400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Теңіз әлеміне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөйлеуді дамыту. (3-4 жастағы мектепке дейінгі балаларға арналған)Теңіз әлеміне саяхат жасау арқылы теңіздегі тіршілік иелерімен танысу,теңіз асты қызықтарын тапсырма желісімен орындай отырып,балалардың балықтар туралы білімдерін бекіту,қызығушылықтарын ояту,логикалық ойлау,есте сақтау қабілеттерін,сөйлеу тілін,ұсақ қол моторикасын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алма»арнайы балабақшасы»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

логопеді Балмагамбетова Гульшат Камаловна

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Теңіз әлеміне саяхат»

Білімділік: Балаларға су асты әлемі,ондағы тіршілік иелері,балықтар туралы түсініктерін кеңейту,білімдерін толықтыру.Су асты тұрғындарын дұрыс атауға үйрету, сөздік қорын толықтыру.Су асты әлемінің суретін қарап сөйлемдер айта білуге үйрету.

Дамытушылық : Тіл байлықтарын молайту, берілген сұраққа толық жауап беру қабілеттерін арттыру. Ұсақ саусақ маторикасын дамыту.

Тәрбиелік: Су асты әлемінің тіршілік иелеріне сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: йоготерапия әлементтері (денсаулық сақтау технологиясы),ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу,саяхат

Көрнекіліктер: Су асты әлеміне сай безендіру, суреттер,кеме,тапсырмалар.

Ұйымдастыру кезеңі: -Балалар, бізге бүгін көптеген қонақтар келіп отыр,қане амандасып алайық!

-Балалар,сендердің көңіл-күйлерің қандай?

-Күшті,керемет.

-Жарайсыңдар,балалар,ендеше сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Жер бетіне бір шықпас,

Су түбінде тұншықпас.

Сөйлемейді, үндемейді,

Пісірсе оны кім жемейді. (Балық)

Қанаты бар ұшпайды,

Жұрт айламен ұстайды. (Балық)

Суда өседі, өнеді,

Сыртқа шықса өледі. (Балық)

-Дұрыс айтасыңдар,ендеше біз бүгін балықтар,теңіз әлемі және ондағы тіршілік туралы айтамыз,көреміз,қызықты саяхатқа шығамыз.

-Әне,бізді жағада кеме де күтіп тұр. Бұл жай кеме емес,су асты кемесі. (балалар,логопедпен бірге кемеге мінеді,теңіз толқынының әуенімен жүзіп,су астына түседі)

Балалар,мен теңіз астынан керемет қобдиша тауып алдым. (ішінен айналар мен тыныс алу жаттығуына арналған құралдарды алып,балаларға таратып береді)

«Балық» артикуляциялық жаттығуы. Еріндерге арналған жаттығу.Еріндерін бір-біріне қатты басып,балықша ауызын ашу.5-6рет қайталап жасайды.

Тыныс алу жаттығуы:«Балықтар демалады» Шарты: Ұртқа ауаны толтырмай үрлеу.

Фонематикалық қабылдау ойыны: «Қатты толқын,жай толқын»

Мақсаты:Естіп қабылдау арқылы толқындардың жай немесе қатты соғуын анықтау.толқын ағысына сай қимылдар жасау.

Д/О: «Ұйқасын тап «

Мақсаты:Сөздік қорын.байланыстырып сөйлеуін,есте сақтау қабілетін дамыту.

1.Тан,тан,тан

Қармаққа түсті ....

2.Ит,ит,ит

Үлкен,алып ...

3.Ла,ла ла

Азулы жыртқыш ...

4.,зан,зан,

Ұстап алдым...

5.Бақ,бақ,бақ

Кіп-кішкентай ...

Балалар музыка әуенімен су астынан жүзіп жүрген жоғарыдағы балықтарға қарап, олардың аттарын атайды. Музыка ырғағына сай логопедпен бірге його қимылыдарын жасайды,Теңіздегі тыныштық,релаксация.

Д/О: «Кестеге сай сөйле!»

Мақсаты:суреттер бойынша балық туралы әңгіме құрастыру.

Балық суда жүзеді.Балықтың басы,денесі,қанаттары,құйрығы,денесінде қабыршақтар бар.Балықты қармақпен аулайды.Балықтан сорпа,котлет жасайды.Балықтар түрлі-түсті,әртүрлі пішінді болады.

Балалар,бізге біреу келе жатқан сияқты,су әдемі жалт-жұлт етеді. (балаларға алтын балық кездеседі)

Алтын балық балалармен амандасып,оларға теңіз түбінің қызықтарын айтып береді.Бірге тапсырмалар орындап,билейді.

Д/О: «Балықтарды әсемде» (Пішіндер мен сандар жобасы бойынша )

Мақсаты:ұсақ қол моторикасын дамыту.Марблс тастары және құммен жұмыс жасау.

Д/О: «Кім бірінші?»

Мақсаты:Есте сақтау қабілетін.сөздік қоын дамыту.Балықтарды суретінен анып,ажырату.Ептілікке,жылдамдыққа баулу.

-Балалар,сендерге теңіз әлеміне саяхат ұнады ма?Ендеше осы керемет қызықтарды балабақшадағы басқа да балаларға айтып берейік.Өане,бәріміз бірге қайтайық!Сау болыңыз,алтын балық Сізге көп рахмет!

(музыка теңіз толқыны әуенімен кемемен жүзіп,жағаға келіп тқтайды)

Қорытынды.Мадақтау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
42
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі