15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Теңге. Монета және қағаз ақша
Наурызова Ағила Төреғалиқызы
Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Қысқа мерзімді жоспар
Пән:Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3В бөлім Көбейту және бөлу Есептер Күні: 13.02 Сынып: 2А |
Мектеп: Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Наурызова А.Т Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||||||
Сабақ тақырыбы |
Теңге. Монета және қағаз ақша |
||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
2.1.3.6 50 тг, 100 тг тиындарды, 200 тг, 500 тг қағаз ақшаларды ажырата білу және олармен әр түрлі операциялар жасау |
||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: •50 тг, 100 теңгелік монеталарды, 200 тг, 500 тг қағаз ақшаларды ажырату. Көптеген оқушылар: •50 тг, 100 теңгелік монеталар, 200 тг, 500 тг қағаз ақша жинағын ұсақтай алу. Кейбір оқушылар: •күнделікті өмірдегі есептесулерде монеталармен жəне қағаз ақшалармен операциялар жасауды білу. |
||||||||
Бағалау критерийлері |
1.50тг, 100тг, 200тг, 500 теңгелік ақшаларды купюраны ажыратады. 2.Көрсетілген соманы ұсақтай алады жəне жинақтай алады. 3.Құны әр түрлі ақшалармен төлем жасайды. |
||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: ақшаның белгілі бір сомасын түрлі монеталар жəне қағаз ақшалармен қалай жинауға болатынын түсіндіре алады. Пəндік лексика жəне терминология: Теңге, монеталар, қағаз ақшалар. Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы Рөлдік ойындар ойнау: дүкенші мен бала Үштілділік: теңге, ақша- монета- coin |
||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
Сабақ барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады. «Теңге ілу» ойынын ойнау арқылы қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыру. |
||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Тірек сөздерді қолдану арқылы қазақ тілі ағылшын тілі орыс тілі пәндерімен байланыс орнады. |
||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
АКТ – мен байланыс |
||||||||
Бастапқы білім
|
1 сыныпта өткен теңге, монета және қағаз ақша еске түсіру. |
||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||||||
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық Қанекей
балалар көңіл-күйлерің қалай. Керемет
(қолдарын көтереді).
Үй жұмысын тексеру «ұялы телефон» ойыны арқылы. Көбейту және бөлу кестесіне ауызша жаттығулар. ( «Ыстық орындық» әдісі) |
Презентация-1
Ұялы телефон |
|||||||
Сабақтың ортасы
|
Жаңа тақырыпты ашу мақсатында «Құпия зат» әдісі арқылы әмиянды көрсетіп, бүгінгі сабақпен байланысы туралы түсіндіремін.
Оқушыларға «Сұрақтар жаңбыры» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын ашу мақсатында қолданамын. 1.Теңге қай жылы шықты? 2. Ақшада не бейнеленген? 3. Қазіргі теңге мен бұрынғы тиынның айырмашылығы қандай? 4. Өмірде ақшаны не үшін қолданамыз? Валюта-Қазақстан
«рубльдік» зонадан 1993 жылы қараша
айында шықты, 1993 жылы 15 қарашада ұлттық
валюта «теңге» болып енгізілді.
Оқыту ойыны. Бейнежазба «Теңге ілу» ойыны Теңге алу (ілу) - қазақ ұлттық ат спорты. Ертеден келе жатқан ойындардың бірі. Теңге ілу де ат спортына жататын ойынның бірі. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі. Ойынға жасы 18-ден асқан адамдар ғана қатысады. Ол ертеде үлкендігі ақ тоқымдайкиіздің үстінде 50, 20, 5 тиындық майда ақшаларды салып қоятын болған. Қазір тақыр жердің ойықтау тұсына ақ шүберекке түйілген зат тасталады.Ойыншылар қос тартпалы мықты ерттелген атқа мініп 30-40 метрдей жерден шауып бара жатып, ақ киіздің үстінде жатқан тиынды немесе ақ шүберекке түйілген затты еңкейе беріп, іліп алып кетулері керек
«Теңге ілу» ойынын ойнату арқылы іліп алған монеталарының саны мен жалпы соммасын анықтау
Дескриптор: - Теңгелерді ажырата алады; - Монеталар саны мен олардың жалпы соммасын табады;
«Сақина тастамақ» ойыны. Бұл ойында оқушылардың біріне сақина салынады, сол оқушы «Тағамдар алайық!» тақтасынан сауда жасайды. Келесі сақина тасталған оқушы жалғастырады:
Оқушыларға азық түлік алатын дүкенді көрсету. Дүкенде шырын, шоколад және т.б тағамдар сатылады. Әрбір тауардың бағасы тұсында жазылулы. Әрбір оқушыға теңгелер таратылады, сол теңге бойынша қажетті тағамын алып, қалған ақшасын қайтарып алуы тиіс. Немесе оқушылар өз тәжірибесіне сүйене отырып купюраларды монетаға ұсақтау нұсқаларын көрсетеді
Дескриптор: Көрсетілген сомманы ұсақтай алады Көрсетілген сомманы ірілете алады.
№1 ауызша
№2 Нәтиже және тапсырма тәсілі. «Жаңалық ашамыз» әдісі арқылы тапсырмадан тыс өзінің шеберлігіне байланысты есеп құрастыра алуы. Әр балада неше монета барын есепте. Сұрақтарға жауап бер.
1.Әр балада неше монетадан бар? 2.Әр балада неше теңге бар? 3.Қайсысының монетасы бәрінен артық? 4.Қайсысының ақшасы бәрінен аз? Бағалау критерийі. Көрсетілген соманы ұсақтай алады жəне жинақтай алады. Дeскриптор 1.Теңгенің өмірде қолданатынын біледі. 2.Монеталардың артық не кем екенін табады. 3.Нәтижeгe жeту үшін орындалатын теңдік және теңсіздік құрады.
Диалог және қолдау көрсету тәсілі. №3 «Ойлан, топтас, бөліс» әдісі
Есептерді шығар. Неше кері есеп құрастыруға болады? Олардың біреуін шығар? а) Әмиянда 100 теңге және 50 теңгеліктен 4 монета бар. Барлығы неше теңге болады? ә) Санжар а) есепте берілген әмияннан 50 теңгеліктен 2 монета және бір 100 теңгелік алды. Әмиянда неше теңге қалды?
Дəптердегі тапсырма бағалау критерийлерін қолданумен орындау ұсынылады. Оқушылар есептерді өздері шығарады. Артық ақшаны қайтарып беруге болатын монеталарды қоршайды.
Бағалау критерийі Құны әр түрлі ақшалармен төлем жасайды. Дeскриптор Көрсетілген сомаларды жинақтай алады. Артық ақшаны есептей алады.
|
Әмиян
Теңгелер суреттері
Презентация-2
Бейнежазба
Монеталар
«Тағамдар алайық!» тақтасы
Теңге суреттері
Оқулық
Оқулық
|
|||||||
Сабақтың соңы |
Қалыптастырушы бағалау: «Әрбір бала- бір жұлдыз», «Мадақтау» Кері байланыс ББҮ әдісі.
Үйге тапсырма: №4 (47 бет) |
Презентация-3 |
|||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген