400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Теңіз патшалығы!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылды біз тойлап, Шаттанамыз бәріміз. Өлең де әзір, ән әзір, Ойын да әзір – бәрі әзір. Кел, Жаңа жыл, біздерге, Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Теңіз патшалығы!

Балалар музыка әуенімен залға кіреді.

Жүргізуші: Төрлет, төрлет, Жаңа жыл!

Құтты болсын қадамың

Тілекке енді жеткізіп

Есте қалсаң жарарсың.

Іңкәр: Жанып тұр жайнап жылтылдап,

Жаңа жылдық шыршамыз.

Сағаттар тілі сыртылдап,

Жетпейді түкке мұршамыз.

Сезім: Келді әне жаңа жыл,

Тілегін елдің арқалап.

Құт дарытар дара жыл,

Осы жыл шығар мархабат.

А.Каусар: Тілейік достар көп тілек,

Арманы аз ба қазақтың,

Көңілдер өссін көк тіреп,

Жыл бойы туып ғажап күн.

Ән: «Қыс күні»

Адина: Безендіріп шыршаны,

Жыл қуантты баршаны.

Ән мен биі басталсын,

Төрлет, төрлет халқымның,

Құтты жылы Жаңа жыл!

Диас: Ау, бақытты ұландар,

Айлы көкке қараңдар,

Мініп аппақ кемеге

Жаңа жыл келді теңізден.

Әуенмен балықшы шал мен кемпір ортаға келеді.

Қарақат:(кемпір) ау шал нағып отырсың, барып теңізден балық аулып кел.

Исмайл: (шал) теңізде су қатып қалған шығар, күн суытып кетті ғой.

Кемпір: мен ештеңе білмеймін, бар деген соң бар!

( Шал теңізге кетеді )

Би: «Теңіз биі»

Шал теңізге қармақ салып отырады. Қармағына алтын балық ілінеді.

Шал: (шал қуанып кетеді.) жаңа жыл кешінде балық пісіріп жейтін болдық ау. Енді кемпірім қуанатын болды.

Зағыфран:(алтын балық) адамзат, мені босатып жіберші! Мен сіздің үш тілегіңізді орындаймын.

Шал: олай болса менің үш тілегім бар. Мына балалар билеп, тақпақ айтып, ән салып берсін.

Сапарбек Аяулым:

«Кел, Жаңа жыл!»

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

Өлең де әзір, ән әзір,

Ойын да әзір – бәрі әзір.

Кел, Жаңа жыл, біздерге,

Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл!

Ануар: Аязды келіп қыс

Алғашқы қар ұшты.

Аппақ болып үстіміз,

Ақ қырау жабысты.

Тоғжан: Асығып жүрміз бәріміз,

Жасымыз үлкен кәріміз.

Жаңа жылға ылайық

Болсын деп ән мен сәніміз.

Аделина:

Бүгін бәрі өзгерек,

Жарқын күлкі,

Сөз бөлек...

Тілек айтып, күттік біз:

«Кел, Жаңа жыл, төрле – деп»

Алтын балық: ата, енді риза болдыңызба? Мен теңіз түбіне тез оралайын. Су қатып қалса жете алмай қаламын ғой.

Шал: тоқтай тұр. Теңіз түбінде не бар? Теңіз патшалығын көргім келеді.

(Алтын балық қолын шапалақтайды)

Би: «Алтын балық»

Расул:(теңіз патшасы) менің мазамды кім алды?

Алтын балық: патшам кешір! Жер бетіндегі адамдар жаңа жылды қарсы алғалы жатыр екен, солардың тілегімен сіз осындасыз.

Теңіз патшасы: таң қалып, шыршаға қарап: мынау не деген керемет. Жаңа жыл деген осы ма? Жер бетіндегі адамдар недеген бақытты. Сонда жаңа жыл қайда?

Әуенмен тауық кіреді.

Арнар: (тауық)

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы.

Ақ мамыққа баурап алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген сөз,

Қанаттанып шартарапқа тарайды.

Достар мына теңіз патшасы неғып жүр?

Алтын балық: Тыс-с-с! Мұнда балықшы шал отыр, ол соның тілегімен келген.

Тауық: патшам, сіз көңілсіз отырсыз ғой.

Патша: мен жаңа жылды қалай қарсы алу керек екенін білмеймін.

Тауық: Ой, ол да сөз болып па? Қане балалар, патшаның көңілін аулайық.

Жүргізуші: кәне балалар, бәріміз бірге сиқырлы сөздерді айтайық.

Жасыл шырша төрдегі,

Дейді бәрі көр мені.

Неткен әсем құлпырып,

Ойыншықтар тұр тұнып.

Түрлі түсті шамдарды,

Түнде ғажап жанғаны.

Көргендерді елітеді,

Керемет бір ертегі. (шырша жанады)

Патша: қандай керемет көрініс. Мен өмірімде талай ғажаптарды көрдім, бірақта мынандай ғажапты өмірімде бірінші рет көріп тұрмын. Бірақ мен сусыз көп жүре алмаймын, сондықтан мен кетемін. Ал сендермен әлі кездесетін шығармын. Мерекелеріңді тойлай беріңдер. (патша кетеді)

Тауық: мен жалғыз келген жоқпын. Достарымды ерте келдім . Соларда өнерлерін көрсетсін.

Би: «Тауықтар»

Алтын балық: ал ата ризасыз ба?

Шал: ризамын, ризамын! Енді үшінші тілегім. Аяз атаны көріп кету. Алтын балық қолын шалақтайды. Сол кезде кішкентай қыз кіреді.

Сәрсенбай Аяулым: (қыз) – мен қайда келдім?

Жүргізуші: Айналайын сен кімсің? Мұнда не істеп жүрсің?

Қыз: жаңа жылға шырша іздеп жүрмін. Мынау неткен әсем шырша. Аяз аталарың қайда? Қашан келеді?

Жүргізуші: қазыр келеді. Қане бәріміз шақырайық.

Бәрі бірге: Аяз ата, аяз ата, аяз ата!


Аяз атаның даусы шығады:

Охо-хо-хо! Келе жатырмын,

Амансыңдар ма ұлдарым?

Армысыңдар қыздарым!

Қандай көркем қырларың

Асулармен алысып, асау желмен жарысып,

Тойларыңа асығып, өздеріңмен таныстым.

Аяз ата: ал енді бәріміз көңілді би билейік.

Би: «Көңілді би» Аяз атамен

Аяз ата: ух, шаршадым. Мен қартайдым, ал сендер жассыңдар, қанша билесеңдер де шаршамайсыңдар.

Жүргізуші: шаршасаңыз кәне отырыңыз. Ал біздің балалар тақпақтарын айтып береді.

Дастан: Ақ қар жапты даланы,

Ақ жамылды айнала.

Аяз ата келіпті.

Сыйлығымен жарыса.

К.Арайлым: Жарқырайды жан-жағым

Жаңа жылдық киіммен.

Аяз ата сыйлығын

Жеңіп алдым биіммен.

Ағылшын тақпақтары:

Нұрдаулет, Альмира,

Аяз ата: рахмет, рахмет. Жарайсыңдар! Мені қуантып тастадыңдар! Ал осылай отыра береміз бе? Кәне ойнайық.

Ойын: «Шаңғы тебу»

Жүргізуші: аяз ата, мүмкін сіз мына қызға көмектесерсіз?

Аяз ата: қызым келе ғой. Жаным ау осы аязда орманда не істеп жүрсің?

Қыз: мен шырша іздеп жүрмін.

Аяз ата: тамаша! Біздің мерекеге тура келдің. Менің орманымда шыршаның түр-түрі бар. Қалағаныңды ал.

Жүргізуші: «Шыршалар» биі.

Аяз ата: Ал балалар ақшақарды шақырайық.

Ақшақар, ақшақар, ақшақар.

Сиқырлы әуен естіледі. Ортаға Ақшақар шығады.

Ақшақар: сәлеметсіңдер ме балалар, қоақтар. Рахмет, сендердің көмегімен мен әзер жеттім ғой. Аяз ата, мен орманды аралап жүргенде сізден адасып қалдым.

Аяз ата: міне менің немерем де арамызға келді. Кәне бір тамаша ән шырқап жіберейік.

Ән: «Ақшақар»

Ақшақар: өнерлерің тамаша екен. Аяз ата балалардың сыйлықтарын тараттың ба?

Аяз ата: мен сыйлықтарды теңізден алып өте алмадым. Сыйлықты қазір теңіз патшасы әкеледі. Ал біздің баратын жеріміз әлі көп. Кететін кезде келіп қалды.

Той думанды қыздырған

Сарыарқадай далам бар.

Астанадай қалам бар.

Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

Саған дайын төрім бар.

Сау болыңдар балалар. (Аяз ата мен Ақшақар кетеді)

Ортаға шал мен алтын балық шығады.

Алтын балық: ата, үш тілегің де орындалды. Енді мені босатыңыз.

Шал: жарайды, алтын балық. Мен сені босатайын. Бірақта кемпіріме қалай құр қол барамын?

Жүргізуші: жоқ, сіз кемпіріңізге құр қол бармайсыз.

Ортаға теңіз патшасы сандық көтеріп келеді.

Патша: мынау сандықты сендерге Аяз ата беріп жіберді.

Шал: рахмет, рахмет. Сандықты ашады. Мынаның ішінде балалардың сыйлықтары да жатыр екен. Сыйлықтарды көрсетеді. Алтын балық сен менің барлық тілектерімді орындадың. Бара ғой теңізге.

Алтын балық: Сау болыңдар балалар. Алтын балық жүзіп кетеді.

Шал: сыйлығын алып кемпіріне келеді

Кемпір: тағыда бос келдің ба?

Шал: жоқ, кемпір. Жаңа жылда барлық армандар орындалатынын сен білесің бе? Мінекей мен де бүгін көріністерді көріп келдім.

Жүргізуші: ал кәнекей балалар келіңдер бәріміз «Жаңа жыл» әнін орындайық.

Ән: «Жаңа жыл»

Жүргізуші: Жаңа жыл келді міне жерімізге,

Әкелсін құт – береке елімізге.

Жақсылық пен қуаныш жылы болсын

Қиындық жоламасын бәрімізге.

Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар, құрметті қонақтар.

Балалар әуенмен кетеді.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
490
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі