400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Теңіз астындағы құм патшалығына саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологтың балалармен өткізген қорытынды іс-әрекеті. Құм терапиясы, нейрожаттығулар және т,б тапсырмалар жүргізілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні : 20.04.2024

Тақырыбы: Теңіз астындагы құм патшалығына саяхат

Мақсаты: Су асты әлемі туралы білімдерін тереңдету.Су асты әлемінің тіршілік иелерін, ғажайыптарын көрсетіп, психологиялық демалдыру. Құммен жұмыс жасаудың жолдарын үйрету. Жұмысты бірлесіп істеуге, бір-біріне көмектесуге, ептілікке баулу, ұсақ қол моторикаларын дамыту. Су асты әлемінің тіршілік иелеріне сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, таныстыру, көрсету, ойын.

Көрнекілігі: теңіз әлемі, теңіз мекендеушілері, құм терапиясы, АКТ, музыка терапиясы.

Барысы:

Шаттық шеңбері:

Достарымның барлығын,

Сыйлап жақсы көремін

Алақаным арқылы

Жылуымды беремін.


Педагог – психолог:

-Жарайсындар балалар! Балалар, айтыңдаршы сендерге су асты тіршілігін қызықтаған ұнайды ма? Олай болса, бүгін біз су асты әлеміне саяхат жасап, керемет демалатын боламыз. Бүгін біз теңіз астына саяхатқа барамыз. Саяхатқа немен барсақ болады екен? Балалар, бүгін бізді саяхатқа ақша бұлттар апарамыз деп келіпті. Ақша бұлттармен бару үшін, мына теңіз мекендеушілерін айтып беруіміз керек.

(балалар теңіз мекендеушілерін атайды және бір-бір шардан алады)

-Енді осы ақша бұлттармен және соққан желмен ұшып теңізге саяхаттаймыз.

Бақшамыздан шығамыз,

Ақша бұлтпен ұшамыз.

Соққан желдің күшімен

Саяхатқа барамыз.

1,2,3, теңіз астына түс!


-Балалар теңіз суының түсі қандай екен?

-Теңізде қандай тіршілік иелері мекендейді екен?

-Жарайсыңдар! Олай болса теңіздің таза ауасымен терең тыныс алайықшы!

Тыныс алу жаттығуы

-Балалар, теңіз түбіне терең үңілейікші. Бір патшалық көрінетін сияқты. Бұл құм патшалығы екен. Қараңдаршы балалар. Құм патшалығы қандай керемет!

(балалар алжапқыштарын киеді)

Нейрожаттығу

Әр патшалықтың өз ережелері бар. Сол сияқты құм патшалығының да өз ережелері бар екен.

  1. Құмды шашпау керек.

  2. Қолымызбен ұстап, құмды ауызға салуға болмайды.

  3. Құм қолымызбен көзімізді уқалауға болмайды.

Құммен жұмыс:

-Ал енді бәріміз құммен амандасайық. «Сәлеметсің бе, құм!» Саусақтарымызбен теңіздің толқындарын жасайық. Теңіздің түбіне тереңірек үңілсек тастар болады. Жұдырығымызбен тастар, бір саусағымызбен балдырлар жасайық.

Жарайсыңдар! Қолымызды қағып, алжапқыштарымызды шешейік.


(Сылдырлаған судың дыбысы естіледі)

-Балалар, сылдырлаған судың дыбысы естіледі ғой. Естіп тұрсыңдар ма?

Ой, мынау не балалар?

Балықтың түсі қандай?

Балықтың нелері бар екен?

Балық неге көңілсіз?

-Дұрыс айтасыңдар. Балықтың достары жоқ екен. Балалар балыққа достар тауып береміз ба? Олай болса партаға отырайық. Қазір желіммен, құммен жұмыс жасамас бұрын, сендермен кішкене қолымызды қыздырып алайық, жарай ма?

Саусақ жаттығуы:

Тұп-тұнық таза суда

Балықтар жүзеді

Біресе созылып, біресе жиналады

Біресе керіліп, біресе жиырылады

Бірде құмға тығылады.


-Қараңдаршы, мына балықтардың түсі қандай екен?

Ақ балықтар көңілсіз. Біз олардың көңілін көтеру үшін әртүрлі түске бояуымыз керек. Бірақ құм патшалығында мүлдем бояулар, қарындаштар жоқ екен. Біз оларды түрлілі-түсті құм патшалығының сиқырлы құмдарымен бояйтын боламыз.

(шығармашылық жұмыс)

-Жарайсыңдар, балалар! Енді бұл балықтарымыз кепкенше ойын ойнайық.

Ойын: «Теңіз толқиды»

Тыныштық сәті:

Көздеріңді жұмып, ұйықтаңдар, бәріміз бірдей түс көреміз.

Мөлдір, тұнық су...

Судың астында құмдар, түрлі-түсті тастар анық көрінеді.

Сендер су астында жүзіп жүрсіңдер....

Жан-жақтарыңда керемет түрлі балықтар.

1,2,3 деп оянамыз.


-Қандай сезімде болдыңдар? Көздеріңді жұмғанда су астын, ондағы балықтарды көре алдыңдар ма?

-Жарайсыңдар! Ал енді досы жоқ балығымыздың достарын қасына қосайық. Қараңдаршы, балық сендердің тауып бергендеріңе риза болып, көңілді жүзуде.

-Ал енді, ақша бұлттармен ұшып, балабақшамызға оралайық.

Патшалықтан шығамыз,

Ақша бұлтпен ұшамыз.

Соққан желдің күшімен

Бақшамызға барамыз.

1,2,3 бақшамызға түс!


Қорытынды:

-Балалар, біз қайда бардық?

-Немен бардық?

-Құмнан не жасадық?

-Сендерге саяхат ұнады ма?

-Жарайсыңдар! Балалар сендер бүгін өте белсенді болдыңдар. Әрдайым биіктерден көріне беріңдер деген тілекпен, мына ақша бұлттарды сендерге сыйға тартамын. Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар!












Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының

білім бөлімі №44 “Ертарғын” бөбекжай-бақшасы

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны








«Теңіз астындагы құм патшалығына саяхат»




Педагог- психолог: М.Ж.Қуатбекова











Тараз - 2021

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
01.06.2024
214
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі