400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Теңге. Монета және қағаз ақша . Математика 2сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика. Теңге. Монета және қағаз ақша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 12.02.2020

Пән: Математика

Сынып: 2 ә

Мектеп: № 76ЖББ мектеп

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны :

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Теңге . Монета және қағаз ақша

ҰМЖ оқу мақсаты:

2.1.3.6. 50тг , 100теңгелік монеталарды  200тг , 500тг купюраларды ажырату және түрліше төлем жасау .

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар: 50тг , 100теңгелік монеталарды 200тг , 500тг купюраларды ажыратады.

Көптеген оқушылар: 50тг , 100теңгелік монеталарды пайдаланып 200тг , 500тг купюраларды ұсақтай алады.

Кейбір оқушылар:монеталар мен қағаз ақшалар туралы алған білімін күнделікті өмірде пайдалана алады.

Бағалау критерийлері:

  • 50тг , 100теңгелік монеталарды 200тг , 500тг купюраларды ажырату;

  • Көрсетілген сумманы ұсақтай алады;

  • Құны әр түрлі ақшалармен төлем жасай алады..

Сөздік қор:

Түйін сөздер мен сөз тіркестері:монета, теңге, қағаз ақша ;

Топтағы диалог жазылым үшін сай келетін тіл стилі :

Теңге дегеніміз не??

Ишара : Жест, мимика, эмоция, қолмен

Құндылықтарды дарыту;

Құрмет құндылығы бір-бірін тыңдап , құрметтеуге тәрбиелеу. Топтық жұмыс арқылы ұжымшылдыққа , бір-біріне жанашырлықпен қарап көмектесуге бағыттау. Ұқыптылық- дәптерлерңне әдемі және көркем жаздырту арқылы.

АҚТ қолдану дағдысы:

Видеоролик, дүкенші ойыны

Пәнаралалық байланыс:

Дүниетану

Алдыңғы білімді меңгерту

2-5 сандарына көбейту және бөлу кестесін бекіту.Күн тәртібі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері




Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер



Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар мен сәлемдесіп , шаттық шеңберге тұрғызу. Жүректен -жүрекке тренингі арқылы бір-біріне жылы тілектерін айтады. Карточкалар арқылы оқушылар5топқа бөлінеді. Әрбір топқа тапсырмалар салынған конверт таратылады.

Тапсырмалар:т.б алдыңғы тақырып бойынша есептер беріледі


Жүрекше






Сабақтың ортасы

28 минут

Жаңа білім. Тақырыппен таныстыру.

«Ашық сұрақтар» арқылы сабақтың тақырыбын ашу мақсатында қолданамын.

1.Теңге дегеніміз не ?

2. Ақшада не бейнеленген?

3. Қазіргі теңге мен бұрынғы тиынның айырмашылығы қандай?

4. Өмірде ақшаны не үшін қолданамыз?

Қазақ елінің төл теңгесі қағаз ақша және монета түрінде болатындығын айтып түсіндіру. Әрбір монеталардың ( 1 теңге, 2 теңге, 5 теңге, 10 теңге, 20 теңге, 50 теңге, 100 теңге), қағаз ақша ( 200 теңге, 500 теңге, 1000 теңге, 2000 теңге, 5000 теңге, 10000 теңге) екендігі айтып түсіндіріледі.

Оқулықпен жұмыс. 2 тапсырма

Дескриптор

1. Суреттерге назар аударады.

2.Купюраларды ұсақтайды.

3.Купрюраларды басқаша жолмен ұсақтауды қарастырады.

Дүкенші ойыны

Әрбір топтан екі оқушы шығарылады. Біреуі дүкенші екіншісі сатып алушы. Сатып алушы ұсақталған монеталармен немесе купюрамен зат сатып алады. Дүкенші оның алған затын есептеп, оған артылған ақшасын қайтаруы тиіс.



3тапсырма. Есептерді шығарып, кері есеп құрастырады.

Ойлан, жұптас, бөліс әдісі

а) Әмиянда 100 теңге және 50 теңгеліктен 4 монета бар. Барлығы неше теңге болады?

ә) Санжар а) есепте берілген әмияннан 50 теңгеліктен 2 монета және бір 100 теңгелік алды. Әмиянда неше теңге қалды?

Сергіту сәті. Видеоролик. Көңілді күн

«Жаңалық ашамыз» әдісі арқылы тапсырмадан тыс өзінің шеберлігіне байланысты есеп құрастыра алуы.

Әр балада неше монета барын есепте. Сұрақтарға жауап бер.



Дәулет

Қанат

Самат

1.Әр балада неше монетадан бар?

2.Әр балада неше теңге бар?

3.Қайсысының монетасы бәрінен артық?

4.Қайсысының ақшасы бәрінен аз?



































Купюралар мен монеталар







































Сабақтың соңы

2 минут

Бас бармақ әдісі арқылы сабақты бағалайды. Стикерге сабақтан алған әсерлерін , өз ойларын жазып, жабыстырады.













Сабақ барысында смайликтер арқылы бағалаймын .

Партада дұрыс отыруын, сергіту сәті барысында абай болуын қадағалау





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
13 ақпан
761
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі