Бекітемін
Мектеп директоры
Г.С.Байбосынова
«Балдәурен»
сауықтыру лагерінің ашылуы және 1-Маусым
балаларды
қорғау күніне арналған салтанатты
жиыны.
«Ән» Айжарқынның орындауында «Балдәурен»
әнімен.
Жүргізуші:
Қайырлы таң! Қадірменді
ұстаздар, мен бүлдіршін балалар! Бүгінгі
«Балдәурен» сауықтыру алаңымызға және
1 Маусым балаларды қорғау күніне
арналған салтанатты жиынымызға қош
келдіңіздер.
Келді міне тағы
жаз,
Күн шуағымен жылытады
Жылуын
төгіп бізге,
Бәрімізді қуантады
Қазақстан Тәуелсіз ел
екенбіз.
Жоғалмасын ешқашан
берекеміз
Шын ниетпен сендерді
құттықтаймыз
Құтты болсын,
бүлдіршін мерекеңіз.
Жиын! Сап
түзе!
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік әнұраны орындалсын.
Жазғы лагерді ашамын
Бәрлерінді
шақырамыз
Күлеміз,ойнаймыз,ән
шырқаймыз
Спортпенен
шұғылданамыз
«Балдәурен»
сауықтандыру лагерін ашу рәсімі мектеп
директоры Г.С.Байбосыноваға беріледі.
Би: «Қобыз» биі
қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Мереке
бүгін, береке бүгін
Қуанып, шалқып
тасыған
От боп жүр жастар,
Шоқ
боп жүр жастар
Көңіл жоқ шешек
атпаған
Балалар гүлдей, құлпырып
күндей.
Ән:
Айжарқынның орындауында «Кел достарым»
Жүргізуші:
Ұстаз- ана ән айтып, би билеткен
Ұстаз
ана, бар білімге үйреткен
Ұстаздарды
екінші ана деп біліңдер
Әркез
сені жақсылыққа сүйреген дегендей
ұстаздарға қошемет көрсетіп
қояйық.
Ұлылардан ұлағат ап
жаңаша
Байқауларға ой қосамыз
таласа
Талабы зор балаларды
танытып
Таныстырған «Балдәурен»
тамаша
Ән:
«Ертегілер» Қарсыбай Асылзаттың
орындауында
Жүргізуші:
Елдің басы, сайдың
тасы боларым
Сендерсіңдер-бар
байлықтан жоғарым
Ұлт намысын
ұстап өсіңдер,
Елдің азат жүрегің
жас, мол арын.
Ән: «Улыбки»
Шаттан,күн,балақай!
Қуанатын күн
бүгін!
Қайырлы таң!
Қайырлы
күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Келесі кезекте балаларымыз
өздерінің шумақтарын жолдайды
Баршамызды бал тілімен
баурайтын
Бала деген бәр бақыт
қой самғайтын.
Ата – ананың
арманы мен тілегін
Бала емеспе
бал бұлақтан жалғайтын
1.Алина мен Мониканың
орындауында
Мереке бүгін, береке бүгін
Қуанып
шалқып тасыған
От боп жүр
жастар,
Шоқ боп жүр жастар
Көңіл
жоқ шешек атпаған
Балалар гүлдей,
құлпырып күндей.
Би: 5а сынып оқушыларының
орындауында «Аис» биі
Сүйкімділер, періштелер,
Сендерсіндер,
Қандай бейне
өздеріне тең келсін!
Данышпанда,
ғарышкерде, Ғалымда
Ең алдымен
балалықты менгерсің.
дей отырып Осымен
лагеріміздің ашылу салтанатын аяқтай
отырып,баларымызды өз топтарымен
танысуға шақырамыз, келесі кездескенше
ҚОШ САУ БОЛЫҢЫЗДАР.