Материалдар / Теңге-мемлекет келбеті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Теңге-мемлекет келбеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту, оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітілді:

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Күні

07.11.21

Мұғалімнің есімі:

Амандыкова И.А

Сынып 7 «г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие сағатының тақырыбы:

Теңге-мемлекет келбеті

Тәрбие бағыты

Ұлттық тәрбие

Сабақтың мақсаты:

Жеке тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, ана тілі және мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, Қазақстан Республикасының этностары мен этностық топтарына құрмет көрсетуге бағыттау

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту, оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту

Музыкалық және бейне көркемдеу

Видео материалдар

Ресімдеу

Презентация, көрнекіліктер

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Интербелcенді тақта,слайд

Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Сабақ басы


(5мин)

Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысымын тексеру.

-Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау.

-Сергіту сәтін ұйымдастыру.

«Көңіл қойып тыңда, тез ойлан, қалып қойма»

Әлемнің тынысы

Байлықтың белгісі

Ол не? -... (ақша, теңге)

Сұраққа жауап беру

Интербелсенді тақта


слайд

Негізгі бөлім


ақпарат

(15мин)





































I. Кіріспе

Қазақстан 1991 жылдың желтоқсанында тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өзінің нағыз дербес мемлекет екендігін паш еткен оқиғалардың бірі – төл валюта – теңгені айналымға енгізуі болды. Осы кезден бастап мемлекеттің экономикалық құрылымы түбегейлі өзгеріп, жаңадан жасақтала бастады. 1992 жылы елде төрт адамнан құралған дизайнерлер тобы жасақталды. Теңгенің авторы болу бақыты дизайнерші Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов, Мендібай Әлин мен Ағымсалы Дүзелхановтың үлесіне тиді.Олар Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерінің нәтижесін теңгені елге жеткізді. 1993 жылдың 15 қарашасында теңге айналымға енді. Осы тарихи күннен бастап 15 қараша Қазақстанда ұлттық валюта күні деп аталады.Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі -ұлттық валюта.Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы.Ақша – асыл қазына, халық байлығы.

ҚР 1995 жылғы 30 наурызда № 2155 Заңына сэйкес ҚР ¥лттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттары айналысқа шықты.

Әр елдің өз валютасы бар.Мен бірнеше елдің валютасын айтып өтейін.Сендер мұқият тыңдап отырыңдар.

Қазақстанда-/ теңге/ Қырғызстанда -/сом/ Ресейде -/рубль/ Германияда — /марка/

Америкада — / доллар/ Ұлыбританияда -/фунт/ Украинада — /гривна/

Қытайда — / юань/ Тәжікстанда — /манат/ Өзбекстанда — /сум/

Түркияда -/ лира / Латвияда - / лат / Кореяда — / йена /

Оқушыларға тапсырма: сендер тақтада іліулі тұрған елдердің қасына өз валютасын кезектеп ілесіңдер.

-Қазақстанда қандай валюта (теңге)

-Қырғыстанда қандай валюта (сом)

-Ресейде қандай валюта (рубаль)

-Америкада қандай валюта (доллор)

-Қытайда қандай валюта (юань)

Берілген ақпаратпен танысып, өз ойларын білдіреді.





























Тапсырмалар

(15 мин)



1-тапсырма.

«Буындарды жина» тапсырмасы.

Оқушылар мақалдардың орнын дұрыс құрастырып, мағынасын түсіндіруі шарт.

Мақалдар:

1.Теңге өсер тиынан, 2.Баққанға-мал

Құлынан өсер жылқы Тапқанға ақша бітеді

1.Теңге тиыннан өсер,

Жылқы құлыннан өсер.

2. Мал - баққанға,

ақша – тапқанға бітеді.


2-тапсырма

«Ақша және психология»

Мұғалім: Ақша туралы ырымдар

1. «Қағаз купюр мен металл тиындар (ақшалар) өздерін қадірлеп, қастерлеп, аялағанды жақсы көреді. Әдемі де сәнді әмиянда салынған ақша сол жерден шыққысы келмейді.

2. «Қолыңызға ақша тұрақтамаса, өзгеден емес, ақшаны қадірлей алмаған өзіңізден көріңіз»

3. «Қалтаңызда ақшаны умаждап, жыртып, майыстырып ұстамаңыз. Онда қаржыдан тапшылық көресіз. Және де ақша өзін үнемдеп, ұқыпты түрде ұқсатқанды ұнататын көрінеді.

4. Ал «ақша жоқ» деп жылай беретіндердің тиыны теңгені құрамай, қанша ақша тапса да құмға сіңген судай құри береді екен. Яғни, жоқ десең, жоғала береді.


3-тапсырма

- Мемлекетіміздің елбасы – Н.Ә. Назарбаев.

- Қазақстан Республикасның тұңғыш Президенті болып қай жылы сайланды?

- 1991жылы1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

- Президент Мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілеп отырды. Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері, яғни белгілері болады. Оған Ту, Елтаңба және Әнұран жататының Сіздерге белгілі.

- Мемлекеттік Әнұранның авторы кімдер?

- Мемлекетіміздің Туының авторы кім?

- Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары кімдер ?

Тақырыпқа қатысты тапсырмалар орындайды.


Соңы (5 мин)



Рефлексия. «Бас бармақ» әдісі



Қорытындылау





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!