Теңге-Тәуелсіз Қазақстанның айшығы/Қауіпсіздік сабағы №10

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Теңге-Тәуелсіз Қазақстанның айшығы/Қауіпсіздік сабағы №10

Материал туралы қысқаша түсінік
Теңге-Тәуелсіз Қазақстанның айшығы/Қауіпсіздік сабағы №10 9 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы



Педагогтің Т.А.Ә.

Подстепный жалпы орта білім беретін мектебі

Күні:

11.11.24

Сынып:

9 «а»


Тәрбие тақырыбы

Теңге-Тәуелсіз Қазақстанның айшығы/Қауіпсіздік сабағы №10

Құндылық

Ел рәміздерін құрметтеу


Мақсаттары

Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі – теңгемен тереңірек таныстыру. Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті


Ресурстар

Сабақ басы

(5 минут)



Сабақтың ортасы

(10 минут)



























































































































Сабақтыңсоңы

(5 минут)

Ұйымдастыру бөлімі. Эпиграф:«Қазақстан теңгесі әрдайым халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің байюына және гүлденуіне ықпал етсін» (Н. Ә. Назарбаев).

Мұғалім:Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.

Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.

Ұлттық валютамыз Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды.

Теңгенің 16-ға жұық құпия қорғанысы, белгісі бар. Теңге – біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу – барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді.

«Тиыннан теңге құралады»,- демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек.

Тарихи толғау

  1-оқушы:  Қазақстан 1991 жылдың желтоқсанында тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өзінің нағыз дербес мемлекет екендігін паш еткен оқиғалардың бірі — төл валюта — теңгені айналымға енгізуі болды. Осы кезден бастап мемлекеттің экономикалық құрылымы түбегейлі өзгеріп, жаңадан жасақтала бастады. 1992 жылы елде төрт адамнан құралған дизайнерлер тобы жасақталды.  Теңгенің  авторы  болу  бақыты дизайнерші  Тимур Сүлейменов, қылқалам  шеберлері  Қайролла  Ғабжалилов, Мендібай  Әлин мен  Ағымсалы  Дүзелхановтың  үлесіне тиді.

2-оқушы: Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады.VIII-IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің монеталары айналыста болды. 3-оқушы: XVI- XVIІІ ғасырларда мыс тиындар қолданыста жүріп, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыста болғанын айғақтайды. Қазақтың «тәнге» деген ақша атауынын орыстың «деньги» деген сөзі шыққан. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған. 4-оқушы: 1992 жылы тамыздың 27-сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлеловтер Англияға аттанды.

5-оқушы: 1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты. Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты. Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз.



1-тапсырма: Әр топқа таратпа қазағазтаратылады. Тапсырма: төмендегі сұрақтарға дұрыс жауап беріңдер. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай 1.Сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығынын анықтандар

Дұрыс Бұрыс

1. Қазақстан валютасы басқа елден әкелінеді.

2.Ақша – халық байлығы.

3.Теңгеде 6-ға жуық құпия белгі бар.

4. Ұлттық теңге дербес ел болғанымыздың белгісі?

5.Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Шәкен Ниязбеков.

6. Тиыннан теңге құралады.

7. Ұлттық валютамыз 1991 жылы 16 желтоқсанда айналымға енді.

2-тапсырма: Мақал - мәтелдегі қалып кеткен орынға төмендегі сөзді жаз.
таратпа қағаз тарату 
( дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп, ақшасы, судың, құлып) Әр дұрыс жауап 2 ұпай

  1. _____ тиыннан өсер.
    Жылқы құлыннан өсер.
    2. Есепсіз ______ жоқ.
    3. Алтын тапсаң _______ ал.
    4. Ақша кетуге тырысады,
    _________ ұстауға тырысады.
    5. Тамшыдан тама берсе _______ болар.
    6.______ оңай, жинау қиын.
    7. Ақша ашпайтын _________ жоқ.
    8. _______ да сұрауы бар.
    9. Ақшада ____ жоқ.
    10. Ар - намысы таза адамның _______ аз болады.
      3 - тапсырма: Төменде аталған елдердің валюта атауларын жазыңыз.
     1. Ресей ___________( рубль)
     2. Қытай ___________( юань) 
     3. Қырғызстан ___________( сом)
     4. Өзбекстан ___________( сум)
     5. Үндістан ____________ (рупия) 
     6. Германия _____________( евро)
     7.  Түркия  _____________(лира)
     8.  Украина _____________ (гривна)
     9.  Америка  ______________ (доллар.)
     10.  Латвия ______________(лат)

Мұғалім: Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ен қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі!










  • амандасады;



















-теңге туралы түсінік алады;












-оқушылар теңге туралы мәлімет айтады;














































-дұрыс-бұрысын анықтайды;



















-қалып қойған сөздерді табады;
















-валюта атауларын атайды;



























































































Слайд






Теңге суреттері



10-САБАҚ: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛА ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛУЫ МҮМКІН БЕ? 10-минут

Сабақтың мақсаты: Кәмелетке толмаған баланың қай жастан бастап заңды жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін және не үшін екенін анықтау.

Негізгі міндеттер:

  1. Құқықтық жауапкершіліктің не екенін түсіндіріңіз.

  2. Кәмелетке толмағандар үшін құқық бұзушылық түрлері мен жазалар туралы айту.

  3. Құқықтық мәселелерден қалай аулақ болу керектігін көрсетіңіз.

Сабақтың барысы.

  1. Кіріспе (2 минутқа дейін):

-Талқылау: құқықтық жауапкершілік дегеніміз не және ол неге маңызды (кәмелетке толмағандардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі біреуге мүліктік зиян келтіргені немесе денсаулығына, ар-намысы мен қадір-қасиетіне зиян келтіргені үшін туындайды).

  1. Негізгі бөлім (6 минутқа дейін):

    • Презентация: Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне және

«Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы мен міндеті болып табылады. – Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылық жасаған кезде құқық бұзушылықтың субъектілері, ең алдымен, оның ата-анасы (кәмелетке толмаған баланың қай жерде және кіммен тәрбиеленгеніне қарамастан) болып табылады. Әкімшілік жауапкершілік 16 жастан, ерекше жағдайларда (ҚР ӘҚБтК- нің 435-бабында көзделген ұсақ бұзақылық жасағаны үшін) 14 жастан басталады. Қылмыстық жауаптылық 16 жастан, ауыр және аса ауыр түрлерін жасағаны үшін 14 жастан басталады.

Қылмыстың алдын  алу­дың бірден-бір жолы – оқу­шылардың мектептен тыс уа­қытта қосымша біліммен қам­тылуын дұрыс ұйым­дас­тыру.

ҚР 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 Баланың құқықтары туралы заңына

10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы

11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы

12-бап. Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы

24-бап. Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтiп-бағу және асырау жөніндегi мiндетi

37-бап. Баланы алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды әсерiнен қорғау.

127-бап. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiңбалаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы.

442-бап. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкелетіні туралы ата аналар жиналыстары мен мектеп инспекторының мектеп оқушыларымен кездесуде түсінік жұмыстары жүргізілді.

  1. Қорытынды.

Пайдалы сілтемесі: https://youtu.be/UemLbhBjDLg?si=XBSTt5oEB2ZKY9uA

https://drive.google.com/file/d/1LfkYbutUBJZz-Z8Pfl0YWH39FaQWGEKI/view https://drive.google.com/file/d/1kCDJjSxctHcbpmyKdpYhADL0AAplMIL4/view

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.01.2025
155
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі