Материалдар / Теориялық семинар : Заттық дамытушы орта
Аттестацияға арналған Педагогтердің портфолиосын бағалау парағы
ДАЙЫН МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!
Жүктеп алу
МАТЕРИАЛДЫ ТЕГІН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!

Теориялық семинар : Заттық дамытушы орта

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшада заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру ерекшелігі Мақсаты: балабақша педагогтарының мектепке дейінгі білім беру стандартына сәйкес топтарда заттық дамытушы орта құруға негіз болатын теориялық білімдерін тиянақтау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Наурыз 2022
1294
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Теориялық семинар

Балабақшада заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру ерекшелігі

Мақсаты: балабақша педагогтарының мектепке дейінгі білім беру стандартына сәйкес топтарда заттық дамытушы орта құруға негіз болатын теориялық білімдерін тиянақтау.


Міндеттері:

- мектепке дейінгі білімнің жаңару жағдайында тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру;

- мемлекеттік стандарт талаптарын ескере отырып, балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға негіз болатын заттық-дамытушы ортаны жобалауға теориялық және практикалық тұрғыда толыққанды дайындықты қамтамасыз ету;

- балабақшаның жас ерекшелік топтарына сәйкес заттық-дамытушы ортаны жобалау және болжам жасау біліктілігін қалыптастыру


  1. Кіріспе. Құрметті әріптестер! Бала тұлғасын дамытудың, танымдық

қызығушылығын қалыптастырудың маңызды факторларының бірі қоршаған орта – бала өмір сүретін, ойнайтын, дем алатын орта болып табылады. Балаға сезім мүшелері арқылы әсер ете отырып, оның әсемдік, талғам, құндылық бағдар туралы түсініктерін қалыптастыруға болады. Осының барлығын балабақшада балаға жағдай құру барысында ескеру қажет.

Соңғы уақытта «заттық дамытушы орта» ұғымы пайда болдыЗаттық дамытушы орта дегеніміз не? (тәрбиешілердің жауабы)

«Заттық-дамытушы орта – бұл баланың рухани және дене дамуының функционалдық үлгідегі мазмұны, оның іс-әрекетінің материалдық обьектілерінің жүйесі»

Олай болса, біздің бүгінгі теориялық семинарымыздың тақырыбы «Балабақшада заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру ерекшелігі» деп аталады.

Балабақшада заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру ерекшелігін талқыламас бұрын осы тақырыпқа қатысты терминдерге шолу жасайық.


2.Педагогикалық сыр-сандықзаттық дамытушы ортаның ерекшеліктері

Сыр-сандықта заттық-дамытушы ортаның ерекшеліктері барӘр топ сандықшадан бір сұрақты алады және оған жауап береді, ал қалғандары толықтырып көмек береді.

Сұрақтар:

  • Заттық ортаның негізгі элементтерін атаңыздар. (сәулетті –

ландшафтық және табиғи - экологиялық объектілер; ойын және спорт алаңдары, олардың жабдықтары; ойыншықтардың тақырыптық жинақтамаларымен, ойын материалдарымен, ойын жабдықтарымен жарақтандырылған ойын кеңістіктері).

  • Заттық ортаға қойылатын бастапқы талапты атаңыз.

(Заттық ортаға қойылатын бастапқы талап - оның дамытушылық сипаты. Ол балабақша бөлмелерін, сондай - ақ участкені заттық кеңістікке ұйымдастыру арқылы баланың мүдделері мен қажеттіліктеріне, ал олардың элементтері (құрал - жабдықтар, ойыншықтар, дидактикалық материал, т.б.) баланың дамуына қызмет етуге тиіс).

  • Топта заттық-дамытушы ортаны құру неге байланысты? не Топта

заттық-дамытушы ортаны құруда нені ескеру қажет? (баланың жас ерекшелігіне, даму деңгейіне, тәрбие мазмұнына, іс-әрекет тәжірибесіне, білім беру ұйымының типіне)


  • Неліктен орта дамытушы деп аталады? (Орта таяу арада даму аймағын қамтамасыз етіп, әр баланың шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдай құруы тиіс)

  • Заттық-дамытушы ортаның негізгі принциптерін жіктеп көріңіздер. (қауіпсіздік, эстетикалық, көп функциялылық т.т.б.)

  • Топтардағы негізі аймақтарды (зоналар) атап беріңіздер. (Ойын, табиғат, қимыл-қозғалыс, танымдық даму, музыкалық-театрлық)

  • Қалай ойлайсыздар, қабылдау бөлмесіне және әжетхана бөлмесіне

бұрыш орнатуға бола ма, неліктен?

Біз заттық дамытушы ортаның ерекшеліктерін тұтастай сипаттадық. Дамытушы орта құра отырып, тәрбиеші «бала өмір сүретін орта оның тәрбиесінде орасан, еш теңдесі рол ойнайтынын» әрқашан ескеруі қажет.

3. Топпен жұмысжас ерекшелік топтарына сәйкес заттық-дамытушы орта құру жобасын үлгілеу (тәрбиешілер өз жобаларын қорғайды)


4. Видео презентация: «Балабақшадағы заттық-дамытушы орта»

5. Семинар қорытындысы

«Жеделхат» («Телеграмма») технологиясы. Жұмыс аяқталған соң әр қатысушыға жеделхат парақшасын толтыру ұсынылады, осы орайда келесі нұсқаулар беріледі:

- Өткізілген шара туралы сіз не ойлайсыз?

- Сіз үшін не маңызды болды?

-Сіз не үйрендіңіз?

-Сізге не ұнады?

- Сіз үшін не түсініксіз болып қалды?

- Әрі қарай бізге қандай бағытта қимыл-әрекет жасау қажет?

Осы нұсқау сұрақтарын қолдана отырып, маған қысқаша жеделхат жазыңыз. Мен сіздердің пікірлеріңізді алдағы жұмысымда ескеретін боламын.

Түйін сөз. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің басты міндеті балалардың эмоционалды жайлылық және психологиялық қорғаныс сезімін туғызу. Балабақшада бала өзін сүйкімді, әрі қайталанбас тұлға ретінде сезінуі тиіс. Сондықтан тәрбие процесі жүретін орта маңызды болып табылады.

Осы семинарда біз балабақшадағы заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру барысында ескерілуі тиіс ең маңызды сәттерге назар аударуға тырыстық.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!