Тақырыбы: «Теңізге
саяхат»
Білім
саласы: Денсаулық
Мақсаты: Саптізбекте өзінің орнын
таба білуге үйрету. Тыныс алу жаттығуларын жасату арқылы,
балалардың демалу жолдарын дамыту.Балалардың теңізге шығудағы мақсаттын
көздету, теңіздегі тыныс алу жаттығулары арқылы түсініктерін
кеңейту. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Мәдениеттіліке, жауапкершілікке, тазалықа
баулу.
Көрнекіліктері: түтікшелер,
дүрбі, кілемшелер, үлкен қолшатыр, қармақ,ойыншық
«Сегізаяқ».
Әдіс-тәсілдер: жаттығулар
жасату, көрсету, ойын, секіру, сілкілеу, тыныс алу жаттығулары,
қорытындылау.
Ұйымдастыру
кезеңі:
Капитан: -Таныстыруға рұқсат етіңдер,
ІІ ранг капитаны Байжанова Роза сіздің шақыруыңыз бойынша
келді.
Боцман: -Тік тұр, сап түзе! Жолдас
капитан, кеме экипажы жүзуге дайын!
Капитан:- Команда еркін тұр, әркім өз
орындарыңа тұрыңдар! Біздің кеме жүзуге дайын
(теңіз шуылының дыбысы
шығады)
-Ал біздің кеменің жүзгенін
барлықтары білу үшін,белгі берейік
Тыныс алу жаттығуы: «Белгі
беру»
Ойын
шарты: балалар қолдарына
түтікшелерін алып, мұрнымен демалып, ұзақ демді ауызбен шығару
арқылы дыбыс шығарады: «у-у-у-у»
Капитан: Бізді көк теңіз күтуде,
алға! (теңіз шуылы естіліп,
капитан дүрбімен қарайды) жүзуге
дайынбыз.
-Желкенді
көтеріңдер!
Ойын: «Желкенді
көтер! (балалар қаптармен ауа алу
арқылы желкенді көтереді)
Капитан: -Боцман, кеменің жағдайын
баяндаңыз!
Боцман:-Кеме жағдайын баяндаймын,
теңізде үлкен жел көтерілуде, толқын
жақындауда.
Капитан:
-Желкенді
түсіріңдер!
Боцман:- Желкенді түсіріңдер!
(балалар қаптағы ауаны
жібереді)
Капитан: -Барлығымыз білеміз бе
,теңіз қалай толқыйтынын? (балалардың
жауабы) Бұл жақсы, бізге шквалдық жел
қауіпті емес.Сөзге сену жақсы, ал іс-әрекеттер тексеру үшін
жақсы.
Ойын: «Теңіз
толқындары» (теңіз шулының
дыбысы)
Балалар теңіз толқындарын
–құралды қимылдары арқылы көрсетеді.
Теңіз бізге қорқынышты
емес,
Қанша жел
соқсада.
Жақында біз
келеміз,
Үйде бізді
күтіңдер.
Капитан:- Біз кемемізбен сапарымызды
жалғастырамыз. Ал,маған кемедегі ең тәтті тағамды кім
атайды?
Теңізшілер: -Балық
сорпасы!
Капитан: -Балық сорпасын дайындау үшін
алдымен бізге балық аулау керек.
Ойын: «Торға балықты
түсір» (балалар ойынды қызыға
ойнайды)
Капитан: -Жарайсыңдар, балықты жақсы
ауладыңдар! Алдымызда не бар? боцман?
(теңіз толқының дыбысы,
капитан дүрбімен қарайды)
Боцман:- Тыңдаңыздар, Жер! Жағаға
жақындаймыз.
Жағаға қарай қарақшы
келеді, тұмауратып ,түшкіріп
Қарақшы: -Осы, тұмау бар гой. Менің
кемем суға батып кетті, мен жағаға әрең жеттім, бұл жерде мен бір
өзім қалдым.(алма кезек түшкіреді,
жыламсырап)
Капитан:- Саған не болған
қарақшы?
Қарақшы:- Суық тиді біздерге, менің
барлық командамды құртып жіберді,құрығыр
тұмау.
Капитан:- Сенің айтып тұрған жаман
тұмаудан тез арада құтылу жолдарын біз
білеміз!
Қарақшы:-
Распа?( деп таңқалад, көзінің
байлауын ашып)
Капитан:- Балалар сапқа тұр! Қарақшыға
жаттығуларды көрсетейік
«Теңіз тыныс алу
жаттығуы»
«Жүзгіншілер» -
жаттығулары
«Дельфиндер»-жаттығулары
«Суасты жүзушілер»-
жаттығулары
Қарақшы:- Керемет ( мұрынмен дем
алады)
Боцман: -Капитан, естисіңдер ма,
теңіз жақтан бізді біреу көмекке шақырады. Біздің теңіздегі
торымызға теңіз жануары түскен сияқты,
(балалар жаттығулар
жасап,теңіздегі торға түскен сегізаяққа алғашқы көмек беріп,
жаттығулар жасап ажалдан құтқарып, жағаға көтеріп
әкеледі)
Капитан: -Қалай балалар, шаршаған
боларсыңдар, енді күнге күйіп демалайық.
Ойын-жаттығу:
«Теңіз
жануарлары» (балалар: кептірілу,
крокадил, су жыланы, корапқа салу ,ағаш, көпір деген жаттығуларды
жасайды)
Карақшы:- Ғажайып, керемет
екен!
Капитан: -Ғажайып емес, бұл
денсаулықты жақсартатын қимыл жаттығулар.
Капитан:-Енді қайтатын кезіміз
келді.
Боцман:- Желдің бағытын
анықтайық.
Ойын: «Жел
бағыты» (балалар құрылғыны ұрлеу
арқылы, желдің бағытын бақылайды) жел оңтүстіктен соғып
тұр,секунтына 10 метр,кеме қайтуға ешқандай кедергі
жоқ)
Капитан:- Команда еркін тұр, өз
орындарыңа тұрыңдар, біздің кеме үйге қайтуға
дайын (теңіз шулының дыбысы
шығады)
Тыныс алу жаттығуы: «Белгі
беру»
Ойын
шарты: балалар қолдарына
түтікшелерін алып, мұрнымен демалып, ұзақ демді ауызбен шығару
арқылы дыбыс шығарады: «у-у-у-у»
Балалар қонақтармен
қоштасады.