуық құпия белгі бар.
4 Ұлттық теңге дербес ел болғанымыздың белгісі?
5 Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Шәкен Ниязбеков.
6 Тиыннан теңге құралады.
7 Ұлттық валютамыз 1991 жылы 16 желтоқсанда айналымға енді.
8. Тәуелсіз елдің басты белгілерінің бірі - үлттык ақшасы.
9. Қазақстанның төл тенгесі 1993 жылы қазан айында шықты.
10. Теңгенің шеттеріне ою - өрнек салынған.
11. Теңгемізде мемлекеттік тудың суреті салынған.


«Сұрақ - бізден, жауап – сізден». /Аукцион/
1. Ақша тарихын зерттейтін ғылым.
2. Ұлттық валюта дегеніміз не?
3. Қазақстан теңгесі қай жерде басылды?
4. Алғашқы тиындар қай жерде жасалды?
5. Ұлттық валюта - теңге айналымға шыққан мерзім.
6. 1993 жылы 1 теңге неше соммен белгіленді?
7. Ескі ақшаны теңгеге айырбастау жүргізілген мерзім?




Бесжолдық өлең.

1.Теңге ( тақырып, 1 сөз)
2.Құнды, сиқырлы (екі сын есім)
3.Арнаулы шеберханада жасалған( қимыл, іс-әрекет,3 сөз)
4.Туған елімнің айрықша белгісі( сезім, 4 сөз)
5.Қазына.( синоним, 1 сөз)
Жағдаяттық тапсырма

1-жағдай:Биылғы оқу жылында қазақ тілі оқулығы жетіспейді,базардағы оқулық бағасы 800 теңге.Анаң туыстардан оқулығыңды тауып әкелді.Бірақ оқулық ескі.жыртық.Сен оқулықты ұстағың келіңкіремей тұр .Сенің іс-әрекетің …?

Мақал - мәтелдегі бос орынға төмендегі сөзді жазу.
( дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп, ақшасы, судың, құлып)
1. _____ тиыннан өсер.
Жылқы құлыннан өсер.
2. Есепсіз ______ жоқ.
3. Алтын тапсаң _______ ал.
4. Ақша кетуге тырысады,
_________ ұстауға тырысады.
5. Тамшыдан тама берсе _______ болар.
6.______ оңай, жинау қиын.
7. Ақша ашпайтын _________ жоқ.


Интербелсенді тақта








Презентация






Ақша түрлері


Қауіпсіздік сабағы

Есте ұстаңыз, кез келген адамды басқару үшін алдымен оның эмоциясын басқаруды үйрен дейді психологтар. Олай болса сізді басқалар басқарып жүр. Сіздегі көңіл күйді неге өзгелер басқаруы керек? Ол сізге тиесілі ғой. Ендеше, өзіңізді өзіңіз басқарғыңыз келсе, эмоцияларыңызды бағындырып үйреніңіз. «Ит үреді, керуен көшеді», өмірде өзгенің жағымсыз сөзі мен ұнамсыз жайттар ешқашан таусылмайды, тек олардың кейбіріне көңіл аудармай өтіп кеткен жөн, елемей естімеуге тырысқан дұрыс-ақ, сонымен қатар барлық жайтты сабырмен және заң аясында шешуге болады.

2. Негізгі бөлім (6 минутқа дейін):

«Жақсы сөз – жарым ырыс», «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле», «Сөз сүйектен өтеді» деген өнегелі нақылдарын қалдырған ата-бабамыз сөздің құдіретін жете сезінген дана болған. Сөз арқылы адамның көңілін көтеруге де, мұңайтуға да, күлдіруге де, жылатуға да болады.  Сондықтан да, жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер деген сөз бекерге айтылмаса керекті.

Жақсы сөз жанды жадыратады. Позитивті мағынада айтылған әр сөз жағымды әсер қалдырады. Жалпы алғанда, айтылған сөздердің позитивті және негативті әсерлері  бар екені бағзы заманнан бері белгілі. Медицина ғылымы жақсы дамымаған заманда халық дауаны дұғалар мен жақсы тілек сөздерден тапқан. Ал, әдепсіз және балағат сөздерді айтудың өзін  қарғыс деп есептеген. Тіпті, сол заманда адамдардың ойында балағат сөздерді айтудың дұрыс еместігі туралы  болжамдар болса, бүгінде ол сөздердің зияндығы ғылыми түрде дәлелденіп отыр.  Сол себепті, не ойлап жүргеніңізге, қандай кітаптар оқып, қандай ақпараттар қабылдап жатқаныңызға,  айналаңызға қандай сөздер айтып, қандай сөздер естіп жүргеніңізге аса мән беріңіз.  Өміріңізді жақсарту да, құлдырату да өз қолыңызда!

Дөрекілікке тиімді жауап берудің стратегияларымен бөлісу.


Тәрбие сағатының соңы

Терминдердің мағынасын ашып айт
1) Тарих
2) Геральдика
3) Виксикология
4) Сфрагистика
5) Герб


Жауаптары:
1) «Зерттеу», «Оқиғалар жайлы әңгіме» деген мағына білдіреді.
2) Елтаңбаларды зерттейтін ғылым саласы
3) Туларды зерттейтін ғылым саласы
4) Мөрлерді зерттейтін ғылым саласы
5) Белгілі бір айшықты белгісі бар мемлекеттің негізгі таңбасы, нышаны.


Төменде аталған елдердің валюта атауларын жазыңыз.
1. Ресей ___________

2. Қытай ___________
3. Қырғызстан ___________
4. Өзбекстан ___________
5. Үндістан ____________
6. Германия _____________
7. Египет _____________
8. Англия _____________
9. АҚШ ______________
10. Түркия ______________










презентация


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!