400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімі шығымының массалық / көлемдік үлестеріне есептеулер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға күрделігі жоғары олимпиадалық есептерді және реакция өніміндегі шығымның массалық үлесін табуда пайдаланады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

9.3 А 17,16,15-топ бейметалдары және олардың қосылыстары.

Мектеп:№33 Н Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебі .



Күні:31.01.20


Сынып: 9

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Теориялық мүн кіндікпен салыстырғандағы реакция өнімі шығымының массалық \ көлемдік үлестеріне есептеулер .

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.3.3.Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын есептеу .



Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын есептейді.

Кейбір оқушылар: берілген тапсырмаларды, сандық есептерді шығарады.

Кейбіреуі:күрделігі жоғары олимпиадалық есептерді шығарады.

Бағалау критерийі

1 Сандық есептер шығарады .

2.Формулаларды дұрыс қолданады.

Тілдік мақсаттар


Реакция өнімдегі шығымның массалық үлесі.

Зат мөлшері . Масса . Салыстырмалы молярлық массасы.

Практикалық және теориялық реакция өнімі шығымының массаларын есептеу.

Құндылықтарға баулу

Сын тұрғысынан ойлау арқылы жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті.

Пәнаралық байланыс

Физика -қатты денелер мен сұйықтардың тығыздығын анықтау 7-сынып.


Тақырып бойынша алдыңғы білім

8 2 3 3 Реакцияға қатысатын және түзілетін әрбір заттың формуласын жазу арқылы химиялық реакцияның схемасын құрастыру.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері.


Ресурстар

Сабақтың басы



1.Жағымды психологиялық ахуал туғызу;

- сыныпты түгелдеу;

- сынып тазалығы;

- Шаттық шеңберінде тұрып, бір, екі,үш деп санау арқылы топқа біріктіру.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

«Лездік сұрақтар» арқылы

  • Табиғатта кремний қандай қосылыстар түрінде кездеседі .

  • Кремнийдің қандай аллотропиялық түрөзгерістері бар .

  • Кремнийдің қандай маңызды қосылыстарын білесіңдер.

  • Кремний қышқылының басқа қышқылдардан айырмашылығы неде.

  • Кремнийдің периодтық жүйедегі орны .

  • Кремнийдің физикалық және химиялық қасиеттері.


плакат, қима қағаздар

Сабақтың ортасы


Мұғалімнің түсіндірмесі.

Есеп шығару .Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімі шығымының массалық \ көлемдік үлестеріне есептеулер.

Есептің шартын және реакция теңдеуін жазып теңестіреді. Осы теңдеу бойынша берілген және есептеп табуға қажетті заттардың зат мөлшерін , салыстырмалы молярлық массасын ,молярлық массасын ,көлемін табу. Осы мәндерді реакция теңдеуіндегі заттардың формулаларының астына жазады . Теңдеу бойынша реакция өнімінің n,m,Vесептеп алу керек .Теориялық шығымды 100% деп алып ,іс жүзінде (практикада) алынған шама оның қосымша пайызын құрайтынын есептейміз немесе осы амалды мына формула арқылы жүзеге асыруға болады

мұндағы , n-.шығым .

1-тапсырма

«Ойлан тап» әдісі топтық, дәптермен жұмыс, (білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу)

Бірінші топ - Массасы 200 кг кальций карбонаты айырылғанда 100 кг кальций оксиді түзілсе оның шығымы қандай ?

Екінші топ - Массасы 300 г мыс сульфаты натрий гидроксидінің жетерліктей мөлшерімен әрекеттескенде түзілген мыс гидроксидінің шығымы 80 % болса , қанша мыс гидроксиді тұнбаға түседі .

Үшінші топ - Әк сүтінен көмірқышқыл газын өткізгенде түзілген кальций карбонатының шығымы 85 % массасы 150 г болса , қанша көлем (қ.ж) CO2 сіңірілген ?

Дескриптор

  1. Есептің шартын құрады .

  2. Реакция теңдеуін жазып, теңестіреді.

3 . Қажетті формуланы пайдаланып есепті шығарады .

Кері байланыс (мен күткен жауап , мұғалімнің ескертпесі , қолдауы)

Бағалау «Бағдаршам» әдісі арқылы (жасыл түс-бүгінгі сабақты түсіндім,сары түс-бүгінгі сабақты орташа түсіндім қызыл түс- бүгінгі сабақты мүлдем түсінбедім)


2-тапсырма. «Жауабын айтып көр» әдісі

Әр топқа деңгейлік жаттығулар мен есептер

  1. Натрий силикатындағы кремнийдің массалық үлесін тап ?

  2. Реакцияға 38 г магний силициді түсті .Реакция нәтижесінде 5,6 л силан түзілді Түзілген өнімнің шығымы қандай?.


  1. Егер өндірістік шығымы 47 % ,500 л аммиак алынғаны белгілі болса жұмсалған азот пен сутектің көлемі қандай болғаны ?

Дескриптор:

1.Берілген тапсырмадағы элементтердің тотығу дәрежесін біледі .

2.Магний силицидінен силан алады.

3.Силаннан кремний диоксидін алады .

4.Кремний диоксидінен натрий силикатын алады .


Кері байланыс (мен күткен жауап , мұғалімнің қолдауы, ескертпесі )

ҚБ: топтар бір бірін жағымды сөздер арқылы бағалайды

Оқулық, интернет

Сабақтың соңы














«Біліміңді тексер» әдісі арқылы тест тапсырмалары (Жеке жұмыс)

1 . Электртерістілігі ең жоғары элемент .

  1. F B)Nа C)Si D)Mg

2 . Электртерістілігінің мәні нөлге тең элементтер .

A) Cа B) Cs C) P D) K

3. Жоғары оксиді RO3 болатын бейметалдың сутекті қосылысындағы

тотығу дәрежесі

А) +2 B) -2 C) +6 D)-1

4.Кальцийдің табиғаттағы қосылыстары .

А) апатит В) флюорит С) мирабилит Д) xалькопирит

5 .Калий және оның қосылыстары жалынды ...түске бояйды.

А)қоңыр В)күлгін С) қызыл Д) жасыл

6 . Экологиялық таза деп саналатын отын .

А) Oттек В) Cутек С)Aзот Д) Фосфор

7. Хлор атомы металдармен түзетін байланыс .

А) иондық В) ковалентті С) металдық Д) Cутектік

8 . Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі .

А) азот В) озон С) күкірт Д) темір

9 . Kүйдіргіш қасиеті бар зат .

А) NаОН В) HCI C) CаО Д) KNO3

10. Формуласы қате жазылған тұз

А) Mg CI2 B) NаNO3 C) AI(OH)CI D) KMпО4

ҚБ: «Шеринг» әдісі арқылы оқушылар бірін –бірі бағалайды

Үйге тапсырма жұмысы Өздерің тұратын өлкеде (қалада) қоршаған ортаға зиянды әсер ететін өндіріс орындары бар ма? Олардың зияндылығын азайту үшін қандай шараларды іске асыру керек деп ойлайсыңдар ?

Кері байланыс: Білім баспалдағы



қима қағаз, плакат, оқулық

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Төмендегі жаттығуларды орындаңдар:а) бейметалдарды бөліп жазыңдар : Li .Nа,N.Pb.Si.As.C.Fе,I.Hе,Xе,Аt. б)Vl – топта орналасқан бейметалдарды атаңдар .в) lV-топтың негізгі топшасындағы элементтердің қайсылары бейметалдарға жатады?

1. тапсырма «Бағдаршам»әдісі

2. тапсырма

«Жағымды сөздер»

3 .тапсырма «Шеринг» әдісі

Химия кабинеті таза, жарық және желдетілген.

Сабақ бойынша рефлексия



-Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?


-Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?



-Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

-Сабақтың мақсаттары дұрыс қойылған . Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімі шығымының массалық \ көлемдік үлестеріне есептер шығару.

-Оқушылардың барлығы қол жеткізді. Сабақ барысында топпен,жұппен және жеке отырып есептер шығарды.



-Ия , дұрыс жүргізілді. Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай барынша қолдау көрсету ,орташа және аз қолдау көрсету арқылы есеп шығарды.

-Ия, пайдаландым.


-Ауытқулар болды.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Лездік сұрақтар арқылы оқушыларға өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылды , оқушылардың алдыңғы тақырыптан алған білімдерін тексеруге оң ықпал етеді.


2: Сабақ ортасында теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімі шығымының массалық \ көлемдік үлестеріне есептерді топпен талдай отырып есепті шығарды.Оқушылар белсенді жұмыс істейді.


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?


1: Оқушылардың өздеріне есеп құрастырып,шығарту.


2: Барлық оқушыларға есеп шығару әдістерін өздігінен талдау білуге үйренуі.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Сабақ барысында аңықтаған сынып немесе жекелеген оқушылар жайлы мәліметтерім келесі сабақтарымды жетілдіруге көмектесетінін білдім.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
1757
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі