400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Тепе-теңдік

Материал туралы қысқаша түсінік
денсаулық туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: “Денсаулық.”

Тақырыбы: “Тепе-теңдікті сақтау.”

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: “Дене шынықтыру.”

Мақсаты: 1.Тепе-теңдікті сақтап жүруге жаттықтыру.

2.Негізгі қасиеттерді-шапшаңдық,ептілікті дамыту.

3.Шағын шығармашылықпен орындалатын жаттығуларды жетілдіру.

Қолданылатын көрнекілік құралдар: үнтаспа, қолшатыр,түрлі-түсті жалаушалар,гимнастикалық орындық,шығыршық.

Кіріспе:

Музыка әуенімен, балалар музыка залына кіреді.

Музыка әуенімен,ортаға Ана тауық кейіпкер кіреді.

Тауық:

Аппақ аппақ ақ отау

Аузы мұрны жоқ отау,

Шөжелерім бармысың,

Ақ мамықты тал мүсін.

-Уақыт болды шығыңдар, қане сапқа тұрыңдар!

Балалар:

-Қазір, қазір шығамыз

Айтқан тілді аламыз.

Шаттық шеңбер.

(Білетіндерін қайталайды.)

Жарты шеңберге тұрады.

Сәлем саған алтын күн

Сәлем саған жер ана.

Сәлем саған достарым,

Сәлем сізге қонақтар.

Жалқаулықты тастаймыз,

Шынығамыз жастай біз.

Ырғағымен әуеннің,

Жаттығуды бастаймыз.

Ұйымдастырушылық -

ізденістік

Тауық: -Ал олай болса балапандарым жұмыртқадан шыққандықтан денеміз құрсығып қалған болар,сондықтан денемізді жазып,бойымызды қыздырып,жаттығулар жасайық.

Бой қыздыру жаттығулары:

Б.қ.денемізді тік ұстап жай жүріспен жүреміз.

-Тізені жоғары көтеріп жүру

-Аяқты артқа сермеп жүру

-Аяқтың ұшымен жүру

-Өкшемен жүру

-Табанның сыртымен жүру

-Табанның ішімен жүру.

-Жай жүгіру.

-Қатты жүгіру.

Б.қ жай жүріс.

-Қолды жоғары көтеріп терең тыныс а ламыз,қолды төмен түсіргенде демімізді шығарамыз.

Бір қатардан, үш қатарға бөлінеміз,арақашықтықты сақтаймыз.

Балалар іс-әрекеті:

Жаттығуларды тәрбиешінің нұсқауымен музыка әуенімен орындайды.

Бір қатардан, үш қатарға бөлініп тұрады.

Жалпы дамыту жаттығулары:

(жалаушалармен орындалатын)

І.Б.қ негізгі тұрыс,ленталар төменде.

1. Жалаушаны алға созу.

2. Жалаушаны жоғары көтеру.

3.Жалаушаны екі жаққа созу.

4. б.қ

ІІ. Б.қ. Жалаушаны жоғары кезек-кезек көтеру.

ІІІ.Б.қ .Жалаушаны кеуде тұсына ұстап оң жаққа бұрылу,б.қ сол жаққа бұрылу.

ІV.Б.қ неізгі тұрыс,жалаушаны жоғары оңға көтеріп,сол аяқты артқа созу, б.қ жалаушаны жоғары оңға көтеріп,оң аяқты артқа созу.

V.Б.қ Жалаушаны кеуде тұсында ұстап,қос аяқпен секіру.

Б.қ оралу.

Терең тыныс алу жаттығуы.

-Менің сүйкімді балапандарым сендер жаттығуды жақсы орындадыңдар, қане барлығымыз көгалға барып, ойнап, серуендейік.

Ойын:”Тарғыл мысық және балапандар.”

Шарты:Бүлдіршіндер ойын арқылы ептілікке,шапшандыққа

Мысық ұйықтап жатады.

Балалар:

Кеңістікті барлай жүріп, жүгіріп, секіріп ойнап жүріп, ұйықтап жатқан мысықты көреді.

-Қараңдар мысық.

-Мияу-мияу мысығым,

Қатал неге ұсқының?

Біз ойынды сүйеміз,

Бірақ бізге тимеңіз.

Мысық орнынан тұрып балапандарды ұстауға тырысады.

-Сымбатты балапандарым,сендер мысыққа өздеріңнің ептіліктерінді, жылдамдықтарыңды, шапшаңдықтарыңды көрсеттіңдер, жарайсыңдар, мен сендерге көп нәрсені үйреттім. Ал енді негізгі жаттығулардың бірі тепе-теңдікті сақтау үйретейін.

Тепе-тендікті сақтау.

-екі қанатымызды жайып, денемізді тік ұсттап, гимнастикалық орындықтын үстімен жүріп, тіземізді сәл бүгіп, қос аяқпен шығыршыққа секіреміз.

Ойын: “Ұшты-ұшты” ойыны.

Шарты: ненің ұшатынын,ненің ұшпайтынын,аңғарымпаздыққа тәрбиелеу.

Балалар “Ұшты –ұшты” ойынын ойнайды.

Рефлекстік түзету

-Балалар бүгінгі оқу іс әрекетінде нені ұнаттыңдар?

-Ал,кішкене балапандар,сендер бүгін жаттығудың біраз түрін жасап,біршама еңбектендіңдер,енді қонақтармен қоштасып,таза ауаға шығайық.

Балалардың жауабы.


Күтілетін нәтиже:


Нені білу керек: Негізгі жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын.


Нені игереді: Тепе-тендікті сақтау жаттығулары.


Нені біледі: Кішкентай шығармашылықпен орындалатын жаттығуларды.


Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Акымжанова А.Б


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
657
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі