Материалдар / "Теңге-тәуелсіздік белгісі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Теңге-тәуелсіздік белгісі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Білуге, жаңаны тануға құштар болу;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2023
117
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Теңге тәуелсіздік келбеті»

Күні

27.11.2023

Класс жетекші:

Сатанова С.Т

Класс:

Қатысушылар саны: 18

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Теңге тәуелсіздік келбеті»

Сабақтың мақсаты:

Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық мүдде

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған кеспе қағаздар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт


Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Ұлттық валюта-төл теңге

Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.

Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.




Компьютер


























Сабақ басы (13 мин)






















Дұрыс -бұрыс
1 Қазақстан валютасы басқа елден әкелінеді.
2 Ақша – халық байлығы.
3 Теңгеде 6-ға жуық құпия белгі бар.
4 Ұлттық теңге дербес ел болғанымыздың белгісі?
5 Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Шәкен Ниязбеков.
6 Тиыннан теңге құралады.
7 Ұлттық валютамыз 1991 жылы 16 желтоқсанда айналымға енді.
8. Тәуелсіз елдің басты белгілерінің бірі - үлттык ақшасы.
9. Қазақстанның төл тенгесі 1993 жылы қазан айында шықты.
10. Теңгенің шеттеріне ою - өрнек салынған.
11. Теңгемізде мемлекеттік тудың суреті салынған.




Бесжолдық өлең.

1.Теңге ( тақырып, 1 сөз)
2.Құнды, сиқырлы (екі сын есім)
3.Арнаулы шеберханада жасалған( қимыл, іс-әрекет,3 сөз)
4.Туған елімнің айрықша белгісі( сезім, 4 сөз)
5.Қазына.( синоним, 1 сөз)
Жағдаяттық тапсырма

1-жағдай:Биылғы оқу жылында қазақ тілі оқулығы жетіспейді,базардағы оқулық бағасы 800 теңге.Анаң туыстардан оқулығыңды тауып әкелді.Бірақ оқулық ескі.жыртық.Сен оқулықты ұстағың келіңкіремей тұр .Сенің іс-әрекетің …?

Презентация

 





Ортасы (15 мин)


«Сұрақ - бізден, жауап – сізден». /Аукцион/
1. Ақша тарихын зерттейтін ғылым.
2. Ұлттық валюта дегеніміз не?
3. Қазақстан теңгесі қай жерде басылды?
4. Алғашқы тиындар қай жерде жасалды?
5. Ұлттық валюта - теңге айналымға шыққан мерзім.
6. 1993 жылы 1 теңге неше соммен белгіленді?
7. Ескі ақшаны теңгеге айырбастау жүргізілген мерзім?




Мақал - мәтелдегі бос орынға төмендегі сөзді жазу.
( дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп, ақшасы, судың, құлып)
1. _____ тиыннан өсер.
Жылқы құлыннан өсер.
2. Есепсіз ______ жоқ.
3. Алтын тапсаң _______ ал.
4. Ақша кетуге тырысады,
_________ ұстауға тырысады.
5. Тамшыдан тама берсе _______ болар.
6.______ оңай, жинау қиын.
7. Ақша ашпайтын _________ жоқ.


презентация

Соңы (5мин)










Терминдердің мағынасын ашып айт
1) Тарих
2) Геральдика
3) Виксикология
4) Сфрагистика
5) Герб



Жауаптары:
1) «Зерттеу», «Оқиғалар жайлы әңгіме» деген мағына білдіреді.
2) Елтаңбаларды зерттейтін ғылым саласы
3) Туларды зерттейтін ғылым саласы
4) Мөрлерді зерттейтін ғылым саласы
5) Белгілі бір айшықты белгісі бар мемлекеттің негізгі таңбасы, нышаны.


Төменде аталған елдердің валюта атауларын жазыңыз.
1. Ресей ___________

2. Қытай ___________
3. Қырғызстан ___________
4. Өзбекстан ___________
5. Үндістан ____________
6. Германия _____________
7. Египет _____________
8. Англия _____________
9. АҚШ ______________
10. Түркия ______________


















презентация



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!