400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тепе теңдікті ұстап допты лақтыру

Материал туралы қысқаша түсінік
қимыл қозғалыс үйлесімділігін арттыру, сөздік қорларын молайту
Материалдың қысқаша нұсқасы



Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат» коммуналды мемлекеттік мекемесінің

Музыка-ырғақ пәні мұғалімі, дефектолог Бекенбаева Ақсұлу Ергешбайқызы

ОҚО. Түркістан қаласы


Сабақтың тақырыбы: Тепе- теңдікті ұстап допты лақтыру.

Мақсаты: Тепе- теңдікті ұстап допты лақтыру жаттығуларын жасауды

үйрену. Оқушыларды ойын мазмұнымен таныстырып, оны үйрету.Түрлі

логопедиялық мәтіндерді пайдалана отырып сергіту жаттығуларын

жасату арқылы тілдерін ширату, сөздік қорларын молайту.Кеңістікте,

жазықта, өзін-өзі бағдарлауға,қимыл- қозғалыстың үйлесімділігін

саусақтардың ұсақ қимылдарын қалыптастыру.Зейіні мен сөйлеу тілін

дамыту.Оқушылардың есту,есте сақтау, ойлау,көру, сөйлеу қабілет-

терін арттыру.Түрлі ойындар, сергіту сәттерін жасату. Оқушыларды

ептілікке, икемділікке, достыққа, сымбаттылыққа,әсемділікке,татулыққа,

тәртіптілікке, шапшаңдылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Үнтаспа, түрлі түсті ленталар, жалаушалар

шеңбершелер,доптар.т.б

Сабақ барысы:

І. Сапқа тұру, сәлемдесу.

ІІ. Шеңбер бойымен музыка көмегімен жүру.

ІІІ. Кеңістікті бағдарлауға арналған жаттығулар.(Түрлі логопедиялық мәтіндерді пайдалана отырып) .

Күн нұры. (музыка көмегімен).

Армысың досым,

Кел маған қосыл. (қолымен шақырады).

Алақанға салып алақан

Шеңберге бірге тұрайық. (қолдарынан ұстайды).

Жер шарындай айналып

Әлемге жарық ұқсайық. (айналады).

Қолымызды көтеріп

Күннің нұрын алайық. (қолдарын көкке созады).

Ортамызда күн нұры

Құшаққа оны алайық. (құшақтасады).


  • Диоганаль бойымен жүру.

  • Жыланша жүру.Көк құстың артынан,

Көк құстың артынан,

Көк құстың артынан,

Жүреміз ұзын керуендей.

  • Аяқ ұшымен жүру,өкшемен жүру

  • Пингвин жаттығуы :

Мұз, мұз,

Тайғақ мұз..

Келе жатыр пингвин ,

Қорықпайды ол мұздан.

Тайғақ мұз,

Тайғақ мұз,

Қалбаңдайды пингвин

Құламайды ол мұздан.


ІV.РГЖ- кешені.

Дене ,қол, аяқ ,бас қимыл үйлесімділігіне арналған жаттығулар кешені.

- Саппен келіп бірнеше қатарға тұру.

- Қолды белге ұстап, басты оңға және солға айналдыру.

- Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айналдыру.

- Қолды алға түзу созып, кезек-кезек айқастыру.

- Бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу.

- Екі қолды екі жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қол қолды оң аяққа кезекпен тигізу.

- Тік тұрып, бір аяқпен алға қарай бір қадам жасап, тізені бүгіп, екі қолды тізенің үстіне қойып, төмен басылып, қайтадан бастапқы қалыпқа келу.

- Қолды алға созып ұстап тұрған бастапқы қалыпта екі аяқты кезекпен жоғары көтеру.

- Қолды белге ұстап тұрған бастапқы қалыпта отырып, тұру

- Екі қолды екі тізеге ұстап, тізені ішке және сыртқа айналдыру.

- Дем алу, дем шығару.


5 -10 минут. Қозғалыссыз өмір жоқ,

Би сүймейтін бала жоқ.

Қаражорға биін билету.


Тепе-теңдікті ұстау. Көкқұтан жаттығуы.

Көкқұтан-ау, көкқұтан,

Бір аяқпен тұрасың.

Талмай ма сенің аяғың?

Қалай шыдап тұрасың?

Орнымыздан тұрамыз (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату)

Қолды белге қоямыз

Иілеміз оңға бір

Иілеміз солға бір

Жоғары қолды созамыз

Аяқтың ұшында тұрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Біз тынығып аламыз


Қақпаға туралап,
Теп допты, оң аяқ
Қақпаға туралап,
Теп допты сол аяқ,
Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ. (екі аяқпен кезек-кезек доп тебу қимылын көрсету)

Сол аяқпен оң аяқ (екі аяқпен кезекпен доп тебу қимылын көрсету)

Кезек оны тебеді

Ол тынымсыз домалап

Зыр жүгіре береді

Ол – не? – ол – доп

Добым менің, добым менің (қолды белге қойып, бір орында секіру)

Өзің неткен көңілді едің!


Тепе теңдікті ұстап допты лақтыру.

Сынып екі командаға бөлінеді. Жарысатын қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады. Саптың ең алдында тұрған ойыншы кері бұрылмастан допты бассынан асырып келесі ойыншыға береді де өзі саптың соңына барып тұра қалады. Доп келесі ойыншыға, сосын одан кейінгі ойыншыға беріліп кете береді. Бастапқы тұрған оқушы қайтадан өз орнына келгенге дейін ойын жалғаса береді. Қай команда бірінші болса сол команда жеңеді

Тыныс алу жаттығуы.

Босаңсытып денеңді,

Бей- жай күйге ен енді.

Басты көтер тік ұста,

Емін еркін тыныста.


Қане « У- һ» деп айтайық,

Демді ішке тартайық.

Енді «У-Һ» деп айтайық,

Демді шығар қайтарып.



Сабақтың соңы: Оқушылар сап түзеп, сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды

мақтап марапаттап, бағалап, қоштасып, залдан саппен шығады.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
367
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі